Тақырып: Сәйкестікті бағалауды және аккредиттеуді іске асыратын органдар. Негізгі талаптар

Loading...


бет5/6
Дата04.05.2021
өлшемі22.74 Kb.
1   2   3   4   5   6
Аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектілері Қазақстан Республикасы акктедиттеу жүйесінің құрылымдық элементтері ретінде: сәйкестікті растау жөніндегі органдар; сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары); өлшемдерді орындау әдістемелерін метроло­гиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалары.

Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар:

1. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады.

2. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар өз қызметін еңбек не азаматтық-құқықтық шарттың негізінде жүзеге асырады.

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын ың 4-бабында көрсетілгендей, ҚР аккредиттеу жүйесінің құрылымына аккредиттеу жөніндегі орган кіреді.



Аккредиттеу жөніндегі орган:

1) мыналарға:

аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторларды, техникалық сарапшы­ларды және басқа да мамандарды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарға қатысуға тартуға;

аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдар жұмысына қатысуға;

өлшем құралдарының салыстырма сынақ­тарын және оларды салыстырып тексеру мен ка­либрлеу нәтижелерін салғастыруды ұйымдас­тыруға;

инспекциялық тексеру жүргізуге құқылы;

2) мыналарға:

аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге;

аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;

аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге;

аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;

веб-сайтты жүргізуге, онда аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялауға және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;

аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға;

аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл туралы уәкілетті органға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлауға;

аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту туралы өтінімдерді қарауға;

аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға және осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.

Аккредиттеу материалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін аккре­диттеу жөніндегі орган басшысы аккредиттеу материалдарын қарау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

Комиссияның сандық құрамы тақ болуға, үш адамнан кем болмауға және кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудиторды қамтуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...