Тақырыптың негізгі сұрақтары: Дін негізгі түсініктер



бет1/12
Дата19.11.2021
өлшемі29.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тақырып: Дін, мәдениет және қоғам.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Дін негізгі түсініктер.

«Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды[1]. Ал «діннің» термин ретіндегі мағынасын, Алла Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Алланың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері. Әрине, біз бұл жерде «діннің» ұлан‑асыр мағыналық көпқырлылығын барынша синтездеп, негізгі ұғым ретінде ғана келтіріп отырмыз. Асылында, бұл тақырыптың шеңбері мұнымен шектелмейтіні даусыз. Дін бүкіл әлемнің жаратушысы тек Алла Тағала тарапынан ғана жіберіледі. Иә, дін Жаратушыдан жеткен қасиетті ұғым жүйесі болғандықтан, өзге күштің дінге ұқсас жүйе ойлап шығаруға немесе діни үкімдерге әлдеқандай өзгеріс енгізуге ешқандай да құқы жоқ. Тіпті, пайғамбарлар да мұндай құзыретке ие емес. Алла Елшілерінің міндеті – Жаратқаннан келген әмірлер мен тыйымдарды үмметтеріне жеткізу. Дін адамға Алла Тағаланың таңғажайып даналық-қа құрылған жаратылысының алдындағы мақсат, міндеттерін айқындап береді. Адам баласы тек ішіп-жеу, саят құрып сайрандау, бірін-бірі өлтіру үшін ғана жаратылмаған. Керісінше, адамзаттың Ұлы Жаратушыға құлшылық ету үшін ғана жаратылғандығын мына бір аят баян етеді: «Мен жындар мен адамдарды тек қана маған құлшылық етулері үшін жараттым» (51. «Зарият» сүресі, 56-аят). Дін адамға екі дүниенің бақытына апаратын тура жолды көрсетеді. Адамның бүкіл іс‑әрекетін қайырымдылыққа, ізгілікке бағыттайды. Нәтижесінде адам фәнилік өмірін де босқа өткізбей сауапқа кенелері хақ. Себебі о дүниелік өмірге қажетті негізгі қағидалар тізбегін дін ғана үйрете алады. Мұның қоғамдық мәні де зор. Неге десеңіз, жеке адамнан шығатын ізгілік нұры, оның имани келбеті айналасындағы дос‑жаран, ағайын‑туыстарына да әсер етпей тұрмасы белгілі. Дін пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізілген Алланың бұйрықтары мен тыйымдарынан тұратындықтан тек уахиге[2] ғана сүйенеді. Діннің ең басты ерекшелігі осы уахи арқылы келуінде. Басқалай болған жағдайда, яки дін негізі уахиге құрылмаса, Алла құзырында иләһи (құдайлық) дін болып саналмайды. Ислам ондай діндерді «жасанды дін» деп атайды. Батыс әлемі дін ұғымы үшін «аса құрметті, мән берілген, тағзым етілген нәрсе» мағынасына келетін латынша «religio» сөзін қолданады[3]. Тарих сахнасындағы философтар, әлеуметтанушылар мен дінтанушылар және ислам ғұламалары дінге түрлі анықтама берген. Ислам философиясы бойынша дін – әлемді байланыстырушы күш, яғни, Алла Тағаланың барлығына сенім мен амалдың бірлігі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік