ҚР «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңы - құқық нормасы – реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға арналған, жеке-дара айқындалмаған тұлғалар тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi мінез-құлық қағидасы;
- құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті органдар қабылдаған, құқық нормаларын немесе жеке-дара билік ететін құқықтық нұсқамаларды қамтитын, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
- нұсқаулық – қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында заңнаманың қолданылуын тиянақтайтын нормативтік құқықтық акт
- нормативтік емес құқықтық акт – құқық нормаларын қамтымайтын, уәкілетті орган өз құзыреті шегінде шығарған (қабылдаған), жеке-дара айқындалған тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын не нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме беретін жазбаша ресми құжат, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер;
- нормативтiк құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган қабылдаған, құқық нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың қолданысын тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгiленген нысандағы, қағаз жеткізгіштегі жазбаша ресми құжат және сонымен бірдей электрондық құжат
- Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды болып бөлiнедi - Негізгі:
- ҚР Конституциясы, ҚР конституциялық заңдары, ҚР кодекстері, ҚР шоғырландырылған заңдары, ҚР заңдары;
- ҚР Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары;
- ҚР Парламентiнің және оның Палаталарының нормативтiк құқықтық қаулылары;
- ҚР Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары;
- ҚР Конституциялық Кеңесiнiң, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
- ҚР Орталық сайлау комиссиясының, ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, ҚР Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары;
- ҚР министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
- орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
- мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары.
- Туынды:
- ереже;
- техникалық регламент;
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
- қағидалар;
- нұсқаулық
- Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Достарыңызбен бөлісу: |