Тақырып: Сәйкестікті бағалауды және аккредиттеуді іске асыратын органдар. Негізгі талаптар

Loading...


бет1/6
Дата04.05.2021
өлшемі22.74 Kb.
  1   2   3   4   5   6

Дәріс 11-12

Тақырып: Сәйкестікті бағалауды және аккредиттеуді іске асыратын органдар. Негізгі талаптар.

Дәрістің мақсаты: Сәйкестікті бағалауды және аккредиттеуді іске асыратын органдар. Негізгі талаптарын білімгерлерге үйрету.

Қарастырылатын сұрақтар:

1Сала бойынша сәйкестікті растау органдары

2 Сәйкестігін растаудың негізгі мақсаттары мен принцитері

Кілті сөз: тутынушы, өнімді (қызмет), шығарушының (сатушының, орындаушының), арам ниеттілігінен қорғау; қоршаған ортаға адам өміріне, денсаулығына, жеке мүліктеріне қауіпсіздігін тексеру; өндіруші, мекемелер мен кәсіпкерлер, халықаралық, экономикалық, ғылыми-техникалық, халықаралық сауда.

Сәйкестігін растау деген ұғымның күнделікті және коммерциялық тәжірибеде қолданылып жүргеніне көп уақыт болмаса да (соңғы он бес жыл шамасында) ол ұғым ретінде XIXғ. Белгілі. Мысалы, Ф.А. Бронгауз және И.А. Ефронның 1900 ж. шыққан энциклопедиялық сөздігінде сәйкестігін растаудың бірнеше анықтамалары келтірілген. Соның бірінде сәйкестігін растау – ол куәләндіру делінген.



Сәйкестігін растау - сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм; 

Тауар өндірушілер ертеде өздері шығарған бұйымның сапасына кепілдік берген туралы, және ол кепілдіктер жазбаша түрінде, яғни “сәйкестік мәлімдемесі” берілгені туралы деректер кездеседі. Мұндай мәлімдемелер көптеген жағдайларды қамтыған және солардың ішінде бейнелеу өнері де бар. Қайта құру дәуірінде өмір сүрген суретшілер өз туындылары 300 жыл сақталады деп кепілдік берген. Мұндай кепілдіктер көп жағдайда шындыққа ұласқан. Келтірілген мысалдарды бірінші жақтардың кепілдігі деп қарастыруға болады.

Метрологияда сәйкестігін растау приборларды тексеру және танба қою шаралары түрінде белгілі болған. Қойылған таңбалар прибордың конструкциялық және метрологиялық сипатамалары сәйкестігін растау талаптарына сәйкес дегенді білдірген. Метрологиялық тәжірибеде сәйкестігін растау деген ұғым 100 жылдан астам қолданылады. Осы уақыт аралығында Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросының тұрғысынан атқарылған жұмыстарды үшінші жақ жүргізіп отырған сетификаттау деп есептеуге болады. КСРО кезінде отандық экспортқа шығарылатын өнім түрлері сертификатталған. Алғашқыда олар шетелдегі орталықтарда жүргізілген. Сондықтан сәйкестігін растаудың міндеттілігі отандық немесе сол тауар апарылатын елдердің заңдарымен белгілейтін.

1984 ж. КСРО Үкіметі экспортқа шығарылатын өнімді сәйкестігін растау жөнінде Қаулы қабылдады.

1986 ж. елде машина жасау саласының өнімдерін сәйкестігін растау туралы Уақытша тәртіп енгізілді.

Өзара экономикалық ынтымақтастық Кеңесіне енген елдер 1988 ж. сапаны бағалау жүйесін және өзара алмасатын өнімдерді сәйкестігін растау туралы Конвенцияға қол қойды (СЕПРО СЭВ). Бұл конвенция бойынша (сертификаттады) өзара экономикалық ынтымақтастық кеңесінің стандарттарын және басқа халықаралық нормаларды, жақсы деп танылған ұлттық стандарттарды қолдана отырып жүргізу көзделді. Бұл жүйе іс жүзінде сынау зертханаларын халықаралық аккредиттеуді және халықаралық аттестациялау ды енгізді. 1991 ж. дейн 14 сынақ орталықтары құрылып бірнеше өндіріс мекемелері аттестациялаудан өтті.

Айта кететін жағдай – КСРО-да өнім сапасының талапқа сәйкестігін бағалау шетелдерден өзгеше жүргізілді: сапа категориялары бойынша аттестациялау, өнімді мемлекеттік қабылдап алу, мемлекеттік сынақтар, стандарттарды мемлекеттік қадағалау. КСРО ыдыраған кейін өнім сапасының талапқа сәйкестігін бағалаудың бұл әдістері ресми түрде жойылды.

Қазақстан Республикасында сәйкестігін растау 1991 ж. қабылдаған “Тұтынушыладың құқығын қорғау ” туралы Заңға сәйкес жүргізіле бастады. Заң халық тұтынатын таурлардың қауіпсіздігін міндетті түрде сәйкестігін растауды белгіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...