Тақырыптың өзектілігі


«Қазақ әдебиеті» газеті тәуелсіздік жаршысы

Loading...


бет9/14
Дата27.02.2021
өлшемі154.61 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
1.3 «Қазақ әдебиеті» газеті тәуелсіздік жаршысы
Әдебиеттің асқан асуларын, көтерілген биігін, оның ірі тұлғалары мен таңдаулы шығармаларын бүгіндері ешкім жоққа шығара алмайды. Асыра мақтаған, өлтіре сынаған да, әділін айтқан, орынсыз ғибаттаған кездері де болған. Әсіресе Жазушылар Одағында әр кезде топқа қосылмай, жікшілдікке бұрылмай әділдік жолында тура бағыт ұстану кімге болсын оңай емес екені де белгілі. «Қазақ әдебиеті» газетіне бас редактор шыдамаған кездері де болған.

Бірақ, азаттығы жоқ ел өз тағдырына қатысты толғақты ой, өзекті мәселелерді ашық айта алмайтын. Айтқан күннің өзінде сол үшін тиісті жазасын тартып, қудалауға түсетін. Көптеген бас редактордың орнынан тез түсіп қалуының үлкен бір себебі осында жатыр. Тәуекелшіл, турашыл боламын, елдің сөзін сөйлеймін деп жоғары жаққа жақпады. Саясатқа қайшы келді. Бұл – жалғыз бас редактордың ғана емес, жалпы, «Қазақ әдебиеті» газетінің мінезі еді. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеу қашанда, кімге болсын үлкен абырой саналады.



Қазақ әдебиетінің «кербұғысы» атанған Оралхан Бөкей «Қазақ әдебиетінің» басшылығына басылым атаулыны қоғамдағы аласапыран қиындық қаусатқан тұста, яғни 1991 жылдың қазан айында келді. Ол 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары редакторы болды.

Еліміз әлі тәуелсіздігін жарияламаған, оған екі айдай ғана уақыт қалған. Қоғам дағдарып, есеңгіреп тұрған. Газет-журналдардың жайына келсек, күрт саны түскен таралым, сүйікті басылымдарынан амалсыз қол үзген оқырман, еңсені езген қымбатшылық, қағаз-бояудың тапшылығы.

«Қазақ әдебиеті» газетінің 1973 жылдың 2 наурызында жарық көрген «Өмірдің өзі - публицистика» атты мақаласында Оралхан былай деп жазады: «Ойлап отырсак, өміріміздін өзі - шымыр қорытылған шар болаттай публицистика екен. Біздің әр күніміз еңбек әнімен басталып, жеңіс әнімен аяқталады, тіпті қазіргі замандастарымыз үшін күн мен түн жоқ, тек үнемі алға ұмтыла жосылған жорық бар. Ерен еңбектің қаны мен тері сіңген туған жер, өскен елін түлетіп, енбек симфониясымен иіту мақсаты әр жүрекке алау болып жағылып, жалау болып байланған. Ертегіні шындыққа айналдырған жүйрік уақытқа ілесіп, әр кезеңнің сипатын айнытпай жырлап отырар көркем публицистика – социалистік қоғамның көзі мен кұлағы, бүтіндей болмысының лүпілінен танытар жүрегі». Публицистиканың әр дәуірдегі өзгеше өзіндік орны мен мақсат бедерін бұдан айқын сипаттау мүмкін емесі анық.

Оралхан Бөкеев «Қазақ әдебиеті» газетінің 1973 жылғы 30 қарашасында жарияланған «Ел мен Жер» атты мақаласында: «Аспанда отырып ойлаймын қазіргі дәуірдің дамуын тек осы лайнер жылдамдығымен ғана салыстырғым келеді, не деген жойқын қуат, ғажап күш десеңізші?! Адам миы Айға шабуыл жасады, адам миы ғаламдағы барлық планеталарды қаққылап ойнап, доп тебетін күн алыс емес. Әттең, сол адамның миы табиғатты қорғауға жетпейді деп Жаратқан иемнің жаратылысына аһ ұрып налиды. Десе де, оның себебін өзінше ұғына отырып, өзіндік пайымын өзгеге жорамалдай отыр таниды. «Рас, табиғатты әркім өзінше түсінеді: балташы үшін – ағаш, балықшы үшін - су, аңшы үшін- аң-құс, альпинист үшін – шың. Шындығында, табиғат әркімнің өзі екенін ұға бермейді» [20], - деп ой түйеді. Адамның парықсыздығын осыдан артық қалай жеткізуге болады?!

Қазақ рухани тазару мектебінің біріне айналған басылым - «Қазақ әдебиеті» газеті болатын. Осы газет туралы профессор Намазалы Омашев мынадай пікір білдіреді: «...Бізде әдебиет сала бойынша «Қазақ әдебиеті» газеті шығады. Бұл – үлкен жетістігіміз. Өйткені журналистиканың араласпайтын саласы жоқ. Сол тұрғыдан «Қазақ әдебиеті» газеті - қазақ халқының рухани байлығы. Мысалы, шопаны бар, шоферы бар, диханы бар, коғам кайраткері бар - бәрі бірдей әдебиетті жақсы біле бермейді ғой. Бұл газетті оқи отырып, қазақ әдебиетінің, мәдениетінің, өнерінің, ұлт журналистиканың, қазақ тілінің түрлі жетістіктері мен проблемаларының бірі дәстүр-салтын, тарихын таразылап отырады. Оқырманның рухани байлығын мейлінше байыта түсетін, тіпті үзбей бірнеше жыл оқыған адамға осы сала институтын бітіргендей нәр берер басылымның халқына бергені де, берері де мол» [21]. Яғни, «Қазақ әдебиеті» газеті елдің тек әлеуметтік өмірін, әдебиет саласындағы жаңалықтар мен ақын-жазушылар шығармаларын жариялайтын салалық басылым деңгейіне көтерілді.

Жоғарыда айтқанымыздай 1991 жылы осы газеттің бас редактор кызметіне Оралхан Бөкеев келген басылымның алғашқы нөмірлерінен егемен елдің жаңғырған тарихын өз ерекшелігімен жарияланған материалдардан көруге болады. «Қазақ әдебиетінің» 1991 жылғы қаңтардағы бірінші нөмірінің алғашқы бетіне Абылай хан суреті басылып, оған жапсарласа редакциялық бас мақала берілді. «Абылай ханның туғанына 280 жыл» деген айдар аясында Қазақ Хандығының іргесін көтерген Әз Жәнібек пен Керей хан екендігі, онан кейін қазақтың тұңғыш конституциялық құжатын жасаған «Қасым ханның қасқа жолы мемлекеттілік ыдырай бастаған кезде қайта қалпына келтіріп, хан дамытқан «Ақназар хан, Тәуекел, Еңсегей бойлы Ер Есім» - Есім хан, Жәңір хан, «Жеті Жарғыны» жасаған Әз Тәуке хан есімдері мен атқарған ұшан-теңіз істері халық жадында қайта жаңғырды. Қазақ елдігін сақтап қалуга, қазіргі мемлекеттілігін дамытуға Абылай ханның сіңірген еңбегі де өлшеусіз екендіне дәйекті баға беріледі. Егер осы деректер құрғақ баяндалып қана қоймайды, нақты мысалдар арқылы көрсетіледі. Міне, Егемен елдің публицистикасында осындай өткір мәселелер еркін көтеріле бастады. Мұндай өткір мәселеле көтеру, әрине бас редактор еңбегінің нәтижесінде іске асады. «Қазақ әдебиеті» газетінің «Егемендік: аты мен заты», «Ой түрткі», т.б. айдарларда құнды ұсыныстарға толы мақалалар жиі жарияланды.

«Егер газет тігінділерін ақтарып, жылдар көшіне көз салсақ «Қазақ әдебиетінің» өрлеген жұлдызды жылдары да, серпіле алмай, қанатын жаза алмай, өрісі тарылып, бауырлап қалған кездері де болған. Тәуілсіздік алған бүгінгі күн биігінен қарағанда бізге түсінікті және әдеттегі нәрсе боп көрінетін жағдайлар ол кезде айтуға да, жазуға қиямет қиын болатын. Коммунистік идиология үстемдік еткен кезеңде біздің қайсымыз болсын нені айтып, нені айтуға болмайтынын жақсы меңгерген едік. Қандай мақаланың басылмайтынын, қай тақырыптың өтпейтінін де білетінбіз. Жазылғанның бәрі дұрыс екенін біле тұра қатты айтқан жерін жұмсартып, сөз келеді деген тұстарын қысқартып, жалтақтыққа үйрендік. Әттең, ойыңдағыны ашық айта алмай сырты бүтін, іші түтін болу – қандай  ауыр. Ойың бір түрлі, айтар сөзің де бір түрлі — өмір шындығынан гөрі саясатқа бағыну – бұл да бір азап. Осы отырған бәріміз де осындай хәлді бастан кешіріп, жалтақтап, жалған сөйлеген де шығармыз» дейді. 1993 шілде – 1997 қараша аралығында бас редактор Ахат Жақсыбаев. Кешегі коммунистік насихаттың құралы болудан «Қазақ әдебиеті» де қашып құтыла алмай, өктемдіктің, кіріптарлықтың ырқына көнуге мәжбүр болды

Қазір қазақ елінің дамуында аса жауапты әрі күрделі кезеңде тұрмыз. Елдің өз алдында жеке дамуында, әлеуметтік-әкономикалық өмірде, әдеби, мәдени салада қаншама қыруар істер бар. Осының бәрі салмақпен, сабырмен шешетін, көп болып қауымдасып атқарар жұмыстар. Көбіне, «түбі жақсы болар» деген үмітпен өмір сүріп жатырмыз. Қазір газеттің арқалаған жүгі де ауырлады, тақырып ауқымы кеңейді. Біраз жұмыстар істеліп те жатыр. «Қазақ әдебиеті» — абыройлы, беделді газет деп отырмыз. Сол беделді газеттің ел өміріндегі осы бір жауапты кезеңде белсенділік көрсететін кезі келген секілді. Ал «Қазақ әдебиеті» — ең алдымен, жазушылардың газеті. Сол себепті жазушылардың ой-пікірін, айтар сөзін елге жеткізу, солардың ашық трибунасы болу – «Қазақ әдебиетінің» міндеті [22].

Жасыратыны жоқ, қазіргі тұрмыстың ауырлығы, кітап шығарудың қиындығы жазушыларға жеңіл тиіп отырған жоқ. Дегенмен, ең алдыңғы қатарлы зиялылар тобына жататын жазушы қауымның қазіргідей жауапты кезеңде үндемей қалуына болмайды ғой. Қазіргі уақытта біздің жазушылар үлкен ой үстінде. Өйткені, санада болсын, көңіл мен сезімде болсын, беріш боп қатып қалған, әбден сіңісті болған бағыныштылы белгілері жетіп жатыр. Яғни сырттан еріксіз телінген нәрселерден арылу оңай емес екені баршаға аян.

«90-шы жылдар «Қазақ әдебиетін» қатты алаңдатты. «Ақшасы төленбеді» деп, наурыз айында баспахана «Қазақ әдебиетін» бөгеп қойып, қарыздан құтылған соң, төрт санын бірақ шығарды. Сонда «Қазақ әдебиетін» іздеп, оқырман қауым қатты дүрлікті. Ал елді басқарып отырған жоғарғы жақтан «бұл қалай?» деп селт еткен жоқтаушының табылмағаны қалай?! Елдің иесі емес пе?! Егер біз «Қазақ әдебиетін» қорғай алмасақ, қолдамасақ қалың елге, оқырман қауымға не дейміз. Қандай қысылшаң, қиын заман десек те біз «Қазақ әдебиетінің» бағасын білуіміз керек», — дейді сол кездегі «Қазақ әдебиетінің» бас редакторы Ахат Жақсыбаев [23]. Бүгіндері не көп газет көп. Бірақ, «Қазақ әдебиеті» — өз ретінде орны бөлек, бірден-бір ұлттың үні, жалғыз басылым. Оны көп газетердің қатарына жатқызып, елеусіз етуге болмайды. «Не болсаң ол бол, өз күніңді өзің көре біл» деген принцип дәл «Қазақ әдебиеті» газетіне жүрмейтін секілді.

«Қазақ әдебиеті» газеті аты көрсетіп тұрғандай мемлекетіміздегі бірден-бір әдеби басылым. Мыңға тарта ақын-жазушылардың тікелей мінбері. Газет қоғамдық, саяси, әлеуметтік мәселелерді көтерген кезде қазақтың мүддесі арқылы өрбітеді. Мұнда халқымыздың таңдаулы ғалымдары, ойшылдары, түрлі сала мамандары сөйлейді. Көбіне ұлттық болмысымыздың бүгінгі таңдағы өзгеріс құбылыстарына үңілу басым. «Қазақ әдебиеті» бұл – бір жағынан алып қарасаң көп дауысты газет. Бұнда ұлттың болашағына алаңдап қана қоймай, қайткенде де қазақ болып қалудың жолдарын қарастырып, болашағына батыл қадамдар жасалады және оған Қазақстандағы интеллектуалдық күштер молынан тартылған» дейді қазіргі таңдағы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы.

Осылайша «Қазақ әдебиеті» газеті ұзақ жылдар бойына «қазақ» деген сөзге де, «әдебиет» деген сөзге де әр уақыт лайық боп келеді.

«Қазақ  әдебиетінің»  соңғы  сандарының  бет  бойынша  тақырыптарының бағыттарын  жоғарғы «қалпағындағы» айдарлар айқындап тұрады. Олар көбіне тұрақты болып келеді, кейде белгілі бір науқанға байланысты атауы ауысуы мүмкін. Үстіміздегі жылдың соңғы  сандарындағы айдарларының тізімі төмендегідей:

2010 жылғы 9 сәуірдегі санының 2-ші беті – Жетіген; 3-ші беті – Елден-жерден; 4-ші беті – Жалпы сауал; 5-ші беті – Белес; 6-ші беті – Руханият; 7-ші беті – Өнер; 8-ші беті – Поэзия; 9-ші беті – Ұлы Жеңіске 65 жыл; 10-ші беті – Бармасаң-келмесең; 11-ші беті – Қобыз сарыны; 12-ші беті – Биші қайың [24].

Ал, 2010 жылғы 30 сәуірдегі санының 2-ші беті – Жетіген; 3-ші беті – Ендігінің сөзі; 4-5-ші беттері – Ұлы Жеңіске 65 жыл; 6-ші беті – Күлтөбе; 7 -ші беті – Белес; 8 -ші беті – Поэзия; 9-ші беті – Проза; 10-ші беті – Тірілермен тірімін; 11-ші беті – Бастау; 12-ші беті – Қобыз сарыны [25].

Байқағанымыздай, Жеңіс күні жақындаған сайын оған байланысты мақалалар да жиі жарық көргендігін шындық. 2001 жылғы 9 сәуірдегі санында «Ұлы Жеңіске 65 жыл» айдары 9-бетте орыналасқан болса, 30-сәуірдегі газетте ол айдар 4-5 беттерге қойылған.

«Қазақ әдебиетінде» тұрақты беріліп жүрген айдарлар – «Күлтөбе», «Қобыз сарыны», «Біздің дәуір», «Орта толды», «Есімдегілер», әр санында «Нөмірге хат» айдарымен редакцияға жолданған хатты жариялап келеді. Кейінгі нөмірлерінде Ұлы Жеңістің 65-жылдығына орай пайда болған айдарлар да көз тартады: «Кестелі орамал», «Аттандық майданға», «Біз соғысты көрген жоқпыз».

Басылымдағы мақалалардың негізгісі бағанға бөлініп, беттің ортасын иемденеді, ал «Орта толды», «Біздің дәуір» айдарларымен берілетін әдебиет мамандарының пікірі, лебізі жиек жағынан ұзындығынан бір бағанға және төменгі «подвалында» ені бойымен орын тебеді.

Басылым фотоколлажды 8-9 беттерде, поэзия мен прозаға байланысты лирикалық бейнелер арқылы қолданады. Газеттің тағы бір өзгешелігі – авторлардың материалдары фотосуреттерімен қоса берілетіндігінде.

Мерзімді басылымдарды шығарудағы компьютерлік технологияны қолдану баспаханаға дейінгі жұмыс барысын едәуір жылдамдатып, жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар түрлі күрделі безендіру міндеттерін орындауда мол мүмкіндіктер туғызды.

Басылымның шрифті тақырыпқа орай өзгеше түрлендіріп қойылып отыр. Бірінші беттегі атаудың өзінде «Қазақ» үлкен қаріп және қара түспен, ал «әдебиеті» өзге шрифті, өзгеше көк түспен әрі кішірек етіп басылған. Негізгі деген көлемді мақалалар тек бас әріптермен жазылса, кіші материалдар бас әріппен басталып, сөйлемдегідей етіп беріледі.

Қазақ әдебиеті» газетінің кейінгі сандарынан зиялы қауымға, оқымыстыларға жақын басылымға айналғанын байқаймыз. Қорыта айтқанда, ұлт рухының шырақшысы болған «Қазақ әдебиеті» газеті халқымыздың рухани өсуіне, тәуелсіз мемлекетіміздің іргесі бекемдене түсуіне еңбек сіңіріп келе жатқан бірден бір басылым екенін өз үні, өз ұстанымы арқылы дәлелдеп отыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...