1 - жүргізуші: Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатпар-қатпар бұралаң.
Талай зардап қайғы-мұңның соңынан,
Егемендік алғаныма қуанам! – дей отырып, «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты апталықты ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын.
2 - жүргізуші: «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбындағы апталығымызда аяқталды. Бұл уақыт арлығында «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің» студенттері мен ұстаздары апталықтың қызықты өтуі үшін өз үлестерін қосып, белсене жұмыс жасады. Бүгін, міне, сол мерекенің қорытынды кешін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Кешімізді ашу үшін сөзді колледж директоры Ерімбетов Көктем Ақарысұлына береміз.
1 - жүргізуші: ӘН: «Көк тудың желбірегені» Орындаушы: ЭС -19о оқу тобының студенті Айтуғанұлы Айнұр.
2 - жүргізуші:
Қазіргі уақытта көп тіл білу өмір. Ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай тілдері Біріккен Ұлттар Ұйымына ресми жұмыс тілдері. Сондықтан әр жасөспірім өз болашағын қазірден бастап ойлап, жоспар құруы қажет және бір шет тілін меңгеруі міндет. Қазіргі заманда көптілділік көп ұлтты мемлекеттер мен өркениетті қоғамдардың бәріне тән. Көптілділік әр мемлекеттің саяси экономикалық және мәдени рухани дамуына бағытталған заңды құбылыс.
1 - жүргізуші:
Қазақстан көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда елімізде 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрады. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан
2 - жүргізуші:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
1 - жүргізуші:
Енді келесі кезекті «Тапқыр достар» сайысына берсек. Осы залда отырған оқушыларымыз бен «Мақал –сөздің маржаны»-демекші, мақал –мәтелдерді жалғастырып көрейік.
1.Өнер алды .... (қызыл тіл)
2.Тіл тас жарады....(тас жармаса бас жарады)
3.Көре –көре көсем боласың....(сөйлей –сөйлей шешен боларсың)
4.Таза мінсіз асыл тас ..... (су түбінде жатады)
5.Бас кеспек болса да....(тіл кеспек жоқ)
6.Көп сөз –көмір.... (аз сөз алтын)
7.Жүйелі сөз жүйесін табады.....(жүйесіз сөз иесін табады)
8.Сөз қадірін білмеген.....(өз қадірін білмейді)
9.Тіл жүйрік емес ....(ой жүйрік)
10.Шешеннің тілі ортақ ......(шебердің қолы ортақ)
2 - жүргізуші: Көп - көп рахмет, ойынға қатысушылар! Сіздерге алдағы уақытта да осындай белсенді, білімді, өнегелі бола беріңіздер дейміз.
Әр адамда өз анасынан басқа,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада.
Болу керек құдыретті төрт ана
Туған тілін - түп қазығың, айбының,
Туған жерің сатылмайтын байлығың.
1-жүргізуші:
Туған дәстүр, салт - анасы, тегі,
Шуақ шашар қадамына үнемі.
Және туған тарихы
Төрт анасы қорғамаған халықтың
Еш уақытта бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана -
Тағдырының тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес -
Күрестердің ұлысы!
2-жүргізуші: Қазағымның ән жырына не жетсін. Жүректерді одан әрі тербетсін дей келе, сіздердің алдарыңызға Серікбай Саматтың орындауында «Мен Қазақпын» әнді қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Осымен « Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» апталығымыздың жабылуына арналған кешіміз өз мәресіне жетті. Кештің жабылуы және де осы апталықта апта бойы өткізілуіне атсалысқан оқушыларымызды марапаттау үшін сөз кезегін: Директордың оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бисенова Маржан Қылышбайқызынажәне колледж әдіскері Өмірзақ Жанар Абдуллақызына сөз беріледі.
«Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» апталығы аясында өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, жоғары деңгейде шығармашылық ізденімпаздық танытқаны үшін Алғыс білдіреміз ЭС-19o оқу тобының студенті Айтуғанұлы Айнұр марапатталады