Тақырып 12 Шешім қабылдау үшін релевантты шығындар мен табыстар



бет3/3
Дата19.11.2021
өлшемі17.35 Kb.
1   2   3
М ы с а л ы. Фирма өндірістік алаңды және (немесе) өндірістік жабдықты жалға алды делік. Жалдык келісімшарттағы мерзімінің ішінде ол өндірістік-каржылық қызметтің баға, көлем және басқа объектілер бойынша қандай шешім қабылданатынына қарамастан белгілі бір жалдың төлемін жүзеге асыруы қажет, мұндай жағдайда жалдың ақысы релеванттық емес шығынды білдіреді. Алайда, жалдаудың мерзімі біткенде оның шарттары, егер фирма басшылығы жалдың ақысы жалға алынған алаңда (жабдықпен) өндірілген өнімді сату көлемінен тым жоғары деп санайтын болса, жалдау объектілерінің саны, алаңдары, жалдық ақы мөлшерлемелерінің бір бөлігі қайта карастырылуы мүмкін. Әріберіден соң, бұл өнімді өндіруден мүлдем бас тарту мақсатқа лайықты болуы ықтимал. Осылайша, жалдық ақы түріндегі тұрақты шығын басқарушылық шешімнің нұсқасына карай өзгереді.

Шығындарды релеванттық және релеванттық емес деп бөлудің негізінде мына аспектілер талданады:

- әлдеқайда төменгі баға бойынша қосымша тапсырысты қабылдаудың мақсатқа лайықтылығы;

- "сатып алу әлде өндіру" жағдайы;

- шектеу (лимит) факторлары бар кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы;

- өндірістің зиян шектіруші элементін (немесе басқаны) таратудың мақсатқа лайықтылығы.

Өндіріс көлеміне қатысты шыгын динамикасы. Дұрыс шешім қабылдау үшін өндіріс көлеміне қарай шығындардың қалай өзгеретінін білу аса маңызды.

Егер кәсіпорын тауар, қызмет өндірудің көлемін елеулі көтеретін болса, онда тауарларды көптеп өндіруге қажетті ресурстардың да саны артуы керек, ал өндіріс көлемін ұлғайту шығынның өсуіне әкеледі. Алайда, көптеген жағдайларда проценттік өсуде өндіріс көлемінің тиісті өсуіне қарағанда шығын аз болады. Бұл қалай болатынын түсіну үшін тұрақты және өзгермелі шығындар ұғымына үңілеміз. Өзгермелі шығындарға жалпы сомасы өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей үйлесімді (пропорционал) өзгеретін өндіріс шығындары жатады. Мәселен, егер шығарылым 10%-ке артатын болса, өндірістің өзгермелі шығынының жалпы сомасы да 10%-ке өседі.

Тұрақты шығындар − жалпы сомасы өндіріс көлемі өзгерсе де өзгеріссіз қалатын белгілі бір кезеңдегі шығынның бір бөлігі. Үй-жайларды жалдау ақысы, қызмет көрсетуші қызметкердің еңбекақысы және уақыт өткен сайын өсуі мүмкін, бірақ өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей үйлесімді өзгермейтін басқа да шығындар тұрақты шығынның үлгілері бола алады. Залалсыздықты талдаудың тағы бір мәселесі − дайын өнімдердің өзіндік құндарына қосылатын барлық шығындарды іс жүзінде тұрақтыға немесе өзгермеліге нақты бөлу мүмкін емес. Шығынның бір бөлігі жартылай өзгермелі немесе жартылай тұрақты сипатында болады, ал олардың кейбіреуі белгілі бір жағдайда өздерін тұрақты шығындар басқа кезде - өзгермелі ретінде көрсетіледі.

Ішінара өзгермелі шығындар аралас тұрақты және өзгермелі шығынды білдіреді. Ішінара өзгермелі шығынның жалпы сомасы өзгермелі шығын сияқты өзгереді, яғни өндіріс көлемінің өзгерісіне сәйкес болады, бірақ тікелей үйлесімді болмайды.

Тұрақты бөлігінде - телефонды пайдаланғаны үшін абоненттік төлем кіретін, ал өзгермелі бөлігінде - халықаралық байланыстың (сөйлесудің) ақысы алынатын телефонды пайдаланудың төлемақысы ішінара өзгермелі шығынның үлгісі бола алады.

Шығынды тұрақтыға және өзгермеліге шектеу, әдетте, өндіріс көлемінің өзгерісі кезінде жиынтық шығындардың өзгерісімен анықталады.

Былай, өндіріске қатысты пайдаланылған негізгі өндірістік материалдар өзгермелі шығын ретінде қарастырылады, өйткені өндіріс көлемінің үлғаюымен қатар негізгі өндірістік материалдардың шығыны үйлесімділігін бұзбай өзгереді. Шаруашылық қызметтің көлемін сипаттау үшін өндіріс көлемінің көрсеткіші пайдаланылады. Саудалық-өткізу шығыны өнім бірлігінің өткізу санына қатысты өзгермелі шығын болып табылады, ал өндіріс көлемінде - ол міндетті болып табылмайды. Өндіріс көлемі мен өткізу көлемі әрдайым бірдей бола бермейді. Тұрпатты өзгермеліге шикізат пен материал қосалқы бөлшектер мен құрастырушы бөлшектер (детальдар), жұмысшы күші және шығындар жатады.

Тұрақты шығынның жалпы сомасы өндіріс көлемі өзгергенде өзгеріссіз қалады. Жалдың ақысы, негізгі құрал-жабдықтың амортизациясы, қызметкерлердің еңбекақысы тұрақты шығынның үлгісі болып табылады.

"Тұрақты" және "өзгермелі" ұғымдары өнім бірлігінің есебіндегі шығындарға емес, жиынтық шығынға қатысты, ал олардың жалпы саны өндіріс көлемінің өзгерісіне үйлесімділігін бұзбай өзгереді. Өнім бірлігінің тұрақты шығыны өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне қарай кемиді, ал оның кему дәрежесіне қарай артады. Алайда, жиынтық шығын өзгеріссіз қалады.

Жоспарлау барысында тұрақты шығын жиынтықталған тұрақты шығын ретінде, ал өзгермелі шығын - өнім бірлігінің өзгермелі шығыны ретінде қарастырылады. Тұрақты және өзгермелі шығындарының мінез-құлықтық нұсқалары 6-кестеде келтірілген.


Кесте - Өндіріс көлемінің өзгеруі барысындағы шығындардың мінез-құлқы


Шығын тұрпаты

Жиынтық шығындар

Өнім бірлігінің шығындары

Тұрақты шығындар

Өзгермеген

Кері үйлесімді өзгереді

Өзгермелі шығындар

Үйлесімділігін бұзбай өзгереді

Өзгермеген

Шығындарды тұрақтыға және өзгермеліге бөлгенде мынаны есте ұстау қажет: оларды осылайша жіктеу тек белгілі бір шекте ғана болады, немесе былайша айтқанда, түсім мен шығынның арасындағы ерекше қатынас сақталатын - тұрақты шығын осы саладағы және осы уақыттағы релеванттыққа тұрақты қатынаста болатын - релеванттық саласында ғана жүзеге асырылмақ.

Тапсырмалар:

1) Сапалы аспектілер маңыздылығы

2) «Шығындар - өнім көлемі - пайда» талдауы

3) Шектеулі факторлар талдауы



4) Бірнеше өнім түрлерінің зиянсыздығын талдау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік