Ортақ бұлттар (community cloud). Ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфрақұрылым. Басқару және қызмет көрсету мәселелері бойынша барлық жауап кершілік осы бұлттың иесіне жүктеледі.
Кезкелген компания мен жеке тұтынушы қолданушы бола алады (12-сурет).
Аралас бұлттар (hybrid cloud). Екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас үйлесімін атауға болады. Осы модельді географиялық түрде әр жерде орналақан филиалдары бар немесе көптеген программалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін (13-сурет).
12-сурет. Ортақ бұлттар
Көрсетілген бұлттық технологиялар мақсаттарына байланысты өмірдің әртүрлі салаларында қолданылып келеді.
Бұлттық технологиялардың қолдану салалары өте ауқымды: онлайн-аудармашылар, жедел төлемдер, видеобайланыс, мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ мәтін, кесте, фотосуретпен жұмыс істеуге арналған әдеттегі программалар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |