Тақырып: Оқу тәрбие жұмыстарының нәтижесін бағалау және есепке алу

Loading...


Дата03.12.2020
өлшемі21.49 Kb.
Тақырып: Оқу тәрбие жұмыстарының нәтижесін бағалау және есепке алу

1.Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін бағалау және есепке алудың мәні мен функциясы.

2. Бағалау мен есепке алуға қойылатын педагогикалық талаптар, олардың түрлері.

3. Бағалау мен есепке алу тәсілі мен әдістері.

4.Тестерді пайдаланудың ерекшеліктері, жетістіктері.

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады.

Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:

а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;

б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;

в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерін көре білу қажеттілігі.

Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.



Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны – оқушының бір тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі.

Педагогтар алдын-ала тест алудың мақсаттарының тізбегін анықтады:

* алғашқы білім мен тәжірибенің диагностикасы;

* алғашқы білім мен тәжірибенің өзектілігі;

* алғашқы білім мен тәжірибенің проблемалылығы;

* оқушылардың өз дайындық деңгейлерін өздігінен бағалауы;

* оқушының көзқарасынан пәннің маңызды аспектісін бөліп қарау;

* оқылатын тақырыпқа қызығушылық туғызу;

* оқытылатын тақырыптан оқушылардың нені күтетінін туындату.

Алдын ала тестілеу диагностикалық бағалаудың жалғыз түрі емес екенін байқаймыз. Тақырыпты оқытудың алғашқы кезеңінде сол курс бойынша ой қорыту және болжам жасау үшін рефлекстік жағдайлар туындатуға болады. Бұл кезеңде тақырыпты, бағдарламаны, оқытылып жатқан курстан не күтетінін талқылау керек.



Диагностикалық бағалаудың екінші буыны – жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады.

8. Формативтік бағалау

Соңғы он жылдықта білім беру мазмұнында сапалы өзгерістер болды: оқытудың басты мақсаты болып табылатын білімнен, іскерліктен, дағдыдан оқушылардың жалпы оқу құзіреттілігін қалыптастыруға ауысты. Бұл өз кезегінде бағалау жүйесіне де өзгеріс әкелді. Білім берудің осындай парадигмасында дәстүрлі «белгілік» бағалау жүйесінің мынандай күрделі мәселелері анықталды:

- жалпыға бірдей қабылданған «белгілік» бағалау жүйесі оқушының оқуының табыстылығын мұғалім мен мектеп тұрғысынан сыртқы бағалау функциясын атқарды;

- оқушыға өзіндік бағалаудың қалыптасуына толыққанды мүмкіндік берілмеді;

- оқытудың әр бала үшін жекелілігін қиындатады. Әрбір баланың оқудағы білімін алдыңғы нәтижелерімен салыстыра отырып, оның нақты жетістіктерін оң бағалау және белгілеп отыру мұғалімге қиындық туғызады;

- бағалаудың аз мағлұматтылығы. Бағалау критериінің жасырындылығы мен формальдылығынан қойылған баға оқушының нақты білім деңгейін анықтай алмады және ең маңыздысы, ары қарай даму бағытын анықтау, яғни нақты нені жақсарту, қалай жұмыс істеу, оның бала үшін қай деңгейде қажет екендігін анықтау мүмкін болмады;

- «жанды жаралау» сипаты жиі кездеседі. Толығымен мұғалімнің қолына жұмылдырылған «белгілік» бағалау жүйесі бір жағынан оқушыны, екінші жағынан оның ата-анасына жиі қолданылатын психологиялық құрал болды. Оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланыс оқушының білім алу нәтижесін жақсарту мақсатында емес, әлеуметтік және басқару мақсатында қолданылды;

- мұғалімдер арасында оқушыныңң білімдегі жетістіктерінің сапасын емес, оның орындаған жұмысының түрлері мен көлемін бағалау практикада кең тараған.

- оқушыларды бір бірімен салыстыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл оқушының екпінділігі мен ынтасын төмендетіп, жетістігі төмен оқушыға моральдық тұрғыдан кері әсер етеді және толыққанды жетістігі жоғары оқушы болуға ұмтылуға мүмкіндік бермейді.

Оқушының жетістіктерін бағалауда оқытудың «кері тартпа» жақтарын жоятын, оқу үрдісінде жекелей оқытуға ықпал ететін оқушының өздігінен оқуы мен оқуға деген ынтасын арттыруға әсерін тигізетін бағалаудың жаңа әдісіне қажеттілік тууда. Осындай әдістердің бірі қалыптастырушы (формативтік) бағалау, сонымен қатар оны оқытуды жақсарту үшін бағалау деп те атауға болады.

1960-шы жылдың соңында 1970-ші жылдардың басында бiлiм беру саласындағы америкалық мамандар бiлiмді бағалаудың нәтижесiнде алған мәлiметті қолданудың маңызды бағытын анықтай бастады. Блум Бенджамин (Гаски, 2003) танымдық көрсеткіштердің нәтижесін жақсарту мақсатында игерілген модулдік оқыту шеберлігінің көмегімен қолданылған нәтижелерді бағалаудың маңыздылығын көрсетті. Блумның үлгiсiмен мұғалімдер оқушылардың танымдық процессін үнемі бағалай алады. Осындай бағалау туралы мәлімет мұғалімге танымдық көрсеткіштің жеткіліксіздігін айқындап, оған өткен материалды басқа стратегияны пайданалана отырып, қайталап түсіндіруге мүмкіндік береді.

1967 жылы Майкл Скривен бағалаудың екi түрiн - формативтік (қалыптастырушы) және суммативтік (жинақтаушы) ұсынды. Формативтік бағалау оқушылардың әлемдi тану процессiндегі жетістіктердің өлшемi ретінде қолданылады.

Бағалау П.Блэкке пен Д.Уильямның айтуы бойынша сабақ берудi жетілдіру және үйрену, өз-өзiн бағалау үшiн мұғалім мен оқушылардың өз ара байланысы ретiнде қолданылатын мәлiметтердi қамтамасыз ететiн барлық мүмкіндікті бiлдiредi.

Блэк пен Уильям өздерінің жасаған анализдерінің негізінде мынадай қорытынды жасады: « Инновация және тәжірибеде формативтік бағалауға себепші болатын мадақтаулар елеулі табысқа, маңызды нәтижелерге жету кезінде көмектеседі. Бұл зерттеулер жас ерекшелік топтарына байланысты 5 жастағы балалардан бастап университет студенттеріне дейін жүргізіледі».

Австралия, Канада, Дания, Англия, Финляндия елдерінде бiлiм жүйесiнiң табысты реформасын дамытудың барысында формативтік бағалау мұғалімдердің тәжірибесіне енгізілді.

Формативті (қалыптастырушы) бағалау – оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс. Формативті бағалау «формальды емес» (көбінесе белгі қоймай) бағалау болады. Ол бағалау критерилеріне сәйкестікке негізделіп, кері бойланысты ұстанады. Егер нәтиженің бағасы анықталған қажеттіліктерді ескеріп, оқу процесін жақсартуға қолданылса, онда бағалау формативті болады.

Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі барысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады. Түзетулер енгізу білім алу нәтижесін жақсарту үшін мұғалімнің немесе оның оқушылармен бірігіп жаңа мәселелерді ұсынуы.

Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету процесін қадағалап отыруға мүмкіндік береді және оқу процесіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алуында жоғары дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.

Формативті бағалау:

* күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын, күнделікті)

* оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде пайдаланылады.

Формативті бағалау – білім берудің ерте кезеңінде оқыту процесіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының прогрестік дамуын бағалау.

Әрбір оқушының жеке жетістіктерін басқа оқушылармен салыстырмай және оқудың нәтижесінің әкімшілік қорытындысы ретінде қарастырмай, мектепке формативті бағалау тәсілдерін енгізу міндеті көкейкесті мәселе болып тұр.

Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, оның орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталған. Педагог осындай бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтап, оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді картина түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың пара - пар (адекватты) тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына көмектеседі. Оқушылар өзін-өзі бағалау ұстанымдарын, өзінің жұмыс нәтижелерін жетілдіру тәсілдерін меңгереді, өзінің оқуына деген жауапкершілікті мұғаліммен бөліседі.

Формативті бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс сыртқы кері байланыстан ішкі кері байланысқа ауысады, ал бұл оқушыны білім берудің субъектісі деңгейіне көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Солайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бақылау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыра



Тест оқушы білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады. Тарихи тұрғыдан тесттердің ең көне түрі оқушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету қабілетін тағы басқа маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі. Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады: оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, жоғары оқу орындары мен мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай  осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тесттер мен олардың айналасындағы материалдар тек ғалымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында  білім жүйесін басқару органдары да қызықтыра бастады. Осы факторлар қолданылатын тесттердің сапасын көтерумен қатар, олардың бүгінгі пайдалану аймағын да анықтау жүйелерін  даярлауға әкеліп отыр. Мұндағы бір айта кететін мәселе- кез келген бір тестің қолдану аясы оның мазмұндық, технологиялық және де басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатыны, осыған орай педагогтар пайдалануындағы тест материалдарын топтарға бөліп жіктеу (классификациялау) қажеттілігі туындап отыр. Тест материалы немесе тест деген түсінік әрбір сұраққа сәйкес оның мүмкін болатын бірнеше жауаптарымен бірге берілген тапсырмалар жиынын білдіреді. Тест материалдары көбінесе бланк түрінде немесе компьютерге  арналған бейнелеу формасында беріледі, онда оның дұрыс жауаптарымен бірге келтірілген сұрақтар, оның бағалау критериі немесе нормасы, нәтижелерді есепке алу процедурасы, яғни шкаласы, оқушылардың тест жауаптарын қалай толтыру керектігі  жайлы нұсқаулар және т.б. болады. Егер тест алу компьютер арқылы жүргізілсе, онда тест материалдары тест тапсырмаларының арнайы банктерінде жинақталып тұрады да, олардан сұрақтар вариантын қандай тәсілмен алуға болатыны жайлы нұсқау беріледі. Тесттердің осындай параметрлері оларды жіктеудің белгілі бір критериіне сәйкес оны тесттің қай түріне жатқызуға болатындығының айғағы болып табылады. Екінші жағынан, тест материалын бір топқа кіргізу оны жасаушылардың алдына қойған мақсатына байланысты тесттердің қандай да  бір болмасын қасиеттерге, технологияларға қарай реттеуге тура келеді. Реттеліп, мақсат қойылып құрылған тест тапсырмаларын қолдану оқу процесінің сапасына, яғни оқу нәтижесіне әсер етеді. 2.1. Тестілеудің тиімділігін арттыру формалары туралы Ақпараттық оқыту технологияларының және модульдік оқыту тәсілінің оқу үрдісіне кеңінен ене бастауына сәйкес оқыту, білім және біліктілік сапасын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тестік форма қолданылуда. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында ағымды емтихандар негізінен тест әдісімен өткізілуде және де бұл процесте негізінен тестілеудің жабық формасы пайдаланылады. Мұндай біржақты пайдаланудан барып тестілеу мүмкіндігіне күмәндану туа бастайды. Ақпараттық оқыту технологияларын пайдалануда оқыту, білім  және біліктілік сапсын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тесттік форма, тестілеу әдісі оқыту және білім алу сапасына қандай жағдайда тиімді оң әсерін тигізе алады. Осы мәселеге тікелей көшердің  алдында арықарай түсінікті болуы үшін тест және компьютерлік тестілеуге байланысты басты ұғымдардың мазмұнына тоқталуға болады. Тестілеу – өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты – осы білім модельдерінің бір-бірімен сәйкес келмеуінің деңгейін бағалау. Тестілеу нақты тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тесттер көмегімен жүргізіледі. Тесттік тапсырма деп – нақты пән облысынан анық және түсінікті етіп берілетін  сұраққа бір мәнді жауапты немесе нақты (түсінікті) алгоритмді орындауды талап ететін тапсырманы айтады. Тест – нақты пән облысынан оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тесттік тапсырмалар жинағы. Тесттің эквиваленттік класы деп оқушының тест тапсырмаларының ішінен бір нұсқасын (вариантын) орындаса алғашқыларын (немесе кейінгілерін) орындауына да мүмкіндік беретін тесттік тапсырмалар жинағын айтады. Білім моделінің барлық модульдері бойынша әртүрлі тесттік тапсырмалар жинағы тесттік кеңістікті құрады. Өзіндік және эксперттік білім модельдері арасындағы сәйкестікті обьективті бағалауға мүмкіндік беретін тесттік кеңістіктің ішкі жиынын толық тест деп атайды. Көлемі және уақыты бойынша оптимальді тест тиімді тест болып табылады. Тестілеуді ұйымдастырушының және жүргізушінің негізгі міндеті осы тиімді тестті дайындау.
Дерек көзі: https://erketai.kz/informatika/okushi-bilimin-bagalauda-test-tapsirmalarin-koldanu/

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
білім беретін
республикасы білім
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
оқыту әдістемесі
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
қызмет регламенті
болып табылады
пәнінен тоқсан

Loading...