Тақырып: Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі27.35 Kb.
Тақырып: Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы.

Есім ханның ұлы Жәңгір сұлтан хан сайланбай тұрып-ақ жаугершілік кезінде өзінің ерлік істерімен көзге түсіп жүрді. Жалпы, кейін хан болған соң да оның хандық қызметі ат үстінде, жорықтар мен шайқастарда өткен екен. Ол сонысымен де өзге қазақ хандарынан ерекшеленеді. Бір ғана мысал - қалмақтармен жекпе-жектерде Жәңгірге қарсы шығатын батыр болмайды екен. Сол үшін де ол «салқам» (айбатты) Жәңгір атанған. Жәңгірдің хан ретіндегі билігін әділ бағалау үшін сол тұстағы жағдайдан хабарымыз болғаны жөн. Он жетінші ғасырда ойраттар қуатты Қытай жағынан қысым көре бастайды. Сөйтіп, 1635 жылы Жоңғар хандығын құрып, жан-жағындағы өзінен әлсіз елдердің территориясына көз тігеді. Оларды Қазақ хандығының Жетісу, шығыс және орталық Қазақстандағы шұрайлы жерлері қызықтырды. Олар қазақтың шаңырағын ортасына түсіріп, халқын қырып, қонысын тартып алуға шындап кірісті. Осынау қазақ-жоңғар арасындағы тынымсыз соғыстар тұсында Жәңгір хан халқын да, жерін де абыроймен қорғап қалды. Жәңгір сұлтан жас кезінің өзінде Сібір-Тобыл ұрысында қалмақтардың тұтқынына түскен. Мұны тарихшылар қазақ-ойрат қарым-қатынасындағы маңызды оқиға санайды. Өйткені, ол көп ұзамай аман-сау еліне қайтады. Ол қашып шыққан немесе кездейсоқ сәтті жағдай жоңғар тұтқынынан босап шығуына көмектескен деген пікір бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Берекет Кәрібаев Жәңгір сұлтанды жоңғар елінің өз ішіндегі Батыр қонтайшыға қарсы топ өздері қашырып жіберген және қалмақтан қыз беріп, Жәңгірдің кейін хан болған ұлы Тәуке сол қалмақ қызынан туғаны жайлы айтады. Оған дәлел ретінде Ш.Құдайбердіұлының еңбегінен мәлімет келтіреді. Атап айтқанда, Батыр қонтайшының бақталасы Хұндүлен тайшы қазақтың болашақ ханы Жәңгірмен одақтасқысы келген. «Ескі жазбаларда келтірілген Хұндүлен тайшының Жәңгірді ұлым деп атайтындығының себебі де осында», - дейді ғалым Б.Кәрібаев. Осылайша, Жәңгір сұлтан 1635 жылы тұтқыннан жоңғарлардың өз көмегімен босап, елге оралады. Құр қайтпай, жоңғар тайшыларының арасынан өзіне жоғарыдағыдай одақтастар табады. Бұл одақтастықтың оған 1643 жылғы Батыр хонтайшы әскерімен болған Орбұлақ шайқасында көп көмегі тигені анық. Орбұлақ ұрысы Жәңгірге салқам деген атты алып берген маңызды шайқас болды. Қазақ жеріне Батыр хонтайшы бастаған қалың жаудың бет алғанын алдын ала білген Жәңгір оларға қарсы тұратын ыңғайлы жерді өзі таңдаған. Сол аралықта Самарқандағы досы Жалаңтөс Баһадүрге хабар жібереді. Көмек келгенше жаудың жолын бөгемек болып, 600 батырды соңына ертіп аттанып кеткен. Тау шатқалында айналдыра ор қазып, онда 300 әскерді қалдырады да, өзі жасақтың жарым бөлігімен бірге шатқалдың сыртына, қарсы бетіне жасырынады. Шатқалдың өте тарлығынан қалмақ әскері меңгерген амал-айласын пайдалануға мүмкіндіктері болмай, шетінен қырылады. Екі рет шабуылға шығуға әрекеттенсе де, оларынан түк шықпайды. Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр келіп жеткенде, онсыз да 10 мың әскерден айрылған жоңғар жағы кері шегінеді. Небары 600 батыр ыңғайлы жер мен ұрыс әдісін ұтымды пайдаланудың арқасында 10 мың жоңғарды жайратты. Жәңгір өміріндегі тағы бір шайқастың тарихи маңызы ерекше. Ол - 1652 жылғы қазақ-жоңғар соғысы. Осы ұрыс кезінде Очирту-Цецен ханның 17 жасар ұлы Галдам Жәңгірді өлтіреді. Жалпы, бұл шайқасты тарихшылар Батыр қонтайшының Орбұлақтағы масқара болып жеңілгені үшін үшін қазақтардан өш алуы деп бағалайды. Профессор Берекет Кәрібаев Жәңгірдің қазақ хандығы үшін жасаған бірнеше еңбегін ерекше атап көрсетеді. «Біріншіден, Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнады. Екінші есте қалар ісі сол, хан тағын иеленгеннен кейін мемлекеттің сыртқы саясатын бірнеше бағытта жүргізіп, көршілес мұсылман елдермен жақсы қарым-қатынастар орната білді. Жоңғарлармен күресте Мауереннахрдағы аштарханилық әулет өкілдерімен, Шығыс Түркістандағы шағатайлық әулетпен саяси одақ құрып, оны туысқандық байланыстармен нығайтты. Үшіншіден, Жәңгір хан қазақ елінің азаттығы жолындағы шайқастардың бірінде нағыз ерлерше қан майданда қаза табады. Ал оның сүйегі қазақ елінің сол кезеңдегі астанасы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанына жерленген», - дейді ғалым. Жәңгірдің екі қызы, үш ұлы болған. Аппақ, Тәуке және Уәлибақы деген үш ұлдың ішінде Тәуке әкесінен соң тақ мұрагері ретінде қазақ ханы болып сайланды. Кенже ұл Уәлибақы осы шешімге өкпелеп, нағашылары - Үргеніштегі Ғайып ханға кетіп қалған деген де деректер бар.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...