Тақырыбы: «Табиғат және адам» дөңгелек үстел Күні: 10. 11. 2021ж Мақсаты



бет2/2
Дата18.11.2021
өлшемі26.24 Kb.
1   2
6-оқушы: Көптеген қалаларда атмосфералық ауа зиянды заттармен мөлшерден артық ластанған. Әсіресе ластанғандарға Алматы, Тараз, Өскемен, Зырян, Риддер, Теміртау, Шымкент қалалары жатады. Семей өңірінің топырағының радиоактивті заттармен ластануы адам денсаулығына әлі де болса әсерін тигізіп келеді. Каспий, Арал бассейндеріндегі экологиялық жағдай мақтанарлықтай емес. Орал және Іле, Сырдария және Нұра өзендері өнеркәсіп қалдықтарымен ластанып келеді. Ауыз су, тыныс алатын атмосфералық ауа, қажетті азық-түліктің неше түрлі улы қосылыстарымен ластануы адамдардың иммуналдық-гендік жүйесін бұзатыны белгілі. Бұл өзгерістер адамзат баласына және биосферада тіршілік ететін барлық тірі ағзаларға мутагендік өзгерістер туғызады. Биологиялық және экологиялық өзгерістер жер бетінде бола берсе, биосфераның табиғи теңдігі бұзылып, жер бетіндегі барлық жан-жануарлар жойылып бітуі мүмкін. Табиғат заңдылығы өте қатал заң
6-оқушы: Өркениетті дамыған елдерде барлық экологиялық жағдайларға жауапты түрде қарайды. Завод, фабрика, ТЭЦ-терде түтін шығатын трубаларына сүзгілер қойылып, қала ішінен шығатын барлық қоқыстар, қала сыртындағы арнайы салынған пештерде өртеніп, ол басқа пайдалы іске, бұйымдарға пайдаланылады. Ірі қалалардың көше бойында желдеткіштер орнатылады, бірнеше экологиялық лабораториялар жұмыс істейді. Ал біздің басқа қалаларды алмай-ақ қояйық, Қарағандының өзінің экологиялық жағдайы мәз емес. Ол кімнің кінәсі?

7-оқушы: Естеріңізде болса жақында Теміртау қаласындағы бұрынғы «Карбид» өндірістік бірлестігі аумағындағы және Нұра өзенінің табанындағы сынап қалдықтарын Теміртау қаласының іргесіндегі Апан шатқалына көму туралы жоғары жақтың шешіміне байланысты бірнеше мәрте қоғамдық тыңдаулар болып, оған Теміртау жұртшылығының наразылығы баспасөз беттерінде жарияланған болатын. Европа даму және қайта құру банкісінің қаржысымен жүзеге асырылатын бұл шараны атқаруды Дания елінің компаниясы мойнына алып, оған тапсырыс беруші ретінде еліміз атынан Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты Су ресурстары жөніндегі комитеті тағайындалған еді. Сынап қалдықтарын көму туралы жоба жасаушылар бірнеше варианттарды салыстыра келіп, осы Апан шатқалынан полигон ашуға тоқталған. Оған басты себеп ретінде полигон орналасатын жердің тау жыныстарының құрамы, яғни су өткізбейтін қасиеті, геологиялық жағдайларының улы затты «жерлеуге» қолайлы екендігі алға тартылған. Алай да бұған қарсы пікір айтушылар полигон қаладан небәрі 2,5 шақырым қашықтықта орналасқан, болашақта қала құрылысы осы бағытта ғана дамитын болғандықтан ондаған жылдардан соң бұл полигон қала орталығында қалып қояды және полигонды салу барысында қауіпсіздік талаптары сақталатынына кепілдік жоқ деген уәждерді айтқан.

Сонымен қоса бұл аумақтың теміртаулықтардың дем алатын, жеке меншік малдары өрістейтін алқап екені, онда «Белый ключ» бастаған таза бұлақтар бар екендігі, полигон салынған жағдайда оның бәрі ластануы мүмкін екендігін айта келіп, улы қалдықтарды қаладан тым болмағанда 15 шақырым алысқа мүмкін болса, адамдар қоныстанбайтын, бос жатқан құмайт-шөлейт жерлерге орналастыру керек дескен.



8-оқушы: Эколог маман Константин Павлов Теміртауда ауаға жыл сайын 400-450 мың тонна зиянды лақтырынды тарайтынын, қала маңындағы үйлерді орта есеппен 330 миллион тонна түрлі қалдықтар төгілгенін айта келіп, соңғы жылдары өмірге келген сәбилердің арасында туа бітті кемтарлықтың және оның салдарынан шетінеу фактілерінің жылдан жылға жиілеп бара жатқанын тілге тиек етті. Қаланың ауасы негізінен солтүстік шығыс пен оңтүстік батыстан соғатын жел арқылы тазартылып, енді солтүстік шығысты Нұрқазған кеніші көлегейлеп алды, оңтүстік батысты Апан полигоны жаппақшы, сонда халық немен тыныстамақ? Тәжірибелі Константин Николаевичтің айтуынша, сынап қалдығын 18 шақырым кері тасымалдап қаланың іргесіне көмгеннен гөрі, сол тұрған жерінен әрі қарай 3 шақырым ғана тасымалдап Тегісжол елді мекені бағытында «жерлеген» дұрыс. Онда да дәл Апандағыдай су өткізбейтін тау жынысы бар, әрі ол бағыттан қалаға қарай жел үрмейді, яғни сынап тозаңын Теміртауға айдамайды. Бұл экологиялық қана емес, экономикалық тұрғыдан да тиімді.

Мұғалім:Табиғат - әр беті терең мағынаға толы бірден-бір кітап. Табиғат жарылысын, қоршаған орта тынысын, барлық тіршілік болмысын жан дүниесімен түсінетін адамдар тазалыққа, имандылыққа бас иген адамдар.Соңғы кезде әлемде төмендегідей сұрақ туып отыр: «Экология мен имандылықтың арасында қандай байланыс бар, оларды не байланыстырады, экологиялық имандылық дегеніміз не?» Осы сұраққа жауап берейік

9-оқушы: Экологиялық имандылықтың негізін құрайтын арналар: инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық, даналық, ынтызарлық, лепірмеушілік, ықыластылық және қайраттылық. Бәрінің бас әрпін қоссақ – имандылық деген сөз түзіледі.

10-оқушы: Бұл сұхбаттағы әңгімеміз адалдық жайында болмақ. Адалдық – табиғат үйлесіміндегі қатынастардың шынайылығы мен табиғилығын айқындайтын категория. Адалдық – абсолютті әділеттіліктің алғы шарты. Адалдық – кез келген болмыстың болашаққа деген перспективасын айқындайтын өлшем. Жалпы табиғаттың дамуы жаңғыруға, жаңаруға негізделген. Жаңғыру негізінде жатқан заңдылықтар – мәңгілік ақиқат ережелерінің өлшемімен жазылған код. Оны табиғаттың миллиондаған жылдар бойы өткен «өмір мектептерінің» түйінді аксиомасы десе де болады.

11-оқушы: Табиғат қоршаған орта емес, табиғат біздің өзіміз. Өзіңді өзің алдау, өз болмысың алдында арам болу даму перспективасын жоғалтумен тең екендігін саралау парыз. Адалдық ғылыми категориядан гөрі адами тіршіліктің қазығы екендігін ұққан абзал. Адалдықтан бастау алмаған жерде адамзаттың мәуелі өмір қияндарын айшықтауда кешірілмес өкінішке соқтыратынын ғасырлар дәлелдеген шындық.

Адамзаттың әр замандардағы ойлау және әрекет жүйелері белгілі бір культурологиялық таным қалыптастыруға ықпал жасаған. Атап айтқанда оларға тән мифологиялық мәдениет, қадым заманғы соңғы космологиялық мәдениет, біздің қазіргі культуралогиялық танымымыздың бастауы антропологиялық мәдениет және біз бастап көшіріп отырған технологиялық мәдениеттерді қарастыруға болады. Алдыңғы екі замандағы культуралогиялық таным дәуірлерінде адам мен табиғат арасындағы үйлесімнің гармониясы таңғажайып мамыражай болған. Сондықтанда ол халықтар санасында «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заман ретінде есте сақталған. Ал соңғы дәуірлердегі – антропологиялық, әсіресе технологиялық таным тұсындағы мәдениет санамызға жат, табиғатқа «антропологиялық қысым» (антрос-адам) деген түсінікті қалыптастырып үлгерді. Тіпті бұл үрдістің етек алуының соншама ауқымды және аяусыз жүріп жатқандығы «саналы адамның әрекетінің саналылығына» күдік тудырып, жалпы әлемдік індетке айналып бара жатқандығы қорқыныш тудырады.



12-оқушы: Қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау үшін адамның, менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасына жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтармен таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықты жою – үкіметіміздің халық арасында жүргізетін маңызды мәселелеріне айналуы тиіс. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми негіздері қазақ халқының табиғатпен қарым-қатынас үстінде туған тарихи көзқарасы мен салт-дәстүрінен бастау алады.


Мұғалім:

Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,


Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған
Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер — Ана, көл, теңіздер.

Қорытынды. Сайып келгенде айтарымыз – қандай жұмыс атқармасақ та қоршаған ортаға абайлап қарап, оны қорғауға күш салу басты бағытымыз болып қала береді. Қашан да болмасын табиғатты аялай білейік. Ол өктемдікті көтермейді.

Бекітемін____________



Тақырыбы: «Табиғат және адам» дөңгелек үстел


Сынып: 9 «Ә»

Сынып жетекші: Қыйлыбаева А.Е.

2021ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік