Тақырыбы:«Мектеп жасына дейінгі баланың бойына отансүйгіштік сезім тәрбиелеу»



бет2/2
Дата19.01.2023
өлшемі82.19 Kb.
#417351
1   2
Байланысты:
ЖОБА 1201-31 Шынар-Мерей
1 !9-ТЖБ Математика 6-сын қаз (pdf.io), 4a стат отчот, Экология және өмір қауіпсіздігі КЭД, БББ сырты 2023, Ұлттық құндылықтар, М.Отемисулы поэзиясы, Морфология, Екпин
«Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»/халық даналығы/
Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде , рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек - бұл еңбегіміздің жанғаны,тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуі-нің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншігін дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек. «Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына түсіндіруіміз қажет.
«Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп және мектепке дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру»тұжырымдамасында патриоттық тәрбие беру міндеттері төмендегіше айқындалады:
Қазақстан Республикасының Конститутциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанда мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;
Мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанда мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау;
Жалпы адамзаттық құндылықтар мен өркениеттілікті бағалау, құрметтеу;

Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға мына төмендегідей қасиеттерге ие болуы тиіс:


-Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген;
-Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын;
-Жас ұрпаққа өз ауданымыздың тарихымен тереңірек таныстыру;
-Өлкемізде әртүрлі замандарда өмір сүрген тарихи тұлғалармен қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеп білу;
-Туып өскен жерлеріндегі өлкетану мұражайларына саяхаттар ұйымдастыру;
-Балаларға елін, жерін сүйетін патриоттық сезімдерін аша түсіп, жетілдіру;
Балаларға отансүйгіштік, азаматтық тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, патриоттық әндер, және тағы басқа іс – шаралардың маңызы зор. Ендеше жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие беру басты мақсатымыз екенін ұмытпайық..
Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады. Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай жүзеге аспақ. Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.
Мектепке дейінгі жастан бастап біздің елдің болашақ азаматы,тұлғасының іргетасын қалау қажет.Балаларда Отаншылдық қасиеттерді тәрбиелеу-баланың өнегелік даму міндеттерінің бірі,ол өзіне жақын адамдарға,мектепке дейінгі білім беру ұйымына,туған еліне деген сүйіспеншілікті дарытуды қамтиды.Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүргізгенде баланы патриоттық әңгімелерге араластырып отыру керек. Отан адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі, ең аяулысы-анасына балайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінде мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты да, осы бастан Отанына,атамекеніне шын берілгендіктен рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.Соңғы жылдарда патриоттық тәрбиенің мәніне көзқарас өзгеріп келе жатыр.Патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу идеялары мемлекеттік маңызы бар мақсатқа айналып, қоғамдық мәні болып тұр.Отанға туған жерге,табиғатқа,мәдениетке деген сүйіспеншілікке назар аударылады. Сонымен қатар ,өз Отанының символымен таныстырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары –рәміздері бар. Олардың түрі және ресми қолдану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленген.
Қ.Р-ның азаматтары Мемлекеттік туды, елтаңба ,әнұранды біліп , құрметтеуге тиіс.Көптеген қазіргі кездегі вариативтік бағдарламалар мемлекеттік рәміздермен таныстыру мақсаттарын қамтыған.Балабақша табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршін Қазақстан-ның елтаңбасын, туын танып,әнұран әуенін тану керек.Балалармен жұмыста елтаңба,ту,суреттер бар бояу кітапшаларын қолданбаған дұрыс, бұл жастағы балалар мемлекеттік рәміздердің түстерін , реңдерін анық бере алмайды. Сонымен қатар , рәміздер бейнеленген суреттері қиып алу дұрыс емес . Бейненің тұтас-тығын бұзу заңды бұзумен бірдей болып келедіЖаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді.
-ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау.
–Табиғатқа қамқорлықпен қарау.
–Еңбекте еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.
–Қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау.
–Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Патриоттық сезім, адамгершілік – жеке бастың, ұлттың, Отанның мақтанышы деп-, бекер айтпаған. «Достық» балабақшасының «Балдырған » тобында балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында еліміздің болашақ ұрпағын елін, жерін,ана тілін сүйетін қадірлейтін,үлкенге құрмет,кішіге ізет,көрсете білетін қасиеттерді бойына сіңіре отырып, балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында көптеген тәрбиелік іс-шаралар , «Менің қалам осындай» атты сурет көрмелері,туып өскен жеріміздегі өлкетану мұражайына саяхаттар ұйымдастырылып,отырады.
Сонымен бірге «Менің Отаным-Қазақстан», «Отаным-бақыт ордасы», «Біз Отаншыл баламыз» атты стенд жасақталып, үнемі толықтырылып отырады.Сонымен қатар ,ұлттық тәрбие беру- ұрпақ санасына ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан өз ұлтымыздың салт-дәстүрлерін насихаттау барысында ұлттық бұрыштар мен орталықтар жасақталды. Тұлғаның елжандылық сезімін қалыптастыру өте күрделі және ұзақ үрдіс. Сондықтан жеке тұлғаның елжандылық сезімін қалыптастыру мәселесі –мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуде жүзеге асырылуы керек. Біздің тәрбиеміз ұрпағымызды әдепті, қайырымды, елгезек, еңбексүйгіш, адал және шыншыл,ұлтшыл, намысшыл,ел қорғаны болатын, халқына адал қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу –әрбір азаматтың міндеті. Жеке тұлғаны тәрбиелеу,бала бойына өз елінің ажырамас бір бөлігі ретінде саналылықты қалыптастыру,адамгершілікті, руханилықты,патриотизмді және ұлттық мәдинетті құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу .
Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізгі –тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру; балабақшадағы оқу-тәрбие ісінің өзегі.Ендеше,егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің,ұстаздың мақсаты- дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік ,мәдениетті , парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.
Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын, айналадағы құбылыстарды ,өзінің және өзгенің мәдениетін тану арқылы жетілетіні ақиқат. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі мекеменің басты міндеті- білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде ұлттық азаматтық игіліктерді ,мәдени мұраларды насихаттай отырып, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

Балабақшадағы патриоттық тәрбие
«Патриот» - сөзі көп қырлы: өз отанына деген сүйіспеншілік,өз үйіне,еліне деген сүйіспеншілік,халқының мақтанышы.Патриоттық сезім бала кезден бастау алады.Баланы өз жақындарын,туған жерін,балбақшасын сүюге тәрбиелеу қажет,бала кезден қалыптастыру керек.
Мектепке дейінгі жасағы балаларда әлеуметтік сезімді қалыптастыру үшін ерекше тәрбие берілуі тиіс,соның ішінде патриоттық сезімін тудыруымыз қажет.Тәрбиешілер балаларды айналасындағы адамдарға қамқорлық ету керектігін,туған жеріне жанын беруге даяр екндігін,елінің мақтанышы болып өсулерін,ерекше табиғаты мен жер байлығын мақтан тұтулары керктігін ұғындыруы тиіс.Патриоттық сезім-ол жауапкершілікті қажет етеді.Мектеп жасына дейінгі баларды бастапқы істі бар ынталарымен атқату керектігін түсіндіру керек.Балабақшада адамгершілік,эстетикалық,еңбек тәрбиесінің арқасында баланың патриоттық сезімі пайда болады.Патриоттық тәрбие-Қазақстан деп аталытын өз елінің атын есте сақтаудан басталады және өзге де әр түрлі ұлт өкілдерін білуден бастау алады.Балалар басқа да ұлт өкілдерін сыйлауды,құрметтеуді үйренеді.Олардың салт дәстүрлерімен танысады, мерекелерде олардың ұлттық ойындарын ойнайды.
Балабақша тәрбиеленушілерімен бірге өтетін мерекелер білім беру программасының мазмұндамасы негізінде жүзеге асады.Мерекелік іс-шаралар кезінде балалар тақпақтар,өлеңдер үйренеді және тарихымен танысады.Бұндай мерекелер балабақшада көптеп кездеседі.Мысалға: «ҚР алғаш Президентінің сайланған күні» , «Тәуелсіздік күні» , «Жеңіс күні» , «Отан қорғаушылар күні» , «Қазақстандағы ұлттардың бірлігі күні». Бұндай мерекелер балаларды өз Отанын сүюге тәрбиелейді,өз Отанының қонақжай екендігін білетін болады.Өзінің ауылы, қаласын жайлы басқа да мәліметтерге қанық болады және басқа да ұлт өкілдері жайлы мағұлмат алады.Балабақша бала өзін жіті тануға үлкен рөл атқарады.Дегенмен патриоттық сезім өз отбасынан басалады.Жақындарының сүіспеншілігінен,туған өлкесін сүюден бастау алады.Тәрбиешілер мен ата-аналардың міндеті балаларды ерте кезден туған өлкесін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу керек.Ертеңгі күні үлкен азамат болып өсулеріне,елінің мақтанышы болуларына үлкен септігін тигізеді.

Балабақшада балаларды ойын арқылы патриоттық тәбиелеу


Балабақшадағы тәрбие- барлық тәрбиенің бастамасы. Бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен тәрбиешінің міндеті.
Балабақшада балаларды жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті-рөлдік, қимыл – қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында таным белсенділігі артып, игерген білім – машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеу,ойын ойнауға қасына серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенің басқа да салалармен тығыз байланысты.Адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқынан да әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көздеген мұратына жете алмайды.Адамгершілікке баулу жұмысының ережесі балабақшадан бастап нақтылы мақсатты көздеуі шарт. Тәрбиеші балалардың орынды іс-әрекеттерін мақұлдай отырып, азды-көпті жіберген кемшіліктерін өздері түсініп, түзетуге бағыттай білуге тиіс. Әр балаға өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдеттерді үйрену керек.
Балалардың рухани дүниесін байыта отырып, талғамдарын арттыруға ат салысу, жаңа, озық тәжірбиені дер кезінде насихаттап, өмірге енгізу – барша қауым, тәрбиешілер бірлесе атқаратын абырайлы міндет. Жас ұрпаққа адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру тұжырымдамасында былай делінген: «Балабақшадан бастап жан-жақты және толық жетілген тұлғалы адам тәрбиелеуге жәрдемдесетін эстетикалық мұраттар, талғам мен талап тілектер қалыптастыру, түптеп келгенде тәрбиенің барлық қыры мен, сырын өз бойына сіңіреді». Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенің өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мақұлдап, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберем, бәрін де өзін істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Ізеттілік, ізгілік, инабатталық әдептілік – бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет.Тәрбиеші бұл мақсатта көркем әдебиет шығармаларын кеңінен пайдаланады. Солай еткенде бала өздігінен ойын ойнағанда тәрбиешінің, ата-аналарының оқыған шығармаларынан өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді. Осы орайда күнделікті өмірде балаларға түсінікті әзіл-қалжың шығармаларды пайдалану топта балалалардың көңіл-күйін көтеріп, олардың қайырымдылығын ізгі сезімін, бір-біріне мейірімділігін тәрбиелеуге күшті әсер ететінін атап өту қажет.
Ойын мәселесімен шұғылданған көрнекті ғалымдар Р.И.Жуковская, Д.В.Менджерицкая,Т.А. Маркованың айтуы бойынша, балалардың өздігінен сюжетті-рөлдік ойындар ойнауы үшін игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек.
Ойын баланың жан серігі. Тірбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамаын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады. Балалардың мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкен адамдардың өнегесіне,балабақшадағы тәрбиеші мен қарым-қатынасы мен тәрбие жұмысын жүргізуіне байланысты қалыптасады. Үлкендердің мейірімділігі баланың сәби жүрегін қуаныш сезіміне бөлейді. Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына мақсатты жүргізілген жүйелі ойын процесінің тәрбиеләк мәні мол. Бала табиғатының өзі ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың қамқорлық, ізгілік сезімін оятады да, әрі қарай өрбіте түседі. Мұндай ізгілік сезім достық қарым қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады.
Сәбидін алғашқы қадамынан бастап, қайырымдылық қасиетті бойына сіңіре білуіміз қажет. Ол үшін баланың айналасында соған қолайлы жағдайлар жасалуы шарт. Мысалы:
А) топтағы әр заттың өз орнында және гигиеналық талапқа сай болуы тиіс;
Б) бала өзін еркін сезінуі керек;
В)тәрбиешінің жеке басының мәдениттілігі, байсалдылығы, мейірімділігі т.б. қасиеттері бала үшін аса маңызды;
Ойынды ұйымдастыру жайында
Кіші топқа арналған сюжетті-рөлдік ойындар.Бұл жастағы балаларда негізгі ойындар- ойыншыққа байланысты болады. Олар негізінен тамақтандыруға, бесік тербетуге ыңғайлы қуыршақтар, аюлар, үлкен қояндар болып келеді.Осы аюлар мен қояндарға арнап жиhаздар: үстелдер, орындықтар, кереуеттер, бесіктер қажет. Балалардың ойнауына қолайлы болуы үшін, ойыншық ыдыстардың мөлшері де көлемді болуы керек. Бұдан басқа қуыршақтар да қажет: олар көрпешеге орауға, ұйықтатуға, суға түсіруге ыңғайлы.
Тәрбиеші ойын шартын ретімен орындай отырып, «Бесік жырын» айтып сәбилерді ойнатады.Тәрбиеші қуыршақты ұйықтауға байланысты өзіне ұнаған «Бесік жыры» өлеңнің бір-екі шумағын баяу әуезді үнмен орындайды. Ойынды қайталатып ойнату кезінде барлық балалар тәрбиешіге қосылып айтады. Ойынға ұсынылған тақпақтарды арнайы жаттатпай-ақ бірнеше рет қайталау барысында, өздері-ақ үйреніп алады.Ойынның барысы:
«Қуыршақты ұйықтатамыз».Қажетті атрибуттар: қазақы бесік, кереует, төсек, қуыршықтың киімі, болуы керек.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларды дөңгелете отырғызып, ақырын дауыспен сөйлейді. Қазір қуыршақ ұйықтайды, бәріміз сыбырлап қана сөйлейік. Сендер қарап отырыңдар. Мен қуыршақты шешіндіремін. Әуелі аяқ киімін, колготкиін, сосын көйлегін шешіп орындыққа реттеп қоямыз. Қуыршақты төсекке жатқызып, баяу дауыспен бәріміз «Әй-әй бөпем» өлеңнің айтамызҚуыршақ ұйықтап қалды деп, бәріміз ақырын, тарсылдатпай шығайық дейді.Осы ойынның мазмұның әрі қарай жетілдіре жүргізеді. «Қуыршақ оянды»- қуыршақты киіндірерде балаларлан сұрай отыра, солардың айтқанымен киіндіру. «Мынау не?» -балаларды отырғызып, төсек-орны жинаулы тұрған кереуетті көрсетіп, біз қазір төсек-орындарды өз атымен жеке-жеке атаймыз. Мен мынау не?- дегенде сендер жауап бересіңдер.
Тәрбиеші өз тобындағы тәртіп бұзатын балалардың намысына тимей, адамгершілік жайындағы шығармаларды оқып талдай отырып та олардың сезіміне әсер етеді. Қай бала болмасын жағымсыз қылыөтан жиреніп, әңгіме мазмұнындағы жағымды бейнелерге еліктейді. Ойын кезінде көркем шығармалары оқу барысында, біртіндеп топтағы балалар байқағыш, реттегіш бола бастайды.Тәрбиеші күнделікті білім беру, еңбекке баулу, ойындарды ұйымдастыру кезінде әр баланың жеке тұлғасының. Қалыптасуына ізгілік сезімдерінің дамуына ықпал етеді [4].

Пайданылған әдебиеттер:


1.Сәтірқызы Г. Отансүйгіштік қасиет тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге арқылы қалыптасады. — Егеменді Қазақстан. — 2006 — 15 желтоқсан. -4 6.
2.Әшімов Б.Т. Жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының ролі. — Алғашкы әскери дайындық. — 2006, — №5. -14
3.https://bilimdiler.kz/ustaz/24050-urpakty-otansuygishtikke-tarbieleu-basty-mindet.html
4. https://adisteme.kz/balabakshada-otansuygishtik-tarbie-boyyinsha-ata-analarmen-zhumyistying-adis-tasilderi.html

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан