Тапсырма 14 Бөбекжай-бақшада балалардың логикалық ойлауын дамыту барысында жүргізілетін жұмыс түрлері

Loading...


Дата22.09.2021
өлшемі123.45 Kb.

Тапсырма 14

  1. Бөбекжай-бақшада балалардың логикалық ойлауын дамыту барысында жүргізілетін жұмыс түрлері

Логика-ойлау заңдылықтары мен формасы

туралы ғылым: ойлау барысы және ой түйіні: бір нәрсенің ішкі заңдылықтары.

Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей адам өмірінің алғашқы 20 жылында интелектуалды дамудағы негізі жүреді. Соның ішінде 2-12 жас аралығында қарқынды даму жүреді.

Мектепке дейінгі кезеңде балаларды ұғу, сөйлеу сияқты логикалық ойлау түрі қалыптасады. Мектепте жақсы оқу үшін оқу материалын ұғу үшін мектепке дейінгі балаларда ойлаудың келесі 3 құрамы қалыптасуы керек:

Қарапайым ойлау операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау маңыздыны анықтау, класификациялау және т.б.

Белсенділік әр-түрлі гипотеза құру барысында ойлау барысын шектемеу. Проблеманы шешудің бірнеше жолын таба білу.

Құбылыстарда негізгіні бөлуде себеп болатын ұйымдастырушылық және мақсатқа жетушілік мұндай жағдайда құбылысты анализдеудің жалпыланған сызбасы қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген қасиеттер мектепке дейінгі жаста қалыптасса онда мектепте білім алу процесі оңайға түседі. Егер ойдың бұл құрылымы қалыптаспаса мектепте әр пәннен логикалық ойлауды дамыту үшін арнайы тапсырмаларды беру керек болады.

Белгілі психолог Л.С. Выготский еңбегінде бала интелекті мектепке дейінгі және оданда жас кезінде қарқынды дамитынын атап өткен. Еске сақтау және қабылдау қабілеттерін сапасын және ойлау қабілетін үнемі дамыту нәтижесі болып табылады.

5-7 жас аралығындағы балалар нақты категориялармен ойлайды кейін формальді оерациялар қадамына өтеді. Бұл белгілі даму дәрежесіне ортақтау абстрактауға өтеді.Мектепке баратын балаларда қарапайым қабілеттер қалыптасуы керек. Олар: өз ойын айта білу берілген тақырыпқа әңгіме құру қорытынды жасау салыстыру сәйкестіру анализдеу ортақ жеке белгілерді анықтай білу, қарапайым заңдылықты анықтау заттар мен қоршаған ортаны зерттеу амалдарын жетік меңгеру.

Сондықтан ойлау қабілеті даму, интеллектуалды дәреже өсу және шығармашылық қабілетқалыптасу үшін келесі жұмыстарды атқару керек.

Белгілі мақсатқа жету үшін нысананың байқалмайтын қасиеттерін тауып қолдана білу керек;

Балаларға проблеманың түп негізін көруді үйрету, қарапайым құбылыстарда кездесетін әр-түрлі қарама-қайшылықтарды түсіндіре білуді қалыптастыру керек.

Ойлау операциясының негізін қалыптастыру және жетілдіру

Балаларға ұсыныс жасауды және тәжірибеде нәтижесін тексере білуді үйрету. Балаларға тек қана ұсыныс жасауды ғана сонымен қатар идеяның ойластырып жоспарлауды үйрету.

Бағдарлама мақсаты- балалардың логикалық ойлауын жетілдіру; логикалық ойлау операциялармен танысу; қоршаған адамдармен өзіне таныс емес жаңалықтарды зерттеуді арттыру; шығармашылық белсенділікті тәрбиелеу.

Нәтижесінде келесі мақсаттар туындайды:

Балалардың мінез құлқын дамытуға арналған білім бағдарламасын құру.

Қоршаған ортаны зерттеуде балаларға максимальді белсенділікті қамтамасыз ету.

Әр баланың жеке қабілетіне байланысты педагогикалық процесті ұйымдастыру амалдары мен мақсатының интеграциональды бағытын құру.

Жасқа сай қабілеттерін ескере отырып білім беру және дамытуды жағымды ұйымдастыру.

Қоршаған ортамен адам өмірінің тығыз байланысы.

Бағдарламаны құрудың принциптері

Жасқа сай қабілеттеріне ұсынылған материалдың балаларға игерімді болу.

Білім беру белгілі ретпен және жүйеленген болу керек

Әр баланың жеке қабілеттеріне байланысты бағдарламаны құру.

Балалардың қызығушылықтарымен сұраныстарын зерттеу.

Көркем безендіру және тәжірибеге қатысу

Проблеманы шешуде жеке және шығармашылық жолмен жету.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде заманға сай талаптарға байланысты жаңа ұғымға түсінік беретін тапсырмаларды таңдау. Мынадай тапсырмалар балаларды келесі қабілеттерге үйретеді:

Заттардың, сөздердің, сандардың белгілірін суреттеу.

Берілген белгілер бойынша затты тану.

Заттардың, сөздердің, сандардың әр-түрлі және ортақ қасиеттерін анықтау.

Заттардың маңызды белгілерін бөле білу.

Заттарды, сөздерді, сандарды бір-бірімен салыстыру.

Болған жайдың ретін анықтау.

Қарама-қайшы құбылыстарды анықтау

Заттарды түрге, туысқа, бөлікке, тұтастыққа байланыстарын анықтау.

Әр-түрлі ұғымдарға анықтама беру

Анализ және синтез сияқты ойлау операцияларын дамыту.

Сөйлеу,ойлап табу,тез ұғу қабілеттерін дамыту

Бағдарлама бөлімдері баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған актуальді түсінік беру тақырыптарынан тұрады.

Сабақ жұмасына бір рет жүргізіледі, бірақ балаларға ұсынылған материалдар олардың әр-түрлі іс әрекеттерінде тәрбиешінің таңдауына және қойылған мақсаттарға байланысы білім беру процесін ұйымдастыру әр-түрлі формада болады:

Тәрбиешімен бірге тапсырманы орындау

Тәжірибелер

Ойындар


Жаттығулар

Тренингтер т.б

Берілген тапсырмаларды орындалу формалары мен амалдары.

Логика бойынша сабақ бірнеше түрге бөлінеді:

Білім беру сабақтары. мындай сабақтарда ұғымдар қарастырылады, заттардың белгіліріне анықтама беріледі. Білім беру логика пәнімен және оның негізгі категориялармен танысудан басталады.

Алған білімді бекіту сабақтары. Өтілген материалдарды қайталауды ұсынады. Кейбір тапсырмалар топпен, кейбіреулері тәрбиешімен орындалады екі жағдайдада негізгі бағыт алынған білімге негізделеді.

Қорытынды сабақтары. Мындай сабақтарда балалар ешкімнің нұсқауынсыз немесе ұқсас тапсырмаларды өздігінен орындауы шарт.

Логика сабақтарында бірде бір тапсырма немесе жаттығулар олар терминдер, ұғымдар және т.б механикалық жолмен есте сақтау түрінде жүргізілмейді барлық сабақтар нәтижесінде керекті білім алатын қызықты ойын түрінде жүргізіледі. Тәрбиеші балаларды қойылған мақсатқа жетуде әр –түрлі амалдарды қолдану үшін қызығушылықтарын арттырады. Әр өткен сабақ қызықты, түсінікті болу керек.

1 Бөлім. Ойын арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық менгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады.

Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны балабақша тәрбиеленушілері білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын балаларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы «ойын барлығын да қабылдайды», игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.

Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.

Логика мәні.

Логика адамның ойлау процесін жан-жақты түбегейлі зерттейтін пән. Ойлау, ой кешу, ой қорыту үрдістері өте күрделі мәселе. Оны көптеген ғылыми салалар өз тұрғысынан қарап, зерттеп жатады. Мысалы, философия, психология сияқты ғылымдар жалпылама түрде ойлау процесін зерттесе, медицина, математика, физика, кванттық механикалар логиканың принциптерін ұстай отырып, өз ғылымын үдете дамытуға жігер алады.

Логикаойлау процесін зерттегенде адамның ой-қорыту қабілетіне әсер ететін ортаны, заттар мен құбылыстарды адамға қалай ықпал ететінін, оның қабылдап қорыту қабілетін және іс-әрекет қолданатынын айқындайтын ғылым.

Логика дұрыс ойлау заңдары туралы жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Логика-өз заңдары, дәстүрлері мен дау-дамайлары бар өзіндік бір ерекше ғылыми сала.

Логиканың ішкі әлеміне ену, оның ішкі үйлесімдігі мен қайшылығын сезіну, өзіндік рухын ұғыну оңай емес.

Анықтама, жіктеп- саралау, дәлелдеме, бекерлеу, жалпылау т.б. логикалық амалдарды әрбір адам өзінің ойлау қызметіндеұдайы қолданып отырады.

Анықтамаларды жаттап, талдау әрекеттерін орындағанда логикалық амалдар ғылыми дәрежеде ойлау үшін үлкен міндеттер атқарады. Аксиомалар мен принциптерден қорытындылар жасап, теоремаларды дәлелдей отыру үшін логикалық ой-өрісін дұрыстау немесе бекерлеу арқылы анықтау керек.

Математикалық логика дегеніміз- математикалық дәлелдемелерді зерттейтін ғылым. Ол жалпы логиканың математика мұқтаждарына сәйкес дамыған айрықша саласы болып табылады.

Сөйтіп, логика дегеніміз- жалпы танымдағы ойлоудың формалары.

Логика тарихынан қысқаша мәліметтер

Ойлаудың логикалық формаларын арнайы зерттеу қашан, қай елде басталғанын дәл айтатын мәлімет жоқ. Логикалық зерттеулердің бастамасы Ежелгі Қытай, Үнді және Грекия елдерінде біздің жыл санауымыздан бұрын 5-6 ғасырларда бір бірінен тәуелсіз басталғаны жайында мәліметтер бар. Логика - алғашында жалпы философиялық құрамында таным теориясының бөлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан логика әуелбастанақ материализм мен идеализм арасындағы ымырасыз күрестің объектісі болды.

Дегенмен, логиканың ғылым ретінде дүниеге келіп, қалыптасқан отаны Ежелгі Грекия деп грекияда саналады, ал оның негізін салушы ұлы ғалым Аристотель болды. Рас, Ежелгі Грекияда логика саласында ғылыми зерттеулерді алғаш бастаған атомдық ілімнің негізін салған Демокрит еді. Логика мәселелерімен Ежелгі Грекия идеалистері Сократ пен Платон да айналысты. Бірақ олардың ешқайсысы дәйекті де дербес логика ғылымын жасай алмады. Бұл міндетті Ежелгі Грекияның әйгілі философы Аристотель (б.з.б. 384 322 ж ж) іске асырды. Сондықтан ол логиканың атасы деп саналады.

Аристотель ойлаудың формалары туралы өзіне дейін жинақталған азды көпті білімдерді талдай отырып, логика ғылымының барлық мәселелерін барынша жан жақты зерттеді. Өзі жасаған бұл ңылымды Аристотель логика демей, «Аналитика» деп атады. Бұл еңбегінде ол өзі ашқан ойқорытындының ерекше формасы силлогизмді жан жақты зерттеп, логикалық дәлелдеудің мәнін, ұғымдарды анықтау және бөлу әдістерін, т.б. ашып берді. «Софистикалық терістеулер жайында» деген еңбегінде ойқорытынды мен дәлелдеуде кететін логикалық қателіктердің себептерін, оларды ашу жолдарын қарастырды.

Логика мәселелерінде арнайы білім саласы ретінде бөлініп шығуына себеп болған мынадай екі жағдайды атап көрсеткен жөн. Біріншіден, ежелгі грек ойшылдары таным процесіне талдау жасай отырып, мазмұны әр түрлі ойқорытындылардың нәтижесінің ақиқат болуы тек алғышарттардың ақиқаттығына ғана емес, сондай ақ пайымдау барысында олардың арасындаболатын байланыс түріне де тәуелді деген қорытындыға келді. Логиканың материалистік негіздерін зерттеуде ғасырдағы озат ойшыл, ірі ғалымдардың бірі Ф. Бэкон өзінің «Жаңа органон» атты шығармасында индукциялық логиканың негіздерін зерттеп берді.

Ф.Бэконның өз шығармасын «Жаңа органон» деп атауының себебі бар. Аристотель өлгеннен кейін ізбасарлары оның барлық логикалық еңбектерін «Органон» (таным құралы) деген атпен біріктіріп, бір жүйеге келтірді. Аристотельдің логикасының негізгі арқауы силлогизм, яғни, жалпы ойдан жекеше қорытынды шығаратын дедукциялық ойқортындының негізгі бір түрі болса, ал Бэкон бұған қарама-қарсы жеке алғышарттардан жалпы қорытынды шығарудың формасы ретінде индукциялық ойқорытындыны алға тартты. Өйткені сол кездерде дами бастаған капиталистік өндіріс тәсілі тәжірибелік «схоластикалық философия бұрмалап, шындықтан қол үзген шіркеу уағыздарына қызмет ететін идеалистік логикаға айналдырып жіберген еді. Сондықтан Бэкон өзінің шығармасын «Жаңа органон» деп атап, ғылыми танымның әлдеқайда жетілдірілген жаңа әдісі ретінде индукциялық ойқортындыны ұсынды. Индукциялық ойқортындының мақсаты, Бэконның пікірінше, шындық дүниедегі құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды ашу арқылы ғылыми қорытынды жасау болды. Осы мақсатпен ол «ұқсастық әдісі», «айырмашылыық әдісі», «қалдықтар әдісі» деп аталған ғылыми индукциянығ бес әдісін жасап берді. Ғасырда Гершель, Дж. Ст. Милль деген ғалымдар бұл әдістерді одан әрі жетілдіре түсті. Бұл әдістер қазіргі заманға дейін ғылыми зерттеуде, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарында, қылмыстарды ашу ісінде кеңінен қолданылып келеді.

Логиканың әрі қарай тарихи дамуы барысында зерттеу жұмыстары мен мәселелері бәршама өзгерд

Балалардың логикалық ойын дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыру«Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы» бойынша жүргізіледі. Балабақшадағы бүлдіршіндерге таным оқу іс әрекеті сәбилердің екінші тобынан басталып геометриялық қалыптар (пішіні, түсі, көлемі) ойын арқылы таныстырылса, естияр, ересек және мектепке даярлық топтарында осы қалыптардың құрылымын, санның белгілерін таныстырумен бірге санай білуге үйретіледі.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгеруден басталады. Өйткені,бала сөйлей бастап өзінің мекен-жайын,телефон номерін жаттай бастайды.

Міне, сан,санау осыдан басталады. Оны жүйелі түрде дамыту ата-ана мен тәрбиешінің ,баланы қоршаған адмдардың- басты міндеті. Сезім тәрбиесі-түйсік пен қабылдаудың қатар дамуы.Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап ақ бала өзін қоршаған заттардың қасиетін түсінуге талпыныс жасай бастайды. Осыдан баланың заттарды қабылдайтын көру дағдысы оянады. Бұл кезде затты таныл білу үшін бүлдіршіндер оның түр түсіне мін бермейді, заттың құрылымына (пішініне) көңіл бөледі. Бүлдіршіндердің логикалық ойлау ұғымдарын ойын арқылы үйретудің, математикалық диктант жазудың, заттарды ір түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың, жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Өйткені, жасырын тұрған ойлап табу үшін баланың ми қыртыстарының жұмысы шыңдалады.Яғни, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалар негізгі іс-әрекет кезінде айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірбиелерін өз бетінше іс жүзіне асырады.

Мектеп жасына дейінгі балалар ойлау әрекеті олардың күнделікті өмір жағдайына сәйкес түрлі заттарды ұстап олармен қарым-қатынас жасау арқылы дамып отырады. Баланың ойлау әрекеті балалар бақшасында өтілетін оқу іс-әрекеттерінде, ойындарда, әсіресе пайымын өрістетіп есептеу тәсілдерінде, бейнелеу өнерімен шұғылдануда, сурет салу, жапсыру мен мүсіндеуде үнемі дамып, түрлі іс-әрекеттердің нәтижесінде жүзеге асады.

Таным оқу іс-әрекетінде логикалық ойындар арқылы баланың ақыл ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс әрекет амалдары тәсілдерін игеру мен бірге есте сақтау, ойлау, елестеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Сөзбен сөйлеу әрекеті-ойлау құралы болып табылады.

Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез-құлық нормаларын игеруі, білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Өйткені солардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады. Баланың қөрнекі-әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Олар әр түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау барысында білім және тәжірбие жинақтайды. Көрнекі-бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі-схемалық ойлаудың мәні одан туыедаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйену арқылы бейнеленеді. Олар құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес, заттардың орындарын ауыстыра алады. Қоршаған орта, ондағы адамдардың рольі мен орны туралы түсінігі неғұрлым кеңейе түседі.

Қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстары мен қатынастары, адамның алар орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдері дамиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп – салдар, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді.

Ол сөздеоді еркін қолданады, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылыңтарды анықтау, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлауды үйренеді.

Балабақшада блалармен қарапайым математикалық түсінікті дамытуға бағытталған арнайы оқу іс-әрекеттері өткізіледі. Балалардың таныдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі дамытудың маңызы зор. Баланың білімін нақтылау және тереңдетумен қоса, оларда сандық түсініктерді қалыптастыру қажет, геометриялық пішіндеді атап, айыры білуі тиіс. Логикалық, дидактикалық ойындар ұйымдастыруды қажет етеді. Балаларды санауға үйрету үшін мынадай ойындарды ұсынуға болады:

«Реттік сандарды ата», «Қай сан қалып қойған», «Әрі қарай сана» осындай ойындар балаларды санауға жаттықтырады, олардың сан белгілерін, сандар және шектес сандардың ара – қатынасы туралы тиянақтайды.

Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті үлгілерін бұрынғы бабалардың көрген – білген, қөңілге түйген ғасырлар бойы уақыт елегінен откізген ақыл – ойдыңжиынтығы, балалар бойына дарыту арқылы олардың ой – өрісін дамытумақсатында қысқа сандардан бастап ұзын шумақты сандарды жаттап үйретуді, санамақтарды үнемі оқу іс-әрекеттерінде пайдаланған жөн.

Халқымыздың ауыз әдебиетінің, ертегілер мен аңыздарды балалар сүйіп, қызығып тыңдайды, Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер балаларды қызықтырады. Балалар өлеңнен кейін құстардың аттарын біліп және дыбыстарын дұрыс айтуға икемделеді.



Бүгінгі жас бүлдіршіндерді тәрбиелей отырып, олардың ойлау қабілетін дамыту, математикалық ұғымдарын толықтай қалыптастыру, өздерін қоршаған ортаны дәл, анық ажырата білуге үйретудің маңызы зор,

Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл – ойы дамиды. Міне, осыдан баланың логикалық ойлау қабілеті шыңдалады, дамиды. Ойындарды қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлене отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде өткен материалды қайталағанда, білімді тиянақтау негізінде топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарламалар аясында жұмыс істегені абзал.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...