Тақырыбы: Сара Сәтбайқызы Есова

Loading...


Дата27.02.2021
өлшемі76.02 Kb.

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»


Тақырыбы: Сара Сәтбайқызы Есова

Орындаған: Алтыбаева А.

Қабылдаған: Кенжан А.

Алматы 2021 ж.


Сара Сәтбайқызы Есова (1903, Қызылорда облысы Сырдария ауданы — 1984, Алматы) — қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1967). 1919 жылы Орынбордағыпедагогикалық училищені бітіріп, Қызылорда, Ташкент қалаларында мұғалім болған. 1921 — 22 жылдары жауапты партия, комсомол қызметін атқарған. 1922 — 25 жылдары Жетісу губерниясы партия комитетінің органы “Тілші” газетінің редакторы, 1925 — 32 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің әйелдер бөлімінде нұсқаушы, “Әйел теңдігі” журналының редакторы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы саяси ағарту басқармасы бастығының орынбасары, Халық ағарту қызметкерлерінің республикалық кәсіподақ комитетінің төрайымы болды. 1932 — 37 жылдары Алматыдағы марксизм-ленинизм институтының тарих бөлімінде оқыды. 1937 — 38 жылдары ҚазПИ-де ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі болды. 1939 — 73 жылдары Республикалық орталық мұражайда жұмыс істеп, соңғы 17 жылында оның директоры қызметін атқарды. Есова құрметті демалысқа шыққаннан кейін Ұлттық кітапхананың сирек басылымдар бөлімінде жұмыс істеп, кеңес дәуіріне дейін жарыққа шыққан қазақ кітаптары туралы шежірені құрастыруға қатысты.

Комсомол және партияқызметкері, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері»)



журналының алғашқы редакторы, кітапханашыбиблиограф. Сара Сәтбайқызы Есова 1903 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы, Қара шеңгел ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Бастауыш білімді Түркістан темір жолының Солотөбе станциясындағы ағайынды өзбек Раджипбаевтардың жеке мектебінде алды. 1915-1918 жылдары Орынбор қаласындағы Богустан әйелдер училищесінде оқыды. 1919 жылы Орынбордағы педагогикалық курсты бітіріп, бастауыш сыныптар оқытушысы мамандығын алғаннан кейін еңбек жолын Ақмешіттегі қазақ-татар мектебінде тарих және география пәндерінен дәріс берумен бастады. Ұстаздық қызметін атқара жүріп, комсомол қатарына өтіп, халық арасында мәдениағарту жұмыстарын жүргізді. Сара Есова комсомолдар А.Оразбаева, Н.Арықова, М.Бегалиевалармен бірге қазақ әйелдеріне арналған сауатсыздықты жою мектебін ұйымдастырушы болды. 1920 жылы наурызда Ташкентте болған Кеңестік Шығыс әйелдерінің бірінші съезіне Ақмешіт уезінен С.Есова делегат болып қатысты. 1920 жылы С.Есова уездік атқару комитетіне мүше болып сайланды. Осы жылы коммунистік партия қатарына өткеннен кейін уездік партия ұйымында белсене қызмет етті. 1921-1922 жылдары

жауапты партия, комсомол қызметін атқарған.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...