Тақырыбы: Туған жер тұғырың, Туған ел қыдырың



Дата20.02.2020
өлшемі34.01 Kb.
Тақырыбы: Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың.

Мақсаты: Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.
І.Кіріспе: 

Хор: әнұран «Менің Қазақстаным»
Жүргізуші (Саяжан)
Адам бойындағы отаншылдық қасиеттеріне байланысты біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың» атты болмақ. 
Енді үй тапсырмасын тексерейік. Сендерге туған жер туралы суреттер салу және шағын шығарма жазу, өлең жолдарын жазу немесе кластер құру берілген.
Біз оның нәтижесіннен көрме жасадық. Осының ішінен ең үздік шағын шығарманы оқып береміз
Әлімбаева Орынайдың шығармасы:
Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен күн, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын мекені. Оны қайда жүрседе жүрегінде әлдилеп өтпейтін жан болмайды. Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Алланың нұрына бөленген бақытты халықтардың біріміз. Әрбір Қазақстан азаматы елдің игілігеіне, бірлігіне қызмет етіп, тәуелсіз елдің азаматы екендігімізді зор мақтан тұтуымыз керек. Және де жас ұрпақтың бойына ел тарихын, шежіресін сіңіру аға ұрпақтың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Менің де туған жерім, елім бар. Мен үшін аса қымбат жер Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылынан басталады. Ақжігіт ауылы мен үшін ыстық. Бұл ауылдың адамдары да бауырмал. Бейбітшілік пен достықта, татулықта бірге болып, қиыншылықты жұмыла көтереді.Менің кішкентай ғана жүрегім Ақжігіт деп соғады. Отанымыздың өткенін қадірлеп, бүгінін ертеңіне жалғастыратын біздерміз!!

Маңғыстауым маңғаз далам, паң далам,

Келбетіңе қараймын да таң қалам.

Кеудесіне сыйғызып мол байлықты,

Бүгінгі күн асып жатыр арнадан.

Қасиетті әулиелер мекені,

Құмы, тасы тарихтан сыр шертеді.

Сен туралы жырлап кетсе аталар,

Әңгімесі неше таңға жетеді.

Алдыңда мен борыштымын білемін,

«Елім» деп соғар сәби жүрегім.

Мәртебесі биік болсын жерімнің,

Осы менің ізгі, адал тілегім


Саяжанның өлеңі Туған жер

Қазақстан Отаным,

Бақытты мені қылғаның.

Егемен елде тұрамын,

Осы менің тұрағым,

Әлемде көп ел қаптаған,

Отаным өзіме қымбат маған.

Елімнің құны саналмаған,

Қымбат маған Отаным.

Кең байтақ жерім,

Көрікті елім.

Сүйемін сені,

Туған жерім менің.

Асқақтаған айбыным,

Жамандықтан айныдың.

Еш болмасын қайғы мұң,

Айналайын ай күнім.

Нұрайдың кластері «Туған жер»
Жүргізуші (Саяжан) : Отан деген – ол туған жер, ата-ана, туыс-бауырлар, мектеп, достар, ауыл, көшең. 
ҚР Ата Заңының 36-бабында: 
Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті, – делінген. 

Ән: Әнуар «Алға Қазақстан»
Жүргізуші (Саяжан)

- Балалар, Отаның, туған жерің қайда дегенде, неден бастауымыз керек? 
1. Мемлекетіңді атайсың
2. Облысыңды атайсың

3. Ауылыңды айтасың
Жүргізуші (Саяжан) Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, 175 аудан, 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.

Орынай :

Қазақстан  Қазақстан толық атауы Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы ӘзірбайжанИран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналыарқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде жəне батысында Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады



2018 жылдың 1 қаңтарға елдегі тұрғындар саны - 18 157 078 адам,  бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).

Елдің астанасы - Астана қаласыМемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.

Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түрлі. Хaлықтың басым бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар - 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,70%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар- 1,17%, басқа халықтар - 5,56%.  Халықтың 70 пайыздан астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.

Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) = $225.619 млрд (2014). Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.



1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынаҰжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.

Мадина:
Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік|

Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түркіменстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурызда құрылды. 1988 жылдың 2 маусымында таратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи "Маңғыстау" деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы - Ақтау қаласы.

Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда портыбар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды "Ұйқыдағы аруға" теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.

Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығыменмен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады.



Әнуар: Ақтау - Қазақстандағы ең ерекше қала Маңғыстау облысының орталығы саналатын Ақтау қаласының бұрынғы атауы Шевченко болатын. Қала атауы 1991 жылы өзгерді. Каспий жағасында орналасқан әсем қала - газ бен мұнай өндіретін өнеркәсіп орталығы. Ақтау қаласы Қазақстанның өзге қалаларынан өз көшелерімен ерекшеленеді. Бұл қалада көше атаулары жоқ. Ақтау көшелері ықшам аудандармен бөлінеді. Қаланың 36 ықшам ауданы бар. Қалалық мекен-жайлар телефон нөмірлерімен ұқсас болып келеді. Мысалы, мекен-жай атауын қысқа 15-25-33 деп атайды. Яғни, 15-аудан, 25-үй, 33-пәтер. Атау берілген екі даңғыл бар, ол қала орталығындағы Бірінші Президент пен Тәуелсіздік даңғылдары.  Ақтау ықшам аудандарындағы тұрғын үй шатырында орналасқан шамшырақ қаладағы назар аударатын мекеннің біріне айналды. Қала тұщы сумен қамтылған. Табиғи минералды суға тұщы теңіз суынан өндірілген дистиллят қосу арқылы тұщы суды өндіреді. Ал қаланы электр энергетикамен әлемдегі алғашқы жылдам нейтрондағы АЭС қамтамасыз етеді.
Мерейлі:

Бейнеу ауданы -Маңғыстау облысының солтүстік - шығысында орналасқан аудан. Бейнеу ауданының іргетасы 1963 жылы теміржолдың салынуына байланысты қалана бастаған. 1973 жылдан бері аудан орталығы. Елдің мекеннің аты осы өңірде мекендеп, бес құдығы болған орта ауқатты Намазұлы Бейнеу (1760 - 1830) деген кiсiнiң атына байланысты аталған. Әкесі Намаз – Адайдағы Атақозы батырдың iнiсi. Аудан орталығы - Бейнеу селосы. Аудан көлемі 40,5 мың км2 тең. Бүгінгі таңда, 27.12.2012 жыл, ауданда 57,8 мың адам тұрады. Аудан құрамында 10 ауыл кіретін 12 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығымен айналысады. Маңғыстау облысындағы шалғайда жатқан елді-мекен, тоғыз жолдың торабы. Атыраудан Бейнеуге дейін 487 км, Ақтаудан Бейнеуге дейінгі арақашықтық - 470 км, Өзбекстанмен әскери шекараға дейін 95 км. Село абаттандырылған, көшелері жарықтандырылып, бағдаршамдар орнатылған.  Қонақ үй мейманханалар, бәсекелес мейрамханалар, демалыс паркі, салауатты өмір салтын қолдайтын спорттық клубтар, теннис корты  қызмет етеді. аудан аумағында өндірістік ірі кәсіпорындардан құрылысқа қажетті тастар шығаратын карьерлер, ұн зауыты және мұнай айдау компаниялары орналасқан.


Орталықтан 18 км қашықтық жерде ескі Бейнеу елді мекені бар, онда Пір  Бекет атаның жерасты мешіті орналасқан. Конец формы

Мейіржан:

Ақжігіт — Маңғыстау облысыБейнеу ауданындағы ауыл, темір жол станциясы, Ақжігіт ауылдық округінің орталығы.

Аудан орталығы Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 54 км жерде орналасқан. Ауыл оңтүстігінде бұталы тоғай шоғырлары өседі.

Ауыл 1969 – 1995 ж. қаракөл қойын өсіретін КСРО-ға 60 жыл атындағы кеңшардың орталығы болып келді.

Тұрғыны:


  • 2496 адам (1240 ер және 1256 әйел адам) (1999);

  • 2567 адам (1286 ер және 1281 әйел адам) (2009)

  • 2909 адам (2016

«Сам» орман шаруашылығы және өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын мекеме, «Бейнеугаз» ЖШС-нің бөлімшесі, Бейнеу электрмен қамту жүйесінің бөлімшесі, темір жол станциясы мен мекемесі бөлімшелері жұмыс істейді. Ауылда 2 мектеп, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, кітапхана, мұражай, мәдениет үйі, пошта, телефон станциясы, телехабар тарату орталығы бар. Ауыл жанында шекарашылар заставасы орналасқан.

Селолық округтегі жеке және шаруа қожалықтарындағы мал басы саны: қой мен ешкі – 26020 бас, жылқы – 2296 бас, түйе – 3581 бас, сиыр - 400 басқа тең. Кеңшар негізінде Ақжігітте 19 шаруа қожалығы жұмыс істеуде



Аружан:

Биыл Ақжігіт ауылына 50 жыл толып отыр. Адымызда мерекеленетініс-шараға қызу дайындықтар жүргізілуде. Ауыл тарихы туралы энциклопедиялық кітап шығару ісімен ардагер ұстаз Әлімбай ағай айналысуда. Бейнеу-Ақжігіт асфальтталған жолының аяқталуына орай кіреберіске қақпа ортнату ойластырылуда. Сонымен бірге мешіт алдында тұрған тұғыр тас астындағы 30 жыл бұрын салынған «Болашақққа хат» капсуласы ашылып оқылады. Көктем шыға сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізіледі.Бәрімізде үлкен іс-шараға атсалысайық!!




Т әріпі

білдіреді теңдікті

Ә әріпі

әдептілік, әлдікті

У әріпі

уайымсыз уақытты

Е әріпі

егемендік елдікті

Л әріпі

дейді лағып, лепірме

С әріпі

сенімділік секілді ең

І әріпі

ілтипат пен ізет қой

З әріпі

зиялылық тілек қой

Д әріпі

шақырады достыққа

І әріпі

ілкімді боп сақтыққа

К әріпі

дейді күн боп көктегі, көз алартпа көршілерге қол сұқпа.


Жүргізуші (Саяжан)

  • «Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке», - деп Төле би бабамыз айтқандай 1991 жылы 16 желтоқсанда Қ.Р. тәуелсіздігі жарияланды. Егеменді ел атандық. Бұл республиканың барлық халықтары үшін теңдесі жоқ оқиға болды.

  • Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы, елтаңбамызда бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз бар.

  • Көк байрақтың астында көп ұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда басқарып отырған президентіміз Н.Ә.Назарбаев « Нені де болса, елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін » деді.

  • Бүгінде біз егемен, тәуелсіз елміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың « Тәуелсіздік – бұл тарихтың біздің ұрпаққа берген, тағдырдың қазаққа берген басты бақыты, баға жетпес дәулеті» деген сөздері әлемдік өркениеттен өз орнын тауып жаһандану ағысына енген елімізді алға апарар ұраны.

  • Бүгінде Қазақстан әлем назарында. Өзінің болашағымен үлкен үміт күттірген, жері бай, халқы бейбіт ел. Біз – қазақпыз. Біз оны жүрегіміз толы мақтанышпен, құрметпен айтамыз.

Ән: Өсержан «Мен қазақпын»
Жүргізуші (Саяжан)
Мұқағали Мақатаев

Отан туралы- оқитын Қалиева Нұрай
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...

 

Жүргізуші (Саяжан)



Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдерге кезек берміз

1.Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.

2. Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.

3. Алтын ұяң — Отан қымбат, 
Құт - берекең — атаң қымбат, 
Аймалайтын — анаң қымбат, 
Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

4 .Ел мен жер егіз.
Елге бай құт емес, би құт.
Жұрт дегенде жұмылып,
5. Адам елінде көгерер,
қоға көлінде көгерер.

6.Бөтен жердің гүлінен
Туған жердің тікені артық.

7.Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.

8.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

9.Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.

10. Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы.

11. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

12. Отанды сүю – отбасынан басталады.
Туған жердің жуасы да тәтті.

13. Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.

14. Орағың өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.

15. Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл.

Барлық оқушы ортаға шығып:

Б- білімімді арнайтын 
О- отанымды қорғайтын 
Л- лаңкестікті даттайтын 
А- адалдықты жақтайтын 
Ш- шуағымды шашатын 
А- асулардан асатын 
Ғ- ғарыш сырын меңгерген 
Ы- ынтымақты тең көрген 
М- менмендікті жек көрген 
Қ- қазаққа қызмет ететін 
А- арманына жететін 
З- заңды жақсы білетін 
А- алға қарай жүретін 
Қ- қайырымды елімнің 
С- салтанатты жерімнің 
Т- толықтырам сенімін 
А- абыройын,жігерін 
Н- намысын қолдан бермейтін 
Бәрі:

Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің! 

Жетекші Қорытынды: 
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын – «Туған жер - тұғырың,Туған ел - қыдырың.»
– деп алып отырған себебіміз, дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған ата-анасы біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан адам ең алдымен өз елінің перзенті, жан жүрегімен берілген азаматы болуы керек – деп отырып сабағымызды қорытындылаймыз

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар