Тақырып Мәмілелер

Loading...


Дата08.04.2020
өлшемі43.53 Kb.
Тақырып - 7.

Мәмілелер.
1. Мәміле ұғымы және мәмленің түрлері

2. Мәміленің нысаны .

3. Жарамсыз мәмілелер және мәмлелердің жарамсыздығының салдары
1. Мәміле ұғымы және мәміленің түрлері

АК 147-б. сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

Демек, субъектілердің мақсатты әрекеттері мәмілелер деп танылады. Мәмілелер оларды жасаушыларда азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызады. Мәмілелер - бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет ететін тұлғалардың еркі байқалады.

Заң (АК-нің 148-бабы) мәмілелердің екі түрін ажыратады: бір жақты мәмілелер және шарттар.

- Мәмілердің жасалу негіздеріне байланысты олар казуальдық және абстрактілік болып бөлінеді.

- Мәмілердің өзара қатынас сипатына байланысты олар нeгiзгi және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) болып бөлінеді.

- Бір тараптың міндетіне басқа тараптың қарсы міндеті сәйкес келуіне орай, мәмілелер ақылы және ақысыз болып бөлінеді.

- Егер мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі жеткілікті болса, бұл – консенсуалды мәміле. Егер де әрі, мәміле нысанасы болып табылатын мүлікті беру талап етілсе, бұл – реалды мәміле (заем, сыйға тарту шарты және т.б.).

Кез келген шарт - бұл мәміле, ал кез келген мәміле - шарт емес. Шарттар мәмілелердің басым бөлігін құрайды.

АК 150-бабы шартпен жасалатын мәмілеге арналған. Шарттық мәміленің кейінге қалдырылатын шартпен жасалған мәміле және күші жойылатын шартпен жасалған мәміле түрлері ажыратады. Міндетті түрде туатын шарт, мәмілені шартты емес, мерзімді етеді .

АК-ның 156-бабында көзделген биржалық мәмілелер мәмілелердің ерекше түріне жатады.

2. Мәміленің нысаны

АК 151-бабы мәміленің ауызша және жазбаша түрлерін ажыратады. Ал жазбаша түрі, өз кезегінде, жай және нотариалдық болуы мүмкін.

Сөз жүзінде жасалатын мәмілелер ауызша түрде жасалған мәмілелер деп есептеледі.

АК 152-бабына сәйкес мынадай мәмілелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:

1. егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет ерікінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;

2. мәмілелердің жасалу кезінің өзініңде орындалатындарнан басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға;

3. заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде.

Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін жасалды деп саналады (АК 154-бабы).

Заң бірқатар жағдайларда жасалған мәмілелерді тіркеуді талап етеді (мысалы, АК 118, 238-б.). Заң бойынша тіркеуді керек ететін мәміле осындай тіркеуді тиісті тіркеу органында жасағаннан кейін ғана заңдық күшіне енеді /155-бап/. Сондықтан бұл жағдайда мәмілеге қойылатын міндетті талаптар бұзылуының жалпы зардаптары қолданылады.

3. Жарамсыз мәмілелер

АК 157-бабына сәйкес мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған ретте мүдделі тұлғалардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін. Осы жалпы жағдайлардың бұзылуына орай мәмілелердің жарамсыздығын белгілейтін жекелеген негіздер АК-тің 158,159,160-баптарында қамтылған.

Мәміле мазмұны туралы талаптарды бұзатын мәмілелер болып, мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне немесе адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен мәмілелер саналады, және мұндай мәмілелер жарамсыз болады.

Мәміле қатысушыларына қойылатын талаптарды бұзатын мәмілелерге: 1)әрекет қабілетсіз азаматтармен жасалған мәмілелер; 2)14 жасқа толмаған адамдармен жасалған мәмілелер; 3) 14 – 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың жасаған мәмілелері; 4)сотпен әрекет қабілеттілігі шектелген азаматтармен жасалған мәмілелер; 5)өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе оларды басқара алмайтын азаматтамен жасалған мәмілелер жатады. Сондай-ақ, бұл топқа заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің шегінен шығатын мәмілелер, және тиісті қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ заңды тұлғалардың жасаған мәмілелері жатады.

Мәміленің нотариалды жазбаша нысанын немесе оны мемлекеттік тіркеу туралы талаптарды сақтамау мәміленің жарамсыздығына соқтырады (АК 154,155-баптары). Мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамау, оның жарамсыздығын туғызбайды, бірақ қатысушылардың бipeyi мәміле жасасқанын мүлде теріске шығаратын немесе оның мазмұнында келесі тарап талап ететін шарттардың бар екенін мойындамайтын жағдайда оның орындалуын талап ететін тұлға өзінің дұрыстығын растайтын күәгерлік айғақтарды келтіре алмайды. Бірақ басқа, көбіне - жазбаша дәлелдерді келтіре алады.

Егер заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілетін реттерде мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады.

Тараптардың ішкі еркі мен сыртқы ерік білдіруінің сәйкессіздігіне орай жарамсыз мәмілелерге: 1)жалған және қулықпен жасалған мәмілелер(АК 160-бап); 2)жаңылысу садарынан жасалған мәмілелер; 3)алдау, күш қолдау, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілелер; 4)бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған немесе мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілелер (кіріптарлық мәмілелер) жатады.

Мәмілелердің жарамсыздығының салдарын айқындайтын негізгі ережелер АК 157-бабында белгіленген. АК 157-б. 3-т. сәйкес, екі жақты реституция, яғни мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті. Егер мәміле ол орындала бастаудан бұрын жарамсыз деп танылса, онда ол орындалмауға тиіс. Егер мәміле орындала бастаса не толығымен орындалған болса, онда әрбір тарап өзінің мәміле кезінде алғандарын келесі жақка қайтарып береді. Қайтарып беру мүмкін болмаса, оның өтеуі ақшамен толықтырылады.

ҚР АК 157-б. 4,5 т. бip жақты реституцияны қолдануды не реституцияға жол бермеуді белгілейді. "4. Егер мәміле, кылмыстық мақсатқа жетуге бағьпталып, екі тарапта да жымысқа ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленуге тиіс. Мұндай мәмілені бір тарап орындаған ретте, екінші тараптан алғандарының бәрі және одан мәміле бойынша бірінші тарапқа тиесілінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кіріспеген болса, мәміледе орындалуы көзделгеннің бәрі тәркіленуге тиіс.

5. Қылмыстық мақсатқа жету жөнінде жымысқа ниет тараптардың бірінде ғана болған жағдайда оның мәміле бойынша алғандарының бәрі екінші тарапқа қайтарылуға тиіс, ал соңғысының алғаны не оғанмәміле бойьшша тиесілісі тәркіленуге тиіс.

6. Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген салдарды, жарамсыз мәміле бойынша алынған, не алынуға тиіс мүлікті тәркілеуге қатысты белгінде ішнара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлікте екі жақты реституция қолданылады.

Келесі тараптың қылмыстық әрекеттері салдарынан жарамсыз деп танылған мәміледегі кінәсыз жәбірленуші тарап келесі тараптан мәміле бойынша берілген мүлікті қайтаруды ғана емес, сондай-ақ мәмілені жарамсыз деп тану фактісінен туындаған залалдардың орнын толтыруды да талап етуге құқылы.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1. Мәміле ұғымы және мәмленің түрлері

2. Мәміленің нысаны .



3. Жарамсыз мәмілелер және мәмлелердің жарамсыздығының салдары

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...