Тақырып №11. Микроклимат туралы түсінік, параметрлері. Оңтайлы климаттық жағдайлары



бет1/3
Дата23.11.2022
өлшемі35.35 Kb.
#361290
  1   2   3
Байланысты:
лекция 11
қауіпсіздік ережесі, қауіпсіздік ережесі, қауіпсіздік ережесі, 7-сабақ. 18 ғасыр Қазақ-орыс қатынасы , Д рігер нені жіберіп алды , Д рігер нені жіберіп алды , 1556342684, Бағалау нормасына қойылатын талаптар, бБ мен №5, D 1241 ris - 9, Сценарийй филфак, фото, Test-na-opredelenie-gotovnosti-k-obucheniyu, Легомен жиынтықтары әртүрлі пішіндер мен өлшемдердің егжей, папка беті

Тақырып № 11. Микроклимат туралы түсінік, параметрлері. Оңтайлы климаттық жағдайлары



  1. Микроклимат туралы түсінік

  2. Микроклиматтық параметрлер және оларды бақылаудың әдістері

  3. Микроклиматты топтастыру



Дәріс мақсаты:

  • қауіпсіз еңбек ету үшін микроклиматтың қолайлы параметрлерін жасақтауды ұғыну

  • өндірістік орындардың жұмыс зонасындағы микроклиматтық шарттарды мөлшерлеудің қағидасын оқып білу

  • микроклимат параметрлерін бағалау жайлы білімдерді қалыптастыру




  1. Микроклимат туралы түсінік

Адамның еңбегі, демалысы және өмірі тек әуе ортасының болуы кезінде ғана мүмкін. Ол санитарлы-гигиеналық талаптар бойынша белгілі сапага және күйге сай болу керек. Бөлмелердің әуе ортасының сапасы мен күйі адамның жігерлігі мен еңбекке қабілеттілігін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар бүтіндей өндірістің қауіпсіздігін.
Өндірістік ортаның метеорологиялық шарттары (жұмыс бөлмелері, өндірістік цех, және т.б.) ауалы ортаның физикалық жағдайына тәуелді және негізгі метеорологиялық элементтерімен сипатталады: қоршаған ортаның температурасы, ауа қозғалысының жылдамдығы және ылғалдылығы, барометрлік қысымы, сонымен қатар қондырғылардың және қолданылатын заттар мен бұйымдардың қыздырылған беттерінің жылулық сәулеленуі жатады. Осы өндіріс бөліміне лайықты бұл себептердің жиынтығы өндірістік микроклимат деп аталады.
Микроклимат – ол, жабық бөлмелерді сыртқы қолайсыз әсерден қорғайтын комфорттық жағдайыды камтамасыз етуге жасалған жасанды климаттық жағдайлар.
Дененің ысуы - ауаның температурасының жоғарылауы салдарынан болған ауа жылдамдылығының төмендігі және салыстырмалы ылғалдылықтың жоғарлығы сол себебтерден шыққан қан қысымының және дем алуының жоғарлауы, адамның әлсірегені, ағзаның температурасы 380С жоғары көтерілуі, сөйлескені қиындалуы және т.б. жатады.
Жоғары температурадағы ылғалдылықтың 75-80% көтерілуі тер шығуын қиындатып дененің ысуына, жылу соққысына және сіңір тартылуына соқтырады.
Тері жоғалтуының салдары:

  • салмағынан 1 - 2% - ауыздың құрғауы;

  • 5% - есінен тану, галлюцинация;

  • 20 - 25% - өлім.

Бір тәулікте адам: тыныштықта – 1 литрге дейін; ауыр физикалық жұмыста - 1,7литр/сағ-қа дейін, ал бір кезекте - 12 литрге дейін және 5-6 грамм/литрде Nа, Са, К, Р тұздарын және микроэлементтерді жоғалтады.
Қолайлы микроклиматтық жағдайлар адам ағзасына ұзақ уақыт бойында әсер еткенде оның дұрыс функционалдық күйін қамтамасыз етеді.
Өндірістік және қосымша бөлмелерде жарықтандыру, жылыту, ауаның айналымы және конденсациялануы ауалық ортаның адамның денсаулығын сақтауға және оның жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Жылу алмасуды химиялық және физикалық деп бөледі. Химиялық жылу алмасу зат алмасу деңгейінің өзгеруімен сипатталады. Физикалық жылу алмасу ағзаның қоршаған ортаға жылу алмасуын сипаттайды.
Түрлі жылу алмасулардың арасындағы қатынастар метеорологиялық факторларға тәуелді өзгереді.
Өндірістік жұмыс орындарындағы температура өндірістік ортадағы метеорологиялық жағдайды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Жоғары температурада жұмыс істеу адам ағзасына кері әсер етеді. Жоғары температурада жұмыс істеген кезде адамның денесінен көп мөлшерде тері шығарады, бұл организмді құрғатып, жүрек – көк тамырларының жұмысын нашарлатады, тыныс алуды жиілетеді, басқа да мүшелер мен жүйелерге кері әсер етеді.
Жоғары температураның адам ағзасына ұзақ уақыт бойы әсері, әсіресе жоғары ылғалдылықта, адам ағзасында жылудың көп мөлшерде жиналуына соқтырады (мысалы, гипертония, кан қысымының артуы).
Жылу бөлініуді төмендетудің шаралары:
- жылу тасымалдайтын бу-газ құбырларын және қондырғыларын жылу сақтайтын материалдармен қаптау;
– құрал-жабдықтардың герметизациясы;
– ауа алмасу жүйесін пайдалану;
– жеке қорғану заттарды қолдау.
Адамның еңбегі мен демалысы МЕСТ ЕҚСЖ «Жұмыс орнындағы ауа» ауа ортасы санитарлы-гигиеналық талапқа сай құжатында айтылған белгілі бір сана мен күйді қанағатандырғанда жүзеге асады.
Адамның денесі ауаның температурасы мен ылғалдықтың белгілі ара қатынастарында жылуды бірдей сезінеді.
Адамның ағзасына ауада жетіспейтін немесе артық ылғалдық кері әсер етеді. Төменгі температура мен жоғары ылғалдылық дененің жылу алмасыуын күшейтеді де ағзасын суытады. Жылу сиымдылығы деп дененің температурасын 10С арттыруға жұмсалатын жылу мөлшерін айтады. Жоғары температурада ылғалдылық жоғары болса тердің кебуі қиындатып ағзасын қыздырады. Адам ағзасы қатты қызғанда жылу соққысына ұшырайды, себебі ол орталық нерв жүйесіне әсер етіп адамның тынысы мен жүректің жұмысын нашарлатады. Адам жылу соққысына ұшырағанда оған жедел жәрдем беру қажет.
Төменгі ылғалдылық, әсіресе өтпелі немесе қыс кезінде, қызып тұрған заттардың жылуымен ысытылғанда немесе сүйық заттарды ашық күйінде қыздырып және қайнатқанда пайда болады.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендегенде тері мен тыныс алу жолдарының қабаты кебеді.
МЕСТ 12.1.005-76 сәйкес өндірістік жұмыс орындарын сол жердегі ауа температурасының өзгерісіне әсер ететін жылу артығы бойынша шартты түрде нақты жылу артығы (23 Дж/м3*сағ немесе 20 ккал/м3*сағатқа тең немесе жоғары) және айтарлықтай жоғары нақты жылу артығы (23 Дж/м3*сағ едәуір көп) деп бөлінеді.
Бөлмедегі жылу алмасу ауаның конвективті қозғалысы мен жылулық сәулеленудің әсерінен жүруді және ауаның ауысу жылдамдылығы адам ағзасында үлкен роль атқарады.
Жыл мерзімі екі мезгілге бөлінеді: суық және ауыспалы болып.
Жылдың суық және ауыспалы кезендерінде өндіріс орынындағы жұмыс аймағының салыстырмалы ылғалдылығының, температурасының және ауа жылдамдылығының оптималды және шекті нормалары 2 кестеде берілген.

Кесте 2. Жылдың суық және ауыспалы кезендерінде





Жұмыс
дәрежесі

Ауа темпера-турасы,0С

Салыстырмалы ылғалдылық,%

Ауаның қозғалу жылдамдығы, м/сек

үйлесімді

мүмкін

үйлесімді

мүмкін

үйлесімді

мүмкін

І

20-23

19-25

60-40

75

0,2

0,2

Іа

18-20

17-23

60-40

75

0,2

0,3

Іб

17-19

15-21

60-40

75

0,3

0,4

2

16-18

13-19

60-40

75

0,3

0,5

Жылдың жылы мезгіліне арналған микроклимат оптималды параметрлері суық мезгілге қарағанда температура 2-30С жоғары, барлық дәңгейдегі жұмыстар үшін салыстырмалы ылғалдылық – 40-60%, жұмыс категориясына байланысты ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/сек-тен 0,5 м/сек дейінгі аралықта ауытқып тұрады.
І жұмыс дәрежесіне – отырып, тұрып немесе жүріп істейтін, денеге күш түсірмейтін жеңіл жұмыстар жатады;
Іа – салмақ түсірмейтін орташа ауырлықтағы жұмыстар
Іб – 10 кг-ға дейін салмақ түсіретін орташа ауырлықтағы жұмыстар;

  1. - ауыр жұмыстар.

Микроклиматтағы параметрлердің және жұмыстың ауырлығына байланысты адам организміндегі температураны реттеу - термореттеу деп аталады.
Термореттелу кезінде денедегі артық жылу қоршаған ортаға, жылулық сәулелену арқылы және тердің кебу процестері арқылы беріледі. Термореттеу тек қана микроклиматтың белгілі бір параметрлерін қамтамасыз етеді. Термореттеу орталық жүйке жүйесінің бақылауындағы физиологиялық процесс. Ол ағзадағы зат алмасу процесінде үздіксіз түзілетін жылу мөлшері мен қоршаған ортаға үздіксіз берілетін жылу артығы арасындағы тепе-теңдікті, яғни адам ағзасындағы жылу балансын үстап тұруды қамтамасыз етеді.
Термореттеу химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық термореттеу ағза қызу қауіпінде немесе салқындауда алмасудың күшеюімен зат алмасу деңгейінің төмендеуімен орындалады. Дегенмен сыртқы ортамен ағзаның жылулық тепе-теңдігіндегі химиялық термореттеуіның ролі қоршаған ортаға жылу беруді реттейтін физикалық термореттеумен салыстырғанда айтарлықтай емес.
Өндіріс орнында температура жоғары болса, терінің қан тамырлары кеңейіп, қан терінің беткі қабатына жиналады, қоршаған ортаға жылу берілу мөлшері үлғаяды.
Адам ағзасының қоршаған ортамен жылу алмасуы метеорологиялық параметрлерге тәуелді конвенциялық (тері қабаты арқылы) және адамның терлеуі арқылы өтеді.
Адамның температурасы жоғарылағанда (35-39˚С), ауыр жұмыс істегенде адамның денесі ысып, температурасы 40-42˚С дейін көтеріліп, есінен тануы мүмкін. Сыртқы ауаның ылғалдылығы жоғарласа, адамның денесі одан сайын ысиды. Суықта жұмыс істейтіндердің денелері мұздап, жұмыс қабілеттілігі төмендейді, денсаулығы нашарлап, инфекциялық ауруларға шалдығады. Әсіресе, суық кезде ауаның ылғалдылығы жоғарылағанда адамның денесі одан сайын мұздайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені