Тақырыптың өзектілігі

Loading...


бет13/14
Дата27.02.2021
өлшемі154.61 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ҚОРЫТЫНДЫ

Қай елдің де өзіне қымбат көрінетін, мақтаныш етіп жоғары бағалайтын, ұлттық байлығы саналатын рухани қазыналары болады. Біздер үшін сондай қазыналардың бірі – «Қазақ әдебиеті» газеті болса керек. Егер дүниеде «Қазақ әдебиеті» газеті болмаса қазақ елінің рухани өмірінде үлкен олқылықтың, жүдеуліктің орны сезіліп-ақ тұрар еді. «Қазақ әдебиетінің» біздің күнделікті тірлігімізге тереңдеп енгені соншалық, әр апта сайын жұма күні осы газеттің келуін асыға күтеміз.

Біздің қым-қуыт оқиғаларға толы өткен XX ғасыр үшін 1934 жылдан қазіргі уақытқа дейін сақталып қалу дегенің ұзақ ғұмыр, ауыр жол екені рас.

Ал «Қазақ әдебиеті» газетінің өзіндік ерекше тарихы, тағдыры бар, басқаларға ұқсай да қоймайтын, орны бөлек басылым екені де рас

Қазақ әдебиетінің дамуына, жалпы қазақ мәдениетінің насихатталуына үлес қосқан бұл апталық басылым 1934 жылдың қаңтар айынан бастап шығады. Алғашқы редакторы – Б.Майлин. Газетте І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтің, С.Мұқановтың классикалық туындылары жарық көрген. Газет арқылы қазақ оқырманы әдеби, мәдени, тарихи танымдық материалдармен кеңінен таныса алды. Атап айтқанда, газет беттерінде қазақ ақын-жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, очерктері, роман, повестерінен үзінділер, байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызға қатысты деректер мен археологиялық-этнографиялық мұралар, қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні және келешегі жайлы байыпты әдеби-сын мақалалар, елдік елеулі мәселелер – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени оқиғалар жөнінде публицистік өткір ой-толғаулар, дүние жүзі классиктерінің үздік туындыларынан аудармалар жарияланады. Сонымен бірге оқу-ағарту, білім, ғылым саласындағы әр алуан көкейкесті мәселелерді сөз етеді. Кино, театр, сымбат, қол өнерінің келелі тақырыптарын кеңінен толғап, белгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізіп, олардың жаңа шығармашылық туындыларын оқырмандарға таныстырып отырады.

Еліміз егемендік алған уақыттан бері қарай бұл басылым ұлтымызды ұйыстырар басты баспасөз құралдарының біріне айналып отыр.

Әдебиет айдынындағы парасаттылық пен даралықтың келбетін нақтылап, шалқар да шабытты шығармашылық мұраларды дәріптеп жүрген басылымның оқырмандар сеніміне ие екендігі де сөзсіз. Сөз өнерінің өркендеу жолындағы адастырмас темірқазығына айналып, заң құбылып, заман өзгерсе де өзінің құндылығын, мән-маңызын жоймай, уақыт озған сайын жалпы оқырмандарын рухани әсерге, эстетикалық рахатқа бөлеуден айнымай келе жатқан газет материалдарын жанрлық тұрғыдан талдау, сараптау өзекті тақырып деп білеміз.

Тұңғыш саны шыға бастағанына сексен жылдан асқан қазіргі тәуелсіз Қазақстанның әдебиет, мәдениет және өнер газеті – «Қазақ әдебиеті» ұлт рухының жоқтаушысы-шырақшысына айналған басылым.



Газет публицистері өз кезегінде қоғамдық кеселді түбегейлі алып тастай алмаса да, сол кеселдің тамырын тап баса отырып, оқырмандарынан жасырмай, мәселені қалай емдеу жолдарын да нақты көрсете білді. Ұлттық сананы оятудағы сіңірген еңбегін бүгінде барша жұрт мойындаған «Қазақ әдебиеті» газеті әуел бастан-ақ туған тіліміздің тағдыры жөнінде зиялы қауымының жан даусын үзбей жеткізген болса, ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтау, өнеріміздің келешегін ойлау, ғылым мен білімнің деңгейін көтеру сияқты көкейкесті проблемаларды қаймықпай көтеріп, нақты принциппен, кеңестік идеологияның, тоталитарлық жүйенің сол дәуірлеп тұрған тұстарында тайсалмай айта білгендігіне нақты мысалдар арқылы көз жеткіздік.

Диплом жұмысын жазу барысында «Қазақ әдебиеті» газетінің қалыптасу тарихы мен даму жолын жүйелеу, басылымда жарық көрген материалдарды тақырыптық, жанрлық тұрғыдан саралауды мақсат етіп қойдық. Сонымен бірге газетті басқарған редакторлар тұсындағы басылымда болған өзгешеліктері мен тұрақты айдарларға, тақырыптық ерекшеліктерді нақтылады. Зерттеу жұмысының осы мақсатына қол жеткізу үшін:

-Қазақ журналистикасының қалыптсауы мен дамуында «Қазақ әдебиеті» газетінің рөлін айқындау арқылы өзіндік баға берілді;

-зерттеушілер еңбегіне сүйене отырып, ғалымдардың ғылыми деректеріне сүйене отырып, басылымда жарық көрген қазақ публицистикасының озық үлгілерін көрсеттік;

-Басылым көтерген әдебиет, өнер, мәдениет саласындағы мәселелердің маңыздылығы мен оларды шешудегі газет журналистерінің, публицистердің тәжірибелерін талдау арқылы, оның тәлім-тәрбиелік мәніне баға берілді;

-Рухани, экономикалық өзгерістер мен нарықтық реформалардың газетке әсерін, басылым материалдарындағы тың ізденістер мен тәсілдер айқындалып, әр тарауда тұжырым берілді;

-Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті «Қазақ әдебиетіндегі» заметка, есеп, репортаж, сұхбат жанрларының берілу және тақырыптық ерекшеліктері айқындалды;

- Әдебиет саласының бас басылымы саналатын «Қазақ әдебиеті» газетіндегі мақала, шолу, резенция сияқты талдамалы жанрларының берілу өзгешеліктері айқындалды.

Жұрттан жасырылып келген тарихтың ақтаңдақтарын көтеру, арыстарды ақтау, Желтоқсан ақиқаты, Арал мен Семейдің экологиялық зардаптары туралы да дер кезінде үн көтерген бұл газеттің қаламгерлік, азаматтық ерлігі уақыт өткен сайын көңіл төрінде асқақтай бермек.

Халқымыздың еркіндікке ұмтылысындағы жарқын белес болған бұл басылымның бетінде жиі жарияланған жүрекжарды мақалалар тәуелсіздікті аңсаған қалың бұқараға бостандықтың бір жұтым ауасындай әсер еткені ақиқат.

Тәуелсіз қазақ елі өркениет жолымен алға басып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары ешкімге жалтақтап отырған жоқ. Ұлт публицистері еліміздің елдігін, жеріміздің кеңдігін, ниетіміздің түзулігін, пейіліміздің ақтығын,ашықтығын бар дауыспен айта лады, айтып та жүр.

Қазіргі таңда тәуелсіздігіміздің, дініміз бен діліміздің сатқындары мен дұшпандарына қарсы күресте журналистика мен публицистика арпалысқан майданның алғы шебіне айналғаны айдан анық. Ұлт рухының жаршысына айналған «Қазақ әдебеиті» газеті өзінің ежелгі дәстүрімен халқымыздың рухани өсуіне, тәуелсіз мемелекетіміздің іргесі бекемдене түсуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатыр, сіңіре беретіндігіне де сеніміміз мол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...