Тақырып 8 Логистикадағы қорлар Материалдық қор түсінігі. Материалдық қорларды қүру себептері. Қорларды құрумен байланысты шығындардың негізгі түрі жəне олардың мазмүны

Loading...


бет1/2
Дата07.04.2020
өлшемі59.8 Kb.
  1   2
Тақырып 8 Логистикадағы қорлар Материалдық қор түсінігі. Материалдық қорларды қүру себептері. Қорларды құрумен байланысты шығындардың негізгі түрі жəне олардың мазмүны. Материалдық қорларды кұрудағы басқарушылардың есепке алатын негізгі мотивтері. Материалдық қорлардың түрлері. Қорлады жіктеудің белгілері. Қорлар жағдайын бақылау жүйесінің жалпы сипаты. Қорлар жағдайын бақылау жүйесінің қызмет ету механизмі. Қорларды толтыру үшін тапсырылған партиянын оңтайлы молшерін анықтау. Қорлар жағдайын бақылаудың негізгі жүйелерінің параметрлері. Қор колемін анықтау. Қорлады нормалау. шет еле кəсіпорындарында, кəсіпорынның жұмыс істеу саласына, өндірісті ұйымдастыру жағдайына байланысты əр түрлі логистикалық концепциялар қолданылады, атап айтқанда JIT, KANBAN, MRP, DRP, ROP, QR, CR, AR, LEAN PRODUCTION жəне т.б. JIT-бұл қормен байланысты шығындарды минимизациялау мақсатымен, жүйе звеноларына қажет уақытта, қажетті мөлшерде материалды ресурстарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді жеткізу үрдісін синхронизациялауға негізделген өндірісте, жабдықтауда жəне бөлуде логистикалық жүйелерді құрудың қазіргі заманғы концепциясы. JIT концепциясын енгізу дайын өнім мен сервистің сапасын жақсартады, артық қорларды минимизациялайды жəне кешендік логистикалық функцияларды интеграциялау есебінен менеджменттің фирмалық стилін өзгерте алады. Дайын өнімдерді салыстырмалы қысқа өндірістік циклда аз партиялармен өндіру олармен байланысты материалды ресурстармен жабдықтау циклын ынталандырады. Фирма сенімді жабдықтаушыларды таңдауға ұмтылады, себебі жеткізудегі кез келген үзіліс өндірістік кестені бұзуы мүмкін. JІT концепциясы логистикалық микстің барлық құрамдастарының шеңберінде сапа деңгейін ұстауға жəне бақылауға əсер етеді. Бұл концепция, біздің ойымызша, жеіл неркəсіп кəсіпорындарға жəне дистрибьюциямен айналысатын кəсіпорындарға тиімді болып келеді. KANBAN жүйесінің өзі сəйкес JІT концепциясының логистикалық ортасынсыз жұмыс жасай алмады. KANBAN жүйесінің мəні мынада: зауыттың барлық өндірістік бөлімшелері, соның ішінде соңғы жинау линиясы тұтынушы бөлімше тапсырыс берген уақытта жəне қажетті көлемде материалды ресурстармен жабдықталып отырады. Сонымен, құрылымдық өндіруші бөлімшенің қатаң өндіріс тəртібі болмайды, кейінгі өндірістік-технологиялық цикл бөлімшесі тапсырыс берген шеңберде жұмысын оңтайландырады. KANBAN микрологистикалық жүйесінің маңызды элементі ақпараттық жүйе болып табылады, оған тек карточкалар емес, сондай-ақ өндірістік, тасымалдау жəне жабдықтау графиктері, технологиялық карталар, ақпараттық жарық таблолары жəне т.б. жатады, сондай-ақ қажеттіліктерді реттеу жəне қадрлардың кəсіби ауысуын реттеу жүйесі; өнім сапасын жалпы (TQM) жəне таңдаулы бақылау жүйесі; өндірісті түзету жүйесі жəне т.б. жүйелер болып табылады. Бұл жүйені көбінесе ауыр өнеркəсіп саласында қолданған жөн. KANBAN микрологистикалық жүйесін қолдануының əлемдік тəжірибесін талдау көрсеткендей, ол өндірістік қорларды 50%, таралықты - 8% қысқартуға мүмкіндік береді, егер айналым құралдарының айналымдылығы тездетілгенде жəне дайын өнім сапасы жоғарылаған жағдайда. MRP-I жүйе қажеттіліктерді/ресурстарды жоспарлау логистикалық концепция негізінде жұмыс істейді. Б$л ж%йені негізгі ма(саты ндірісті жоспарлауда материалды( ресурстарға (ажеттілікті (анағаттандыру жəне т$тынушыға жеткізу, (орларды тмен дегейде $стау, ая(талмаған ндірісті, дайын нім (олдау, ндірістік операцияларды, жеткізу кестелерін, сатып алу операцияларын жоспарлау. MRP-I жүйесі нарық талаптарына толық жетілмеген жүйе. Бұл жүйе үлкен көлемдігі ақпаратты анықтауға жəне өндеуге шамалы, логистикалық шығындары басқаларға қарағанда жоғары, қысқы мерзімдегі сұраныс өзгерістеріне тəуелсіздігі, үлкен тапсырысты орындауға мүмкіндігі төмен, жүйені құрастыру өте шығынды болып келеді. Бұл жүйе ұзақ мерзімді тауар өндіру циклына сай жасалған. MRP II топ ж%йесіні ма(саты –жабды(тау, (орлар, ндіру, сату мен дистрибьюция, жоспарлау, жоспарды орындауды ба(ылау, шығындар, (аржы, негізгі (орлар жəне тағы бас(а ндірістегі жасалатын барлы( %рдістерді біріктіру. MRP II MRP-I-дің жетілдірілген түрі. Ол кəсіпорынның ағымдағы қызметі туралы толық, сонымен қатар толығымен тапсырыстар, ресурстар түрлері, жоспарды орындау бойынша нақты, толық, жылдам ақпарат алу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ұзақ мерзімге, тез жəне нақты кəсіпорын қызметін жоспарлау жəне нақты ақпарат негізінде, жоспар көрсеткіштерді түзету, өндірістік жəне материалдық ағымдар мəселелерін оңтайландыруды шешеді. Қоймаларда материалдық ресурстардың нақты қысқартып, бар өндіріс циклді жоспарлау мен бақылау. Өндірістік қуаттылықтарды, ресурстардың балық түрлерін пайдалануда оңтайлы тиімділікке жету, тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіріс цикліне өзгертулер енгізу мүмкіндік жасайды. MRP II тауарлы-материалды қорларды 17%, кəсіпорын рентабелдігін 10% өсіртуге, шикізат пен құрал-жабдықты 7% сатып алуды қысқара алады. Сонымен қатар, тұтынушыларға көрсетілетін қызмет көлемі 16% жоғарлайды. Бұл концепция шағын өнеркəсіп кəсіпорындарға жəне дистрибьюциямен айналысатын кəсіпорындарға тиімді болып келеді.

3 Логистикалық жүйелер: түсінігі, қасиеті және түрі

 

Жоспары:



1. Логистикалық жүйелер түсінігі;

2. Логистикалық жүйелер түрі.

 

Объект жеке жүйе ретінде қарастырылуы үшін негізгі төрт қасиетті айқындауы қажет:



- біртұтастығы мен бөлінгіштігі, яғни жүйе бір-бірімен өзара байланысқан элементтер жиынтығының біртұтастығы болып табылады;

- байланыс, яғни элементтер арасында маңызды байланыс болад;  

- ұйымдастыру, яғни жүйедегі байланыстар айқындалған түрде реттелінген;  

- интегративті қасиеттер, яғни сапаның барлық біртұтас жүйеге тән болуы, бірақ бірде-бір элементтерге оның ішіндегі жеке элементтерге қатысты болмауы.

 

 

3.1 Логистикалық жүйелер түсінігі



 

Логистикалық жүйелер – бұл жүйелер, әр түрлі қосалқы жүйелерден құралған және қоршаған ортамен жетілген байланысы бар, әр түрлі логистикалық функцияларды орындайды.

Логистикалық жүйелер осы тұрғыда жоғарыда аталған төрт негізгі қасиеттерді қарастырады:  

1. Біртұтастығы мен бөлінгіштігі. Макрологистикада логистикалық жүйелер элементі болып: жеткізуші, көлік, сатып алушы;  микрологистикада - жабдықтау, өткізу, өндірісті ұйымдастыру .

2. Байланыс.  Макрологистикада элементтер тауарлы-ақшалай қарым-қатынаспен байланысты. Микрологистикада – элементтер ішкі өндірістік қарым-қатынастармен байланысты.

3. Ұйымдастыру.  Макрологистикада – ол шаруашылық байланыстарының құрылымы  Микрологистикада – кәсіпорынның ұйымдастырылған құрылымы.

4. Интегративті қасиеттер. Логистикалық қағидаларға сәйкес құрылған жүйелер қажет тауарларды дұры сапада, қажетті мөлшерде, керек уақытта, белгіленген орынға минималды шығындармен жеткізуді қамтамасыз ету. 

Логистикалық жүйелер үшін таңдалып алынған маңызды элементтер, байланыс сәйкестендірілуі мен ұйымдастыруды талдау осы жүйелердегі кейбір интегративті сапасының болуы себептері жайлы негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік береді және белгіленген мақсаттарға сәйкес оларды түрлендіруі бойынша  басты негізделінген шешімді қабылдау. 

Логистикалық жүйелер түрі:

- макрологистикалық;

- микрологистикалық;

- тура байланыстағы логистикалық жүйелер;

- эшелондап орналастыру (бөлім-бөлімімен бірінің артына бірін жалғастырып орналастыру);

- икемді байланыстағы логистикалық жүйелер.

Логистикалық жүйелердің құрылуы шаруашылық жүйелердің сапалы да тиімді мақсаттарына жетуге және олардың болашақта міндетті түрде дамуына бағытталуы қажет. Логистиканың әсер ету салдарынан мақсаттарға жету сапасы мен тиімділік деңгейін ақыр аяғында сипаттайтын барлық жүйелердің жалпылама өлшемі уақыт үнемділігі болып табылады.

Экономикалық жүйенің барлық кешенді элементтеріне бағытталған  логистикамен негізделген тек жүйелілігі өзінің барлық мүмкіндіктері мен оңтайландыру қасиеттерін көрсетуге қарқындандыруға қабілетті болады.  Үнемділіктің өсуін қамтамасыз ету айналым мен өндіріс үрдісіндегі уақыт жиынтығына, еңбектің құралдары мен заттарына байланысты мүмкін емес, техника мен технологияның сапалық және физикалық ескірген түрін пайдалану, шаруашылық механизмі мен басқаруды ұйымдастыру тек қарапайым қойма аумағының үлкейген есебінен, адамдар саны мен өндірістік қуаттың кеңеюінен болмайды.

Осыған дәлел ретінде өткенде болған халықтық шаруашылықтың көптеген саласында жұмыс істеген негативты тәжірибесін жатқызуға болады.

Аймақтық шаруашылық жүйенің дамуы логистикалық қарқынды болады, егер олар өндіріс уақыты мен сапаның өсуі баланстандырылған кешенді есебінен айналымды қыркартса, сонымен қоса өз қызметінің сенімділігі мен қоймалық сыйымдылығы және өндірістік қуатының қажетті минималды қоры есебінен оның аумағының кеңеюі байқалса. 

Айрықша жалпылама көрсеткіш ретінде жүйелердің қызмет ету нәтижесін  сипаттайтын, еңбек және материалды ресурстарды, өндіріс құралдарын оңтайлы пайдалану, сонымен қоса логистикалық қызмет көрсетудің сапасы ол еңбек өнімділігі болып табылады.  Логистикалық жүйелердің өзінің мақсаттарын басқару қабілеттілігі өндіріс сапасының кешенді сипаттамасымен, оның материалды-техникалық қамсыздандыруы мен өтіміне, соның ішінде олардың сенімділігімен анықталады.

Аумақтық логистикалық жүйелерде материалды ресурстар мен өндіріс құралдарын пайдалану деңгейі қор қайтарымы мен өнімнің материалды қажетсінуі көрсеткіштерімен сипатталады.

Логистикалық жүйелерді жобалауды олардың мақсаттарын қалыптастырудан бастаған абзал. Аумақтық логистикалық жүйелердің дамуы мен мақсатының қызмет көрсетуі сол ел мен аумақтың шаруашылық құызметінің бағыты мен мақсаты есебінен, сонымен қоса қызмет ететін және қызмет етуші жүйелердің бір-бірімен байланысын ескере отырып құрылуы қажет. 

Мақсаттардың осындай түрдегі бағыныштылығы мен қарым-қатынасы логистикалық шаруашылық пен олардың құрылымымен кездесетін және сәйкесінше, олардың экономикалық сенімділігін қамтамасыз ету қабілеттілігін интенсивтендіру мүмкіндігін болжайды.   Логистикалық жүйелердің экономикалық сенімділігі ретіне олардың жоспарланған уақыт аралығында қызмет етуші және қызмет ететін жүйелердің мақсаттарына жетуге жеткілікті ықтималдықпен мүмкіндік беретін өндірістік шаруашылығының өзіндік салмағының оңтайлы мағынасы болатын экономикалық көрсеткіштеріне жету қасиеттерін айтады. Осыдан шығатыны, логистикалық жүйенің ғаламдық мақсаты болып қызмет етуші және қызмет ететін жүйелердің дамуы мен оңтайлы қызмет көрсетуіне жету болып табылады.

 

 



3.2 Логистикалық басқарудың объектісі

 

Логистика кеңістік пен уақытта  материалдарың, ақпарат мен басқада объектілердің орын ауыстыруын қарастырады. Бұл үрдіс үздіксіз жүзеге асырылатындықтан объектілерді жеке алып қарастыру мүмкін болмайды.



Логистиканы ғылым ретінде зерттеу объектісі болып және кәсіпкерлік аясы ретінде логистиканың басқару объектісі материалдық, ақпараттық, қаражатты және басқада ағымдар болып табылады. Логистикалық тәсілдің материалдық ресурстарды мұның алдында болып өткен басқарудан түбегейлі айырмашылығы, ол енді басқару объектісі ретінде ағындар, яғни жиынтық объектілер біртұтас бүтін ретінде қарастырылуында.

Ағын басқарылатын жүйе ретінде келесі параметрлермен сипатталады:

•   бастапқы және соңғы нүктелер;

•   жылдамдық;

•   уақыт;

•   траектория;

•   жол ұзындығы.

Логистика әр түрлі ағындармен жұмыс істейді, оның ішінде атап өтетініміз:

•    материалдық;

•    ақпараттық;

•    қаражатты;

•    энергетикалық;

•    адам ресурстары.

Маңызды ауқымның қиын экономикалық жүйесін бір жола құрмас бұрын, оның қандай аумақтық логистикалық жүйе болып табылатының білу керек, қажетті қосалқы жүйеден мүмкін болатын композициясын құрған абзал, олар өз алдында бірін-бірі  толықтырып алмастырған жағдайда меншікті мақсатына және бастысы, қызмет етуші жүйелер мақсатына жетуді шамамен  қамтамасыз ете алады. 

Сондай жүйенің түрін құру бағдары болып әлеуметтік-экономикалық немесе басқада жүйе құрылымына кіретін қызығушылық болуы керек. Сонымен қоса біріктірілген құрылым ұйымдастырушылық, қаражатты және техникалық өзара әрекеттесу қабілеттілігіне ие болуы керек,  және олармен жаңа білім шеңберінде басқарылуы оңай болды.  

Бұндай басқару құрылымының нұсқасын синтездеу, олардың параметрлері мен кызметтерінің нәтижесін жоспарлау  логистикалық жүйені жобалаудың қиын кезеңі болып табылады. Бұл жобалау кезеңі бірыңғай жауапкершілікті, солай болғандықтан жүйені жобалау мен синтездеу көптеген кейінгі уәждеме және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру үрдісі шешімі үшін  өте маңызды мағынасы болып табылады.  

Құрылымның логистикалық өндірістік, көліктік, коммерциялық және басқада қосалқы жүйедегі олардың саны, иерархиялық арақатынас пен қызмет көрсету міндеті тұрғысынан әр түрлі үйлестіріліуіне сәйкес бірнеше нұсқаларын қалыптастырған жөн.

Логистикалық жүйелер мен оның барлық бөлігінің әрекеттері нарыққа бағытталады және онымен ынталандырады, сондықтан ол барлық қатысатын ресурстардың шығындарды минимизациялау өлшемі бойынша бағалануы керек, қызметінің жеке түрлері бойынша емес, ал өндірістің бірыңғай ағынымен, оны қамсыздандыру мен өтімі ретінде.

Нарық тұтынушы арқылы арнайы анықталған өнімнің өндірісін алдын ала анықтау арқылы оның қасиеті мен бағасын құрастырады. Бұл тұтынушылық талаптарға есебіне сай іске асырылады, сонымен қатар бәсекелестіктің болуы мен мүмкіншілігінде. Осыған сәйкес логистикалық жүйе өзінің ұйымдастырушылық бөлімшесі арқылы көптеген нақты тапсырмаларды кешенді шешуі қажет, мысалы келесі сценарий арқылы сипатталатын негізгі кезеңдері біріктірілген блоктар түрінде төменде көрсетілген. 

1.  Нақты уақыт аралығы үшін бағдарламаны (бағдарлама пакеті) өндірістің нақты өнімін нақты нарық үшін нақты қасиеттері мен сипаттамалары, сонымен қоса нақты бағасын қалыптастыру;

2.  Аймақтық және аймақтан тыс нарықтағы оңтайландыру ізденісі, өндіріс құралдарының біршама дамыған түрін жеткізу және сатып алу, егер оларға деген қажеттілік болса және де өндірістің сәйкесінше элементтерінің өзіндік құнын минимизациялауға бағытталатын нақты материалдық ресурстар;

3.  Өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру, сонымен қатар өндіріс технологиясының шығындарынан, цехтық және жалпы өндірістік шығындарынан байланысты өнімнің өзіндік құнының сол элементтерінің абсолютті және салыстырмалы  мағынасын құру және бақылау; 

4.  Дайын өнімді, нақты нарық үшін өндіріліп шығарылған сатылымы сонымен бірге сол элементтер шығындарының абсолютті мағынасын өсірмеген, яғни дайын өнім өткізу үшін өндірістік бағдарламаны құрған кездегі бағаны қоюды көзделген. Сонымен қоса ең алдымен барлық ағынның сенімділігі мен уақыттылығына кепілдік беретін материалды ағындардың сол қозғалыс кезеңдерін оңтайландыру керектігін жеке атап өтуге болады. Мұндай оңтайландыру біршама жылдам, бірақ аз сенімділік немесе біршама көп сенімділікті таңдау есебінен ғана мүмкін,  жәнеде кейде материалды-техникалық қамсыздандыру мен өткізу кезеңіндегі баяу көлік түрлерін таңдаудан да болады. 

Баяндалған базалық сценарий тәртібіне сәйкес  аймақтағы логистикалық жүйе өзінде қызмет етуші шаруашылық жүйелеріне қызмет көрсетуімен қатар, ол өзінің қызметін дамытуымен қоса түрлендіре алады, нарықта сұранысқа ие  жаңа өндірістік қуаттарды құрып және өздігінен қаржыландыра алады. Осыдан шығатыны, логистикалық жүйе әуелде алғаш материалдық ағындарды басқару үшін тағайындалған жүйе болса, енді жаңа өндірістік қарым-қатынас пен өндіретін күштердің қайнар көздеріне ауыса алады, ол холдингтер, концерндер, акционерлік қоғамдар ретінде  және де басқада бизнестің шағын түрінен ірі түріне шейін жаңа өндірістік-коммерциялықтың құрылуымен байқалады.

 

 

3.3 Логистикалық жүйелерді басқаруды ұйымдастыру



 

Басқару жүйесі логистикалық құрылымдардың үйлесімді, кешенді жұмыс істеуін алдын ала анықтауы қажет, біріншіден, олардың әр аймақ үшін сәйкесінше нақты функционалды логистикалық міндеті мен мақсаттары, екіншіден, олардың әлеуметтік-экономикалық негізінде және ұйымдастырылу-техникалық жағдайында құрылуы, үшіншіден, олардың мақсатты дамуының логистикалық қарқындандыру бағыты мен қағидаларының есебінен, сонымен қатар, төртіншіден, оңтайлы мағынасы  рентабельді қызметінің өлшемдерінен логистикалық жүйенің жобалау процесінде құрылады.     

Бірақ көрсетілген өлшемдер мен әрекет полигоны қаншалықты олар логистикалық жүйелердің жобалау процесінде дұрыс болжам жасалынса да, белгілі бір уақыт өткен соң олар жөнделуге душар болады және жөнделінеді. Бұл арине, логистикалық жүйе қоршаған ортаның жаңа әсеріне ұшырауы мүмкін болады, және өзінің ішкі ортасының мүмкін ауытқуынан да көрінеді. Осы жағдайларды ескере отырып логистиканың оңтайландыру және бейімделген қасиеті қайтадан көрінуі қажет және ең бастысы басқарудың икемді жүйесі арқылы болады. Сондықтан жоғарыда көрсетелген басқару жүйесіне қойылатын төрт талаптар топтамасынан басқа ол нарыққа бейімделу тереңдігінің есебінен және т.с.с., логистикалық қарқындандыру мен оларды жетілдіруге мүмкіндік туғызуы қажет.

Жоғарыда айтылған барлық логистикалық жүйені басқару функцияларын орындау үшін басқарудың тиісті ұйымдастырушылық құрылымын құруы қажет. Мұндай құрылым басқарудың қосалқы жүйесі мен логистикалық жүйеге экономикалық сенімділікті қамтамасыз ете алатын қасиеттеріне ие болатын, иерархиялық байланыстың қажет көлбеу және тігінен орналасатын  элементтерінен тұратын мақсатты жиынтықты көрсетуі керек.

Логистикалық жүйені басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы баяндама есебінен ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымына белгілі бір дәрежеде айналы болуы қажет. Сонымен бірге басқарушы тапсырмалар мен функциялар тобы мамандандырылған басқару бөлімшесі мен мамандар тобы бойынша құрылуы және бөлінуі әр оның ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымынан жеке-жеке және логистикалық жүйе алдында тұратын жүйе мақсаттарынан бір тұтас туынды болуы керек.

Осылайша басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайлы құру үшін ең біріншіден логистикалық қызмет көрсетудің барлық адекваттық және технологиялық ақпараттық операциясымен мақсатты жүйелік талдау жасау керек, шаруашылық байланыстар мен олармен туындаған өңірлік және аймақтық логистикалық орталықтардың құжат айналымы қажет аралықта және уақыт мезетінде болуы керек.  Осындай түрді жүйелік зерттеу мен басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру бойынша тиімді шешімдерді қабылдау реттілігін келесі кезеңдер қатарының бірізділігі түрінде көруге болады: алдын ала құрастырылған тапсырмалар мен жүйе мақсаты негізінде құрылымы алғашқыда бастапқы бойынша жасалынады, одан кейін жүйе нұсқасының аралық және жобалық есебінде, ол жасалынатын құрылыстың тарату функция есебі бойынша және аймақтық өкімет пен ұйымдастырушының келісімімен.  

Жаңа құрылымды еңгізу процесіне дейін әлеуметтік және психологиялық дайындық болып өткендігі ерекше маңызды, онда логистикалық басқаруға ауысудың әлеуметтік-экономикалық уәждемесімен қосымша негізделеді.. Біріктірілген ұйым мен кәсіпорындардағы жұмыскерлер ұжымына қаншалықты ниеттілікті көрсетсе, соншалықты үлкен тиімділікпен және логистикалық оңтайлылы басқарудың жаңа тәртібіне бейімделу аз уақыт шығынымен жүзеге асырылады. 

Басқарушылықтың ұйымдастырушылық құрылымын құрудағы маңызды кезең, ол басқарушылық еңбектің координациясы мен бөлінуін сипаттайтын ұйымдастырушылық құрылымның ізделініп отырған түрін анықтау болып табылады.

Көптеген салаларда дәстүрлі басқару сызықтық және сызықтық-функционалдық негізінде айрықша тіректенеді, яғни ол өндіріс пен өтімнің біршама тұрақты жағдайында нарықтық қатынастан тыс айтарлықтай тиімді болады.   Бірақ логистикалық құрылымның қызметі нарықтық жағдайында бірқалыпты, көп жағдайда өзінің меншікті жүйесінде терең өзгерістерде, сонымен қоса  жеткізушілер мен тұтынушылардың аралас жүйелерінде атқарылады. Мұндай жағдай бір жағынан шағын мамандандыруды қажет етеді, басқа жағынан көптеген функциялардың орындалу кезінде өзара байланыс пен кординацияның қажеттігін шарттайды. Айтылғанды есепке алатын болсақ құрылымды басқару әр иерархиялық деңгейінде функционалдық бөлімшелерді еңгізу қажет, ол көлденең бойынша байланысқан ұқсас бөлімшілерде үлгілік тапсырмаларды шешуді, сонымен қатар логистикалық, шығармашылық іздену әдістерін талап ететін ерекше бағдарламалар мен тапсырмаларды қамтамасыз етеді. Одан басқа, мұндай функционалдық бөлімшелер өзінің иерархиялық деңгейін өнімдік белгі бойынша функциялардың жүзеге асырылуын үйлестірумен қатар территориялық белгі бөлігінде қызмет атқаруын басқаруы қажет. 

Баяндаманы есепке ала отырып, сызықтық-функционалдық құрылымы мен штабтық элементтері бар біріктірілген бағдарламалық-мақсатты құрылымды басқаруды жобалау абзал. Мұндай құрылымның біріктірілген түрі логистикалық жүйені кешенді басқарылуы үшін жалпы алғышарттар жасайды және ол әр логистикалық бөлімшенің барлық жүйенің соңғы мақсатына жетуге ұмтылуын қамтамасыз етеді.

 

 

3.4 АТП басқаруында логистиканың орны



 

Логистиканың автокөлік мекемесін (АТП) басқаруында  принципшіл жаңалығы бұнда: ол  макро жүйе және микродеңгейде қарастырылады. АТП макро деңгейінде жүйелердің макрологиялық элементтерінің сапасы алға шығады. Олар жүйелердің жұмыс ырғағын қамсыздандырады, транспорттық қызметтердің – заттық қызметтердің қайнарларымен келеді. Микродеңгейде АТП бір – бірімен байланысатын жүйелерді құрайды, олар бірлік пен бүтіндікті құрайды. Бұлар заттық түрінде ішкі жүйелер оны және жүйеден шығуды жүйеге заттық сел кіру, транспорттық қызметтердің – ішке өтуін қамсыздандырады. Логистика концепциясымен жүйелердің ішкіөндірістік логистиканың құруы тұрақты келісу мүмкіншілік және жоспарлардың өзара түзетулері тиісті қамсыздандыру және әрекеттердің, өндіріс және өтім буындарда кәсіпорын ішінде.

АТП басқаруында логистиканың жақын келуі жаңа әдістердің және өңдеуге арналған үлгілердің және басқаратын шешімдердің қабыл алуын талап етеді. Сондықтан осы шақ асуға арналған АТП басқарулары түрлердің қайтақұру және әдістерді қажетті экстенсивтілердің шаруашылық ету қарқынды әдістерінде

 

 



3.5 Көлік логистикасының тапсырмасы. Логистикадағы көліктік құралдардың түрлері, оларды таңдау өлшемі

 

-  көлік құрал түрін таңдау;



-  көліктік тарифтер және оларды пайдалану ережесі.

Көліктік операцияларды орындауға кететін шығындар логистикаға кететін жалпы шығындардың 50% құрайды.  Көліктік логистиканың тақырыбы болып үлкен тасымалдау көлемін атқарған процесіндегі материалды ағындарды басқару бойынша іс-әрекеттердің келісілуі болып табылады.

Өзектілігі – ұлғайып жатқан жүк ағындарын тасымалдау қажеттілігі пайдаланылатын көліктің санын арттырмаудан болады.

Көліктік логистиканың міндеті:

- көліктік дәліздер құру және көліктік тізбектер жасау;

- әр түрлі көлік түрлерінің бірігіп жұмыс істеуін жоспарлау (аралас тасымалдау болған жағдайда);

- іргелес өндірістік пен қоймалық бөлімінің және көлік жұмыстарының бірегей жспарлануы;

- оңтайлы бағдар мен көлік қозғалысының кестесін әзірлеудің тапсырмасы. 

Көлік түрі оның бағалану негізінде таңдалынады (жеңіл, темір жол көлігі, су көлігі, құбырлы және ауа көліктері).

Бағалану өлшемі:

- тасымал құны;

- жеткізу уақыты;

- жүкті жіберу жиілігі;

- жеткізу кестесінің қадағалану сенімділігі;

- әр түрлң жүктерді тасымалдау қабілеті;

- жүкті аумақтың кез келген нүктесіне жеткізе алу қабілеті.

Логистикадағы тасымалдаудың басты рөлі болып тек логистикалық ұсталымының жалпы құрамындағы көліктік шығындардың үлкен үлесті салмағымен ғана түсіндірілмейді, ол сонымен қоса тасымалдаусыз жалпы материалды ағынның болуының өзі мүмкін еместігін көрсетеді. Көп жағдайда жүкті қайта өндеу операцияларымен толықтырылған көліктік қызмет көрсету, мысалы, жүк терминалдарында басым көпшілік логистикалық белсенділік қосады, ол сыртқы және интегралданған логистикалық жүйелер үшін болады.  Тасымалдауды аяқталмаған өндірістің материалдық ресурстарының орын ауыстыруымен байланысты кешенді логистикалық белсенділік түйіні ретінде анықтауға болады немесе логистилық тізбекте (каналдарда, желіде) анықталған көліктік құралдағы дайын өнім, ол өз кезегінде кешенді және қарапайым белсенділіктен құралады, оған жүк жөнелту, жүкті қайта өндеу, қаптама, жүкке жеке меншік құқығының берілуі, сақтандыру және т.б.

Фирманың логистикалық менеджмент деңгейіндегі тасымалдауды басқару келесі негізгі бірнеше кезеңдерден құралады:

 тасымалдау әдісін таңдау;

 көлік түрін таңдау; 

 көлік құралын таңдау;

 тасымалдау бойынша логистикалық серіктес пен тасымалдаушыны таңдау; 

 көліктік үрдістің өлшемдерін оңтайландыру.

Көліктің келесі басты түрлері бар: 

 темір жол көлігі;

 теңіз көлігі;

 ішкі су көлігі (өзен);

 автокөлік;

 әуе көлігі;

 құбырлы.

Көліктің әр бір түрінің өзіндік жеке ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемішіліктері бар.

Көлік түрлерінің сипаттамалары

Көлік түрі: артықшылықтары мен кемшіліктері



Темір жол көлігі        

Жоғары жүк өткізу және жүк жіберу қабілеті.

Ауа-райы жағдайына қарай, жыл мезгілі мен тәулік уақытына тәуелсіздігі.

Тасымалдың жоғарғы жүйелілігі.

Салыстырмалы төмен тарифтер; транзитті жөнелтулер үшін айтарлықтай жеңілдіктер.

Үлкен арақашықтыққа жүкті жеткізудің жоғарғы жылдамдығы.

Тасымалдаушылардың шектеулі саны

Өндірістік-техникалық базасына үлкен капиталды салымдар

Тасымалдың жоғарғы материалды сыйымдылығы мен энергия сыйымдылығы

Соңғы сатылым нүктесіне (тұтынуға) төмен қол жетімділігі

Жүктің жоғары сақталуының жеткіліксіздігі

Ішкі су (өзен)     

Тереңсулы өзендер мен су қоймаларындағы жоғарғы өтімділік қабілеті

Тасымалдың шектеулігі

Жүкті жеткізу жылдамдығының төмендігі

Тасымалдың төмен өзіндік құны

Капитал сыйымдылығының төмендігі   

Өзен және су қоймаларының бірқалыпсыздығынан, навигациялық жағдайлардан тәуелділігі

Мерзімдігі

Жүктің сақталуы мен жөнелтілуінің жеткіліксіз сенімділігі

Автокөліктік

Жеткізудің жоғарғы жылдамдығы

Жеткізудің түрлі бағдары мен сызбасын пайдалану мүмкіндігі.

Жүктің сақталуының жоғары болуы.

Жүкті азғантай топтамалармен жөнелту мүмкіндігі.

Бішама қолайлы тасымалдаушыны таңдаудың үлкен мүмкіндігі.     

Өнімділіктің төмендігі.

Ауа-райы және жол жағдайларына тәуелділігі.

Үлкен арақашықтыққа тасымалдаудың өзіндік құнының салыстырмалы түрде жоғары.

Экологиялық тазалықтың жеткіліксіздігі.



Әуе көлігі 

Жүкті жеткізудің ең үлкен жылдамдығы.

Жоғарғы сенімділігі. 

 Жүктің ең үлкен сақталғыштығы.

Тасымалдау бағдарының біршама қысқалығы

Тасымалдаудың өзіндік құнының жоғарлығы, басқа көлік түрлеріне қарағанда ең үлкен тарифтер

Тасымалдың үлкен капитал сыйымдылығы, материал және энергия сыйымдылығы.

Ауа-райы жағдайына тәуелділігі.

Географиялық қол жетімділіктің жеткіліксіздігі.

Құбырлы  

Төмен өзіндік құны.

Жоғарғы өнімділік (өткізілу қабілеті).

Жүктің жоғарғы сақталғыштығы.

Төмен капитал сыйымдылығы.    

Жүк түрлерінің (газ, мұнай өнімдері, шикізат материалдарының эмульсиялары) шектеулілігі.

Тасымалданатын жүктің аз көлемінің жеткіліксіз қол жетімділігі.

Сатып алынған заттарды және материалдық ресурстарды жеткізу кезінде, және дистрибьюциялық дайын өнімді тұтынушыларға өндіруші-фирма әр түрлі көлік түрлерін, әр түрлі логистикалық фирмалардың және де әр түрлі тасымалдаудың түрлерін қолдана алады.

Унимодальды (бір түрлі) тасымалдау көліктің тек бір түрімен жүзеге асады, мысалы, автокөліктік. Әдетте олар жүкті өңдеу және қоймалау операциялары болмаған жағдайда, логистикалық жолды тасымалдаудың бастапқы және соңғы пункттер белгілі болғанда қолданылады. Мұндай тасымалдау кезінде көлікті таңдау келесі критерийлерге сәйкес келеді: жүктің түрі, жіберу көлемі, жүкті тұтынушыға жеткізу уақыты, тасымалдауға кеткен шығын. Мысалы, үлкен тонналық жіберулер кезінде және келу жолдарының болуына қарай – темір жол тасымалын қолдану, ал аз көтерме жіберулері мен қысқа қашықтыққа жіберу-автокөлікті қолдану болып табылады.

Жүкті аралас тасымалдау (аралас бөлек тасымалдау) әдетте екі көлік түрімен жүзеге асырылады: темір жол-көліктік, өзен-көліктік, теңіз-көліктік және т.б. Бұл кезде жүк бірінші көлік түрімен жеткізіледі, ол ауыстырып тиеу деп аталатын орынға немесе сақтаусыз болатын жүк терминалдарына жіберіледі, одан әрі аз мерзімді сақталуен болатын жүктерді басқа көлік түріне тиеу жүргізіледі. Аралас тасымалдаудың қарапайым мысалы ретінде темір жол станцияларына немесе өзен (теңіздік) порттарына автокөліктік фирмалар арқылы қызмет көрсету.

Аралас жеке тасымалдаудың себептері бірнеше көліктік құжаттардың болуы, бірегей тарифтік ставканың болмауы, көліктік процестің қатысушыларының кезекті схемасының қосарануы. Аралас тікелей тасымалдау кезінде жүктің иесі бірінші тасымалдаушымен өз атынан да басқа көлік түрін ұсынған келесі тасымалдаушының атынан да келісімшарт жасайды. Әр көлік иесі жүктің иесімен есептеседі, және тек қана белгіленген маршрутта жүктің сақталуына материалдық жауапкершілік береді.

Комбинациялық тасымалдау аралас тасымалдаудан көліктің екі түрінен көп болуымен ерекшеленеді. Бұл тасымалдау түрін (аралам) логистикалық жүйенің дистрибутивтік каналдарымен (немесе жабдықтаудың логистикалық каналдары) негізделеді, мысалы, үлкен партиялы  дайын өнімдер шығарушы-зауытынан көтерме базасына темір жол көлігімен тасымалдану жүзеге асырылады (шығынның максималды төмендету мақсатында), ал көтерме базасынан жеке сату орындарына тасымалдау автокөлікпен жүзеге асырылады.

Тасымалдаудың заманауи логистикалық тәжірибесі тасымал экпансиясының тұрақты өсуімен байланысты, ол бір көліктік құжаттармен және бір диспетчерлік орталықтың бір операторымен (экспедиторымен)  іске асырылады. «Интермодальды» (интрегралданған) деп аралас жүкті тасымалдағанда «есіктен есікке» деп аталатын жүйе бойынша тасымалдауды айтады, және ол тек бір оператордың көмегімен және бір көліктік құжаттың қолданылуымен жүзеге асырылады. UNCTAD (United Nation Conference on Trade and Development)  терминдері бойынша «интермодальды» деп бірнеше көлік түрімен тасымалдау болып табылады, ал «мультимодальды» деп егер тасымалдауды ұйымдастырушы жақ барлық жауапкершілікті өзіне алатын болса.

Сол уақытта кейбір жұмыстарда көрсетіледі, ол интермодальдық жүйелерінен айырмашылығы ірілендірілген жүк орны бірыңғай тарифтер мен тең құқылы қатысушылардың барлық көлік түрлерінің тасымал құжаттары бойынша тасымалданады, мультимодальдық тасымалдар түрлерінің көлік рөлін тасымалдаушының өзі атқарады, ал өзара ic-әрекет жасайтын көлік түрлері — клиенттер ретінде, яғни оның қызметтерін төлейтіндер..

Интермодальды тасымалдау кезінде жүктің иесі барлық жүретін жолда бір ғана жақпен (оператормен) келісімшартқа отырады. Оператор ретінде, мысалы, экспедиторлық фирма бола алады, ол жүкті тасымалдаудың бүкіл маршрут бойы әртүрлі көлік түрлерімен өзара әрекет ете отырып, жүк иесін басқа да көлік кәсіпорындарымен шарттық қатынастарға түсуге  босатады. Интермодальды (мультимодальды) тасымалдаудың себептері болып:

  бастапқы пункттен соңғы пунктке дейінгі логистиалық каналдағы оператордың болуы;

  бірегей ставка;

  бірегей көліктік құжат;

  бірегей жүк үшін жауапкершілік және келісімшарт тасымалын орындау.

Интермодальды және мультимодальды тасымалдау жүйелерінің жұмыс істеуінің негізгі принциптері болып келесілер жатады:

  бірегей коммерциялық-құқықтық режим;

  қаржы-эономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын тасымалдауда қолдану;

  телекоммуникациялық желілер және құжат алмасудың электронды пайдалануын максималды түрде қолдану;

  тасымалдауға қатысатын барлық делдалдардың іс-әрекеттердің үйлестірілуі және тасымалдауды басқарудың бірыңғай ұйымдастырушылық-технологиялық принципі;

  логистикалық делдалдардың кооперациясы;

  әр түрлі көлік түрімен тасымалдаудың инфрақұрылымының кешендік дамуы.

Мультимодальды тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде елден тыс жерлерге (экспорт-импорттық операциялар) жүктерді кедендік ресімдеу процесі елеулі мәнге ие болады, сондай-ақ көлік заңнамасы және сол елдерде жүктің жүру бағытымен өтетін маршрут бойынша тасымалдаудың коммерциялық-құқықтық аспектілері. Халықаралық мультимодалдық тасымалдаудың бірыңғай коммерциялық-құқықтық режимдері қарастырады:

•  тасымалдау бөлігінде УДЕ унификациясының физикалық таратылымы; 

•  кедендік жабдының қысқартылыуы;

•  халықаралық үлгідегі коммерциялық жүктік және көліктік құжаттардың бірыңғай түрін еңгізу.

 

 

3.6 Көліктік тарифтер



 

Тарифтер — төлем жүйесі, сол арқылы көліктік қызмет үшін төлемақы алынады. Тарифтер көліктің кірісін құрайды және сонымен қатар тауар қызметін тұтынушылардың көліктік шығындары болып табылады.

Тарифті төлем келесі формуламен анықталады:

 

Т = с(1 +г/100),



 

мұндағы с — тасымалдың өзіндік құны, теңгемен;

      г — пайыздық мөлшермен пайдасы.

 

Көлікте келесі тариф түрлері пайдаланылады:



1. Автокөлік тарифтері:

•  кесімді;

•  төлемақы жағдайында,  авто-тонна/сағат;

•  жүк көлігін мерзімді пайдаланғанда;

•  километр бойынша есептесуде;

•  жылжымалы құрамды айдау кезінде;

•  келісілген тарифтер.

2. Теміржол көлігі:

•  жалпы тарифтер;

•  айрықша тарифтер;

•  жеңілдікті тарифтер;

•  жергілікті тарифтер.

3. Теңіз көлігі:

•  тұрақты сызықтағы тарифтер бойынша;

•  тұрақты емес сызықтардағы фрахтар төлемі бойынша.

4. Өзен көлігі:

• өздігінен кемемен өтуде тарифтер анықталады.

 

Сызықты тарифтегі төлемдер жүк түрінен, түсіру және арту бекеттеріне тәуелді дифференциалданады.



Жүк түрінің тәуелділігіне қарай тарифтердің құрылуының 3 негізгі үлгісі бар.

1-нші түрі — топты тарифтер. Осы жүйелерде тарифті шәкілдер (шкалы) келтірілген, мұнда әр топ үшін өзіндік төлемі қойылады, әр жүк бойынша топ нөмірлері тарифті номенклатураға келтіріледі.

2-нші түрі — баптар бойынша тарифтер, яғни әр жүк атауына қарама-қарсы, тікелей алфавитті тізбекте мақалалар көрсетіледі (жүктің үлкен номенклатурасы кезінде қолданылған ыңғайлы).

3-нші түрі — аралас. Ол кезде негізгі жүктер үшін баптар (мақалалар) тарифі көрсетілсе, ал басқалар үшін – топты тарифтер қолданылады.

 

Төлем деңгейі келесі факторларға байланысты болады:



I. Тепе-теңдік:

•  жүктің көліктік сипаттамасы (тиеудің үлесті көлемі — м3 /т);

•  тиеу уақыты, түсіру уақыты;

•  тасымалдаушының шығындары мен қауіп-қатерін ескереді, ол жүктің түгелдігі мен  тасымал қозғалысының қауіпсіздігі.

Егер тиеудің үлесті көлемі (м3/т) > 1 болса,  онда жүк жеңіл болып саналады және оған тариф м3-ға беріледі.

Егер (м3/т) < 1 болса, онда жүк ауыр болып есептеледі және тариф 1 т –ға беріледі.

Тиеу-түсіру уақыты қаптама түрлері мен жүк түрлері бойынша төлемдердің дифференциялдану арқылы ескеріледі (егер жүк еңбекті көп қажетсінетін болса, онда төлем көбейеді).

Ұрланған жағдайдағы ерекше бағалы жүктер ушін төлем тарифтері сақтандыру жүк бағасынан пайыздық мөлшерлемеде тағайындала алады. 

II. Жүк жіберушінің төлем қабілеттілігінен.

Жүк жіберушінің төлем қабілеттілік қағидасы – бұл максималды төлем, оны жүк жөнелтушінің шығын қауіпінсіз сызығы қамтамасыз ете алады. 

III. Мемлекеттің, порттың, жүк иеленушінің қызығушылығы жүк ағыны немесе жүктерді жұмылдыруды қарастыруында.

Тиеу-түсіру портынан тарифтерді дифференциялдау тәуелділігі. Конференциялды сызықтардың (конференция атауынан шыққан) барлық порттары екі түрге бөлінеді: 

• базисті порттар (олар кестеге міндетті ретінде қосылған);

• міндетті емес порттар = аутпорттар (кіру жағдайы жүк саны кезінде қарастырылады, анықталғаннан көп емес). Аутпортқа (out-port)  кіру төлемі кеме иесінің қосымша шығындарының орнын толтыратындай етіп орнатылады. 

Тарифті пайдалану шарты:

• жүк салмағын (нетто салмағы немесе брутто салмағы және т.б. анықтаудың әдісі) немесе көлемін анықтаудың ережесі әрдайым ескертіледі.

• базисті төлемдерге үстемесі (ұзын өлшемді жүк кезінде; өртке қауіпті жүктерді тасымалдаған кезде; тарифтің валюта курсы мен бункердің бағасы, яғни жаңармай бағасы өзгеруін ескеретін коэффициенттер орнатылады).

• тариф деңгейі тасымал және қарапайым порттық қызмет көрсету үшін орнатылған, олар әдеттегідей төлемге қосылады деп көрсетіледі және қосымша қызмет көрсетулер үшін қандай төлем жүйесі болатынын көрсетеді. 

Стандартты сызықты тарифқа (ССТ) кіретіндер:

•  тасымалдаушының қоймасына жүкті қабылдау төлемақысы;

•  белгілі бір уақыт аралығында сақтау;

•  көлікке тиеу;

•  көлікке (кемеге және т.б.) қарапайым бөлумен төсеу;

•  тасымалды;

•  көліктен түсіру;

•  шектеулі уақыт аралығында қоймада сақтау;

•  қабылдаушыға жүкті беру.

Интеграция тарихі жаңа емес. Оның негізгі мақсаты – біріктірудің артықшылықтарын орындау,  яғни  препринимателдің пайдасына жету. Әдеттегі пайдалылық құралдардың үнемділігінде айтылады немесе қызметтердің сапа клиенттеріне арналған. Интеграциялықтың ең көп таралған түрі транспортта технологиялық, яғни таза транспорттық, транспорттық логистикаға дамып кетеді.

 

Кесте 3.1 Көлікте негізгі ұйымдық түрлер және олардың ерекшеліктері



№ п

Жүйе ( түр )

Ерекшеліктер , мінездемелер

жеке

жалпы

 

 

1.



 

 


 

Қарапайым



Түзу конртактылы  аралық жүк жіберуші және тасушы арасында

 

 

 



2.

 


 

Араласқан



Бірнеше көлік түрлерімен тасу

Конракты болады

 

3.

 



 

Қиыстырылған



Бірнеше тасушылармен тасу

Әр түрлі тарифтар, құжаттар. Тасу ұйымымен жүк жіберуші шұғылданады .

 

 

 



Интеграцияланған: унимодальная интермодальная мультимодальная

Тасу бір ғана көлік түрімен.

Бірнеше тасушылармен тасу  жауаптылық барлығында және әр түрлі құжаттарда. Тасудың қаншасыздармен көлік түрлерімен немесе қаншасыздармен тасушылармен біреуінемен құжатқа - ұйымдастырушының жауаптылықпен.



Тасу делдал басқару қармағында (экспедитор немесе принципала) тасу ұйымдастырушысы – экспедитор.

 

 

3.7 Автокөлік және қорбөлу жүйелері

 

Барлық үлкен нақты динамикалық жүйелер сияқты, транспорттық (Т-жүйелер) объектілерден сонымен қатар түзеледі, бір – бірімен  күрделі байланыста, әдеттегі кездейсоқ функционал көңіл болулармен. Жүйелерге кепілге берілген жиынтықта жобалау жанында немесе мінез-құлық тауып алынған қисынымен олар түзеледі  нақтылы функционал құрылымның. Т-жүйелер және елдердің автожолдық кешендері және объектілер сияқты аймақтарды кіре алады мелекет аралық тағайындау басқа глобальды Т-жүйелері. Бірақ, масштабтарда ерекшелікке байқайсыз, олардың структуризациисына жақын келу және жалпы басқаратын өңдеуге - уақыттардың логика мамандары қалды. Т - жүйелердің құруына дәстүрлі жақын келу, олардың зерттеуге және үлгілеуге – иерархия. Ол концепцияның әр түрлі көп болады, бір қайсылардың – «фирма–әлем орталық» - ашық шарттарда өте көп таралған ( омандалықсыздардың) экономикалық көңіл болулардың. Мынау схема хабарланған предпариятиемен транспорттықты негізгі немесе артық көрінетін объекті сияқты жүйеде. Ол базар көңіл болулардың даму айқын кезеңінің, кезеңді жеткілікті нәтижелі – интеграциялықты.



Логистикалық даму жалғасысымен және жетілген жаңа құрылымдардың құруы бірте-бірте - жүйелерді интеграциялық дәуір келеді, мінездемелілердің экономикалық және технологиялық дамыған елдердің артынан және устойчевой экономикамен. Принципшіл айырмашылық бұларды жүйелердің - негізін салушының жаңа жүйелерінің – құрылым реляциялы ұйымы. Сондай ұйым өндіріс процестермен және қызметтен алумен басқару концепциялары өзгертумен ескертілінген «әлем орталықтың» фирмадан трансортировки ақырғы пунктісіне, қайда тауар және оның тұтынушысы тиісті кездеседі. Технологияны ол үшін пайдалы анағұрлым көбірек мына түрде жүйе тұтынушыға ұсынады .

ТЭЖТ – технологиялары.



 

 

Сурет 3.1 - ТЭЖТ - жүйелерін құру схемасы



 

    


Реляционды үлгі логистикалық тізбектерге сипатты. Суретте   ТЭЖТ – үлгісі (Тұтынушы – Экспедитор – Жеткізуші - Тасымалдаушы) реляционды қатынас негізінде  көлік нарығында қызмет көрсетудегі субъектер арасында логистикалық көлік тізбектерін түбегейлі құру көрсетілген.

ТЭЖТ – тізбектері  кездейсоқ амалмен құрылады, көлік нарығындағы операция өрісі «сұраныс және ұсыныс» кездейсоқ бастауыш – экспедиторлар бар. Нақты ТЭЖТ – тізбектері  экспедиторлар жақтаған тиісті ұсыныстарды жүзеге асыру болып табылады. Сонымен әрбір ТЭЖТ – тізбектері   толық анықталған және логикалық түрде нақты болады. ТЭЖТ – тізбектер жиынтығы мен  кездейсоқ көлік  желісін көлік нарығындағы операциялармен технологиялар анықтайды. Бұл желі кездейсоқ үрдістер теориясы мен өрістерде құрылған, толыққанды маркетинг концепциясын қолдану мен зерттеуге жатады. Осындай зерттеулер күшті ақпаратты – компьютерлік қолдауды төмендегідей талап етеді:

 көлік қызметтеріне сұранысы мен олардың ұсыныстарын саралауға;

 тасымалдаушылар мен жеткізушілер таңдауына;

 шығын мен келісімнің тиімді калькуляциясы;

 диспетчерлеу және т.б.

ТЭЖТ – технология тиімділігі дәстүрлімен салыстырғанда орындалатын операциялардың жылдамдығы мен сапасымен, келісілген автоматтандырылған типтік ұйымдастырылған- технологиялық және басқару іс -әрекетермен  жабдықталады. Типтік  көлік қызметіне үнемі сұраныс шарты ұзақ уақыт тұрақты ТЭЖТ – тізбектерінен пайда болуы мүмкін, яғни операцияларды типтеуде тасымалдау тиімділігін көтеріп және  ТЭЖТ – серіктестіктерінің логистикалық финанс – экономикалық интеграциясының алғышарттарын құрайды.

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...