Тақырып: «Ұлы Наурыз – жаңа жыл басы!» Мақсаты



бет1/3
Дата30.12.2022
өлшемі22.25 Kb.
#405165
  1   2   3
Байланысты:
«Ұлы Наурыз – жаңа жыл басы!»
№12 тапсырма, Ашық сабақ Гүлдана, су гигиенасы каз, Ел басы салған сара жол. Тәрбие сағаты ., 675 , Орынбасар Жанмедет КлПс-101 СРСП 1, мспз, соцсрсп, Какие позитивные изменения я могу привнести в мир, Физикалық сапаны дамытуға арналған жаттығулар жиынтығы күш, соцсрсп, 11 кл ҚМЖ 130б 2020ж (1), Салық 9-10 апта, алеуметтик карта, 4 тақырып бойынша тест тапсырмалары просмотр попытки

Тақырып: «Ұлы Наурыз – жаңа жыл басы!»
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! Бүгінгі болғалы отырған «Ұлы Наурыз – жаңа жыл басы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші Жамбыл: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Наурыз тойы басталды.
Келіңіздер, Наурыз күнін қарсы алайық.
Жүргізуші Дамир: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Жүргізуші: Жамбыл: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз той»


Жүргізуші Дамир: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Жүргізуші Жамбыл: Дамир сен білесің бе? Наурыз – «жаңа күн» деген сөз.
Жүргізуші Дамир: жоқ Жамбыл, маған толық айтып берші.
Жүргізуші Жамбыл: онда тыңда. Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған. Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Жүргізуші Дамир: Балалар біздерге Ұлыстың Ұлы күні ақ бата беріп, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет