Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: Ғылыми дүниетаным қандай көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады?

Loading...


Дата31.03.2020
өлшемі13.41 Kb.
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Ғылыми дүниетаным қандай көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады?

Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды өзгертеді.



2. Ғылыми дүниетанымды жетілдіретін, толықтыратын, нақтыландыратын, кейбір көзқарастарды өзгертетін не нәрсе?

Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдерді аз жалған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды өзгертеді.



3. Жеке тұлғаның құрылымындағы қай бөліктер дүниетанымды қалыптастырады?

Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады.



4. Баланың көзқарастарының оған ықпалы қандай?

Көзқарастар- баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары. Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады.

5. Сенімнің қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал етеді?

Сенім-ақиқат екендігіне бала ешқандай күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар. Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі, басқалардан қорғайды, өз басына түскен қауіптерден қорықпайды, басқа балаларды өз соңынан ілестіргісі келеді. Сенімге сезім әсер етеді. Таным процесінде қуану білімнің ақиқаттылығына сену, өз алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат алу сенімінің қалыптасуына ықпал етеді.



6. Теориялық ой дегеніміз не?

Теориялық ой- дүниетанымның элементі, болмыс туралы білімдерді, құбылыстарды шығармашылықпен, терең түрде ой елегінен өткізе білу, дүниетанымын жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға ұмтылу.



7. Баланың дүниетанымы қандай қызмет атқарады?

Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Бала өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасайды.



8. Табиғи-жаратылыстық бағттағы пәндер оқушыларға қандай білім береді?

Табиғи-жаратылыстық бағыттағы пәндер табиғат құбылыстарының шын себептерін ашады. Оқушылар түрлі фактілер жинайды, өмірді бақылайды. Заттың бір күйден екінші күйге өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ антипол, айна, микро, макро және мегамер дүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми дүниетанымды қалыптастырады. Оқушылар өмірдің дамуындағы сабақтастықты, қартаю, өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда болуын оқиды. Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің, ғылым мен техниканың адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы бар.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...