Тақырыптың өзектілігі


«Қазақ әдебиеті» газеті кеңестік кезеңде

Loading...


бет8/14
Дата27.02.2021
өлшемі154.61 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
1.2 «Қазақ әдебиеті» газеті кеңестік кезеңде
Қазақтың рухани күштері кемелділікке бағыт бұрған, әдебиет пен мәдениет саласында өз өрнектерімен айшықтала түскен өткен ғасырдың 50-60-шы, одан бергісі 70-ші жылдары тарихи маңызға ие. Қазір сол кеңестік дәуірдегі басылым тігінділерін қарап отырсақ, қызыл империяның өктемдік пиғылына негізделген жымысқы саясатының ұдайы жүргізіліп отырғанын бағамдау қиын емес.

1960-1970 жылдары қазақ әдебиеті тарихының жеке кезеңдері мен көкейкесті мәселелеріне, проза мен поәзияның көрнекті өкілдерінің шығармашылығына байланысты тыңнан жазылған әдебиеттанушылық еңбектер жарық көрді. Осы кезеңде академик-жазушы М.Әуезов қалаған Абайтану ілімі ұлттық әдебиеттану ғылымының жетекші саласы ретінде орнығып, Абайдың ақындық шеберлігі мен талант қырларын тереңдеп ашқан көптеген тың ғылыми зерттеулер жазылды. 1970 жылдары Әуезовтану ғылымы да қалыптасып, өзіндік өрнегімен дами бастады.

Жетпісінші жылдардың басында республика Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтыныңбейсенбіліктерінде әдебиеттің, ғылымның аса маңызды мәселелері сөз болып отырды.

ХХ ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысы 1956 жылы өткен коммунистік партияның ХХ съезімен басталып, бүкіл Кеңес Одағында үлкен бетбұрыс туғызды. И.В.Сталиннің жеке басына табынушылық сыналып, оның зардабын жою мақсатында ресми саясат пен идеологияда біраз жұмсару орын алып, атақты «жылымық» жылдары туған еді. 1947 жылғы қаулы да қайта қаралып, 1957 жылдың 28 шілде күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ халқының әдеби-поәзиялық және музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шаралары» деген қаулысы жарияланды [16].

«Қазақ әдебиеті» газетін публицист-жазушы Нығмет Ғабдуллин басқарып отырған кезеңде елдің, халықтың жоғын жоқтаушы, сөзін сөйлеуші ретінде танылған басылым алған бетінен қайтпаған. Көтерген тақырып мәселелері де кең ауқымдылығымен есте қалады: өндіріс орындарында ұлт кадрларын молайту, ауылдың жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстары, партия «Қазақстанда тың жерді игеруді ұлғайта беру керек» деп күнде ұрандап жатқанда, газеттің шабындық жерлерді беталды жыртудың жөнсіздігін дәлелдеп, оның болашақтағы зардаптарын ескертіп, батыл үн көтеруі, т.б. Көрнекті ғалым Бейсенбай Кенжебаев қазақ әдебиеті тарихын түрік халықтарына ортақ – «Орхон-Енисей» кезеңдерінен бастау керектігі жөніндегі кенеулі концепциясын әдеби орта, ғылыми жұртшылыққа айтып, мойындата алмай жүрген еді. Газет осы тегеурінді мәселені қалың оқырманға жеткізіп, халықтық сипат алуына, ғылымда орнығуына мұрындық болды. Мұхтар Әуезовтың қырық жыл бойы идеясы жат саналып, беті бүркеліп келген «Қилы заман» романын ақтап мақала жариялады.

Шындықты айтқанда, жалғанның бет пердесін жұлып тастап айту оңай шаруа болған жоқ. Қолында құдіреті бар жалған атаулы шындықтың төбеаінен жай түсіруге әрдайым әзір тұрды. Жазушы Ғабдол Слановтың тіл зерттеу, Мұхтар Мағауиннің қазіргі қазақ романы, Сәйділ Талжановтың Абйатану, Қабдеш Жұмаділовтың аударма мәселелері хақында жазған мақалаларында қатты айтылған ащы сынға байланысты «Қазақ әдебиеті» өзіне өшігушілердің дәл сондай шабуылына ұшыраған. Олар Орталық Партия Комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісін өз жақтарына шығарып алып, газет редакторына тыныштық бермеген.

«- Өзімді кейін редактор ретінде өкіндірген екі жағдайды айтып өтейін, - деп еске алады Н.Ғабдуллин. – Бірінші рет: «Литературная газетаның Мәскеулік тілшісі біздің газетіміздің жөнінде біреулердің кеңесімен қыңыр мақала жазды. Сол уақыттағы баспасөз дәстүрі бойынша орталық газеттің сөзін көшіріп басуымыз керек. «Литературная газета» тілшісі мақаласының теріс пиғылдан жазылғанын дәлелдеп, мұны көшіріп басуға қарсы болдым. Қазақстан Орталық Партия комитетінің баспасөз секторы көшіріп басуды талап етті. Үстем идеологияның өмірі. Көнбеске лаж болмады, көшіріп бастық. Қолымыздан келгені, мақаланың соңынан, редакция атынан бірер сөз жазып, «Литератруная газетаның» пікіріндегі терістіктерді көрсетіп, бұларды құп алмайтынымызды ашық білдірдік. Бұл үшін Баспасөз секторынан редактор ескерту алды. Кейін өкіндім, «шешінген судан тайынбас» демекші алған бетімнен қайтпауым керек еді. Екінші рет, Мағжан Жұмабаев туралы мақала жазылып ақынның өлеңдерінен «Қазақ әдебиетіне» арнайы бет әзірледік те, осы материалды жариялау үшін идеология бөлімінен рұқсат сұрадық. Олар қарсылық қана білдіріп қойған жоқ, жариялауға тыйым салды. Бұл жерде де редактор неде болса тәуекелге бел байлауы керек еді. Бірақ... қазір оған өкінемін. Осындай өз тәжірибемнің негізінде айтарым, сүйікті газетіміз – «Қазақ әдебиеті» қашанда да ақ жолынан таймауын, адал сөйлеуін, осы күні өнерімен емес, мансабының биік тұғырымен дабырайған «жалған даңқтар» мен «жалған беделдер» алдында жалпылдамай, жалтақтамай, шындықты тура айтуын тілеймін. Күндер өтеді, уақыт әр нәрсені өз орнына қояды. Міне, сонда өкінбеу үшін де, кейінгі оқырман қауымнан ұялмау үшін де солай етпек керек» [17].

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдардың екінші жартысы Қазақстанның нағыз өрлеп тұрған кезеңі еді. Республикамыз жыл сайын үкімет қамбасына миллиард пұттан астық тапсырып, жалауына орденнен орден қадаса, республиканың бірінші басшысы Д.А.Қонаев СОКП Орталық Комитетінің саяси бюросына мүше болып, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанды. Қазақстан «Жүз тілді планетаға», «халықтар достығының лабораториясына» айналды. Осының бәрі газет бетінен лайықты орын алып отруы тиіс болса, ол жағы мүлтіксіз орындалып жатты.

Бұған дәлел 1977-1980 жылдар аралығында газетте редакторлық еткен Сайын Мұратбековтың мына пікірі: «Ол кезеңде редакцияға қия басқан шығарма, яки мақала түскен емес және түсуі мүмкін де емес еді. Өйткені ақын-жазушыларымыз, әдебиетшілеріміз әлгі оқиғалардың бәріне де жарыса үн қосып, газет бетін сықап тастайтын. Әсіресе бірінші басшына ашық мадақтаған дүнеилер көптеп түсетін де соларды жариялай алмағаным үшін үлкенді-кішілі қаламдастарымнан мен қысас көріп қиналатынмын. Ал, әдебиет мәселелерін, күн тәртібіндегі толғақты мәселелерді жазатындар некен-саяқ еді. Сірә, әдебиет өміріндегі тоқырау дегеніміздің белгісі осы болар. Сондықтан өз басым «қасаң уақыт, қытымыр саясаттан қысым көрдік дегеннен гөрі біз сол уақыттың, сол саясаттың жемісі болдық» дер едім [18].

Бұл кезең Қазақстандағы цензура да әбден күшіне мініп, айрықша қырағы болып алған. Осы орайда жазушы С.Мұратбеков естелігінде мынадай жайларды келтіре кетеді: Мәселен, Ленинград баспасынан шыққан Қазақ поэзиясының антологиясына Шәкәрім мен Ғұмар Қарашевтың шығармалары еніп, газетке сол кітап туралы мақала жариялағанда әлгі аталған ақындардың есімдерін цензорлар мүлде тізімге кіргізбей қойған. «Мейлі, Ленинградта жарияланса да біз сызып тастаймыз, өйткені бұлар біздің қара тізімімізде», - дейді олар.

Орталық Комитеттің бөлімдері де газеттің әр қадамын, тынысын қалт жібермей қадағалап отырған. Газетте Қаныш Сәтбаевтің 90 жылдығына орай бет әзірлеген. Басылым беттеліп жатқанда Орталық Комитеттің үгіт және насихат бөлімі газеттің түгелдей бір бетін арнауына тыйым салған. Орталық Комитеттің хатшысы С.Н.Имашевтың араласуымен жарты болса да Қ.Сәтбаевқа бет арнаудың сәті түскен.

СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Л.И.Брежневтің жарық көрген «Тың» кітабындаға «...Соғыс алдында тоқтап қалған «Қазақ әдебиеті» газеті қайта шықты» деген бір ғана сөйлемнің болғанына байланысты төрт жыл бұрын басылымның көлемі мен санын өсіру туралы С.Мұратбековтың жазған хатының шешілуінің орайы түседі. 1980 жылғы жаңа жылдық саны 16 бет болып кіші форматта шығуға рұқсат алады. Әр беттің өзіне лайық материалдары болуын, поэзияға, прозаға, сын мақалаларға, өнерге арналған беттер белгіленеді.

Қазір де жарияланып жататын материалдардың сапалары әрқилы, әртүрлі болғанымен әр нөмірден оқылатын материалдардың табылып жатуы «Қазақ әдебиеті» газетінің ежелгі дәстүрінде бар заңдылық іспетті. Басылым әдебиет пен өнердің, публицистиканың елге танымал өкілдерін тәрбиелеп, қанаттандырудың ошағына айналған десек, еш қателеспейміз.

«Баспасөздің басты міндеті – қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет ету, - деп жазады публицист-жазушы, сыншы Әлия Бөпежанова «Мұртаза кеңістігі» атты естелігінде. – Бұл, әсіресе, қазақ баспасөзіне қатысты қағида. Ал, бір қызығы – қазақ газеттерінің «Қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет ету» деңгейі бас редактордың ой-сана, парасат, білім-білігіне, бір сөзбен айтқанда, тұлғасына тікелей байланысты. Кешегі кеңестік дәуірінде солай болған, бүгін де тап солай.Бас редактор болу –жаңа идеяларды қолдау, рухани орта қалыптастыра алу қабілетін де, қысқасы тұлғалық болмысты қажет етеді. Дәл осы орайда қазақ тарихында Бас редактор болу талантымен де мәшһүр болған шерхан Мұртаза туралы сөз айту парыз» [19].

Ия, осы уақытқа дейінгі тарихында әрқилы кезеңді басынан өткерген «Қазақ әдебиетінің» тағы да бір ерекше өрлеу кезеңі – 80-90 жылдар аралығы деу керек. Ол Шерхан Мұртаза бас редактор болғанк езең. Ұлт мүддесі жолында жанын да қиюға дайын екенін нақты іс-әрекеттерімен талай-талай дәлелдеген халықтың Шер-ағасы газетте 1980 жылдың күзінен 1989 жылдың ортасына дейін кейін өзі «Егемен» атандырған «Социалистік Қазақстанға» басшылық қызметке ауысқанша қызмет етті.

Шерхан Мұртаза есімі, ашығын айтсақ, көзі қарақты кез-келген қазақ оқырманына жақсы таныс. Публицистің қазақ журналистикасының түрлі жағдайларға қатысты шығармашылық әдіс –тәсілдерін байқап қарар болсақ, оқырман ой-санасына жетерлік бай тәжірибесін, көркемдік ой-шеберлігін, тақырыптық проблемаларының молдығын байқап, таныр едік. Көпшілік оқырманға қатысты нақты саяси-қоғамдық пікірін журналистің көптен көкейде жүрген ойы деп тануымыздың сыры осында жатыр.

Шерхан Мұртаза редакторлық еткен «Қазақ әдебиеті» газеті республикамыздың әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, төл әдебиетіміздің өркендеу барысындағы көркемдік жүйені жан-жақты көрсетуге көп күш жұмсады. «Қазақ әдебиеті» газетінде тұрақты тақырыпқа айналған «Жазушы және өмір», «Қаламгер сөзі: молшылық көзі», «Зәру мәселе» сияқты сол тұстағы тұрақты айдарлар осы мақсатқа арналған. Сол жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті тек әдебиет пен өнерге қатысты ғана емес, қайта құру ісіне, жариялылықты жүзеге асыруға айтарлықтай атсалысты.

1984 жылдың ақпан айының 28-ші жұлдызында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы және Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы Шерхан Мұртазаға «Қазақстанға мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер» атағы беріліп, «Қазақ әдебиетіне» Халықтар Достығы ордені тапсырылды. Қазақстан Жазушылар Одағының Шерхан Мұртаза басқарып отырған «Қазақ әдебиеті» газетіндегі жұмыстарына оң баға беруінің өзі редактор жұмысының нәтижелі болғандығының нақты бір дәлелі болып табылады.

Шерхан Мұртаза бас редакторлық еткен «Қазақ әдебиеті» газеті 1986-1989 жылдар аралығында шындық, жариялылық тақырыбына көбірек ден қоя бастады. Әдебиетте көркемдіктің ең басты критерийі - өмір шындығы, сол шындыққа қай қаламгер бір табан жақындаса, көркемдікке, шеберлікке қадам басқаны деп айтуға болады. 1987 жылдың ортасынан бастап ана тіл мәселелері туралы мақалалар, «Дерек» айдарымен оқырманға беймәлім құжатты, деректі дүниелер жариялана бастады. Газет 1988 жылдың 29 шілдесінен бастап «Ойтүрткі» атты жаңа айдар ашып, онда қоғамдық өміріміздегі тың өзгерістер мен тосын сауалдарға тиянақты жауап іздеу мақсатына айналдырып отыруды көздеді. «Қазақ әдебиеті» 1998 жылғы сандарында қоғамдағы жариялылық саясаты мен әлеуметтік өмірді қайта құра отырып, оның демократиялық сипатын көрсетуді негіздейтін «Мезгіл мінбесінен», «Тағдыр», «Шаңырақ» т.с.с. айдарларда берілген материалдар арқылы оқырмандарды әлеуметтік маңызы жағынан келелі пікір тоғысына шақырды.

Үздіксіз шығарылған қаулылар мен пленумдарда Компартия өзінің қателіктерін мойындаған жоқ, керісінше халық мұрасы мен тарихын зерттеудегі мешеулікті ғалымдарға, ғылыми-зерттеу институттарына жапты, оның үстіне, бұл құжатта көтерілген мәселелердің өзі де жартылай, жартыкеш түрде айтылып, мұра мен тарихты тағы да сын көзбен қарап, 60-90 жылдар әдебиетіміз өнер иелері туралы жазылған шығармаларымен толықты.Олар С.Жүнісовтің «Ақан сері», 3.Ақышевтің «Жаяу Мұса», Ә.Әбішевтің «Найзағай» романдары.Жазушылар қазақ прозасындағы роман жанрында бұрыннан бар дәстүрді жете пайдаланып, өнерді көркем бейнелеуде жинақтай суреттеуге ұмтылды. Ақан, Мәди, Мұса – түрлі көзқарас, түрлі мінездің адамы. I.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» драмасы, Т.Әлімқұловтың «Көк қаршыға» повесі.Бұл шығармалар жазушыға айналып өтуге болмайтын, тек қаламгерлік концепция арқылы ғана жаңартуға мүмкіндік болатын қиын өткел секілді болды.



Әйтсе де, өнер иелерін жақындастырып тұрған шешуші фактор - өнер. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан, халқымыздың қасиетті өнері. Олар өздері өмір сүрген қоғамдағы өктемдікке, озбырлыққа қарсы күресті. Сондықтан да халық оларды қастерлеп, қадір тұтты. Тарихи шығармаларда олардың әрбір әрекетінен бас геройдың күресі айқын көрінеді. Сондықтан да өр намысты өнерпаз тұлғалар басында бостандығы жоқ, езілген халықтың рухани демеушісі, қамқоршысы болды. Осы мәселелердің барлығы басылым бетінде көрініс тапты.

Қазақтың мақтанышы болған, алты алаштың серісі атанған, «мыңмен жалғыз алысқан», атақты әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының рухани мұрасын бүгінгі ұрпаққа танытқан қаламгеріміз С. Жүнісовтің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Өзінің алғашқы кесек туындысы «Жапандағы жалғыз үй» романымен, одан кейін жазған екі томдық тарихи романы «Ақан серімен», басқа да әңгіме-повестерімен, драмалық шығармаларымен ол қалам қарымы қуатты суреткер ретінде әдебиет тарихына енді. Осы мәселе де әдеби басылым «Қазақ әдебиеті» газетінің үнемі назарында болды.

Халқымыздың өнер салтанатына соншама асыл қазына өлең, әндер қалдырған казіргі қауымның игілігі, рухани сусыны болып отырған тамаша мұрасы бола білген «Қазақ әдебиеті» газетінің қазақ журналистикасында алар орны ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...