Ортасы
|
Қолдану: Мағынаны тану. «Кубизм» стратегиясы
1. Суреттеңіз Видеодан ақынның Алаш идеясының көрінісін сипаттайтын жерін тауып оқы. Қандай көркемдегіш тәсіл қолданылған?
2. Салыстырыңыз. «Мен -қазақпын» өлеңімен салыстыр.
3. Зерттеңіз. Өлеңнің тақырыбы қандай? Өлең қай жылы жазылған?
4. Қолданыңыз. Өлеңде ақынның қандай көңіл-күйі бейнеленген?
5. Талқылаңыз. Осы өлеңді жазуына не себеп болды?
Талдау: Әдеби оқу» стратегиясы бойынша өлеңді мәнерлеп оқып, талдау жасау.
Мұғалім сөзі: Балалар, С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы туралы білдік. Енді ақынның 1917 жылы жазған «Алаш ұраны» өлеңін мәнерлеп оқиық. Енді экранға назар аударайық.
«Алаш ұраны» өлеңіне подкаст жасау, тыңдату. «Алаш ұраны» әнін «Алаш» тобының орындауында тыңдтау.
Балалар, өлеңді оқулықтан да мәнерлеп оқыдық, экраннан да дыбыстық жазылуын естідік, енді әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі.
Постер қорғау. Әр топқа «Алаш ұраны» өлеңінен үзінді беріледі. Сол үзіндіден ақынның айтпақ ойы мен идеясын постерге жазып қорғау.
|
Аяқталуы
|
Жинақтау: «6 қалпақ» ойыны.
1. Ақ қалпақ- нақты мәндегі сұрақтар қояды. Жарнама жасау.
2. Қызыл қалпақ- ішкі сезім, эмоцияны білдіреді. Алған әсері, неге көзі жетті. Неге сенімді.
3. Сары қалпақ- оптимизм, ашықтық,позитивті ойдағы ұсынысты білдіреді. Жағымды жағы, жетістіктері.
4. Жасыл қалпақ - жаңа идеядағы сұрақтар қояды. Өлеңнен туған жаңа идея.
5. Қара қалпақ-негативті ой, мүмкін емес, қарсы шығу. Кері әсері, жағымсыз жақтары.
6. Көк қалпақ-ойды қорытындылап жауап беру. Өлең бойынша барлық қалпақтардың бағытын бақылау.
1. Ақ қалпақтың сұрағы. 20 ғасырдың басындағы туған шығармалардың бүгінгі күн талабымен жазылған шығармаларымен қандай үндестігі бар?
Жауап: 20 ғасырдағы шығармалармен тығыз байланысы бар деп ойлаймын.Себебі, білімге, оқуға деген үндеуі бірдей.Қай заманда да білім өз маңызын жойған емес.
|
Достарыңызбен бөлісу: |