Тақырыптың өзектілігі


Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар

Loading...


бет5/14
Дата27.02.2021
өлшемі154.61 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Ұлы М. Әуезов кезінде: «Қазақ әдебиеті де құр өлең, жыр болып қоймай ескі заң, ескі мінез, ескі білім тәжірибені білдірудің үстіне, қазақтың шаруа тіршілігі мен тұрмыс түрінен туатын ұғымын да айқын көрсетеді. Көшпелі салт, бақташылық кәсібі қазақ елінің ой-сезімін, мінезі мен ұғымын өзгеден бөлек пішінде қалыптаған. Қазақтың алғашқы өзгешелігінен туатын айқын, бөлек тұлғасы бар. Ерекше біткен ұлы денелі қол батыры, жан батыры болатын геройы мен героинялары бар» [4], - деп, әдебиеттің өмірмен, этностың тұрмыс-салтымен тығыз байланысты екеніне, қазақ халқының өзгелерге ұқсамайтын көшпелі өркениеті, қоғамдық формациясы арқасында ерекше ойлау жүйесі орныққанына, дара менталитеті көрініс беретініне назар аударады.

Ұлттың рухани қуатының деңгейі қай кезде, қай заманда болмасын, оның көркемдік дәстүрі, сондай-ақ, мирас болып келген рухани-әстетикалық, адамгершілік құндылықтары және сөз өнеріндегі жаңа жетістіктері арқылы өлшеніп отырады.

Жылдан жылға сан түрлі сипатқа ие болып, түр мен мазмұн жағынан биік сатыға көтерілген қазақ публицистикасының өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жатқан белгілі қазақ қайраткерлерінің туындылары қашан да жоғары бағаланады. Қанша заман ағылып өтсе де, шығармалары тақырып, мазмұн, идея сияқты автор даралығын айқын көрсетіп тұратын тілдік ерекшеліктерінің құндылығы жоғалмақ емес.

Публицистиканың қазіргі таңда көтерер жүгі ауыр әрі сыны басым деуге болар. Уақыт талабына дәл жауап беруде басты объектісі адамды, қоғамдағы өзекті проблемаларды жан-жақты таныту үлкен жауапкершілікпен қатар, тілдік шеберлікті талап ететіні сөзсіз,

Оған қазақ публицистикасын тақырыптық, мазмұндық жағынан өзінше дамытып, өз үлесін қосқан белгілі жазушы-журналистеріміздің шығармашылығындағы тілдік шеберлік әдіс-тәсілдерін терең зерттеуге баулу. Қазақ журналистикасында қаламгерлік қуаты жағынан дараланатын авторлар нысанаға алынды. Тіл өрнегі мен журналистің құнды еңбектерінен әр автордың өзіндік қолтаңбасын, жазу мәнерін тануға баулу болып табылады.

Қазақ публицистикасының тарихында жарық көрген Ш.Уәлихановтың «Жоңғар очерктері» қазақ очерктерінің бастауы болған. Кейін Б.Майлиннің «Алыпты аралағанда», І.Жансүгіровтің «Жарыс», «Соқашылар» атты очерктер жинағы шықты. Отан соғысы кезінде Б.Бұлқышевтің, М.Ғабдуллиннің, Б.Момышұлының, Ә.Сәрсенбаевтің, Ж.Жұмақановтың, П.Кузнецовтың көптеген очерктері жарық көрді. М.Әуезовтің «Түрксиб солай туған», С. Мұқановтың «Саяхаттар», «Алыптың адамы», кітаптары мен «Цейлон шеруі», «Адам атаның шоқысы», атты жолжазба очеріктерінің дүниетанымдық, этнографиялық маңызы. Ғ.Мүсіреповтің «Отарлар оралып келеді», А. Тоқмағанбетовтың «Ақ күріштің атасы», И.Шуховтың «Теміртау», М.Иманжановтың «Тыңдағылар», Ә.Нұршайықовтың «Алыстағы ауданда», Х.Ерғалиевтің «Өмір шежіресі» деген очерктері басылымда жарияланды.

Қазақ әдебиетінің тарихында шығармаларымен оқырман ықыласына бөленген, өзіндік суреткерлік қолтаңбасымен айрықша есте қалған қаламгерлер саны аса көп емес. Әсіресе, XX ғасырдың 20-30 жылдары қазақ прозасында өз туындыларымен топты жарып, қара үзіп шыққан қаншама қаламгер бар десек, ойымызға М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, I.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, І.Есенберлин секілді майталман қаламгерлер еске түседі. Бұл суреткерлердің жазғаны әлдеқашан әдебиетіміздің алтын қорына қосылды. Енді ұлтымыздың рухани санатында кейінгі толқын қаламгерлерге суреткерлік шеберліктің, жазушылық талап пен талғамның айнымас өлшеміндей болып отыр. Осындай құнды көркем туындыларды дүниеге келтірген құнарлы орта, әдеби дәстүр қазақ прозасының әр жылдардағы кезеңіне де өз әсерін тигізді. Осындай жаңалықтарды қалт жібермей қадағалап отыратын «Қазақ әдебиеті» газетінің қазақ журналистикасындағы орны ерекше екендігі даусыз.

Қай кезеңде болса да, қоғамдық санаға, саяси ахуалға барынша ықпал ете отырып, адамзатты белгілі бір ортақ ұлттық мүдде жолында қызмет етуге үндейтін құрал – ақпараттық басылымдар болып табылады. Өйткенi, баспасөздің маңызы мен қоғам дамуындағы атқаратын рөлi оның санымен емес, ұлттық мүддеге, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған қызметiмен өлшенетіндігі шындық.

Мерзімді басылым тарихын зерттеген белгілі ғалым, Темірбек Қожакеев: «Баспасөзіміздің тарихы – біз үшін қымбат тарих. Әсіресе, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ жарық көріп, жарты ғасырға жуық күрес жолымыздың өн бойында халқымыздың жоқшысы, мұңшысы, парасатты ақылшысы болып келе жатқан газет, журналдарымыздың тарихы ерекше қымбат. Солардың жолын дұрыс зерттеп, кейінгі ұрпаққа бұрмаламай дұрыс жеткізу – үлкен парыз» - деп зерттеушілер үшін мерзімді баспасөз тарихын жүйелеудің маңыздылығын көрсетеді [5].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...