«тамақ Өндірісінің машиналары мен агрегаттарын жобалау»


Өзіндік жұмыстарын орындауға байланысты ұсынымдар



бет3/13
Дата22.11.2022
өлшемі293.9 Kb.
#361058
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
357506 (2)

Өзіндік жұмыстарын орындауға байланысты ұсынымдар

Студенттер өзіндік жұмыстарын төмендегі үлгілер бойынша тапсыруға болады: 


Реферат, эссе, глоссарий жазу барысында - әдебиеттер тізімінде көрсетілген 6-10 әдебиет көздерімен жұмыс істеуіңіз қажет, кей жағдайларда Интернет көздерін (сайттың адерсін көрсету керек) пайдалануға болады. Реферат немесе эссе жазған кезде міндетті түрде оның мазмұны, кірспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы (тақырып бойынша өз ұсыныстарыңызды қосуға болады) және пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы қажет. Глоссариді орындаған кезде ол алфавиттік тәртіппен орындалып, соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы шарт. Реферат,эссе,глоссарий келесі талаптармен орындалуы шарт:шрифт Times New Roman, кегль 14, қатараралық интервал 1, жоғарғы. - 2,0, төменгі .- 2,5,солы - 3, оңы - 1.


Реферат – бұл мәтіннің мазмұнын бұрмалаусыз айтып беру. Реферат: 1) Әдеби және басқа деректерге жасалған шолудан тұратын белгілі бір тақырып бойынша жасалған баяндама; 2) Ғылыми жұмыстың, кітаптың, т.б мазмұнын баяндау. Реферат – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады.

Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен тұжырымдарды жүйелеп беруі. 


«Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден магистранттардың өзара пікір алмасу формасы ретінде көрініс табады. «Дөңгелек үстел» барысында оның қатысушылары берілген бір мәселе бойынша баяндама жасап қана қоймай, пікірлерімен алмасып, әрқайсысының позициясын айқындайды. Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде магистранттардың қарастырылып отырған тақырып (сұрақ, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша белгіленген уақыт аумағында өз ойларын ортаға салу тәсілі. Дөңгелек үстелде сөз бір магистрантқа бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі сөйлегенде магистрант алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыруы және басқалардың пікірін ескеріп отыруы қажет. Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі ықтимал, онда өз ойларын белгіленген уақытта жазып, бір-біріне оқытады. Жазбаша өткізілген дөңгелек үстелде барлық магистранттар бір мезгілде жұмыс жасайды. 
ЭССЕ - очерк, шығарма, белгілі бір тақырыптарға ой толғау. Рефератпен салыстырғанда, эссе автордың өзіндік ойларының жиынтығы болып табылады. Бұл философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық (көркем шығармалық) сипаттағы жаңа сөз. Барлық аргументтер, идеялар, анықтамалар егер магистранттың өзінікі болмаса, сілтеме жасалуы керек. Эсседе пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек. Эссе көлемі 3-5 бет. Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді, ол кез-келген стилде жазылады, бұл оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой. Эссенің бірінші жоспарында - автор тұлғасы, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы тұрады, бұл шығарманың басты ұстанымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені