Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі



Дата25.11.2021
өлшемі1.9 Mb.

Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі

Зәр шығару жүйесі

Зәр шығару жүйесі жыныс аппараттарымен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланысты келеді. Зәр шығару жүйесінің қызметі ағзада пайда болған несепті ағзадан шығару болса, жыныс жүйесі (тірі ағзаның бір белгісі) көбею функциясын атқарады.


Осының нәтижесінде зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе болып саналады. Себебі ер адамдарда зәр шығару және тұқым шығару жолдары бірігіп, жалпы ортақ жол құрайды. Ал әйел адамдарда екі жүйенің жолдары екі бөлек болғанымен, ортақ несеп-жыныс аппаратын түзеді және-бірімен өте тығыз байланыста жатады.

Зәр шығару жүйесі

Зәр шығару мүшелеріне несепағар(ureter)

Бүйрек(ren,nefros)

қуық(vesica)

жатады.


Зәр шығару жүйесі

Зәр түзуші мүше

Зәр шығарушы мүше

Зәрағар


Қуық

Зәр шығару өзегі



Бүйрек

Бүйрек

Бүйрек (почка,ren,nefros). Құрсақ қуысында, жоғарғы бел омыртқаларының тұсында орналасқан. Бір-біріне бас жақтарымен жақын жатады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда 1-2 см төмен жатады. Бүйректер артқы жағынан диафрагмаға, белдің құрсақ қуысына, алдыңғы жағынан тоқ ішектің өрлеу және төмендеу бөліктерімен шектеледі. Бүйректің орналасуы жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты келеді. Әйелдерде төмендеу, жас нәрестеде одан да төменірек жамбас ішінде түсе жатады. Сыртқы пішіні бұршақ тәрізді, ересек адамдарда ұзындығы 12 см, ені 6 см, салмағы 120 грамға дейін жетеді.

Hесепағар(ureter)

Несепағар (ureter) — жұп мүше, 30-35 см, диаметрі 8 мм болатын бүйрек қуысы мен қуықты жалғайтын ұзын түтік. Несепағардың ішкі бөлігі (pars abdominalis) үлкен бел бұлшықетінен алдыңғы бетімен кіші жамбасқа өтеді, жамбас бөлімі (pars pelvica) жамбастың шектелген сызығы арқылы алға, медиалді және төмен, мүшенің интрамуральды бөлігін (pars intramuralis) жасай қуық түбіне өтеді. Несепағар 3 жерден тарылу түзеді: (3-4 мм) бүйрек қуысьшан несепағарға шығатын жерінде, іштік бөлімнің жамбас бөліміне өтуінде және несепағардың қуыққа өтетін жерінде болады.


Несепағар қабығы шырышты, бұлшықеті және дәнекер қабықтардан тұрады. Шырышты қабық (tunica mucosa), эпителиймен қапталған және терең қатпарлы, жиырылған бұлшықеті қабығы (tunica muscularis) жоғарғы бөлімінде 2 қабаттан — ішкі және сыртқы циркулярлы, ал төменгі бөлімінде 3 қабаттан — ішкі, сыртқы, ортаңғыдан тұрады. Бұлар несептің бүйректен қуыққа өтуін жүргізеді. Сыртынан несепағар дәнекер қабықпен (tunica adventitia) жабылған.

Қуық(vesica)

Несепқуық (vesica urinaria cystis; сурет 158) тақ қуыс мүше, көлемі 700-800 см3, жамбас астауының түбінде орналасқан, оның пішіні несептің толуымен байланысты. Алдынан қасаға симфизі, еркектерде артқы жағынан ұрық бездері және тік ішек орналасқан, ал әйелдерде — жатыр және қынаптың жоғарғы бөлігі орналасқан. Қуық өзінің төменгі бөлімі арқылы жамбас түбіне жанасады. Денесі (corpus vesicae), түбі (fundus vesicae), мойны (cervix vesicae) және ұшы (apex vesicae) болады.

Айырмашылық

Әйел несепшығару өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу және 2,5-3,5 см болатын, диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды. Әйел несеп шығаратын өзегі қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді. Оның артқы қабырғасы қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан. Несеп шығаратын өзектің қабырғалары шырышты, бұлшықетті және дәнекертін қабықтарынан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік