Тақырып: Тың жерлерді игеру саясаты Орындаған: Насырдин Әділет



Дата19.11.2021
өлшемі199.18 Kb.

Тақырып: Тың жерлерді игеру саясаты

Орындаған: Насырдин Әділет

Факультеті: ЖМ 133-топ

Қабылдаған: Байжиенова Қымбат


«Астана медициналық университеті» КЕАҚ

Нұр-сұлтан 2021 жыл


Тың игерудің мағынасы

  • Тын игеру – игерiлмеген, кұнарлы жерлердi жыртып, астық өнiмдерiн, техникалық дақылдарды, т.б. өсіру мақсатында қолдану.
  • Басты міндеті - халықты астықпен қамтамасыз ету және елiмiздiң астық бағасын тұрақтандыру.
  • 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз аралығында Компартия OK кезектi пленумы болып өттi. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды.
  • КСРО-да ( Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954-1960 ж. жүргiзiлген науқан.
  • КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-ы қазақ жерi болды.

Тың игеру

  • Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді.
  • Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді.
  • Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты.

1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады.

  • 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады.
  • Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды.
  • Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді.
  • Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгіледі. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды.
  • Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді.

Тың игерудің жағымды жақтары

  • Астық өндіруден Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сiбiрдi, Оралды астық пен қамтамасыз еттi.
  • Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елдi мекендер көбейді.
  • 1954-1977 жылдар аралығында республикада ауыл шаруашылығының барлық салаларына 21,1 млрд. сом қаржы жұмсалып, шығын 27,2 млрд. сом болып өтелді.
  • Темiр жолдар, электр желiлерi және байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуы.
  • 1990 жылы ақпанның 15-жұлдызында Н.Назарбаев (ол кезде республика партия ОК-нің 1-хатшысы болатын) ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң республикалық кеңесiнде "Тың игеру басталғаннан астык өндіру 7 есеге, ет-5, сут-3 есеге кебейді. Тың игеруге жұмсалған қаржы 1977 жылға қарай толық өтелді" -деді.

Тың және тынайған жерлерді игерудің зардаптары

  • 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн. га жер жел эрозиясына ұшырады.
  • 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн. адам әкелінді.
  • Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі тұрды.

Тың игерудің нәтижелерi мен салдарлары

  • Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды, соның 50%-ы, яғни 6,5 млн га жер Қазақстан жері болды.
  • 1955 жылы жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды.
  • Одақ бойынша барлығы 42 миллион тың жер игерiлсе, соны 25 млн. га. жері Қазақстанда игерілген болатын.
  • 1956 жылы республикада 16 млн астық жиналды.
  • 1954-1955 жж. Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды.
  • 1954-1959 жж. Тың игеруге -20 млрд. сом қаражат жұмсалды.
  • 1954-1962 жж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлiгiнен 2 млн. адам келді.
  • 1940-1950 жж. аралығында Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 ауыл сияқты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды.
  • Қала халқының улесi 1939жылы 28%-дан 1959 жылы 44%-ға дейін артты.
  • Тың игерілген кезде Қазақстанның 5 облысында 200-ден астам ауылды және село аттары орыс тілінде қайта өзгерді.
  • 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерiнде 9 млн га. жер жел эрозиясына ұшырады.
  • Қазақстан КСРО-да ең iрi астықтық республикалардың біріне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік