Зерттеу тәсілдері. Зерттеу жұмысы барысында тарихи талдау, салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Мерзімді басылымдардағы нысанға алып отырған тақырыпты зерттеу барысында біз теория мен практикалық жұмысты бір арнаға тоғыстырдық. Қандай да бір материалды талдау үшін оның елдегі өзге оқиғалармен байланыстыру арқылы бағалауға тырыстық. Ал белгілі бір баға беру үшін редакция ұжымындағы шығармашылық және техникалық топ атқаратын жұмысты бес саусақтай білу керек. Практика жүзінде көрген-білгенімізді зерттеушілер еңбегімен, интернеттегі мұрағат материалдарымен толықтыра отырып, теория жүзінде пайдаландық. Жанр, публицистикалық ғылыми таным мәселелерін зерттеушілер, ғалымдар: Қ.Бекхожин, Т.Амандосов, Т.Қожакеев, Ә.Ыдырысов, Н.Омашев, С.Қозыбаев, Ш.Нұрғожина, Б.Жақып, К.Қамзин, Е.Прохоров, А.Горбунов, В.Ученова, Г.Колосов, Е.Журбина, М.Черепахов, В.Здоровега, М.Стюфляева, Г.Солганиктің еңбектеріндегі біздің жұмысымызға қатысы бар тұжырымдар пайдаланылды .
Достарыңызбен бөлісу: |