Тақырыптың өзектілігі


Ұлт публицистикасындағы «Қазақ әдебиеті» газетінің орны

Loading...


бет7/14
Дата27.02.2021
өлшемі154.61 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
1 Ұлт публицистикасындағы «Қазақ әдебиеті» газетінің орны
1.1 «Қазақ әдебиеті» газеті: қалыптасу тарихы мен дамуы жолдары
Дамыған елдердің қайсысында болмасын бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде мерзімді баспасөз ерекше ықпалдыққа ие болып келген. Сондықтан да үнемі «Газет өмірдің айнасы» деп айтылады. Баспасөз арқылы мемлекеттік және түрлі қоғамдық бағыттар мен мақсаттар, саяси формациялар мен әкономикалық-әлеуметтік мәселелер халық таразысынан өтіп, дұрыс шешімін тауып отырған.

Басылым – оқырмандардың жалпы трибунасы. Оның бетінде жас-кәрі, зиялы, жұмысшы, жұмыссыздар, қала адамы мен ауыл тұрғыны, саяси қайраткерлер мен қоғамның қарапайым мүшелері өз пікірлерін еркін білдіре алады. Еліміз журналистика - өмір шындығын білу құралдарының бірі болуға толық мүмкіндік жасаған. Сонымен бірге, журналистиканың қоғамдық және саяси өмірде маңызы ерекше. Журналистика сүреңсіздікті, бірсарындылықты көтермейді. Күнделікті өмірден, өрелі оқиғалардан артта қалған газет-бейшара газет. Жаңалыққа құлақ түріп, озық тәжірибені жұртшылыққа кең тарататын, үлгілі істер мен патриоттық бастамаларды тез іліп әкететін, әкономика мен мәдениет үздіктерінің еңбектерін паш ететін, кемшілік пен әділетсіздікке төзбейтін баспасөздің қашанда шоқтығы биік болары сөзсіз.

Газеттің мәртебесін көтеріп, оның халыққа ықпалын күшейтуде ең алдымен редакция жұмысын ұйымдастыру қызметін талапқа сай жолға қоюдың, бірсарындылықтан арылып, материалдарды беру, газет беттерін өрнектеу, түрлендіру, тақырыптарды «ойнатып беру», оқырмандарды оқуға мәжбүрлейтіндей мәселелер көтерудің әдістерін іздестірудің мәні ерекше екендігіне «Қазақ әдебиеті» газетін зерттеу барысында көз жеткіздік. Оқырмандарға газеттің әрбір санының қызықты, әрі тартымды шыққаны керек. Газеттің қай материалы, қай жанрда болсын, мейлі ол бас мақала, очерк, сұхбат, шолу болама тек, оқырманның талғамынан шығып, қалың көпшілікке ұғынықты, құнарлы тілмен жазылса жақсы болады. Баспасөздегі көпірме, лақпалықтың, көлдей-көлдей көлеммен берілетін материалдардың дәурені әлдеқашан өткенін уақыт дәлелдеп отыр.

Ұлттық мүддені негізге  ала отырып, қазақ ұлтының қажеті мен қатесін анық айтып, әдебиет пен мәдениетін һәм тарихын насихаттайтын басылым – «Қазақ Әдебиеті» газеті. Алпауыт газеттің тұңғыш саны 1934 жылы жарық көрген [6]. Бүгін «Қазақ әдебиеті» газетіне  80 жыл толып отыр.

Арғы жағы Алаш зиялыларынан бастау алатын басылымның сол кездері қиын болса да, ұлттық мүддеге баса назар аударуы ерлік болса да, бүгінде де сол мақсатынан ажыраған жоқ. Ұлтқа негізгі сөзді айтатын газеттің бірегейі. Мүддесі айқын, мақсаты біреу-ақ. Бүгінде 80 жылдық тарихы бар шаңырақта жазушы Жұмабай Шаштайұлы басқарған шығармашылық ұжым жұмыс істеуде.

«Қазақ әдебиеті» газеті аптасына бір рет, 12779 таралыммен, 12 бет болып, А2 форматымен шығады. Оқырман аудиториясын қазақ тілі мен әдебиетіне жанашыр қауым, зиялылар, жазушылар, ғалымдар құрайды. Газеттің көтеретін тақырып аясы  – қазақ қоғамының әлеуметтік, саяси, әдеби, мәдени проблемалары, елдегі өнер, ғылымға байланысты жаңалықтар, тарихи зерттеулер, көрнекті қайраткерлер өмірінен очерктер.

Алғашқы редакторы – Б.Майлин. Газетте І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтің, С.Мұқановтың классикалық туындылары жарық көрген. Газет арқылы қазақ оқырманы әдеби, мәдени, тарихи танымдық материалдармен кеңінен таныса алды. Атап айтқанда, газет беттерінде қазақ ақын-жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, очерктері, роман, повестерінен үзінділер, байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызға қатысты деректер мен археологиялық-әтнографиялық мұралар, қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні және келешегі жайлы байыпты әдеби-сын мақалалар, елдік елеулі мәселелер – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени оқиғалар жөнінде публицистік өткір ой-толғаулар, дүние жүзі классиктерінің үздік туындыларынан аудармалар жарияланады. Сонымен бірге оқу-ағарту, білім, ғылым саласындағы әр алуан көкейкесті мәселелерді сөз етеді. Кино, театр, сымбат, қол өнерінің келелі тақырыптарын кеңінен толғап, белгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізіп, олардың жаңа шығармашылық туындыларын оқырмандарға таныстырып отырады.

Ел арасында партияның «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген ащы ұраны белең алып тұрған сол жылдарда, яғни 1932 жылғы 26 ақпанда кеңестік Қазақстанның бүкіл жазушылары мен аудандық газет редакторларының тұңғыш рет басын қосқан үлкен жиын болды. Онда Қзаақстанда шығатын баспасөздің жай талқыланып, қазақ пролетериат жазушыларының міндеттерін айқындау және сол тұстағы тұңғыш қаламгерлер ұйымы – Қазақ пролетар жазушылар қауымдастығының (ҚазАПП) жұмысын қайта құру мәселесі көтерілді. Бұл Қаз АПП дегеніміз Ғабит Мүсірепоатің сөзімен айтқанда «Жауыр атпен жайдақ шапқандар озып, нағыз көркемсөз шеберлері шетқақпай қалған бір солақай ұйым» болған. Солақайлығының нақты бір көрінісі Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлиннің өзі мүшелікке қабылданбай келген. Осы жиында қалың жұртқа әдеби басылым қажеттігі алған рет сөз болды [7].

Сол тұста қабылданған ВК(б) Орталық Комитетінің «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысына сәйкес көркемдікке мән бермейтін, жалағай, жалаң үгітшілдіктің ұран етіп, жікшілдікпен айналысқан бұрынғы пролетар жазушылар қауымдастығы таратылды. Оның орнын басатын жаңа ұйым – Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру комитеті құрылып, өзінің бірінші пленумын өткізеді, онда Ілияс Жансүгіров «Әдебиет ұйымдарын қайта құру және советтік Қазақстан жазушыларының міндеттері» деген тақырыпта баяндама жасайды. Осы баяндама және кейінгі жарыссөздерде жазушыларды алалап, жіктемей, партиялық бір бағытқа жұмылдыратын жаңа жазушылар ұйымын құру қажеттілігі айтылумен қатар «Қазақ әдебиетінің» аты азан шақырылып қойлымағанымен қалың бұқараны идеялық-көркемдік бағытта тәрбиелейтін, біріктіретін дербес басылымның керектігі де қайта-қайта тілге тиек болды.

Кейінірек осы мәселемен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсіреповтер Қазақстанның сол кездегі басшысы Мирзоянның қабылдауында болады. Оларды Крайкомның үгіт-насихат бөлімін басқаратын Жанайдар Садуақасов алып барады. Тәуекелшіл төртеудің талап-тілегін тыңдап, толымды сөзіне тоқтаған Мирзоян Совнаркомның бастығы Ораз Исаевқа осы мәселемен айналысуды тапсырады. Міне, «Қазақ әдебиетінің» дүниеге келуіне осы кісілер, ұлтымыздың ұлылары ұйытқы болған.

Газеттің тұңғыш редакторлығына 32 жастағы Ғабит Мүсірепов бекіді. Газетті ұйымдастыруға, оның жұмысын алға бастыруға қазақ әдебиетінің жоғарыда аталған көрнекті өкілдері қызу атсалысты. Жауапты хатшылығына Мұхамеджан Қаратаев тағайындалды. Редколлегияға Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Әйтеке Мусин, Ғабит Мүсірепов, Мұхамеджан Қаратев мүше болды. «Қазақ әдебиетінің» өз қаржысы болмағандықтан оның екі басшысы айлықты «Жазушы» баспасынан алып тұрған. Маңдайшасына «Қазақ әдебиеті ұлт мәдениетін көтеруде үлкен орын алсын!» деп жазылған, бір мың таралыммен шыққан газеттің алғашқы нөмірінде аударма материалдармен қатар өлеңдер мен мақалалар, әр алуан тақырыптағы хабарлар жарияланды. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлы дәуірге үлкен әдебиет» атты бас мақаласы, С.Сейфуллиннің «Кезектегі істерім» атты мақаласы жарық көрген.

Газет өзінің алғашқы санынан бастап-ақ әдебиетіміздің ең таңдаулы өкілдерін өз маңына топтастыра білді. Осы жөнінде кезінде Ғабит Мүсірепов былай деп жазған еді: «Біраз уақыт әдебиет газетінде жауапты редактор табуға кетті. Біздің ішімізде нағыз журналист Би ағаң болатын. Ол қашанғы әдеті бойынша басқару жұмысына жолағысы келмейді. Сәбит оқуда. Аяқтап келгенде мен жегілетін болдым. Редколлегияға Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Әйтеке Мусин, Мұхаметжан Қаратаев және мен кірдім. Мұхаметжан жауапты хатшы, мен редактор болып тағайындалдым» [8].

Бұл «Қазақ әдебиетінің» алғашқы бас редакторы Ғабит Мүсіреповтің сөзі. Жоғарыда аталған редколлегия құрамына ой жүгіртіп көрелікші. Кез келген жазықсыз жапа шегіп, қызыл саясаттың құрбаны болған ұлылар легінен кейінгі алыптар тобы еді бұлар. Бірақ, өкінішке орай, бұлардың да ғұмыры ұзаққа бармады. Ғұмырының қысқа боларын сезгендей-ақ олар осы жылдары ерекше өнімді еңбек етті. Барлық жанрда қалам сілтеп, әдебиетті көркейтті. Бірақ, аз уақыттың ішінде, небәрі 3-4 жылда, «Қазақ әдебиеті» сол алыптардың күшімен бірталай игілікті істер атқарып, әдебиеттің, мәдениеттің қайнар көзін ашып та үлгеріпті. Олар «Қазақ әдебиетіне» аянбай қызмет атқарды. Бейімбет Майлин жарты жылдан соң газеттің жауапты редакторы болды. 1935 жылы Москвадағы қызыл профессура институтын бітіріп келгеннен кейін Сәбит Мұқанов «Қазақ әдебиетінің» жауапты редакторы болып бір жыл шамасында жұмыс істейді. Кейін ол Қазақстан Жазушылары ұйымына бастық болып тағайындалған соң «Қызыл жалау» романын жазуға Қарағандыға кеткен Бейімбет Майлин «Қазақ әдебиетіне» жауапты редактор болып қайта оралады. Бейімбет Майлиннің соңғы рет қол қойған газеттің саны 1937 жылы 30-шілдеде шыққан. Содан кейін екі ай шамасында С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин бірінен соң бірі ұсталып қамауға алынған. Ел басына қайтадан қара түн туып, тағы да сол қудалау, қуғын-сүргін басталады. Осындай аласапыран үрейлі кезеңде бірін-бірі жау ретінде көрсету, басқаларға жала жабу өршіді.

Алғашқы жылдардағы газеттің белгілі бір ретпен шығатын жүйесі қалыптаспады. Әр жылдардағы саны әр түрлі шығып тұрған. Мысалы, 1934 жылы 31 саны шықса, 1935 жылы 35, 1936 жылы 50, 1937 жылы 54, 1938 жылы 17, 1939 жылы 2, 1940 жылы 6 саны жарық көрген [9].

Газеттің 1936 жылғы алғашқы санының бірінші бетінде «бес күнде бір рет шығады» деген мәлімет берілген. Алайда сол кезеңдегі елдегі саяси жағдайларға байланысты бұл жүйе сақталмаған. Газеттің таралымы алғашқы жылдары – 1934 жылы 1 мыңнан 3 мың көлемінде болса, 1935 жылы 3500-ге жеткен.

1940 жылы 16 қаңтарда шыққан санында «Талқылау мәжілісі» атты шағын мақала жарық көрген. Онда 1940 жылы 5 қаңтар күні КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық филиалының президумында «Кенесары көтерілісі туралы» Лакуниннің «Қазақстан большевигі» журналының 1938 жылғы 8 санында жарияланған талқылау жайы сөз болады. «Президиум мәжілісінде тарихшы Лакунин өзінің журналда басылған мақаласын жақтап сөз сөйледі, - делінген мақалада. – Бұл мақаласында Лакунин Кенесары көтерілісінің тарихи маңызын жоққа шығарып, ол көтерілісті «феодалдық, кертартпалық көтеріліс, Кенесарының өз басы және оған ерушілер әшейін бір ел тонаушылар, бұзықтар» деп Кенесары бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы кұресін бұрмалаған еді. Бұл пікірдің марксизм-ленинизм көзқарасына және қазақ халқының тарихи шындығына ешбір байланысы жоқтығы өз-өзінен айқын еді» [10].

Бұдан әрі газет мақаласында КСРО халықтарының тарихы профессор Шестаковтың редакциясымен шыққан тезисте Кенесары бастаған көтерілістің патшаға қарсы ұлт-азаттық көтеріліс екендігі, оның халықтық-революциялық сипаты және Кенесарының өзі қазақ халықының ұлт қозғалысының көсемі, қазақтың жауынгер адал ұлы ХІХ ғасырдағы атақты ақын-жазушылардың шығармаларында (Нысанбай, Досқожа, Сүйінбай, Көкбай,Абай, Мәшһүр Жүсіп, Жаяу Мұса, Күдері т.б.) және халықтың ауыз әдебиетінде Кенесары, Наурызбай қазақ халқының сүйікті батыры, ел бастаған қамқоршысы болып жырланып келгеніне баса назар аударылып, солай бола тұрса да, Лакуниннің осы пікірлердің бәріне қарсы шығып, өзінің марксизм-ленинизмге жат жалақорлық пікірін жақтаумен келе жатқаны ашық айтылады. Сондай-ақ мақалада Есмағамбет Смайыловтың мәжілісте Кенесары көтерілісінің тарихи маңызы және оның әдебиеттегі образы туралы ұзақ сөз сөйлеп, оның Кенесары көтерілісінің халықтық, революциялық көтеріліс екенін Кенесары, Наурызбай туралы халықтың сүйіспеншілігін көрсететін халық әдебиетіндегі өлең-жырлардан көп мысалдар келтіріп, дәлелдеп шыққаны, оның пікірін сөз сөйлеген тарихшылар Әділгереев, Тимофеев, Жиреншин, Сұлейменов, Ақынжановтардың да толығымен қостап, Лакуниннің пікірін теріске шығарғанын, олардың Кенесары бастаған қозғалыс халық қозғалысы, ол қазақ халқының патша отаршыларына қарсы жасалған ұлт-азаттық қозғалысы, революциялық қозғалысы екендігін нақты дәлелдегендері келтірілді. Мақала «Сөйлеуші жолдастардың көпшілігі Лакуниннің «қазақ халқы сауатсыз, қараңғы болғандықтан ол кезде ортасынан күрес бастайтын басшы шығаруға иекмі жоқ еді» деген теріс пікірін қатты сынады», деп аяқталады [11].

Авторы көрсетілмеген шағын мақаланың құндылығы сонда сол 30-40 жылдары «контрреволюционер», «ұлтшыл-түрікшіл», «халық жауы» деген нақақ жала жабылып, халқымыздың бетке ұстар азаматтарын жаппай ұстап, атып-асып, итжеккенге айдап жатқан кез еді. Әйгілі тарихшы Ермұхан Бекмаханов азаттық үшін күрескен Кенесарыны зерттегені үшін бірнеше жылдар бойы сын сойылының астында қалып, ақыр соңында жиырма бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оның артынша Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қаузағаны үшін Қажым Жұмалиев та жиырма бес жылды «арқалап» кеткен. Осындай қатерлі уақытта Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің маңызы мен қазақ халқының ұлттық қозғалысының көшін бастаған көсемі екенін қорғап, ақтап жазған мақала болды. Аталған хабарламаның құндылығы да осында. Газеттің бұл санында жауапты редактордың қолы жоқ, тек редакциялық коллегияның тізімі көрсетілген. Олар Ә.Тәжібаев, Ә.Әбішов, А.Тоқмағанбетов, С.Мұқанов, К.Бекхожин.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында шығуын тоқтатқан «Қазақ әдебиеті» газеті он бес жылдық үзілістен кейін 1955 жылы 14 қаңтарда қайта жарық көрді. Бұл Сталин қайтыс болғаннан кейінгі жылымықтың басы болатын. Әйтсе де компартияның жеке басқа табынушылықты әшкерелеген ХХ сьезінен кейін әміршіл жүйенің темір құрсауының сәл босаңсығанын дер кезінде аңдаған әдебиетіміздің көрнекті өкілдері Жазушылар одағы секретариатының шешімін шығарып, «Қазақ әдебиеті» газетін қайта шығаруды қолға алды. Қайта шыққан санына Сырбай Мәуленов басшы ретінде қол қойды.

Бұл репрессияның райы қайтқанымен коммунистік идеологияның өктемдігі әбден асқынып тұрған, қаламгерлер халықпен бірге социалистік догматизмнің қасаң да тар шеңберінде шерменде болған тұсы еді.

Барлық баспасөз ол кезде тек қана бесжылдықтар тынысы мен социалистік жарыс, өндіріс, шаруашылық пен саяси науқандар, жоспар мен міндеттемелердің орындалуы туралы ғана жазып, ұлт тағдыры, жұрттың рухани-әлеуметтік мұң-мұқтажы, мәдени-әдеби, тарихи көкейкесті мәселелер назардан тыс қалатын.

Сонау 30 жылдардан бері созылып келген қуған-сүргіндер мен жаппай жазалаулардың жарасынан әлі қан тамышылап тұрған, Ұлт зиялылары әлі ақталмаған, олардың есімдерін ауызға алудың өзі қылмыс саналатын. Осы кезеңде «Қазақ әдебиетінің» қайта шығуы хылқымыздың мәдени өміріндегі аса елеулі, ғажап құбылыс болды. Ол бірінші санынан бастап-ақ өзінің о бастағы діттеген бағыты – ұлттық мәдениетті көтеру мәселесін қайта темірқазақ етіп алғанын байқатты.

«Қазақ әдебиетінің» алғашқы санынан бастап ана тіліне айрықша көңіл бөлінді. Мұхтар Әуезов «Сәт сапарға дос ниет» деген көлемді мақаласында (1955, 14 қаңтар) басылымның алдағы ұлан-ғайыр міндеттерін белгілей отырып, былай деп баса көрсетіп берді: «...Өсудің үлкен айғағының бірі – әдеби тілдің көркейуінен, шеберленіп өнерленуінен көрінеді. Кей уақытта күнделікті қолданып жүрген тілдегі жетіспеген олқылық, олақтық, дәмсіз, нәрсіз, сұрғылт жүдеулік пен штамп тәрізді арзан қолды схемалық көп болса, сондай міндерді де түзей отыруы керек. Жазушының еңбегі арқылы әр елдің әдебиет тілі көркейеді. «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ» деп Абай атаған жазышылық міндеті кеміген жоқ, қайта күшейе түсті...»[12]

Ғабиден Мұстафин «Талант қанатпен шарықтайды» деген мақаласында жазушыларға алуан түрлі білім, жаңа ойлар, бай материал, төзімділік, жауапкершілік керек екенін айта отырып, осының бәрі бойынан табылған күнде тіл соларға сай келмесе, шығарманың бағасын төмендететінін, кейде мүлде құнын жоғалтатынын айтады. «Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді тірілтеді» [13] ,- дейді.

Әдебиет газеті өзі қайта шыға бастаған кездің өзінде-ақ бірсыпыра өзекті мәселелер көтеріп, алдағы самғауларға дайындалғандай мінез танытты. Басылымның сол кездегі тігінділерін қарап отырсаңыз, газет редакторы С.Мәуленовтің де, редакцияның барлық қызметкерлерінің де әр нөмір сайын маңызды, жанды тақырыптарды қозғауды көздеп, тынымсыз ізденіс жасағанына куә боласыз.

Газеттің үлкен рухани серпіліске түскен жылы елу алтыншы жыл болды. 1956 жылы басылым бетінде қазақ тілі, тарихы, мәдениеті, ұлт мектептерінің аянышты халі жөнінде аса маңызды мақалалар басылып, жұршылық пікірі кең көлемде көрініс тапқан. Дәл осы тұста жарияланған жас публицист, газет қызметкері Р.Бердібаевтің «Ең үлкен мәдени байлық» (1956, 22 сәуір) атты мақаласы қазақ қоғамын дүр сілкіндірді. Мақалада мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда, ұлттық мәдени мұраны меңгеруде орын алған кемшіліктер, мұның ана тіліне, ұлт ретінде дамуымызға орасан зор кедергі екендігі ашып айтылып, қоғамда белең алып бара жатқан орыстандыру сяасатына қарсылық білдірілген болатын. Осы мақала көпшіліктің ойына қозғау салып, ой-пікір білдірген оқырмандар хаттары редакцияға толастамай келіп жатты. Бұндай хаттар «Газет оқырмандары ойларынан» деген айдармен бөліп беріп отырған.

Көкірегін кернеген асыл сөздерді айта алмай, булығып келген сыншы Мұхамеджан Қаратаев осы жылымық сәтті пайдаланып, қазақ әдебиеті тарихын жасаудағы орын алып отырған қате-келеңсіздіктерді, идеологиялық өктемдіктің әсіреқызыл салдарынан қалыптасқан теріс көзқарастарды жеріне жеткізе айтып, ашық сынайды. «Әдебиет тарихындағы ақын, жазушыларды «ескішіл», «феодалшыл» деп тізімге Бұқарды, Дулатты, Шортанбайды, соңынан «байшыл», «ұлтшыл», «діншіл» деп Мәшһүр Жүсіп Көпеевті, Нұржан Наушабаевты қосты, - дейді сыншы. – Бұлардың қатарында талай дарынды, талантты ақындар «саяси сенімсіздікке» ұшырап, тіпті аттары аталудан қалды. Ол ол ма? «Қара тақтаға» қазақтың бай ауыз әдебиетінің үлгілері түгелге жуық ілінді. Сқйтіп, қазақ әдебиетінің тарихы құс түткендей жұлмаланды. Неге бұлай? Шынында біздің әдебиетіміз соншалықты кедей ме? Айтарлық, іліп аларлық ештеңе жоқ па?... Дұрысында әдебиет тарихын бұрмалау, жүдету, халықтың қоғамдық ой-пікірінің дамуына әсер еткен, көркем сөз өнеріне үлес қосқан еоеулі ақын, жазушыларды атамай қою, сызып тастау барып тұрған ұстамсыздық, қиянат...» [14].

Дәл осындай тақырыпта жарияланған әдебиетші-ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың «Өтелмеген парыз» деген мақаласында 20-жылдардағы бірқатар жазушылардың бай мұрасы қағажу көріп отырғаны, сол асыл мұраларды жарыққа шығару қажеттілігі айтылады. Автордың айтуынша, олар сталиндік қуған-сүргіннің құрбандары болған қазақтың біртуар аысл азаматтары смағұл сәдуақасов, Ерғали Алдоңғаров, Жиенғали Тілепбергенов және тағы басқалар еді.

Аса өзекті ұлттық мәселелер газет бетінде жарты жылдай уақыт бойы дамылсыз көтеріліп жатты. Бұл республика партия басшылығын бей-жай қалдырған жоқ. ҚКП Орталық Комитеті 1956 жылғы 10-шы желтоқсанда «Қазақ әдебиеті» газетінің қателіктері туралы» жасырын қаулы қабылданды. Газет редакторы С.Мәуленов партияның Орталық Комитетінде жазаланып, қара күйе жағылып, басылымның мәселесі қаралды. Қаулының қарарында газеттің жіберіп отырған саяси қателігі барынша айыпталды.

«Қазақ әдебиеті» газеті халықтың ұлттық санасын ояту жолында ештеңеден де тайынған жоқ. Ұлттық дәстүрлі дамыту, анатілінің тазалығын сақтау секілді өзекті мәселелер ашық түрде көтеріліп жатты. Бұл үшін редактордан бастап, газет қызметкерлері, авторлар қуғынға ұшырады.

«Газеттің әрбір саны шыққан сайын сол күні түске дейін лездеме міндетті түрде өтетін. Білікті талқылау, қызу таластар, айтыстар, шеке қызғанша сөзбен шекісулер кәдімгі қалыпты үрдісіне айналғанды... ең бастысы – «Қазақ әдебиеті» газеті Сырбай Мәуленов жетекшілік еткен жылдарда қазақ халқының теңдік, тәуелсіздік жолындағы күресінің биік Туына айналғаны – ұлттық сананы оятудағы орасан зор игі ықпал-әсері. Мәселен, 1955-57 жылдардағы ана тілі абыройын көтеру жолындағы күресі үшін бас редактордан бастап, қаншама газет қызметкерлері, авторлары таяқжеп, қуғынға ұшырады...» деп Қазақстанның халық жазушысы, республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хамит Ерғалиев сүреңсіз жылдар туралы толғанады [15].

«Қазақ әдебиеті» газетінде оқырмандарын ойландыратын, толғандыратын, жігерлендіріп, сезімдерін сергітетін, тарихи оқиғалардан, тіршіліктің тылсым сырларынан кеңінен мағлұмат беретін танымдық материалдар көптеп жарық көріп тұрады. Алдағы тарауларда оларға толыққанды тоқталып, талдайтын боламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...