Тақырыптың өзектілігі


«Қазақ әдебиеті» газетіндегі ақпараттық жанрлардың берілу ерекшелігі

Loading...


бет11/14
Дата27.02.2021
өлшемі154.61 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2.2 «Қазақ әдебиеті» газетіндегі ақпараттық жанрлардың берілу ерекшелігі
Қазақ елі ақпараттық қоғамға қадам басты. Адам баласына ауа, су, тамақ қандай қажет болса, күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат та сон­дай қажет.

Өзгелермен терезесі тең ел болу үшін ақпараттық кеңістіктің керектігі өткен ғасыр­дың басында-ақ Алаштың ар­дақты азаматтарын толғандырған, әрі сол олқылықтың орнын тол­тыруға қайрат қылған еді. Қазақ журналистикасының қалыпта­сып, дамуына іс жүзінде де, сөз жүйесімен де үлкен үлес қосқан тұлға Ахмет Байтұрсынұлы «Қа­зақ» газетінің 1913 жылғы шық­қан алғашқы нөмірінде: «Әуелі  газета – халықтың  көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға  көз, құлақ, тіл қандай керек болса, газета сон­дай керек. Газетасы жоқ жұрт, басқа жұрттың қасында көзі жоқ соқыр, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау секілді. Дүниеде не болып жатқанын  көру, есту жоқ, өз пікірін айту жоқ» [35], – деп жазыпты. Елі үшін еркіндікті аң­саған, тағы бір ұлтжанды, ойшыл қаламгер Ғұмар Қараш болса, ақпараттың халыққа қажеттігін былайша түсіндіреді: «Мәдениеті, салты озық елдерге ақыл иесі  адамдардың бір ауыз сөзі газет арқылы екі-үш күнде елінің ба­сынан-аяғына  оқылып, тыңда­лып қалады. Пайдалы  істі ынты­мақпен істей қойысады...  Залал­ды  істің зардабын күнілгері бі­ліп, сақтанысады. Бізде олай емес, елдің бір шетінде бүлін­шілік болып жау орнап жатса, екінші шетінің одан хабары жоқ, ойын-күлкімен болады. Қайғы­ны, шаттықты бірге көрмеген соң, бізде ынтымақ та жоқ, ын­ты­мақ болмаған соң күш-қуат та жоқ» [36]. Мұның өзі қазақ зиялыла­ры­ның халық ішіне ақпаратты жедел, дер кезінде жеткізудің маңыздылығына зор мән берген­дігін айғақтайды.

Қоғамдық дамудың әртүрлі сатысында хабар таратудың әдісі мен тәсілдері, құралы әр түрлі болды. Алаңға немесе биік мінберге шығып халықтың алдында патшаның әмірін оқыған жаршылар, көрші мемлекеттерге көш түзеген елшілер мен жорық жайлы, қорғаныс, біріккен шабуыл жоспарының мән-жайын жеткізген жаушылар, жартастарға қашалып жазылған жазулар, үңгірлер қабырғасындағы суреттер мен белгілер, қазақ ішіндегі «ұзынқұлақ», т.б. бәрі-бәрі ақпаратты жаһанға жария етудің қарапайым жолдары, өмірдің өзі тудырған көріністері еді.

Ақпарат – демократияның оттегісі. Егер адамдар қоғамда не болып жатқанын білмесе, өздерін басқаратындардың әрекеттері жасырын болса, олар қоғам мен мемдекет істеріне қажырлықпен қатыса алады. Ақпарат азаматтарға жай ғана керек емес, ол сондай-ақ демократиялық үкіметтің маңызды сипаттамасы. Нашар үкімет аман қалу үшін құпиялықты қажет етеді. Құпиялылық мемлекеттік билік қызметінің тиімділігін арттырмайды және жемқорлықтың гүлденуіне септігін тигізеді. Экономист және Нобель сыйлығының лауреаты Амартии Сеннің сөздеріне қарағанда басқарудың демократиялық нысаны және салыстырмалы түрдегі еркін баспасөзі бар елде аштық болмайды. Ақпараттар адамдарға үкімет қызметін қадағалап отыруына мүмкіндік береді және оның әрекеттерін саналы түрде талқылауға негіз құрады.

Журналистикадағы ақпарат тар мағынасында үш түрлі ұғымды білдіреді: а) бұл-ішкі және сыртқы, халықаралық жаңалықтардың жиынтығы; ә) публицистиканың ақпараттық жанрлары: заметка, есеп, репортаж, сұхбат; б) ең шағын жанр заметканы кейде хабар, ақпар деп атаймыз.

Ішкі және сыртқы, халықаралық жаңалықтардың жиынтығы барлық ақпарат құралдарында көрініс табады. Мерзімді басылымдардың бірінші бетінде жарияланатын заметка, тектес және дербес заметкалар және электрондық ақпарат құралдарындағы жаңалықтар мен қорытынды жаңалықтар, шет ел жаңалықтары осы қызметті атқарады. Ал, хабарламалы жанрлар заметка, есеп, репортаж, сұхбат жанрларының өзегіндегі ақпараттар да маңызды болып есептеледі.

«Қазақ әдебиеті» газетінде ақпараттық жанрлар көлімінің ең кішісі заметка көп көрініс бермейді. Басылымның 1984 жылғы №4(1718) 27 қаңтардағы санын қараытырып көрелік. Газеттің екінші бетіндегі «Жаңалық жалпыға ортақ» айдар аясында «Суретшінің музей үйі», «Асыл мұра – 60 том» тақырыптарында замкетка жарық көрген. Газеттің 11 бетінде «Шәкен айманов атында» тақырыбындағы замкеткада «Қазақ ССР Минситрлер Советі Қазақ ССР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің «Қазақфильм» киностудиясында СССР халық артисі, СССР және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, аса көрнекті актер, театр және кино режиссері Шәкен Аймановтың есімін беруге және оны бұдан былай Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы деп атауға қаулы етті» [37] деп бір сөйлеммен ақпарат береді. Әрине хабардың айтар ойы түсінікті, дегенмен өте ұзақ сөйлеммен берілген. Осы беттегі «Фольклорсоветінің мәжілісі» тақырыбында есеп жарық көрген.

«Жазушы» баспасынан шыққан кітаптар» тақырыбында тоғыз жаңа кітап және бес аударма кітаптың жарыққа шыққандығы туралы ақпарат хабарлайды. Газеттің осы санының 14 бетінде «Өнер кеніші» атты заметкада Алматы қаласындағы Қазақстың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің акт залында «Өнер» баспасының творчестволық коллективі және оның авторлары Сафуан Шәймерденов, суретші Сахи Романов, СССР халық артистері Роза Жаманова, Асанәлі Әшімов, Қазақ ССР халық артистері Атайбек Жолымбетов, Әлібек Дінішев және ақын Мұхтар Шаханов қатысқан үлкен өнер кешінің болғандығынан хабардар етеді.

Басылымның 1984 жылғы 21 қыркүйектегі №38 санында 6 бетінде «Ортақ мақсат – бейбітшілікті жырлау» тақырыбындағы замкеткада Совет Жазушылар одағының құрылғанына елу жыл толуына ораймерекелік шара өткендігінен хабардар етеді.13 бетте «Құрмет грамотасы», «Құрметті атақ берілді» тақырыптарында замкетка жарық көрген.

1984 жылдың 14 қыркүйегіндегі санындағы үшінші бетінде алты ақпарат жарық көрген. Атап айтар болсақ, «Ортақ мүдде биігінен», «Жаңа фильм», «Біздің мейман», «Кездесулер», «Атақты палуандар жайлы», «Чех және словак тілінде» атты замкетка жарық көрген. Тақырыптарына орай әрбірінің айтар ойы, хабарлар ақпараты бар. 10 бетінде «Қазақстан өкілдері Норденде» атты ақпаратта Қазақ ССР Мемлекеттік ән-би ансамблінің концертінің өткендігін хабарлаған. «Қазақ артистерінің бір тобы, соның ішінде «Отырар сазы» халық аспаптар ансамбілі Төменгі Саксония тұрғындарында мейман болуда. Норденде, Аурихте, Висморда ынталы көрермендер СССР халық артистері Е.Серкебаевтың, Б.Төлегенованың, Р.Баповтың шеберлігін, биші қазақ қыздарының сұлулығы мен әсемдігін лайықты бағалады» деп шетелдің әртүрлі қалаларында өтіп жатқан көрмелер туралы да мәлімет береді.

1991 жылдан кейінгі сандарынан бастап заметка жанрындағы материалдар көбейген. 1993 жылғы 9 шілдедегі санындағы «Қазақстан Жазушылар Одағында секретариат мәжілісі» тақырыбындағы ақпараты берілген. 2-3 беттерінде «Сағат Әшімбаев атындағы мектеп», «Гастрольдік сапар», «қазақтың шешендік өнерін дамытайық», «Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған үздік саз туындысының халықаралық бәйгесі туралы», «Балқадиша» әні туралы», «Баспагерлер кездесті» тақырыптарындағы ақпарат жарық көрген.

Сондай-ақ, басылымның 2003 жылғы 29 тамыздағы №34 (2820) санының екінші беті түгел ақпаратқа арналған. Қуаныш Ахметовтың «Тұрақты қамқорлық», Қаламқас Мейрамбекованың «Тәуелсіздік қарлығаштары», алмат Жалбағайдың «Ақша табудың «заманауи» тәсілі» тақырыптарындағы ақпараттары мен «Құттықтаймыз» айдары аясында «Илхамның жүлдесі» тақырыбында ұйғыр жазушысы Савутжан Маматқұловтың «менің сенген тауларым» атты поэма, повесть және романдар жинағы үшін «Илхам» клубының бірінші дәрежелі сыйлығын алғандығымен құттықтаған. «Ғылыми атақ» тақырыбымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минситрлігінің шешімімен филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сұлтанғали Садырбаев «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін» белгісімен марапатталғаны туралы ақпарат береді. Сонымен бірге «Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы УІ Республикалық байқауын өткізудің тәртібі» тақырыбында ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім минситрлігі, тілдерді дамыту департаментінің хабарландыруын береді. «Құлаққағыс» айдары аясында «Қаламгерлер есіне!» тақырыбы мен «Шахматтан жарыс» заметкасын берген. Осы беттегі әрбір ақпараттың өзіндік айтар жаңалығы, мәліметі бар. 6 бетіндегі «Жас қалам» бетінде мұшәйра туралы мәлімет беріледі. Сондай-ақ «Халық сенімі - парламентте» тақырыбында да қысқа ақпарат берілген.

2005 жылдың 23-29 қыркүйек айындағы санында «Қаршадай қайсарлық – мәңгілік рух», «Елбасының веб-сайты», «Сүйінбай Аронқлы – 190», «жаңа жобаның жақсы жағы», «Шешімін кұткен түйіндер», «Елдік парыз», «Сайымжан Еркебаев – 70», «Зайсан өңірінің айнасы», «Балнұрдың кеші», «Атырау Рахымжанмен кездеспейді», «Аспиранттар қабылдайды», «Мөлтек мәліметтер» тақырыптарындағы ақпараттар жарық көрген.

Жалпы басылымның 1980-1990 жылдар аралығында тігінділерін қарастырғанымызда көлемді мақалалар мен корреспонденция жанрына басымдық бергенін байқадық. Газеттің әр санында бірнеше беттерде әдебиет, мәдениет, өнер саласында орын алған оқиғаларды өте қысқа таныстырып отырған. Осы жылдар аралығында Жазушылар Одағында, мәдениет саласында болған жиындар, жиналыстардан есеп жанрындағы материалдар көптеп берілген. Көбіне оларда әрбір жиналыста қаралған мәселелерді түбегейлі бүге-шегесіне дейін талдап, түсіндіріп береді.

Мысалы, Думан Рамазанның «Алтайдың ар жағында... ағайын бар» тақырыбында 1997 жылдың 7-14 шілде айында Монғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайы және ұлы суреткердің 100 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған Әуезов күндерінен хабардар етеді. «Біз бәріміз де әуезовтің шекпенінен шыққанбыз» тақырыбында Әмірхан Меңдекенің 11-15 шілде аралығында Қырғызстанда Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерейтойынан хабардар етеді.

Ел арасында көптеп тараған пікірге құлақ салсақ, журналист үшін бастысы жанрдың түрі емес, ақпараттың маңыздылығы жоғары. Бұдан басқа да пікір жетерлік. Жанр-аса көңіл бөлуді қажет етпейді. Өйткені жанр жазыла келе өзгеріске ұшырай береді. Тіпті әр жанрға белгілі бір тоқтамдағы тұжырымның жоқтығы да бұған дәлел бола алады. Әрине, бұл айтылған оймен толықтай келісуге да болмайды. Себебі, жанр-біріншіден жазушыға бағыт береді, екіншіден, ол ақпарат іздеу көзін нақтылайды. Журналистикада ақпарат берудің негізгі үш көзі бар. Олар: дәлелдемелік, сараптамалық және көркем образдық [38].

Әрбір журналист жазған материалы арқылы тек ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар оқырманға ой салып, арасында сергітіп отыруды да естен шығармағаны жөн. Ақпарат берудің алғашқы көзіне сұхбат жатады. Журналист әр кезде де шығармашылық ойдың тізбекті байланыстылығын ұмытпаған дұрыс. Сол арқылы ақпарат оқырманды жалықтырмайды. Ақпараттық материалда қандай да бір дәлел алдыңғы қатарда көрінсе, ал сараптамалық материалда бірінші журналистің өз пікірі тұрады. Елдің назарын өзіне аудара алатын ақпарат қана үлкен сұраныста бола алады. Бұл тұжырымның қай жанрға болсын қатысы бар.

Журналист өз ізденісінде үнемі тек ең маңыздысын, ең қызықтысын, ең ерекшесін, ең дәлелдісін байқай білуі керек. Ал сұхбат жанрына тоқталсақ, бұл жанрда барлық ақпарат міндетті түрде кейіпкердің өз аузынан алынады. Егер де кейіпкер журналист сұрағына сұрақпен жауап беретін болса, онда ол сұхбаттан гөрі сараптамаға жақын болады. Сұхбаттың сауалдары күнделікті тұрмыстағы сұрақтардан салмақтырақ келеді. Сұхбат жанрының ұсынылмаған негізгі шарттарының бірі - әңгімелеушілер деңгейінің бірдей болмауы. Сондықтан біз сұхбат жүргізетіндер - өмірде белгілі бір табысқа жеткен, жоғарғы мәртебеге ие, қоғамда өз орны бар адамдарды ғана әңгәмеге тарта аламыз. Көпшіліктің назарын аударарлықтай қызықты сұхбат жасау үшін журналист ол адам туралы көп мәлімет білуі керек.



Жай ғана әңгіменің өзі қалаған деңгейдегі керемет сұхбатқа айналуы мүмкін. Бұл үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, сұхбат барысында сол әдіс-тәсілдерді пайдалану абзал. Баспа бетінде жарияланған сұхбаттардың кейбірін қызығып оқисыз, ал кейбірінің тек абзацтарын оқумен ғана шектелесіз. Мұндай авторлар қателігін қайталаудың қажеті шамалы. Сұхбат ойға жеңіл, нақты, әрі мазмұнды, әр түрлі мәселелерді қозғайтын болуы керек. Осы жағдайда біз сұхбат мазмұны мен формасына үлкен мән береміз. Қорытынды бөлімінен біз тұлға қандай жетістіктерге жетті, алда қандай өзгерістер күтіп тұр деген сияқты сұрақтарға жауап аламыз. Сұхбаттың қорытынды бөлімі - барлық ақпараттардың өзегі болып табылады. Сұхбатта нақты бір ой болуы керек, сондықтан барлығы соның аясында құрылуы шарт.Сұхбатты жазар алдында әңгімелесушімен белгілі бір тақырыпта ой қозғап отырмын деп сезінген жөн. Көп жағдайда сұхбат кезінде сұхбат беруші өзінің айтайын деген нақты ойын дәл, тура жеткізе алмайды. Сұхбатты қағаз бетіне түсірер алдында сұхбат берушінің ойын дұрыс анықтап, оны журналист өз тарапынан көркемдеп, байыту керек. Ойды нақты көркем етіп жеткізу әңгімелесу кезінен гөрі жазу барысында жүзеге асады. Сөзіміз дәлелді болу үшін «Қазақ әдебиеті» газетінің әр жылдарындағы қызықты деген сұхбаттарды талдап көрелік. Басылымның 1989 жылының 14 шілдедегі санында газеттің арнаулы тілшісі Коммунар Табеевтің «Демократия тағлымдары» тақырыбында СССР Жоғарғы Советінің мүшесі, СССР халық депутаты Мұхтар Шахановпен әңгімесі жарық көрген. Бір бетті түгел алатын сұхбаттың оқырмандарға айтар мәліметі мол. Әсіресе жариялылық, демократия, ұлттық мүдде мәселесіне қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шаханов депутат ретінде өз ойын білдірген. Автордың « - Сөз реті келгенде, тағы бір сауал. Алматыдағы декабрь оқиғасының шығу себептерін қайта зерттеу мақсатымен Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаттарынан жуырда арнайы комиссия құрылғанын естідік. Сол оқиға туралы мәселе көтере отырып, комиссия құрамына енуден бас тартуыңыз неліктен?» деген сауалына «-Бас тартқанда, мен комиссия құрамына республика партия, мемлекеттік басқару органдарының бір топ ірі басшыларының енгеніне қарсы болдым. Әрі осы құрамда жұмыс істейтін болса, аталмыш комиссияның нені тексергенін, қалай тексергенін қарапайым халықтың толық еститініне күмәндімін» деп жауап береді. Сонымен бірге сұхбатта қазақ тілі мәселесі, халықаралық жағдай, шығармашылық жұмыстары туралы да қызықты әрі, тың мәлімет берілген. Тағы бір ерекше айтылатын мәселе СССР халық депутаттарының бірінші сессиясы өтіп жатқан кез болса керек автордың мына сұрағы бізді қызықтырды: «-Сіздер сессияда жүрген күндері болған Жаңа Өзен оқиғасы туралы қандай пікірдесіз?». 1989 жылдың өзінде Жаңа Өзен тұрғындарының проблемасы болғандығынан және сол туралы «Московские новости» газетінде бір бет мақала шыққандығын айтады. Сонымен бірге Жоғарғы Советтің мүшесі, СССР халық депутаты, «Жалын» журналының бас редакторы М.Шаханов О.Сүлейменов екеуіне ашу-ызаға булыққан аналар мен еңбек адамдарының хаттары мен телеграммаларының келіп жатқандығын айтады. Бұл оқиғада асығыс қорытынды жасауға болмайтындығын да ескертеді. «Біздің сорымызға қарай, Қазақстандағы болған тосын оқиғалардың айыпкерлері – қашан да «жүгенсіз бұзақылар», «экстремистер», «ұлтшылдар» болып шығады...» [39] деген жауаптан көп ойды түюге болады.

Бір мысал: «Ақынды заман туғы­зады десек...» деген тақырыппен Қ. Мырзалиев пен И. Оразбаевтың сұхбаты осы ба­ғыттың бастауы деуге болады. Қатып қалған қағидаларды аттап өтіп, еркін стильде сөйлеген, тың көзқараспен сіл­теген материалдың шу туғызбауы мүмкін болмаса керек. Ағымдағы қазақ қоғамы ғана емес, интеллигенция өкіл­дерінің бет-бейнесі, пиғыл-ниеті, қарым-қаты­насына өткір сын жолдаған сұхбатқа алғашқы болып «Әдептен озбайық» деп үн қатқан Ә. Тәжібаев болыпты. Редакция да қарап қалмай, өзі қызмет еткен «Қа­зақ әдебиеті» тұрғанда «Социалистік Қазақстанға» материал жариялаған ақсақалға өкпелей отырып, демократия, жариялылық деп қанша жерден жар салса да, «қазақ әдебиеті төңірегінде әлі де түндігі ашылмаған тыныштық бар» екенін айта келіп: «Сіздер және сіздердің өкшелес замандастарыңыз осынау ұлы уақыт талап етіп отырған көкейкесті мә­селе төңірегінде келелі ой, келісті пікір білдіруге сараңдық жасаудасыздар», – деп ашығынан кетеді.

Әрине, басқа басылымдарда да оңды дүниелер жоқ емес. Алайда қазіргі қайта құру публицистикасының туын желбіретіп келе жатқан «Қазақ әдебиеті» газеті екені анық.

Егер сұхбат идеясы дұрыс құрылса, сұхбат беруші сұхбат алушыға дән риза болады, себебі бұл сұхбатта ол келелі сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамда өз орны бар жеке тұлға ретінде көрінген.

Қазіргі күнге дейін өз мәнін жоймаған фразалар мен пікірталас (пікірсайыс) сияқты әдіс қолданылса, тосын және қолайсыз сұрақтар қойылса сұхбат қызықты, тартымды болады. Арнайы тақырыптағы кез-келген сұхбат көз бояушылық болуы мүмкін. Ішкі өңдеу редакторлық жөндеуден қарағанда әлдеқайда маңызды. Журналист өз жазғанына үнемі сын көзбен қарауы керек. Егер мәтін дұрыс құрастырылмаған, айтылар ой аз, көпшілікті қызықтырарлықтай болмаса, онда қайта құрастырып жазудың себептерін іздестіру керек. Қысқасы, ақпарат журналист тегіне жазылған. Сондықтан ол өз атын баршаға мәлім етеді , не мүлдем өшіресіз (тіпті ең мықты мамандандырылған редакторлық жөндеу Сіздің еңбегіңізге көріктілік бере алмайды). Журналистика саласында ең негізгісі - өзін-өзі жетілдіру. Ал бұған ұмтылысы жоқ адам міндетті түрде шетте қалады.

«Сын - жауапкершілік һәм бәріне жауап берушілік» атты сұхбат (ҚӘ, 1985, 20 қыркүйек) сыншы Сағат Әшімбаев пен Әли Бөпежанованың екеуара еркін әнгімесіне кұрылған. Жанр жагынан сұхбат десе те, бұл екі әдебиет жанашырларының үлкен мәселе теңірегіндегі ой-толғаулары деуімізге де болады. Әңгіме Алматыда өтетін әдебиет сыншылар: Халыаралық Ассоциациясының IX Конференциясы туралы басталады да, әлемдік тақырыптарға ойысады. Бұл тағы да әдебиеттің, сөз кұдіретінің қогамдағы рөлінің жоғары екенін көрсетсе керек. «Қай уакытта да сын, сыни көзкарас та белгілі бір жерде тоқырау, рухани құлдырау басталады, сыншыл ой, сыни көзқарас, сын және өзара сын барда қогамдық ой дамиды, әлеуметтік үлкен езгерісте болады», - дейді Әлия Бепежанова. Сұхбат 1985 жылы баспасез бетінде жарық коргенін ескерсек, талай мәселенің қозғалғанын, әңгімелесушілердің ой үндестігінен азаматтық көзқарастарын анық байқап, сүйсінеміз.

Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа ұғымды, жаңаша ойлауды қажет етеді.Уақыт өткен сайын ішкі, сыртқы саясат бұқаралық ақпарат құралдарына тың міндеттер қояды. Ондай міндеттерді орындау үшін бүкіл ұжым болып ізденістер жасау арқылы жұмыс істеу қажет.

Мысалы, 2003 жылғы 18 шілдедегі санында Думан Рамазанның жазушы, сыншы Таласбек Әсемқұловпен сұхбаты жарық көрген. «Әдебиетті таланттар ғана жасайды» тақырыбында бер жарым бетті алатын сұхбат «Хэменгуэймен келісе алмаймын», «Қазақтың сынына ешқашан бақ қонған емес», «Ең үздік шығарма – Мұхтар Мағауиннің романы», «Психоанализді, өз басым, сюжеттен биік қоя алмаймын» деген тақырыпшаларға бөліп берген. Сұхбатта қазақ өнері мен әдебиетінің келелі мәселелері, жетістіктері мен кемшіліктері сөз болады. Сонымен бірге «Сын әдебиеттің көсегесін көгертеді» деген пікірмен келіспейтіндігін, сынның кезінде кеңес тұсында идеология құралы болғандығын айтады.автор сонымен бірге ескі кітаптарды қайталап оқығанды ұнататындығын, «ХХІ ғасырдағы қазақ романы» байқауының жеңімпазы ретінде дәстүрлі музыкант, ескі шеберлерден тәлім алған талантты жігіттің бүгінгі тіршілігін баяндайтын роман жазып бітіргенін де хабарлайды.

Уақыт талабына сай «Қазақ әдебиеті» газеті ғалымдардың, мамандардың, публицист-журналистердің, сан алуан мамандық иелерінің конференцияларын, дөңгелек столын, түрлі басқосуларды ұйымдастарып отырды. Редакцияда өткен Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті саясаттану кафедрасының қатысуымен «Ұлттық бірлік және тарих жылына» арналған ғылыми-теориялық конференция назар аударады. Конференцияны газеттің бас редакторы Ж.Кенжалин жүргізіп отырды. Конференцияға тарих ғылымының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Кеңес Нұрпейісов, философия ғылымының докторы, профессор Раушанбек Әбсаттаров, тарих ғылымының докторы, профессор, жоғары мектеп ғылым академиясының академигі Ибраһим Шәмшатұлы, тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбеков, тағы басқа ғалымдар қатысып, тарихи ұлттық сана, қазақ тарихының саясаттанушылар мен тарихшыларымыз назарына тыс қалған мәселелерді, бұқаралық ақпарат құралдарының алдында тұрған міндеттер тұрғысындағы ойлары мен пікірлерін ортаға салған [40]. Конференцияға қатысып, келелі ой білдірген ғалымдардың түйінді тұжырымдарын берген.

«Қазақ әдебиеті» газетінде көбіне монолог-сұхбат кездеседі.Әңгімелесу үшін таңдалып алынған адамға сұрау беріледі де ол бұған егжей-тегжейлі жауап береді.

Әлия Бөпежанованың «Қазақ әдебиеті» газетінің 1997 жылғы 9 қыркүйектегі санында жарық көрген Болат Атабаевпен болған сұхбатын да ерекше атауға болады. «Көрермен залға лық тоды...Ол қандай көрермен?» тақырыбындағы сұхбатта бүгінгі қазақ театры, қойлымдар сапасы, көрермендер ықыласы әңгіме болған.

Бүгінгі күні сұхбатты бетпе-бет немесе электронды нұсқамен интернет арқылы алу сияқты жолдары қалыптасқан. Алғашқысы дәйекті, тіпті қызу әңгіме арасында кейіпкер суретке түсіріліп, шынайы шығып жатады.Ал екінші жолмен алынған сұхбат көбіне телефон немесе ғаламторлық Мейл-агент арқылы алынып шынайы фактіден гөрі жалаң сөзден құралғандай ғана оқырманға әсер қалдыруы мүмкін.

Қорыта келгенде, «Қазақ әдебиеті» газетінде 1956-1980 жылдар аралығында ақпарат жанры өте аз жарық көрген. Көбіне талдамалы жанрлардың жиі жарияланғанына көз жеткіздік. Ал 1991 жылдан бергі қарайғы мезгілде заметка, есеп, сұхбат жанрына басымдық берілген. Репортаж жанры тек мерекелік кезеңдерде ғана жарық көріп отырған.

Басылым өз оқырмандарын әдебиет, мәдениет, өнер саласындағы негізгі тақырыптар мен мәселелер туралы үнемі, жүйелі хабарландырып отыратындығы қуантады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...