бар екендігі жөнінде және осы дене ерекшеліктері девиацияға себеп
болатындығы жөніндегі теорияны ұсынды. Осы сияқты девиацияны
биологиялық түсіндірудер ХХ ғасырдың басында да танымал болғанымен,
оларды кейінгі зерттеу нәтижелері ығыстырып шығара бастады.
Психоаналитиктер болса, девианттық қылықтар мен көптеген психологиялық
проблемалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын теорияны ұсынды.
Мысалы, австриялық дәрігер-психиатр Зигмунд Фрейд«өзін кінәлі сезінетін
потенциалды қылмыскерлер» туралы ұғымды енгізді. Яғни, өздерін кінәлі деп
есептегендіктен ұсталып, жаза тартуды қалайтын адамдар туралы. Алайда, бір
ғана психологиялық ерекшеліктермен қылмыстың
немесе мінез-құлықтың
басқа да типінің мәнін түсіндіруге болмайды.
Девиацияның пайда болуының алуан түрлі социологиялық теориялары да бар.
Мысалы, өзінің аномия теориясында Э.Дюркгейм девиация – бұл көбіне өзіне-
өзі қол жұмсау деп, ол нормалардың жоқтығынан болады деп есептейді. Осы
теорияны дәлелдеуші американдық әлеуметтанушы Р.Мертон девиация
қоғамның мақсаттары мен оған қол жеткізудің мойындалған құралдарының
арасында
алшақтық
пайда
болған
кезде
орын
алатындығын
тұжырымдады. Шоу мен Маккей негізін салған әлеуметтік азғындау теориясы
бойынша девиацияның көптеген түрлері мәдени құндылықтар, нормалар мен
әлеуметтік байланыстар әлсіреген кезде, немесе олар қарама-қайшылыққа
ұшыраған кезде немесе мұлдем болмаған жерде туындайды.
Әлеуметтік
ауытқушылықтың типологиясы бұл құбылыстың алуан түрлілігін көрсетеді,
оларды бөліп тұратын шекараларды айқындауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік
ауытқушылық бірнеше себептер бойынша классификацияланады. Солардың
ішінде кең таралғаны бұзылатын норманың (құқық, мораль, қатынас ережесі
және т.б.) типі бойынша ауытқудың әр алуан түрге бөлінуі. Соған байланысты
жағымсыз ауытқу қылмыс, басқа да құқық бұзушылық (әкімшілік, азаматтық,
еңбекке қатысты, қаржылық және т.б.), адамгершілікке жат қылықтар және
т.б. болып бөлінеді. Бұл классификацияның практикалық мәні оған қатысты
қандай
жаза тағайындалатындығымен, сондай-ақ кінәлілерді анықтап,
жазалауға байланысты болып келеді. Бұзылатын нормалардың сипаты
бойынша ауытқуды ұлттық деңгейдегі және халықаралық деңгейдегі ауытқу
деп те бөлуге болады. Мінез-құлықтың көптеген түрлері белгілі бір елдегі өмір
сүріп тұрған құқық нормаларының, моральдың, үлгі-өнегенің, әдет-
ғұрыптардың
бұзылуы болып саналса, оның кейбір түрлері халықаралық
құқық пен моральдың (агрессивті соғыстар, нәсілдік қорлаушылық, геноцид,
халықаралық терроризм және басқалары) жалпыға бірдей қолданылатын
нормалары мен принциптерінің бұзылуымен байланысты.
Әлеуметтік ауытқудың объективті және субъективті жақтарымен байланысты
тағы бір классификация бар. Ол екі топқа бөлінеді. а) экстравертивті (сыртқы
ортаға бағытталған мінез-құлық, ол мақсатты, алдын-ала жоспарланған немесе
аффективті болуы мүмкін, мысалы, отбасындағы дау-жанжал); ә)
интравертивті (адамның өз-өзіне бағытталған мінез-құлық – ішімдік ішу,
алкоголизм, өзін-өзі өлтіру, нашақорлық және басқасы).
Әлеуметтік бақылау Мұндай мінез-құлықтың бірінші тобы да, екінші тобы да
әлеуметтік бақылаудың әлеуметтік нормаларымен және құралдарымен
тартысқа түседі. Қоғамдық жүйе үшін жекелеген
тұлғалар мен әлеуметтік
қауымдастықтардың, жіктердің, топтардың және т.б.-ының қызметіне
әлеуметтік бақылау жасау өмірлік маңызды болып табылады. Әлеуметтік
бақылау деп әлеуметтік жүйенің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін
адамдардың мінез-құлқын және олардың өзара қарым-қатынастарын
нормативті
реттеу
түсініледі.
Әлеуметтік бақылау - әлеуметтік институттардың элементі. Ол
арқылы
индивидтердің әлеуметтік нормаларды, қызмет ережелерін және әлеуметтік
шектеулерді басшылыққа алып әрекет етуі қамтамасыз етіледі. Адамның
тіршілік-қызметін реттеудің мұндай тәсілі қоғамның тұрақтылығын ұдайы
қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылауды
ретке келтіруде қоғам мен
индивидтің өзара қарым-қатынасы проблемасы маңызды орын алады.
Теориялық тұрғыдан алғанда қоғам мен тұлғаның қарым-қатынасы әлеуметтік
бақылау жағдайында барынша қарапайым түрде көрініс береді: яғни,
индивидуалдық сапаларды әлеуметтік стандартқа сәйкес жӛнге келтіру.
Әлеуметтік бақылау тұлғаның индивидуалдық мінез-құлқына қоғамның,
әлеуметтік қауымдастықтың реакциясы арқылы іске асырылады. Соған
байланысты
қоғам
әр
түрлі
санкцияларды
қолданады.
Ал мәнін ашу бұл «норма» түсінігімен байланысты. Әлеуметтік норма – бұл
нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған дара тұлғаның, әлеуметтік топтың
немесе ұйымның шектелген іс-әрекеті .Норманың бұзылуы қоғам , әлеуметтік
топтар тарапынан нақты негативті реакцияны тудырады, яғни норманың
бұзылуы-
девиация, яғни әлеуметтік ауытқу болып табылады. Қазіргі
жағдайда девиацияның негізгі түрлеріне қылмысты, маскүнемдікті,
нашақорлықты, суицдті, жезөкшелікті жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: