Тақырып №11. Микроклимат туралы түсінік, параметрлері. Оңтайлы климаттық жағдайлары


Микроклиматтық параметрлер және оларды бақылаудың әдістері



бет2/3
Дата23.11.2022
өлшемі35.35 Kb.
#361290
1   2   3
Байланысты:
лекция 11
қауіпсіздік ережесі, қауіпсіздік ережесі, қауіпсіздік ережесі, 7-сабақ. 18 ғасыр Қазақ-орыс қатынасы , Д рігер нені жіберіп алды , Д рігер нені жіберіп алды , 1556342684, Бағалау нормасына қойылатын талаптар, бБ мен №5, D 1241 ris - 9, Сценарийй филфак, фото, Test-na-opredelenie-gotovnosti-k-obucheniyu, Легомен жиынтықтары әртүрлі пішіндер мен өлшемдердің егжей, папка беті
2. Микроклиматтық параметрлер және оларды бақылаудың әдістері
Микроклимат параметрлерінің ауа ортасының санитарлық нормаларына сәйкес келуін білу үшін, температура, қатыстық ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын сандық бағалау қажет.
Өндірістік ғимараттардағы ауа температурасы әдетте біршама шектерде ауытқиды. Сондықтан оны объективті бағалау үшін өлшеуді ғимараттың бірнеше сипаттамалы нүктелерінде жұмыс орнының еденнен 1,3-1,5 м деңгейінде ауысымның әртүрлі уақытында жүргізеді. Тыныс алу зонасы температурасының айтарлықтай айырмасы кезінде қосымша аяқ астынан еденнен 0,15-0,2 м деңгейінде өлшеулер жасайды. Өлшеу нүктелері, ереже бойынша жылу көзі мен ғимараттың сыртқы қабырғасынан 1 м қашықтыққа жақын орналаспауы тиіс.
*Тыныс алу зонасы – жұмыскердің бетінен радиусы 50 см дейінгі кеңістік.
Ағымдыға температура мәнін өлшеу үшін кәдімгі термометрді (спирттік немесе сынапты) қолданады. Бақылау периоды арасында температураның аса жоғары немесе өте төмен мәндерін өлшеу қажет болғанда сәйкесінше максималды немесе минималды термометрді қолданады. Ағымдағы ауа температурасын жазу үшін термографты қолданады.
Мәнді жылулық сәулелену шарттарында ауа температурасын өлшеу үшін булы термометр қолданылады. Булы термометрдің өзі екі термометрден тұрады, бірінің үстінгі резервуары қараңғыланған («қара» термометр), ал екіншісі күміс қабықшасымен қапталған («жылтыр» термометр). Нақты температура «жылтыр» және «қара» термометрлер көрсеткіштерінің айырмасы бойынша градирлік коэффициент (аспаптың константасы) есебімен анықталады.
Соңғы кездері сулы термометрлерге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар (сезімталдылығы жоғары, қашықтықта өлшеу мен автоматика құралдарымен байланыстыру мүмкінділігі) электрлік термометрлер кеңінен қолданылуда. Әрекет ету принципі бойынша олар қарсыласу термометрлері мен термоэлектрлік термометрлер болып бөлінеді.
Ауаның қатыстық ылғалдылығын психрометр және гигрометр көмегімен бағалайды. Ауа ылғалдылығының өзгеруін жазу үшін гигрограф қолданылады.
Гигрометрлер мен гигрографтардың қатысты ылғалдылықты нақтылы анықтау үшін қолданылатын датчиктері болып адамның майсыздандырылған шашы немесе қатысты ылғалдылықтың өзгеруіне пропорционалды түрде өзінің өлшемін өзгертетін арнайы синтетикалық диафрагмалар табылады.
Психрометрдің жұмысы психрометр құрамындағы «құрғақ» және «ылғалды» термометрлердің көрсеткіштерін анықтаудан тұратын психрометрлік әдіске негізделген. «Құрғақ» термометр қоршаған ауаның температурасын, ал резервуары дитиллденген сумен суландырылған мәрлі немесе батист бөлігімен оралған «ылғалды» термометр айтарлықтай төмен температураны көсретеді, себебі матадан буланатын су жылуды ұстап қалады. Ауаның қатысты ылғалдылығын «құрғақ» және «ылғалды» термометрлердің көрсеткіштеріне сәйкес психрометрлік кесте бойынша анықтайды.
Ассманның аспирационды психрометрінде (Августтың статистикалық психрометріне қарағанда) екі термометр де металлды қоршауға алынған. Құралдың үстіңгі бөлігіне кірістірілген (аспирационды баста) вентилятордың көмегімен (электрлік немесе серпімді жетегі (приводы) бар) ауа құбырлар арқылы сорыла өтеді де термометрлердің резервуарларын қамтиды, осылайша олардың көрсеткіштерінің тұрақтылығы және мүмкін болатын жылулық сәулеленуді экрандау қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар «құрғақ» және «ылғалды» терморезисторлардың қарсылығын өлшеу принципі бойынша жұмыс істейтін электронды психрометрлерді де қолданады.
Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін әртүрлі конструкциялы анемометрлерді пайдаланады. Механикалық анемометрлер (қанатты және табақшалы) бекітілген ағынға орналастырылған құралдың қабылдаушы зырылдауықтың (вертушка) айналу жиілігін белгілі бір уақыт периоды кезінде өлшеу жүргізу принципі бойынша жұмыс істейді. Индукционды анемометрлер электрлік индукционды тахометр әдісімен зырылдауықтың айналуының бұрыштық жылдамдығын өлшеу принципі бойынша жұмыс істейді. Ауа қозғалысының төмен жылдамдықтары (0,5 м/с төмен) әдетте кататермометрлермен (жылулық анемометрлермен) өлшенеді. Олар үстіңгі бөлігінде кеңейтілген капиллярға өтетін төменгі бөлігінде шарлы немесе цилиндрлік резервуары бар термометрден тұрады. Кататермометрлердің жұмысы ауаның қозғалыс жылдамдылығынан тәуелді болып келетін ауаның суу қабілеттілігін (суу ұзақтылығы) анықтауға негізделген.
Төмен жылдамдықтарды электроанемометр көмегімен өлшеуге болады, олар ауа ағыны жылдамдығына байланысты температурасын өзгерту кезінде терморезистордың қарсылығын өлшеу принципіне негізделген.
Аса ерекше құралдар тобын Пито-Прандтль құбыры принципі бойынша әрекет ететін аэродинамикалық анемометрлер құрайды. Бұл құралдарды әдетте желдету каналдарындағы ауа ағынының қозғалыс жылдамдығын бағалау үшін пайдаланады.
Жылулық сәулеленудің қарқындылығын актинометрмен өлшейді, термобатарейдің жылтырлаған және қараңғыланған секцияларының жылуды жұту және сәулеленудің әртүрлі өлшемдері нәтижесінде пайда болатын термо-э.д.с. өлшеуге негізделген принцип бойынша әрекет етеді. Жылулық сәулеленудің қарқындылығын анықтау үшін булы термометр де қолданылуы мүмкін
Сыртқы ортаның температуралық әсері адам ағзасының термореттелуімен тығыз байланысты – қоршаған ортамен, жылу алмасуын реттеп температураны бірқалыпты деңгейде ұстап тұруға қабілеті бар.
Өндірістік бөлмелерде қалыпты метеожағдайларды қамтамасыз ету үшін, өнеркәсіп кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормаларына енгізілген. Нормалар жыл мезгілін, өндірістік бөлменің сипатын және орындалатын жұмыстың ауырлық дәрежесін ескереді.
Жеңіл жұмыстардың қатарына отырып тұрып немесе жүріспен байланысты жұмыстар жатады, бірақ жүйелі тұрдегі физикалық күштенуді немесе ауыр заттарды көтеру мен тасуды талап етпейтін жұмыстар (тігін өндірісінің, көлік қүрылысының, полиграфия өндірісінің негізгі процестері, контролерлердің жұмыстары, байланыс жұмысшылары, кеңседегі жұмыстар).
Орташа ауыр жұмыстардың қатарына әрдайым жүріспен, ауыр заттарды (10кг) тасумен байланысты және тұрып орындалатын жұмыстар жатады (тоқыма-жіп иіру, өндірістегі, ағашты механикалық өңдеген кездегі, металды пісіру цехтердегі негізгі процестер).
Ауыр жұмыстардың қатарына жүйелі тұрдегі физикалық күштенумен, сондай-ақ әрдайымғы қозғалыспен және маңызды ауыр (10 кг жоғары) заттарды тасумен байланысты жұмыстар жатады. Бұл мартен құю, прокат, темір соғатын, термиялық өндірістің негізгі процестері.
Метеорологиялық жағдайлар өзгеретін болса (санитарлық нормаларға сәйкестелмесе) адамдар тез шаршап, ауырып, жұмысқа қабілеті төмендейді.
Қоршаған ортаның температурасы 16-25˚С аралығында салыстырмалы ылғалдылық 60-40% және ауа жылдамдығы 0,2-0,7 м/сек кезінде адам өзін жақсы сезініп, жұмыс қабілеті жоғарылайтыны зерттеулер мен тәжірибелер көрсетіп отыр.
Мемлекеттік стандарт жүйесімен жылы, суық және өтпелі кезендердегі жеңіл, орташа және ауыр жұмыстарға оптималды (комфорттық) және болуы мүмкін температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа жылдамдығы белгіленген.
Жылу өткізгіштік кешені арқылы берілгенде дене өзінің жылуымен ауаның жақын тұрған қабатын жылытады да өзі суиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені