ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ЖОБА
Тақырыбы:«Мектеп жасына дейінгі баланың бойына отансүйгіштік сезім тәрбиелеу»
Орындаған: Әбілда Ш.Сүгірбек М.
Тобы: 1201-31
Қабылдаған:Танабаева Г.
Шымкент 2022ж
Жоспар:
КІРІСПЕ:
1.Бала тәрбиесіндегі отансүйгіштіктің мақсаты.
Негізі бөлім:
1.Отансүйгіштікке тәрбиелеуде қойылға міндеттер.
2. Бүлдіршіндерді отан-сүйгіштіккетәрбиелеуде өлкетану негіздерін қолдау.
3.Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу қоғамның қазіргі дамуы.
Қорытынды
Мектеп жасына дейінгі баланың бойына отансүйгіштік сезім тәрбиелеу
Бала тәрбиесіне халқымыз аса зор көңіл бөлген.Болашақта өзіне сенімді әрі білімді де тәрбиелі азамат қалыптасуы үшін балаларды кішкене күнінен тек жақсылыққа тәрбиелеп,отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа баулуымыз керек.
Қазіргі таңда балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі көкейтесті мәселелерінің болып тұрғаны баршамызға мәлім.сонымен қатар осы мәселе әлеуметтік оңалту үдерісінде,тұлғаның әлеуметтік ортада өз орнын табу жәнеөмір жолын таңдауда жаңа сипатқа ие болып,өзінің шешу жолдарын табу үшін жаңа әдістерді таңдауға тура әкеледі.Тұлғаның адамгершілік қасиеттері мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды.Осыған байланысты қазіргі білім беру мекемеде жұмыс істейтін мамандар балаларды тәрбиелеуде азаматтық сезімге,өз Отанын мақтан тұту сезімін қалыптастыру міндеттері қойылады.Аталмыш міндеттерді шешу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларда азаматтық-отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тиімді педагогикалық жүйені құру мақсатын қою қажет.
Бірақ балаларды азаматтық-отансүйгіштік тәрбиелеу бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда кедергі жасайтын бірқатар проблемалар орын алып жатыр,олардың ішінде:
— оқыту үдерісінің жеткіліксіз бағдарламалық-әдістемелік қамтылуы;
— қазіргі уақытқа дейін сақталған білім беру мекеменің материалдық-техникалық базасының толық қамтылмауы;
— балаларды азаматтық-отансүйгіштікке тәрбиелеуді насихаттауда БАҚ қызығушылығының болмауы және т.б.
Әдістемелік әдебиеттерде көбінесе отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесінің нақты жұмыс түрлеріндегі тек жеке жақтары ашылып,осы мәселенің барлық жақтарын көрсететін жүйесі қалыптасқан жоқ.«Отанды сүю отбасынан басталады» отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Баланың өзінің тіліне, діңіне,ұлтына деген сүйіспеншілік әкенің көзқарасымен,анасының сүтімен беріледі.Бала туғаннан өзінің тілінде әлдилеген ән тыңдаса,тілі шыққаннан мақал-мәтелдер естіп өссе баланың патриоттық сезімі оянбағанда қайтеді.Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады.Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм » ұғымдары өмір сүріп заманның наным-сенімінен туындайды.Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық-патриотизм болып табылады. «Қазақстандық-патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып ,еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін білдіреді.«Отансыз адам болмас,ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегіннен айтыла салмаған.Өйткені,Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен,өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады.Отансүйгіштік пен патриотизмдар бір-бірімен егіз ұғымдар.Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды.Сондықтан қай заман,қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт,ең алдымен ,келешек ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс.Ұлттың ғана емес,әр жанұяның бүгіні де,болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана- қабілетінде,түсінік-талғамында,мінез-құлқында өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген. Қазіргі таңда қоғамды қайта қалыптастыру кезеңінде халқымыздың ең үздік рухани дәстүрлеріне бет бұру қажеттілігі орын алып отыр.Олардың қатарына туыстық,Отан мәңгілік түбегелі ұғымдар жатады.Мектепке дейінгі жастан бастап балалардың жоғары рухани және моралдық-психологиялық қасиеттерін тәрбиелеу керек,олардың ішінде отансүйгіштік ерекше орын алады [1].
Отансүйгіштік ұғымы жан-жақты.Мұнда басым орынды Отанға деген сүйіспеншілік алады. «Отан»ұғымына өмір сүру жағдайы кіреді,атап кеткенде аумақ,климат,табиғат,қоғамдық өмірдің ұйымдастырылуы,тіл және тұрмыс ерекшеліктері деген ұғымдардан құралады.Патриот болу-өзін Отанның ажырамас бөлігі ретінде сезіну.Осы күрделі сезім балалаық шақта қоршаған орта әлеміне деген құндылығын бағалау негіздерін қалау арқылы қалыптасады.
Әр мектепке дейінгі мекемеде отансүйгіштікке тәрбиелеу келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
-рухани-адамгершілік,
-әлеуметтік,
-эстетикалық,
-өлкетану,
-еңбек,
-интеллектуалдық,
-отбасылармен бірге жұмыс істеу.
Осы жұмысты жүзеге асыру үшін отансүйгіштікке тәрбиелеу бағдарламасы шеңберінде жүйелі жұмысты тәрбиеші ата-аналармен бірге ұйымдастыруы қажет.
Осыған орай келесі міндеттер кешенін орындау керек:
-балаларды өз отбасын,балабақшаны,көшені ,қаланы сүюге,табиғатты аялауға тәрбиелеу;
-балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба,ту,әнұран);
-елінің,халқының,қаласының жетістіктерін мақтан тұту,жауапкершілік сезімін дамыту;
-басқа ұлт өкілдерін сыйлау,олардың дәстүрлерін дәріптеу сезімін қалыптастыру;
-еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу;
-ұлттық қолөнер шеберлігін білуге қызығушылықты қалыптастыру;
-адам құқықтары жөніндегі алғашқы білімдерін кеңейту;
-Қазақстанның қалалары туралы білімдерін тереңдету.
Осы міндеттердің барлығы балалармен қарым-қатынас түрлерінде шешіледі,яғни ойындар,еңбек ету,тұрмыстық жағдаяттар кезінде. Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, Отанның тарихи-мәдениет рухани мұрасына тану қызығушылығын дамытуға міндеттейді.Өз тарихын білмеген, болашағы жоқ адам, дегендей, өз шығу тегін, халқының дәстүрін білмеген адамды отбасын, елін, халқын сүйетіндей, басқа халықтарды құрметтейтіндей тәрбиелеуге болмайды. Азаматтықты тәрбиелеу оның кіші еліне деген құрметтеуден басталады. Мектепке дейінгі жастағы бала отансүйгіштікке жолды туыстарға, айналасына, балабақшаға, қаласына деген сезімдері арқылы бастайды.Бүлдіршін өзін ел азаматы ретінде сезіну үшін айналасындағы жақсы үлгілерді көру керек. Осыған орай балабақшадан бастап мемлекеттік рәміздерге, халықтық салт-дәстүрлерге көзқарасы қалыптасады. Әрине осы мәселені шешуде халық ертегілері өзінің орнын алады.Бүлдіршін ертегілердің кейіпкерлерін үлгі ретінде қабылдап, өз жүрегінен өткізіп, эмоция арқылы сезімін білдіреді. Нәтижесінде олар өздерін кейіпкерге ұқсатып, бүлдіршін жасынан бастап адамгершілікке, отансүйгіштікке, әдептілікке бағытталып, балалар өздері жақсы қасиеттерге тартылады. Қазақ халқының ерекше өз ертегілер әлемі қалыптасқан. К.Д.Ушинскийдің пікірі бойынша: « …тәрбие әлсіз болмаймын десе, халықтық болу керек». К.Д.Ушинский педагогикаға «халықтық педагогика» ұғымын енгізген. Зерттеушінің пікірі бойынша, халықтық салт-дәстүрлерге үйрету, фольклор арқылы халықтың жанын білуге, рухани байлық құндылықтарды бағалауын көруге болады. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кеңінен халық ауыз әдебиетінің материалдары қолданылады. Бірақ осы әдісті бір жүйеге келтірген жөн. Мысалы, мақал-мәтелдерді жай жаттаумен қатар оларды түсіндіріп, белгілі жағдайда орынды болуын көрсету керек.
Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде өлкетану негіздерін қолдануға болады. Балалар арасында «Менің көшем», «Менің қалам» атты көркем сурет көрмесін ұйымдастыруға болады. Осында жіберілетін бір қателік балалардың жұмыстарын іріктеуге болмайды, себебі баланың суреті оның ішкі сезімін білдіреді.
Балабақшадағы тәжірибеге келсек, бүлдіршіндерді адамгершілік отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын олардың өз туған қаласының тарихы. оның көркем жерлері, мәдениеті, қаһармандары туралы білімдерін диагностикалаудан бастадым. Диагностикалау нәтижелері бойынша келесі мәліметтерге ие болдық. Бүлдіршіндер 1941-1945 Ұлы Отан соғыс туралы білмейді. Ал Ұлы Отан соғысқа қатысқан жерлестеріміз туралы мүлдем бейхабар. Кейбір балалар қалада орнатылған ескерткіштерінің мағынасын білмейді. Өз көшелерінің аталуы неге байланысты екені жөнінде бейхабар екен. Орын алған мәселелерді шешу үшін отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмысын келесі тақырыптарға бөлдік: «Қаламыздың тарихы», «Өскемен қаласының көріністері», «Жерлестеріміз-халық қаһармандары». «Ұлы жеңіс — жасасын!» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.
Отансүйгіштікке тәрбиелеуде қойылған міндеттерді шешу мақсатында топта пәндік-дамыту орта қалыптастырылған. Қалыптастырылған орта арқылы туған өлке тарихын және дәстүрлерін тереңінен білуге жағдай жасалған. Мұнда: балаларға аталған тақырыпта жазылған әдебиеттер кітіпханасы, балалармен жұмыс істеуге арналған «Өскемен қаласы бойынша экскурсия», «Өскемен қаласының тарихынан», «Өскемен қаласының қаһармандары» атты альбомдар. Ойын бұрыштарында аталмыш тақырыптарда рольдік ойындарды ойнатуға қажетті кұралдар жиналған. Мысалы, ұл балалар үшін әскери ойын құралдары, қыз балалар үшін әскери санитарлар құралдары.Жалпы әр дамыту бағыты бойынша жұмыс мазмұнын ашатын перспективтік жоспар құрастырылған.Жұмыс мазмұнын жүзеге асыру түрлі нысандар бойынша өтеді: балалармен әңгіме құрастыруда, кітаптарды оқып, талқылау, Ұлы Отан соғысы туралы әңгіме құрастыру, қаланың көріністеріне жаяу экскурсия жасау, әскери- патриоттық ойындарды ұйымдастыру. Сонымен қатар жоспарға Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен кездесулердің, тақырыптық көрмелердің, мерекелік шаралардың ұйымдастырылуы енгізілген. Мысалы, Жетінші мамыр — Халық қаһарманының күні. Осындай түрлі жұмыстарды қолдану арқылы балаларға білім беру үрдісінің тиімділігіне әсер етіп, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеуге жағымды әсер етіледі.Отансүйгіштікке тәрбиелеу отбасынан басталады. Бүлдіршін өз отбасының да тарихын білу керек. Бала өз отбасын мақтан тұтса, өзін де сыйлай бастайды, жоғары бағалайды. Арнайы отансүйгіштікке мәжбүрлеуге болмайды, нәтиже болмайды.Сондықтан бүлдіршіндерді туған өлкесімен таныстыруда ата-аналармен тығыз қарым-қатынас арқылы жұмысты ұйымдастыру керек. Осы бағытга да перспективтік жоспар құралған. Жоспарға ата-аналар жиналыстарының,әңгімелердін, кеңес берулердің, түрлі шығармашылық сайыстардың және көрмелердің ұйымдастырылуы енгізілген. Топта ата-аналарға арналған әдістемелік кітапхана жиналған. Жастайынан туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімі адам есінде өмір бойы қала береді. Мектепке дейінгі білім мекемелерінде рет-ретімен, жүйелі түрде ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде бүлдіршіндерді болашақта жауапкершілігі жоғары, белсенді азаматтық ұстанымы бар, туған өлкесіне қатыстығын сезінетін, халқын, Отаның, отбасын, сүйетін, өз азаматтық парызын әрдайым өтеуге дайын болатын тұлға ретінде тәрбиелеуге әкеледі. Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі, не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі коғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. «Патриотизм, — дейді ұлтымыздың батыры Б.Момышұлы, — Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз — мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі куні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді». Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешеғіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті Отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір педагогтің міндеті.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды туған қаласымен таныстыру оңай міндет емес, өйткені кішкентай балаға үлкен қаланың құрылысын, оның құрылу тарихын, әсемді жерлерін елестету қиын. Осы жұмыс дәйекті түрде жүргізіледі, ең жақын орналасқаннан, таныстан (отбасы, балабақша, микроаудан), ең қиынына - қала, мемлекет.
Балалардың әлеуметтік тәжірибені қалыптастырудың, жақын адамдарға деген бауыр басудың негізі болып тәрбиеленушілердің отбасыларының салттарымен таныстыру жұмысы болып табылады. Осы ата-аналардың үйі Отанға деген махаббатқа негіз болады.
Патриотизм - тарихи, әлеуметтік ұғым, гректің parties - Отан, ел деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді. Патриоттық, отаншылдық сезім бірте - бірте, адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси - әлеуметтік құбылыс.
Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерінің жаңа стандартының бес білім саласының талаптарына сай, ата-бабамыздың асыл мұрасын, өнер мен өнегедегі үлгілерін бала бойына сіңіре отырып, жан - жақты тәрбиелеу мақсатында Балбөбек, Тәй-тәй халықаралық білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс жүргізілуде. Осы бағдарламаларды қолдану арқылы балалардың ерік - жігерінің қалыптасуына, өздігінен ізденуіне, жеке тұлға ретінде дамуына назар аударылады. Балабақша меңгерушісі Алтын Көкішқызы Кәрімжанова осы мекемеде 26 жыл еңбек етуде. Еңбек өтілін тәрбиеші мамандығынан бастаған, балабақша әдіскері болып мол тәжірибе жинақтаған ол - ұрпақ тәрбиесін алдыңғы қатарға қоятын, үлгі болатын жігерлі, іскер маман. Іскер басшының іс-тәжірибесінен тәлім алған тәрбиешілер: Г.Д.Сержанова, С.А. Андреева, Н.Б.Галимзянова, С.К.Асаинова, Ш.Б.Маканова, А.З.Худжанова - бала жанының бағбаны.
Тәрбиешілер бала тәрбиесінде өз топтарында Елім- ай Туған қалам - мақтанышым атты үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірмеде балалармен бірге ата - аналар да өздерінің көп үлестерін қосады. Тәрбиешілер балаларды қаланың мәдениет орталықтарымен, әйгілі батырлары, ақын - жазушыларымен таныстырып, мәңгілік алауға, ескерткіштерге барып гүл шоқтарын қоюды әдетке айналдырды.
Мектепке дейінгі мекемелерде кіші жастағы балалармен тәрбиешілер тақырыптық сабақтар өткізді. Еліміздің төл мерекелерін балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата - аналар өз үлестерін қосады. Балаларды тәрбиелеуде балабақша мен мектептің, мұражайлардың, кітапханалар мен сабақтастығы дұрыс жолға қойылған. Салауатты өмір салтының бөлімімен бірлесіп Джунгли шақырады атты спорттық сайыс өткізілді. Қала педагогтарына ПК БАИ әрдайым ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері көрсетіледі.
Сонымен қатар отбасымен ынтымақтастық жұмыстарын нығайту мақсатында ашық есік күндері, сауалнамалар, ертеңгіліктер, көрмелер, ойын - сауықтар өте қызықты да тартымды өтуі, ата - аналардың белсене қатысып,қызығушылық таныту жүргізілген жұмысымыздың нәтижесі деп есептейміз.
Балабақша педагогтарының мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған әдістемелік құралдарына (2010 жыл Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру жолдары Г.Д.Сержанова; 2011жыл Мектепке дейінгі балалардың тілдерін халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы дамыту А.З.Худжанова; Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін саусақ жаттығулары арқылы дамыту С.К.Асаинова ;Балалардың тілдерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту Ш.Б.Маканова) психология ғылымының кандидаты, доцент ПМПИ психология кафедрасының меңгерушісі А.Ж.Аплашованың рецензиялары берілді. Осы рецензияланған құралдар - қала аумағындағы, балабақшаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын білім бөлімінің өткізетін қалалық Рауан, Балбұлақ фестивалдарына қатысып жүлделі орындарға ие боламыз.
Халқымызда баланы жастан деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата - бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ патриот тәрбиелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз. Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанатжайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады. Адами-патриоттық тәрбиеде ересектердің үлгісі үлкен маңызы бар, әсіресе жақын адамдардың. Отбасыдағы үлкен адамдардың адамдардың(аталардың және апалардың, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, олардың майдандағы және еңбек ерліктері) айқын дәлелдеріне сүйеніп балаларға осындай маңызды ұғымдарды дағдыландыру, олар Отан алдыңдағы парыз, Отанға деген сүйіспеншілік, жауға деген өшпеңділік, еңбек ерлігі және т.б. Балаға біздің жеңісіміз, Отанға деген махаббатымыздан, біздің Отанымызды сүйетінімізді, адам бақыты үшін өзінің өмірлерін бергендерін, Отанның өзінің батырларын құрметтейтініне деген түсінікке келтіру.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады.
Мақсаты.Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды патриоттық сезімде тәрбиелеу, Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер жаттату, әңгімелеу арқылы бала бойына елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру болып табылады. Сондай-ақ, тәрбиешілер балалармен тақырыптық сабақтар өткізеді. Еліміздің төл мерекелерін балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата - аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосады. Балаларды тәрбиелеуде балабақша мен мектептің, кітапханалар мен мұражайлардың сабақтастығы дұрыс жолға қойылған. Сонымен қатар, отбасымен ынтымақтастық жұмыстарын нығайту мақсатында ашық есік күндері, сауалнамалар, ертеңгіліктер, ата-аналар жиналыстары жүргізілген жұмысымыздың нәтижесі деп есептейміз. Соның ішінде атап айтсақ:Менің елім - Қазақстан!, Отан - отбасынан басталады, Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік т.б.
Патриотизм - тарихи, әлеуметтік ұғым, гректің parties - Отан, ел деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді. Патриоттық, отаншылдық сезім бірте - бірте, адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси - әлеуметтік құбылыс.Бір жағынан, ол жеке тұлғалық, қоғамдық сана элементтерінен тұрса, екінші жағынан, Отанды қорғауға, сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім.Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі - халықтың береке- бірлігінде, ынтымақ-ықыласында, елдігі мен ерлігінде және мемлекетіміздің күш-қуатының беріктігі мен ұлан - байтақ жерінің біртұтастығында [2].
Патриотизм ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғышарттар қажет:
- төл тарихымызды білу;
- ана тілді ардақтап, құрметтеу;
- ұлттық салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыптарды қадірлеу.
Адамзат отансүйгіш және қайырымды бала тәрбиелеуді мақсат тұтады. Қазақ халқы өз баласының ізгі ниетті, адал жүректі, өр әрі намысшыл болғанын қалайды. Қазақтың атына кір келтірмей, елін, жерін қастерлеп, туған халқының мәртебесін жеке пиғылынан жоғары қоятын жан болғанын тілейді. Ал, бұл қасиеттер бала бойына тек тәрбие арқылы сіңеді. Отанымызды мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астында тату-тәтті, баянды ғұмыр кешуі үшін еліміздегі әр азаматтың бойында ортақ мақсаттарға деген ұмтылыс, барлық халықтарға деген құрмет болуы тиіс. Оның басты құралы- патриоттық тәрбие. Патриоттық сезім- ұлттық рух деңгейінің өлшемі. Сол себептен Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды. Дей тұрғанмен, әттеген-ай дейтін тұстарымыз да жетерлік. Қоғамдық жерлерде қазақтың қара көз балалары өзара орысша сөйлеп, Еуропа мәдениетіне еліктейді. Мұның себебі неде? Жастардың арасында патриоттық сезімді қалай дәріптеуімізге болады? Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың берік денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жан толқынтарлық болса, баланың тәрбие алып, шын адам болатындығы деген қағидасы өміршең болып отыр. Дәл осындай игі қасиеттерді бойына сіңірген жалпы адами құндылықтарды меңгерген, қоғамның жоғары мұратты мақсаттарына сай келетін жеке тұлғаны қалыптастыру - баршамыздың алдымызда тұрған міндетіміз.
Міндеттері: Мектепке дейінгі жастағы балалардың адами-патриотттық міндеттері:
1. баланың өзінің отбасына, үйіне, балабақшасына, көшесіне, қаласына деген сүйіспеншілік пен бауыр басып кетуін тәрбиелеу;
2. табиғат пен бүкіл тірі жанға ұқыпты қатынасты қалыптастыру;
3. еңбекке деген сыйластықты тәрбиелеу;
4. халық салтына және кәсіптікке қызығушылығын тудыру;
5. адам құқығы жайлы қарапайым білімдерді қалыптастыру;
6. Қазақстан қалалары жайлы хабарын кеңейту;
7. балаларды мемлекет рәміздерімен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран);
8. мемлекет жетістіктері үшін жауапкершілік пен абырой сезімдерін дамыту;
9. өзара сыйлау, басқа ұлттарға олардың салттарына деген сыйластықты қалыптастыру.
Осы міндеттер балалық жұмыстың бүкіл түрлеріңде шешіледі: сабақтарда, ойындарда, еңбекте, үйде - баланың тек қана патриоттық сезімін ғана емес, сонымен қатар оның ересектермен және құрдастарымен өзара қатынастарын қалыптастырады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды туған қаласымен таныстыру оңай міндет емес, өйткені кішкентай балаға үлкен қаланың құрылысын, оның құрылу тарихын, әсемді жерлерін елестету қиын. Осы жұмыс дәйекті түрде жүргізіледі, ең жақын орналасқаннан, таныстан (отбасы, балабақша, микроаудан), ең қиынына - қала, мемлекет.
Балалардың әлеуметтік тәжірибені қалыптастырудың, жақын адамдарға деген бауыр басудың негізі болып тәрбиеленушілердің отбасыларының салттарымен таныстыру жұмысы болып табылады. Осы ата-аналардың үйі Отанға деген махаббатқа негіз болады.
Осы тақырып бойынша тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен жұмысының басқа да түрлерін қолдануға болады: ата-аналардың жақсы көретін сабақтары мен отбасының қызықтары, салттары, бірге өткізетін мерекелер, отбасылық бас қосулар туралы әсемделген фотоальбом мен фотогазеттер көрмесі және т.б.
Ауламен, балалар тұратын көшемен, микроауданмен танысу балаларға туған қаласы, оның құрылысы, тарихы, дем алатын орындары туралы түсініктерін қалыптастыруына әкеледі. Ата-аналармен бірге серуендеулері қызықты оқиға болары анық, балалар тек қана сол микроаудан орналасқан төңірекпен танысып қана қоймай, сонымен қатар ата-аналарымен бірге өзінің кіші Отанының әдемі орындарын тамашалайды. Мәліметті таңдағанда, міндетті түрде осы көшенің, микроауданның тіпті облыстың қандай қайталанбас жер бар екеніне. Мазмұнына сай мәліметті таңдау, мектепке дейінгі жастағы балалардың, өзінің қаласы несімен атақты екеніне хабар береді: тарихымен, салттарымен, көрнекті орындарымен, ескерткіштерімен, жақсы адамдарымен.
Балаларға ұсынылатын мәліметтер әр жаста ұқсас болмайды. Төрт жастағы бала өзінің тұрғылықты және балабақшаның орналасқан көшесін білуі керек. Жастары үлкен балалардың көңілдерін жақын орналасқан нысандарға бөлу керек: мектеп, кинотеатр, пошта, дәріханаға және т.б., олардың қызметтері жайлы, және осының барлығы адамдардың ыңғайлы өмір сүрулері үшін салынғандарын айта өту.
Дүкенге, мектепке, кітапханаға, поштаға, стадионға бағытталған мақсатты түрдегі экскурсиялар, микроауданның мекемелерінің құрылысымен және жұмысымен таныстыруға көмектеседі, адамдардың әр түрлі қажеттіліктері, кім және қалай қала тұрғындарының қамын ойлайтындары туралы мектепке дейінгі жастағы балалардың түсініктерін қалыптастырады .Кіші отанның тарихымен таныстырғанда, ең бастысы ізденушілік қызметі қалыптасу керек: балалар өздері тұратын микроаудан атауларының тарихын ата-аналарынан, аталарынан, апаларынан сұрастыра алады. Осы жұмыс барысында микроаудан тарихына танымдық қызығушылық өседі, танымал жерлестеріне деген сыйластық туады.
Соңғы уақытта мектепке дейінгі білім жүйесінде айқын өзгерістер орын алды: балаларды тәрбиелеу мен білім мазмұны жаңартылып жатыр, көптеген инновациялық бағдарламалар пайда болды,сонымен анық болғаны ол вакуумның пайда болғаны, ол көз алдыңда ғайып болғанның нәтижесінде бөлімнен түсіп қалған адами тәрбие болып шықты. Сонымен қатар мәселенің өзектілігі, қоғамның қазіргі заманғы деңгейінде адами тәрбиесімен байланысты болып, ол төтенше маңыздылыққа ие болып жатыр.
Адами тәрбиенің маңызды бөлігі ол баланың өзінің мәдениетіне бет алуы болып табылады, өйткені баланың тұлғалықтай толық ашылуы тек оның өз халқының мәдениетіне қосылу арқылы мүмкін болады. Балалардың Отандық мұраға бойсұнуы, сыйластықты, өзі тұратын жері үшін мақтанышты тәрбиелейді. Кішкентай бала үшін Отан туған үйінен, өзі және отбасысы тұрып жатқан көшеден басталады, отбасыда болашақ өз елінің азаматы өсіп келе жатыр. Осы сұрақ бойынша ата-аналармен әрекеттесуі, өз халқының мәдениеті мен дәстүріне эмоционалды, ұқыпты қатынасын туғызады, сонымен қатар тік отбасылық қатынастарды сақтауына әкеледі.
Сонымен, балалардың адами-патриоттық тәрбиесі - мектепке дейінгі білім мекемесінің негізгі міндеті болып келеді, ал оның негізгі шарты болып ата-аналармен, отбасымен тығыз байланысы болып табылатын, қоғамның ұяшығы мен ұлттық дәстүрлердің қорғаушысы іспеттес.
Сондықтан да, зерттеудің мақсаты - ата-аналармен әрекеттесу арқылы өзгешіліктерін айқындау, мектепке дейінгі балалардың адами-патриоттық сезімдерін өзінің туған қаласының мәдениеті мен тарихы арқылы тәрбиелеу.
К.Д.Ушинский өз педагогикасында балалардың адами құндылықтарының қалыптасуына көп көңіл бөлген. Оның ойынша, адами тәрбие, балалардың ойлау және еңбек ету тәрбиесімен тыңыз байланыста болу керек.Адами тәрбие - санаға, адамның сезімі мен тәртібіне бағытталған жүйелік ықпал, моральдық қасиеттерін, адами нормалардың маңыздылығына сенімді қалыптастыру.Адами тәрбие - нақтылы қоғамның құндылықтарына балаларды ұйытуға бағытталған үдеріс.
Сонымен, балалардың адами-патриоттық тәрбиесі мектепке дейінгі білім мекемесінің негізгі міндеттері болып табылады. Патриоттық сезімді қалыптастыру үшін балаларға Отан жайлы бастапқы білім беру керек, біздің еліміз, халқымыз, әдет, тарих, мәдениет туралы тіректі хабар беру керек.Ата-аналар мен балаларға қызық болатын микроауданның үлгісі құрылуы мүмкін, әр бала ересектердің көмегімен үйінен балабақшаға апаратын жолды салады, үлгіде көше атаулары, жолдағы өтпе жол, көркем орындар белгілейді.
Сонымен қатар, адами-патриоттық тәрбиенің осы кезеңінде өз туған қаласының тарихы, көркем жерлері, ескерткіштері, сонымен қатар көшелер мен алаңдар жайлы білімдерін тексеру арқылы отбасылық өткізулер мен конкурстар өткізілуі мүмкін.Олардың аттары қала, көше, алаң атауларыңда, мәңгілікке қалады, олардың құрметіне ескерткіштер тұрғызылды. Сол үшін азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа керек.
Халқымызда баланы жастан деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата - бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ патриот тәрбиелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз болмақ.Мектеп жасына дейінгі баланың рухани-адамгершілік,потриоттық сезімін қалыптастыру.Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.Атақты педагог Сухомлинский; Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі заман достарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына ата - бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап,жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткені мен бүгінгі байланыстыра білулеріне, сөйтіп, мәңгүрттік атаулыға тосқауыл коюларына ұлт ойындары септігін тигізеді. Балалар ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген сондықтан, халық оған тек ойын - сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қоршаған ең басты - ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қасиетін шаршы топтың алдында, баршаға тең, еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.
Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығының және орындалуы да көбінесе ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым - қатынасқа әрекеттенуге тәрбиелеуге мүмкіндік мол.
Жас ұрпақ тәрбиесі Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздік жағдайына ие болғанда өз мемлекеттілігін қалыптастыруға байланысты бала тәрбиесін қайта қарау маңызды міндеттердің бірі болып отыр. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің елімізді, өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, осы жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әр бір тал шыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік», - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін атап көрсетті .
Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі халықтың береке – бірлігінде, ынтымақ ықыласында, елдігімен – ерлігінде екендігіне ешкімнің дауы бола қоймас. Қазақстандық патриотизм қоғамды топтастырудың жетекші факторы болып қала береді. Мемлекетіміздің беріктігі мен күш-қуаты, өміршеңдігі де, оның ұлан байтағының біртұтастығы да Отанды сүюге, патриотизмге байланысты.Жас ұрпақтың оның ішінде төменгі сынып оқушыларының төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен тығыз байланысты. Халықтық құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлікке, азаматтыққы тәрбиелеудегі өлең-жырлар, мақал-мәтелдердің әсері ұтымды болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.
Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі- бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Халқымыздың отансүйгіштік, патриоттық туралы ұлттық мұрасының даму тарихына үңілетін болсақ, ХV-XVII ғасырлардағы Асан қайғы бастаған, Ақтанберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын – жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой-пікірлерінен көреміз.
Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерде, халықтық педагогика құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушы – педагогтардың, соның ішінде Ш.Уалихановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, М.Жұмабаевтың және т.б. да маңызды ой-пікірлері, отансүйгіштік, патриоттық туралы қағидалары қазіргі кезде өз жалғасын табуда.«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - депті Әл-Фараби бабамыз. Осыдан өз тағдырын өзі шешуге қолын енді жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екендігін байқаймыз.
Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи-этникалық мұрасын, ұлтының әдет-ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтанышын туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бамтауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.
Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын маңызды элементтердің бірі – рух немесе ұлттық патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қарастырылуы тиіс. Патриотизм өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасына, мінез-құлқына, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктеріне тән ерекше тарихи ұлттық дәстүрмен тығыз байланысты. Ұлттық сезімдерді патриотизм арасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және оларды міндетті түрде бала санасына сіңіре білу қажет.
Рухани тәрбие, моральдік ұстаным, Отанын, халқын, елін сыйлауға тәрбиелеу оқыту жүйесінің басты мақсаты болып келген. Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, адамгершілік мұраты биік патриот, намысты қаһарман, қайсар,жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата – ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани – патриоттық сана – сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде, рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.
Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің мақсаты- дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік ,мәдениетті , парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.
Біздің № 3 «Балбөбек»бөбкежайы балабақшасында балаларды ұлт жандылыққа тәрбиелеу мақсатында еліміздің болашақ ұрпағын елін, жерін,ана тілін сүйетін қадірлейтін,үлкенге құрмет,кішіге ізет,көрсете білетін қасиеттерді бойына сіңіре отырып, балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында көптеген тәрбиелік іс-шаралар ,
«Менің Отаным», «Тәуелсіздік тұғырым», «Тілім менің тірегім» аттытәрбиелік іс-шаралар ,ұйымдастырылып отырады.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек – бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білемін.
Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. «Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет.
Балаларға отансүйгіштік тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, патриоттық әндер, және тағы басқа іс – шаралардың маңызы зор.Жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие беру біздің басты мақсатымыз.Халқымыздың аса бай тарихы ерлік, азаматтық дәстүрлерді жалғастыруды керек етеді. Жүзедеген жылдар бойы қалыптасқан ата-баба салты, сыйластық, жомарттық, азаматтық және батырлық қасиеттер бүгінгі жас ұрпаққа ауадай қажет. Отанын сүйген, өз елінің болашағын ойлаған білікті де білімді жас мамандар қазіргідей шетелге қашпай өз елінің түтінін түтетіп жүрер еді. Отаншылдық, патриоттық тәрбиенің көмескіленуінен әлгіндей әрекеттер кеңінен етек алуды.
Сол сияқты отан сүйгіштікке тәрбиелейтін мақал-мәтелдердың алатын орны өз алдына бір төбе. Оның жас балалар үшін пайдасы мен атқаратын рөлі зор. Мысалы, «Ит туған жеріне», «Өз елім өрен төсегім» т.б. мән – мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнісін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдалануымыз керек.
Отаншылдық, ел-жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға арқау болатын халықтық рухани құндылықтың бірі ар-намыс. Бұл – борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш. Осы тұрғыдан алғанда ар-намыс қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік – психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтың елін, жерін сүюге отандық ойлау жүйесінің негізі болмақ. Сондықтан баланың жасынан ар-намысын қалыптастыру үшін халықтық ертегілердегі ер – азамат бейнесін сомдап, үлгі етіп, мақтанышын, ерлігін мадақтап тәрбиелеудің маңызы зор. Дәстүрлі қазақ эпосы – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра жетіп отыр. Елін, жерін қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы халық жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжкндылыққа үйретуге тырысқан.
Ұлттық ойындардың да балаға тигізетін пайдасын халық ертеден- ақ білген. Бәйге аттың озып келуі баланы батылдық пен өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелейді. Жастайынан ат құлағында ойнайтын қазақ баласы үшін бәйге ертеңгі әскери мектептің бір сынығы іспестес. Қазақтың баланы жасы жетіге келгенде атқа міңгізіп, үзеңгі ұстатуы, ел болуға, өз ісіне жауапты болуға меңзегені де жақсы дәстүр. Бұл жерде баланың жетіге келгенде мектепке баруы да, оң – солын танудағы алғашқы қадамы да кездейсоқтық емес.
Жалпы кез келген адам соғыс іс-әрекетінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани тұрғыдан дайын болуы керек.Араға бірнеше жылдар салып, ел арасында үнемі мақтанышпен айтылып жүрген қазақ халқының рухына жақын, санамызда жатталып қалған Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстанымның» әнінің ресми түрде еліміздің әнұраны болуы халқымыздың мәртөбесін көтеріп, Отаншылдық, патриоттық сезімімізді тербеп, серпілтіп тастады.Қобыланды мен Тарғынаарды өзіне үлгі қылып алған бала келешекте осы кейіпкерлердің (батырлардың) ерлігін қайталауға, елі үшін күресуге, әділетсіздіктің тамырына балта шабуға өзін-өзі дайындап өседі.
Мектепке дейін отбасында «Отан», «Ел» деген сөздердің мағынасын онша түсіне білмейтін баланың осы түсініктерді қалай, қай тұрғыдан қабылдауы мектеп жасында қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда біз мұғалімдер - тәрбиенің негізі адамгершілік, ақыл-ой деп аламыз да, білімді, адамгерішлігі жоғары ұрпқ болашақтың негізі болады аеп қате пікір туғызамыз. Бала бойындағы білімін, күш қуатын Отаны, елі, жері үшін жұмсауы керектігін ұмытып кетіп жатамыз. Сондықтан балаға білім бере отырып, біз өз білімін отаны үшін жұмсайтын, ұлттық ар-намысын барлық қасиеттерінен жоғары қоятын ұрпақ төрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздігімізді сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсатымыз болатын. Себебі, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, «Мәңгілік Ел» – ата-бабаларымыздың асыл арманы болатын. Міне, сондықтан елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың Отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі барлық ұйымдарда көкейкесті мәселе болып табылады. Балаларды Отанын, туған жерін, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы», – дей отырып, «Қазақстан- 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» – деген. Сондықтан, патриоттық тәрбие – өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілікпен қарай білетін, Мемлекеттік рәміздерге, қоршаған ортаға, отбасына, түрлі ұлт өкілдерін құрметтейтін, ұлттық құндылықтар негізінде әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», отансүйгіштік», «патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты-наным сенімінен туындайды.
«Ұлтын сүю – ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ұлттық болмысты нығайту – өзін басқалардан жоғары қою болып саналып, ұлтшылдық ретінде қаралмауы тиіс. Патриоттық сезім – Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне, бұл – ел ертеңі – жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағидаттар. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен -өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси – әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н. Ә. Назарбаев, – патриотизмді «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде – бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау» – деп белгілеген. Одан, «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» – деген екі ұғымның туындағаны белгілі.
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси – әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата – жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан – анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл – парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек. Мектепке дейінгі кезең – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болып табылады. Бұл кезеңде бала қоршаған ортаны таниды. Баланың ата-анасына, әжесіне, балабақша, достарына, яғни Отанына деген сүйіспеншілік сезімі қалыптаса бастайды. Осы кезеңде балаларды Отаннын, туған өлкесін сүйе білуге, патриоттық сезімге тәрбиелей білудің маңызы өте зор. Балабақшада балаларды рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу мынадай негізгі міндеттерді жүктейді:
Баланы өз отбасына, балабақшасына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;
Табиғатты және қоршаған ортаны аялай білу сезімдерін қалыптастыру.
Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне және әдет-ғұрпына деген қызығушылықтарын ояту.
Қоғамдық мерекелерді, салт-дәстүрлерді, Отан қорғаушыларды сыйлай білуге тәрбиелеу.
Өзге ұлт өкілдерін және олардың салт-дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.
Балабақшаларда балаларға патриоттық тәрбие беруде ортаңғы топтарда «Елін сүйген елбасы», «Менің – Отаным Қазақстан!» ұйымдастырылған оқу қызметтері Отан туралы, туған ел, туған жер туралы, тақпақ, өлеңдер, мақал-мәтелдер, еліміздің Мемлекеттік рәміздерін айтқызу арқылы патриоттыққа тәрбиелейді. Гимнды оң қолын жүрек тұсына қойып, мақтанышпен орындауға үйретеді. Елтаңбаны сипаттауға әрбір баланы үйрету. Көк байрағымыздағы белгілер арқылы елімізді тани біледі. Елбасымыз туралы мәліметтерді терең біліп, ол туралы тақпақтар, өлеңдерді мақтанышпен айтады. «Тәуелсіз елім, – менің» атты ата-аналармен бірлесе өткен тәуелсіздік мерекесіне орай тақырыптық мерекелік шарада балалар өз жас ерекшеліктеріне сай патриоттық тәрбиенің қалыптасқанын көрді. Балабақшада балаларды патриоттыққа тәрбиелеуде халық ауыз әдебиеті ұлттық ойындар, ұлттық салт-дәстүрдің маңызы зор. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Қазақ халқының мақал-мәтелдері, ертегілері балаларды елін сүюге, ерлікке, Отанын қорғауға тәрбиелейді. Сондай-ақ аса құнды мәдени-игіліктердің бірі – балабақшада ойналатын ұлттық ойындар. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, сюжеттілікті, батылдықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Бәйге», «Теңге алу», «Арқан тартыс», «Асық ату» ұлттық ойындары балалардың ептілігін қабілетін жігерлендіреді. Балаларға қоршаған орта арқылы патриоттық тәрбие беру өте маңызды. Балаларды мақсатты түрдегі экскурсиялар арқылы туған қаласы, оның табиғаты, тарихы мен таныстыру арқылы өз қаласын сүюге тәрбиелей отырып, өз қала, өз Отанының бір бөлшегі екенін санасына жеткізу.
Бүгінгі күні «Мәңгілік ел» болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни рухани-адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз елін сүйе білетін, ата-анасын сыйлай білетін, рухы биік, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, елінің патриоты бола білетін жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу отбасы мен білім беру мекемесінің міндеті деп білемін.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани – патриоттық тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ұлттық намыс, мінез - құлық, тектілік, отансүйгіштік, яғни, рухани - патриоттық құнды қасиеттерді сіңіріп, тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата - ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру мекемесі.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан - жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.
Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді.
• Ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау.
• Табиғатқа қамқорлықпен қарау.
• Еңбекте - еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.
• Қазақ халқының салт - дәстүріне қызығушылықпен қарау.
• Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды.
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси - әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата - жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси - әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н. Ә. Назарбаев, - патриотизмді «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде - бір ұлтпен қарама - қайшылық туғызбау» - деп белгілеген.
Егемендік алған бастапқы күндерден - ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой - тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс - тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, - деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр.
Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.
Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Сондықтан бала бойына халқымыздың мәдениетін, әдет - ғұрпын, тарихын кішкентайынан сіңіре білгеніміз жөн. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда тіл дамыту, көркем әдебиет пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін, жерін қорғаған батырларымыздың ерлігі, ақындардың елін сүюге шақырған өлең - жырларының балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай - ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек.
Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір тәрбиеленушіде патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сондықтан педагогтар ұйымдастырылған іс - шараларында біріншіден терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспеншілік; екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстануды мақсат етулері керек. Біздің балабақшамызда да осы бағытта біршама іс - шаралар жүргізілуде: мысалы, «Әсем қалам, саған арнаймын» интеллектуалдық марафон, «Отаным - Қазақстан» атты сайысы, «Тәуелсіз ел тұғыры - білімді ұрпақ» атты ашық оқу қызметтері.
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы" - деген еді.
Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным – сенімінен туындайды.
«Ұлтын сүю - ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ұлттық болмысты нығайту – өзін басқалардан жоғары қою болып саналып, ұлтшылдық ретінде қаралмауы тиіс. Патриоттық сезім – Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне, бұл – ел ертеңі - жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағидаттар.
Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен – өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси – әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н. Ә. Назарбаев, – патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде – бір ұлтпен қарама – қайшылық туғызбау" – деп белгілеген. Одан, "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" – деген екі ұғымның туындағаны белгілі [3].
Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін қалыптастырудағыпатриоттық тәрбиенің маңызы
Достарыңызбен бөлісу: |