Қоғам-адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы.
Қоғам-адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы.
Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) тандаулы адамдарың қоғамы, 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3)адамзат қоғамы т.б. мағынада қолдану.
Осылайша, қоғам – бұл адамдардың жай ғана бірге өмір сүруі ғана емес, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі, яғни саналы түрде қойылған мақсаттарды жүзеге асыруы. Қоғам – бұл ортақ қажеттіліктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен біріккен адамдардың зерделі ұйымдастырылған мәдени өмірі мен қызметінің формасы.
Қоғамдық өмірдің 4 саласы бар.
Қоғамдық өмірдің 4 саласы бар.
1)Рухани саласы-рухани ілімдер,дін,философия,ғылым,білім,құқық,мораль,өнер,идеологияны жатқызуға болады.
3)Әлеуметтік саласы-халық,ұлт,әлеуметтік топтар (жас ерекшелік, қызығушылыққа байланысты топтар) және таптар мен партиялар жатады.
4)Саяси саласы-мемлекет,саяси партиялар,қоғамдық-саяси қозғалыстар,халықаралық саяси ұйымдар мен бірлестіктер.
Қоғамның типтері:
Қоғамның типтері:
Қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі типке жіктеледі:
1.аграрлық немесе дәстүрлі қоғам.
2.индустриалдық қоғам.
3.постиндустриалдық қоғам.
Жалпы,К.Маркс қоғамтану саласына екі жаңалық енгізді.Оның бірі-қосымша құн теориясы,ал екіншісі-тарихты материалистік тұрғыдан түсіну қағидасы болып табылады.
Соның ішіндегі қоғамдық сана ұғымы.Қоғамдық сана-қоғамның рухани өмірі,адамдардың қоғамдық психологиясы,идеологиясы,саяси және құқықтық көзқарастары.
Соның ішіндегі қоғамдық сана ұғымы.Қоғамдық сана-қоғамның рухани өмірі,адамдардың қоғамдық психологиясы,идеологиясы,саяси және құқықтық көзқарастары.
Қоғамдық сананың бес түрлі формасы бар.Олар:саяси сана,құқықтық сана,моральдық сана,эстетикалық сана,діни сана.
1.Саяси сана-өмірдегі болып жатырған саяси қатынастарды бейнелейтін,адамдардың осы саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік көзқарастар жиынтығы.
2.Құқықтық сана-бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсініктер.
3.Мораль-адамдардың бір-бірімен қатынасын белгілеп,тарихи өзгеріп отыратын нормалардың жиынтығы.
4.Эстетикалық сана-объективті шындықты көркем образдар арқылы бейнелейтін сана.
5.Діни сана-дүниені жаратушы яғни ”жоғарғы күш”құдай арқылы түсіндіреді.
Ғалымдардың қоғам ұғымына байланысты пікірлері.
Ғалымдардың қоғам ұғымына байланысты пікірлері.
Э.Дюркгейм:”қоғам-тұлғадан жоғары рухани шындық,ол ұжымдық пікірге негізделген”.
К.Маркс:”Қоғам-адамдардың өзара бірге әрекет етуі нәтижесінде қалыптасқан қатынастардың жиынтығы”.
М.Вебер:”қоғам адамдардың өзара әрекеті,ол әлеуметтенудің өнімі”.
Платон:”антикалық дәуірде қоғам”мемлекет”түсінігімен б-ты” деген болатын.
Әл-Фарабидің пікірінше, қоғам мүлдем қайдағы бір тыныштықтағы құрылым емес, өзара әрекеттестікте болатын адамдардың қауымдастығы.
Қоғамның көмегімен адам өзінің толып жатқан материалдық, сондай-ақ рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Шын мәнінде қоғамды құрайтын адамдар бір-бірімен өзара әрекеттестікке бәрінен бұрын, өздерін бастапқы әлеуметтік қажеттіліктерін итермелейтіндіктен түседі. Олар: тіршілік ету құралдарын өндіру немесе табуда бірлескен еңбекті, ынтымақтастықты қажетсіну; табиғат күштерімен, жыртқыштармен және т.б. күресте бір-бірін қолдау мен өзара қорғау қажеттілігі және т.б.
Яғни, адам жеке басына қажет қандай да бір затты өзі мүше болып табылатын қоғамнан ала алады.
Қоғамның жалпы үш түрі: Аграрлық қоғам-ол қоғамның даму сатысында ауыл шаруашылығы үстемдік ететін қоғам.
Қоғамның жалпы үш түрі: Аграрлық қоғам-ол қоғамның даму сатысында ауыл шаруашылығы үстемдік ететін қоғам.
Ақпараттық қоғам-қоғамның даму сатысында білім мен ақпарат үстемдік ететін қоғам болып табылады.
Қорытындылайтын болсақ, қоғам түсінігі өте ауқымды және кең мағыналы.
Қоғамды кең мағынасында,тар мағынасында да ,әртүрлі қырынан қарастыруға болады.
Қоғамдық өмір жер бетінде осыдан 2-3млн. жыл б пайда болған.
Қоғам түсінігінің бірнеше мағыналары бар.Мысалы:адамдардың қызығушылығы мен қызметі бойынша бірігуі,адамдардың шығу тегіне байланысты бірігуі(яғни,ақсүйектер қоғамы,төменгі қоғам),белгілі бір халық не елдің тарихи дамуына байланысты дамуы.