Тақырыбы: «Тіл мен тарих -ғасырлар куәсі» атты апталықтың жабылу
салтанаты
Мақсаты: Тіл мен тарих ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды еліміздің туған ел тарихын білудің маңыздылығын сезіндіре отырып отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, слайд –шоу.
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар және білім алушы студенттер. Сәуір айының 4 мен 8 аралығында «Гуманитарлық –экономикалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбында апталық болып өтті, сол апталығымыздың соңғы іс-шарасын өткізгіміз келіп отыр. Достар, апталығымыздың тақырыбы қандай еді?
Жарайсыңдар! Иә, бүгін біз «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты апталығымыздың қорытынды кезеңіне келіп отырмыз.
2 - жүргізуші
Қош келдіңіздер! Тіл, сөз дегеніміз - ата - бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал халықтың бүкіл сана - парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнер. Тіл - адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір - бірінсіз өмір сүрмейді. Қай халықтың болса да басынан өткендері, қилы кезеңдері, өз ана тілі арқылы бір - біріне жалғасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |