тақырып. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі. дәріс



бет1/3
Дата19.01.2023
өлшемі88.25 Kb.
#417132
  1   2   3
Байланысты:
ТЖӘ лек 2
1-модуль, Osnovy-BT-kaz., Форма карта обеспеченности ЦАИУ каз, Конспект лекций ЦАИУ каз, telekommunikatsiyalar-zhәne-zhelіler, Дип.-Мектеп-педагогикалық-ұжымы-мен-оқушы-отбасымен-байланыс-орнатудың-психологиялық-педагогика, 2 лек, Диссер Алшынбаева Сабира, Диссер Достемесова, Диссертация кәсіби лидер, Көркем әдебиет, 1 лек, Утилита, акт лекция қазақша, бұлттық есептеулер




  1. 2- тақырып. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі.

  2. 2 дәріс

2.1. «Тәрбиелік жүйе» ұғымы.
2.2. Сыныптың тәрбиелік жүйесі – мектептік тәрбиелік жүйенің компоненті (жүйеасты).
2.3. Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың тәрбиелік жүйесі, А.С.Макаренко, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Н.Е.Щуркованың тәрбиелік жүйелері, олардың сипаттамасы.
2.4. Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе


Әдебиет:

  1. Воспитательная работа с «проблемными» учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями – М., Изд.: Учитель, 2007 г.

  2. Иванов И.П. Энциклопедия коллективных творческих дел. – М., 1989г.

  3. Классному руководителю о воспитательной системе класса / Под ред. Е.А.Степанова. –М., 2000.



«Тәрбиелік жүйе» ұғымы. Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы жәнеолардың өзара әрекеттестігі. Тәрбиелік құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері. Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйенің компоненті. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысты.
Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың тәрбиелік жүйесі, А.С.Макаренко, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Н.Е.Шуркованың тәрбиелік жүйелері, олардың сипаттамасы. В.А.Сухомлинский бойынша мектептің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері. Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғалымдардың тәрбиелік жүйені анықтауға арналған зерттеулері.
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Үлгі ретінде, философ В.А.Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек.
Академик В.ДАфанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады:
— түпнұсқаның — жүйеге ұқсас, соған сай келуі;
— мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;
— субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтарапттлық қатынаста болу;
— түпнұсқаның — жүйенің параметрлерінен және кейбір детальдарынан алшақтау, дерексіздену болуы.
Үлгі объектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады. Ол үлгі жасау процесі — ерекше таным тәсілінде жасалады, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде (формада) көрініс табады (В.ГАфанасьев).
Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келетіру (ізгіліктілік, тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ырғақтылық, өзін-өзі реттеушілік, ашықтық) үлгісінде жасалуы керек. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілермен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және аралықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметгік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы жөне ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау — бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де — оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.
Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тұра келеді:



I кезең — мектеп бейнесін жасау. II кезең — оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру. III кезең — оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.

Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау процесін кезең-кезеңімен қарастырамыз және әр кезеңдегі педагог, оқушы, ата-аналардың бір мақсатқа бағытталған бірлескен тіршілік әрекетінің формалары мен әдістерін анықтаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан