Иемберді Рамазан:Наурыз келді - жыл келді Тірілтуге гүлдерді. Сәнденеді аналар Сәбилермен бірге енді. Наурыз келді, нұр келді, Түгел аймақ түрленді. Бақшадағы апайлар Тойға әзір боп үлгерді.
Жүргізуші Дамир: Көрініс бесікке салу Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.
Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!
Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!
Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.
Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік – қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.
Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?
Әже: Тыштырма ырымы жасалады.
Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?
Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі
Жүргізуші Жамбыл: Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін
Ойын: Бір бала ит болады оның мойнына кәмпит түйіп байлайды. Ол қашады оны балалар қуады. Ит болған балаға жеткен бала кәмпитті үлестіріп береді.
Жүргізуші Дамир: Биші қыздарды ортаға шақырайық. Би: «Қамажай»
Жүргізуші Жамбыл: біздің ауылдың суретшілері келіп қалыпты, суреттерге назар аударайық.
Жүргізуші Дамир: ортаға ауылдың жігітерін шақырайық. Қол күресіп көрсің.
Қыдыр Ата: Балалар сендерге көп көп рахмет! Барлықтарыныз шеттерінен өнерлі екенсіңдер .Мереке мерекеге ұлассын!Ал енді мен журейін. Әлі көрші ауылдың балаларының өнерлерің тамашалау керек, Қош сау болындар!
Жүргізуші Жамбыл: Осымен Наурыз мерекесіне арналған шағын мерекелік ертенгілігіміз аяқталды.
Жүргізуші Дамир: Назарларыңызға көп рахмет.