Тақырыбы: Персоналды стратегиялық басқарудың негіздері

Loading...


Дата03.04.2020
өлшемі211.69 Kb.
Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Персоналды стратегиялық басқарудың негіздері


Орындаған: Қыдыров.Д.Қ

Тобы: ЛД-801

Тексерген: Готман.Л.А

Семей 2020


Персоналды стратегиялық басқарудың негіздері


Персоналдың стратегиялық менеджменттің (ПСМ) принципиалды идеялары 80-жылдардың басында жасаған және шетелдердің практикалық концепцияларының негізгі қатарын құрады. Бірақ ПСМ-ның маңыздылығын мойындағанымен де қонақ үй шаруашылығы саласында персоналмен жұмыста толығымен қолдана алмаймыз. Бұл жаңа мақсаттардың қиындығымен және ПСМ-ның жұмыста қолданылатын технологиясының жоқтығынан болады. Кәсіпкерлік стратегияға жауапкепшілік оны құрастырушыларда болады, алайда ПСМ олармен перифериялық өнім ретінде қарастырылады.

ПСМ концепциядан жұмыс істеп тұрған программаға айналуы үшін, бір-бірімен байланысты факторлардың қатары ескерілуі керек:

- қонақ үй басшылығы ПСМ ролін түсініп «ПСМ»-ға деген немқұрайлылығын формалды түрде қарауын тоқтату керек. ПСМ облысындағы инновация қонақ үй шаруашылығы позициясын жақсартып, тұрақтандырады;

- кадр бөлімінің жұмысы өзгертілуі керек. Іс жүргізуден персонал менеджментіне жаңа функцияларды қоса өзгерту керек, мысалы, персонал маркетингі. Персонал менеджері үшін перспективті қызметкерді жұмысқа алу, цех менеджерінің жаңа тауар шығарумен бірдей;

- ПСМ маман кеңесшілерін шақыру, олар қонақ үй шаруашылығы стратегиясына сүйене отырып оның күшейуіне, болашаққа кадрды қамтамасыз ету арқылы жүргізу;

- басқарудың барлық деңгейлері және атқарушы бөлімше «ПСМ»-ге қатысу керек. Тек сонда ғана табысқа жетуге болады. Зиян әкелетін сұрақтарға «Қай жерде бұны қолдануда», «Біз бұндайды әлі істеп көрген жоқпыз» - деп жатады.

ПСМ-ның болашақ табыстың кепілі, ол басқа ешқандай әдіспен жүзеге аспайды. Сонымен қатар оны қолдану, осы стратегияның қандай екенін білуді қажет етеді:

1) Нақты клиенттерден сұрау жүргізу. Персоналмен жұмыстың бағытын анықтау үшін клиенттер мақсатына қарай бейімделуі керек, ал қонақ үй шаруашылығыда шығармашылық процеспен қажеттті біліктілік деңгейін анықтап қонақ үй шаруашылығына қажетті мамандықтармен стратегияны құру үшін керек. Мұнда белсенділікке менеджмент-тренинг және өндірістік семинарлар әсер етеді;

2) Оны пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін персоналмен өндірістік жұмыс жүргізу.

3) Қызметкерлердің мүдделері мен мотивацияларын, еңбекпен, жалақымен қанағаттанушылық дәрежесін анықтау. Еңбек ұжымының әлеуметік сипаттамасын зерттеу, сонымен қатар іс-жүзіндегі құрылыммен қажет лидерлік стилдердің маңызды ақпаратын береді (жұмыскерлерден алынған жазбаша ақпарат негізінде). Мұндай зерттеулерді нейтралды сыртқы институт жүргізу керек.

Бұл ақпараттың үш көзінің нәтижесі персоналдың өндірістік үшін менеджментінің нақты стартегиясы негізіне жатқызуы керек, өйткені персоналмен жұмыс қалай және қай жерде белсендету, сонымен қатар оның ролін қалай өзгертетіндігі және оның немен анықталатынын білеміз.

Персоналдық менеджменттің стратегиялық процесіне қалай интеграцияланғысы келетіні де ескеріледі. Мұндай маркетинг облысындағы персоналдық қонақ үй шаруашылығы стратегиясындағы тұжырым өзіне нақты негізгі біліктілік түрлерін үш басты облыста орналасқан: біріншіден, негізінде қонақ үй шаруашылығы мәдениетін қарастырумен өзгерісін бақылау (кәсіпкерлік мәдениетін), екіншіден, персонал дамуның дәл жүйесінің дамуы; үшіншіден, басқару апаратының бағыттаушы функциясында.

«ПСМ» жобасын дайындау нәтижесінде әкімшілік саласындағы персоналмен жұмыс істеу бөлімінің негізгі біліктілігінен менеджмент серіктестігінің жұмыс саласына өту мағынасын білдіреді.

Көптеген қонақ үй шаруашылығы әлі де қиын экономикалық жағдайда тұр. Онда персонал жұмысына жоғары талаптар қойылады. Жұмысқа алу қысқартылады, қысқартылғандар саны көбейеді. Оперативті жұмыстардың үздіксіз болуы перспективті жоспарлауға кедергі болады, алайда бұл стратегиялық ойлаудың қажеттілігін жоғарылата түседі.

Персоналды инновациялық басқарудың стратегиялық факторлары

Инновациялық процестерді жетілдіру, ішкі және сыртқы ортаның дамуы өсіп келе жатқан бәсекелестік кезінде кейбір қонақ үй шаруашылығыдарға өзінің өндірістік артықшылықтарын қолдана алады, ал пайда табудың классикалық факторлары жай ғана алдамшы болып табылады (мысалы, техникалық процестер, баға белгілеу жүйесі). Мұндай жағдайда тиімді стратегиялық менеджмент ролі өседі және бірінші жағдайда персонал менеджменті. Атап айтқанда, кадрлық потенциалдың дамуын жоспарлау оның мүмкіндіктері мен болашағын зерттеу.



Стратегиялық басқарудың негіздері.Клиенттер мен инновацияға бағытталған персоналдармен жұмыс жасау бәсекенің әлі де қиын қол жеткізетін артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.

90-жылдарда ҒТП-ның дамуы менеджмент персоналының дамуынсыз мүмкін еместігін көрсетті. Егер ҒТР-ң бірінші кезеңінде машиналардың пайда болуы арқасында адамның қолы «күшейтілсе», онда екінші кезеңде компьютерді ашудың күшінде – ми «күшейтілді» десе болады.

90-жылдары персоналды тиімді жоспарлау қонақ үй шаруашылығының бәсекелестік күресінде басты ролде атқарады. ХХІ ғ. басында да персонал менеджменті, сол автокөлік құрылыс технологиясы (50-60-шы ж.), өндіріс автоматизациясы (70-шы ж.), ақпараттар технологиясы (80-шы ж.) кезіндегідей рөлін атқарады. Жоғары технологиялардың жартысында менеджмент технологиялары белсенді қосылады.

Басқарушылардың жұмыс технологиялары топтық басқару, шешім қабылдау тәртіптері туралы сөз болып отыр. Яғни технология дегеніміз техниканы пайдалану, ал техника дегеніміз күш жұмсау өнері және шеберлігі, оның ішінде ми күші. 90-шы жылдары персоналмен жұмыс жасау рөлі көбінесе 80-шы жылдардағы ақпараттық технологиялар ролін еске түсіреді. Ақпараттық технология олардың дамуының жалғасы болып табылады. Персоналмен жұмыс жасайтын бойынша менеджер өзара байланысты факторлардың кешенінің есебінсіз жұмыс жасай алмайд.

Персоналды стратегиялық басқару факторларына белгісіздік пен тәуекелдерді; уақыт; нарықтың артатын көріністері; сапа; дизайн (әрлендіру); сервис; қонақ үй шаруашылығының көлем мәнінің азаюы; орталықтандырудың арқасында икемділігі; ирархиялық құрылымдарды қысқарту,тұрақты оқудың қажеттілігін жатқызуға болады.

Белгісіздер және тәуекелдер. Экономикалық қиын уақытта басқарушы мен қызметкерлерге табыстың кепілсіздігі, сенімділік пен күдікті жағдайда әрекет етуге тура келеді. Динамикалық өзгеретін шарттар стратегиялық уақыт горизонттары 2-3 жылға дейін қысқартылады. Сондықтан, тұрақты оқу - орталық мәселе болып табылады.Қонақ үй шаруашылығы менеджменті және оның қызметкерлері немесе өзін-өзі оқытатын жүйенің арасындағы өзара әрекеттер жоқ болса, онда мұндай қонақ үй шаруашылығының өмір сүру қабілетінің жоғарлауына әкелуі мүмкін.

Қазіргі уақытта қонақ үй шаруашылығының негізгі сипатының бірі өнімнің төмен өзіндік құны және сапасы емес, ал онда туындайтын мәселелердің сәтті шешімі арқылы жылдам және өз кезегінде олар дамуы мүмкін.

Уақыт факторына есеп жүргізгенде оқиғалардың 80%-ға ұзақ уақыт қабылданатынға қарағанда тез арада қабылданатын шешімдерге көп көңіл бөлінеді, бірақ олар 100%-ға негізделуі керек.

Өсуші нарық көрінісі. Клиентке бағдарланған әр қонақ үй шаруашылығының өмірлік маңызы нарықты сегменттерге бөлуге көмектеседі. Осы кезде клиенттің потенциалды қажеттіліктерін зерттеу және олардың ерекшеліктеріне есеп жүргізу қажеттілігі туындайды.

Сапа, дизайн, сервис - пайданың басты факторлары. Қозғалмайтын «өндірістік ойлау» артта қалды. Үнемдеу, сенімділік немесе қауіпсіздік сияқты факторлар клиент мүддесін және олардың экономикалық дифференциаланған мүмкіндіктерісіз қарастырылмайды.

Оптималды көлем. Қонақ үй шаруашылығының оптималды көлемі туралы сұрақ, оның өз нарықтағы өз сегментінде лидерлік позициясын сақтап қалумен туындайды.

Орталықтандырылмағандық арқасындағы иіміштік. Ірі қонақ үй шаруашылығыдар өздерін икемді нарыққа бағытталған кәсіпкерлік бөлімшелерге қайта құрылымды қажет етеді.

Ирархиялық құрылымдардың қысқаруы. Үш иерархия деңгейінен асатын шұғыл пирамида (олардың саны кейде жетіге жетеді) қонақ үй шаруашылығыдық құрылымдардың даму процесінің тарихи қазынасына айналуда.

Иерархиялық құрылымдардың болашақта мүмкіндігі жоқ. Бірақ, басқару деңгейлерін азайту - персоналды қысқарту деген сөз емес. Персоналды икемді пайдалану мен дамытуды қамтамасыз ететін құрылым қажет.



Үнемі оқу қажеттілігі. Оқу қажеттілігі көптеген қонақ үй шаруашылығыда жарияланады, бірақ оған қажетті мөлшерде уақыт бөлінбейді, сондықтан ол бәсекелестік күресте артықшылықты алатын фактор болып табылмайды. Сонымен қатар, әрбіреуіміз жаңару факторларымен кездесеміз, сондықтан біз оларды қабылдауды, өзгерістің тоқтамау сипатын «жақсы көруді» үйренуіміз керек.

Табысқа жету үшін қызметкерлер ресурстарын мобилизациялау қарекеттілігіне байланысты, оған қоса қонақ үй шаруашылығының ары қарай жұмыс істеуіне келіп тірелген соң персоналды басқару басшылықтың назарындағы басты мәселе болып отыр. Дәстүрлі келіс шеңберінде қызметкерлер мәселесін белсендіру мүмкін емес. Персоналдың стратегиялық басқаруын персоналды дамыту, бағалау мен сұрыптау, жоспарлау сияқты талаптарымен қарастыру керек. Персоналды басқару кадр бөлімінің әкімшілік міндеті болмай, сонымен қатар ол барлық басшылардың мәселесі болды, әсер ету қолдану сферасы кеңейтіліп, оның бөлшектенуі жүргізіледі. Ол өзі қонақ үй шаруашылығының дамуының стратегиялық факторына айналды.

Кадр саясатының стратегиясына тоқталып өтейік. Кадр саясатының стратегиясы жалпы қонақ үй шаруашылығы стратегиясына, оның стратегиялық жоспарына негізделген. Кадрлық менеджмент қонақ үй шаруашылығының мақсаттары мен міндеттерімен анықталады. Оның қызметі персоналдың жұмысқа қабілеттілігін қамсыздандырумен және жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұрумен байланысты. Менеджмент дәстүрімен қалыптасқан елдердің тәжірибиесі кадр қызметіне көп назар бөлу керектігі туралы айтады. Кадр құжаттарын сақтайтын офистерден олар кадр жоспарын, реттеуін, координациясын бәсеке жағдайында нарықта қалуды қамтамасыз ететін басты функцияларды орындайтын бөлімшелерге айналды.

Қонақ үйдің кадрлық потенциалына қаржы бөлу қонақ үй шаруашылығының нарықта тұрақтылығын сақтап қалумен қоса, оны жаулап алудың бірден-бір шарты болып табылады және алдыңғы қатарлы фирмалардың кадр саясатының стратегиясында 70-ші жылдардан бастан қолға ала бастады. Кадр қызметінің ролі мен біліктілігін көтеруге тырысып, оның қонақ үй шаруашылығы дамуындағы маңызын түсініп, жоғарғы басшылық оларды маңызды қаржы салымдарымен қуаттандырады. Кадрлық реттеуге, кадрларды оқыту мен қайта дайындауға салынған қаражаттарды шығын емес, керісінше тиімді қаражат жұмсалуы ретінде көреді.

Кадрлар саясатының стратегиясы тек персоналды дайындаудан тұрмайды, сонымен қолда бар кадр ресурстары мен резервтерінен және де қызметкерлердің жұмыс белсенділігі жағдайына да байланысты. Осыған қоса қатаң қаржылық шек қоюларға байланысты көптеген маңызды өзгертулер енгізуге тура келеді[23].

Кадр саясатының стратегиясы кадр потенциялын құру және дамыту жоспарларымен нақтыланады.Оған кіретіндер:

- персоналды пайдалану стратегиясы;

-қонақ үйлік жұмыс стилін дамыту, оның ішінде қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас;

- персоналды дамыту,оларды оқыту және қайта дайындау;

-кадрлық реттеудің техникасы мен ортақ принцптері, оның ішінде персоналды таңдау мен жұмыстан босату;

-персоналға сұраныстың болжамы, оның санасы, мөлшері, біліктілігі, мамандығы, құрылымы;

-персонал ұсынысының болжамы, оның маркетингі, лизинг мүмкіндігі.

Бұрын жетістіктерге жетіп жүрген қонақ үй шаруашылығыдардың жаңа технологияларды шығарудың бөгелісі - персонал қажеттілігін жоспарламай, аз көңіл бөлгенімен байланысты. Қонақ үй шаруашылығындағы қызметкерлердің іскерлік белсенділігін қарастыруға болады.

Қонақ үй шаруашылығы миссиясы. Сәтті жұмыс істеп тұрған және тұрақты қонақ үй шаруашылығыды талдау, олардың артықщылықтары кәсіпкерлік қызметтің бастапқы концепцияларында жазылғанын көрсетті. Мұнда: «Біздің жұмысымыздың мақсаты не және қандай болады?» деген сұраққа жауапты бәрі біледі, өйткені бұл сұрақ жоғары басшылық мақсаттары мен қонақ үй шаруашылығы миссиясын; қонақ үй шаруашылығыың экономиялық өсуі, мәдениеті мен қарым-қатынысының көрінісі ретіндегі - имиджін көрсетеді. Осы сұраққа өзінің жеке қонақ үй кәсіпкерлігі бар басшылардың көбі жауап бере алмайды, яғни олар өздерінің миссиясын немесе кредосын білмейтіндіктерін аңғартады. Бұл посттотаритарлық экономиканың сипатына тән. Жаңа өзінің биснесін ашып жатқан кәсіпкерге ылғида болашағына үңіліп қарауға мүмкіндік болмайды, өзінің даму перспективасын көру, тәуекел мен белгісіздік факторларын есепке алып, талдау жасауына мүмкіндік болмайды. Миссияны құру үшін бұл факторлар қонақ үй кәсіпорындарының басшылығының ынтасы мен сенімділігіне қарағанда маңыздылығы төменірек болар, бірақ тәжірбиеде қонақ үй құрылғаннан бастап оның құлдырап кетпеу мәселесі туындайды. Сондықтан ең алдымен потенциалды клиентерді, серіктестіктер мен қонақ үйдің болашақ бәсекелестерін зерттеп алу керек. Жалпы қонақ үйдің миссиясы мен мақсаттарын біріктіруге болмайды. Көп жағдайда, қонақ үй шаруашылығының миссиясы - «пайда табу», деп ойлайды. Бірақ, ол пайданы қайда жұмсау керек? Дәл осы жерде миссия туралы сұрақ туындайды, ал пайда табу тек стратегиямен басқа да қонақ үй шаруашылығы жоспарынан туындайтын шешімдер нәтижесі болып табылады.

Егер жетістікке деген кішкентай мүмкіншілік туса, онда басқарушылық қарым-қатынасты дамыту керек. Мұндай қарым-қатынастар жұмыстан қанағаттануға болады, қуаныш алуды қамтамасыз етеді. Дегенмен, жалпыға белгілі шындыққа тоқталу керек еді, бірақ миссияны таңдау және оны мойындау, жекелеген қонақ үйлерді дағдарыстан шығаруға мүмкіндік береді, сонымен қатар көптеген елдердің дамуына әкелді - Жапония, Оңтүстік Корея, Германия.

Егер де отельдің қызмет ету себебі белгіленсе, анықталса, бұл оның миссиясының бар екенін білдіреді. Қортындылай келгенде, фирма стилінің ядросы мақсаттан да жоғары деп айтуға болады. Қызметкерлер өз іс-әректтерін және ойларын осы бейнемен сәйкестірлендірілуі керек. Миссия негізінде жасалған шаруашылық қызмет принцптері мен мақсаты келесі де басқарушылық шешім қабылдауда критериі болып табылады.

Сонымен, миссия отельдің мәртебесін анықтап, оның дамуының стратегиялық бағыт-бағдарын қамтамасыз етеді. Миссияны қалыптастыру мазмұны:

- қонақ үйді бекіту, ол қандай қызмет түрімен айналысады, кімге қызмет көрсетеді және қандай бқонақ үй шаруашылығы шығырады;

- басқару стилі;

- қонақ үйдің сыртқы ортадағы сипаттамасы.

Миссия қонақ үйдің ұраны ретінде болады. Ол іскерлік қабілеттің және күштің көзі болып табылады. Миссияны таңдау қызық сияқты. Егер де шағын бизнеспен айналысатын адамнан қонақ үйдің миссиясы қандай деп сұрасаң: әрине, пайда табу деп жауап қайтарады. Бірақ пайда табуды етпеуі байқалады. Иә, пайда табу маңызды мақсат және көбінесе басқа мақсаттарға жетудің жалғыз құралы. Бірақ, бұл қонақ үйдің ішкі мәселесі. Миссия сыртқы ортада қалыптасады. Миссияны таңдап алу үшін мына сұрақтарға жауап беру қажет:

Біздің клиенттер кім?

Олардың қандай қажеттіліктерін қанағаттыра аламыз?

Клиент - ол қонақ үй шаруашылығы жұмысының шекті нәтижесін қолданатын тұлға. Олардан басқа қонақ үй шаруашылығы партнерлері болып бірге қызмет атқаратын жабдықтаушылар, кеңесшілер, басқа отельдер.

Шағын қонақ үй шаруашылығы миссиясы қарапайым болуы тиіс. Тәжірибиешілер сендіргендей, әр қонақ үй үшін маңызды шарт - нақты кредо жасау. Ол қонақ үйдің өмір сүруі мен дамуының мөлшері және бөлінбес шарты болып табылады.

Басқару мақсаттары өздерінің кибернетикалық балама шегінен шығып кетеді және өзінің негізінде обьективті. Кибернетика контекстінде қонақ үйді басқару оны бір жағдайдан басқа бір жағдайға ауыстыру және берілген жүйені сол жағдайда сипаттайтын параметрді қолдауды білдіреді. Бірақ мақсаттар басқару субьектісімен, адаммен құрылады және осы мағынада мақсат мазмұнын түсіндіруде көрінетін субьективті мағанаға ие. Мазмұны бойынша экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, ғылыми-техникалық, қонақ үй шаруашылығыдық, экологиялық, қаржылық болып жіктеледі. Бұндай жіктеу қонақ үй шаруашылығының өзін, сыртқы ортасы мен серіктестерін сипаттайтын факторлы жүйеден айырмашылығы аз. Ол кейдейсоқ емес, өйтекні мақсаттар мазмұны қызметтің әрбір бөлімшесіне байланысты, ал әрбір қонақ үй шаруашылығы өзінің мақсаттарына клиенттермен өзара қарым-қатынас арқылы ғана жетеді.

Мақсаттар қонақ үйді басқару ұжымы анықтайтын әдістермен нақтыланады. Тәжірибиелік менеджменттің бір тұжырымдамасы әдістерді жобалау, кейін бақылау тетіктері арқылы негізделген. Мақсаттарға сәйкес басқарудың артықшылығы адамдар неге ұмтылатынын және қандай жолмен жүру керек екенін білсе, үлкен құлшыныспен жұмыс істейді. Соңғысы мақсаттардың өздерінен де маңыздырақ болып келеді.



Мақсаттар жүйесі. «Қонақ үй шаруашылығы мақсаты» түсінігі басқару принциптерін анықтаған кезде қолданылады. Ол стратегиялық жоспарлауда жоспарлардың бір түрі ретінде қолданылады. Қойылған мақсаттан тыс басқару жүйесінің функциясы болмайды, басқару жүйесін өзі қажетті нәтижені мақсат етеді. Процесті, ситуацияны жақындаудан басқарудан шығады және қажетті жағдайда басқару жүйесінің мақсаты құрылады немесе «мақсат ағымы» тік байланыстырылады. Нақты мақсат құру қонақ үйді басқарудың ең маңызды мәселесі.

«Мақсат» және оған сәйкес «стимул» (мотив) мағыналарын айыра білу керек. Миссия түсінігінде қонақ үйді басқару, белгілеу, оның басты ұраны, ол не үшін жұмыс жасайды, қызмет принцпі не болып табылады, ал стимул немесе мотив қозғалыс қызметін жандандыратын, олардың себебі, онда мақсат қажетті нәтиженің және жағдайын білдіреді, оған ұмтылуды қажет етеді. Кибернетикалық контекстегі менеджменттің мағынасы, ол қонақ үй шаруашылығының адам топтарын қызметті басқару арқылы әрбіреуін қалаған жағына өткізеді.

Нарықтық экономика елдеріндегі қонақ үй шаруашылығы мақсаттары инстанция бойынша төмендетілмейді және мемлекетпен берілмейді. Қазіргі тәжірибе, қонақ үй шаруашылығы мақсаттары экономикалық құрылыммен анықталмайтындығы дәлелденген. Бірнеше қонақ үй шаруашылығы мақсатты жалғастырады. Сол бір уақытта әр біреуінің шағында қызметті бір ғана мақсатпен нақтыланбайды. Бұл зертеулермен қонақ үй шаруашылығы саласында жұмыс істейтін жұмысшылар айналысады және мұндай кепілдік өндіріс қорларына және заңды қонақ үй шаруашылығы тұлғаларына септігін тигізеді.

Мақсаттарды таңдауда қонақ үй шаруашылығы басшылары және олардың инвесторлары, қонақ үй шаруашылығының басқару аппараты, кеңес директорлары, еңбек коллективі қонақ үй шаруашылығы клиенттері мен мемлекеттік органдар, (мысалы монопоияға қарсы және салық комитетіне) әсер етеді. Ал ең маңызды роль - ол қонақ үй шаруашылығының қаржылық жағдайы, оның кадрлық потенциалы, нарықтағы орны, өндіріс типі (жекелеген, сериялық, массалық).

Мақсатты шешім қонақ үй шаруашылығының тағдырын анықтайды. Жеке меншіктер пайдаға бағытталса, ал менеджерлер - карьераға, қызметкерлер – жұмыс орнының кепіліне бағытталады. Сондықтан қонақ үй шаруашылығы мақсаты көп жағдайда жұмысшылардың мақсатымен сәйкес келмей қалуы мүмкін. Бірақ, мақсаттың құрылымы әрқашанда басқарудың қонақ үй шаруашылығыдық құрылымымен байланысты болады. Мақсаттар иерархиялы және бағынышты болады.

Бастапқы бөлімшелердің мақсатқа жетуі ол ортаңғы звеноның мақсатқа жетуі деп түсінуге болады, ал соңғысы - жоғары мақсатқа деп түсінеміз.



Мақсаттардың мазмұны - тек қана пайда емес, ол жауапкершілік (ұжымға қатысты әлеуметтік, экологиялық және т.б.) және де имидж, өндірісті дамыту, технологиялардың қалпы, клиенттер жөнінде қамқорлық.

 

 

 


Сурет 5. Мақсатты пирамида

 

Мақсаттардың мазмұнына байланысты ғалымдар қонақ үй шаруашылығыдарды монетарлы – ақшамен өлшенетін мақсаттар және монетарлық емес - әлеуметтік, қауымдық, әдептілік мақсаттар түріне бөлді. Кез-келген қонақ үй шаруашылығы мақсаттармен өзара байланысты. Мақсаттар арасындағы байланыстар көлденең, тік, толықтаушы, бәсекелес болуы мүмкін. Мақсаттар бәсекесі жүйе түрінде көрсетілуі мүмкін: пайда - әлеуметтік қорғаныс; өтімділік – рентебельділік; жаңа технологиялар - экологиялық жауапкершілік; өзіндік мақсаттар - қонақ үй шаруашылығының мақсаттары; өндіріске бет ұстау - адамдарға бет-бұрыс.



Бұл қарама-қайщылықтардан олардың бірлігіне сүйене отырып пайданы алу керек.

Іскерлік белсенділік ілімнің мәні. Қонақ үй шаруашылығыды басқару ғылымы шаруашылық әрекет ету ілімімен қонақ үй шаруашылығының іскерлік белсенділік қағидасы арасында ешқандай айырмашылықты ажыратпайды. Бұны миссия және қонақ үй шаруашылығының философиясы, философия және қонақ үй шаруашылығының саясаты, басшы, басқарушы немесе менеджер, экономика және қонақ үй шаруашылығыды басқару қатынастары туралы да айтуға болады. Соңғысы мамандық пен біліктіліктің бірігуіне әкелді - экономист-менеджер. Терминологиядағы шатыс тәжірибеде қиыншылықтарды әкелмейді және даму темпін куаландырады.

Терминдердің біртекті емес түсіндірмесі өндірістік тәжірибенің ғылымды оқумен түсіндіріледі. Американдық әдебиеттерде іскерлік белсенділік ілімі немесе қонақ үй шаруашылығы философиясы менеджменттің ажырамас бөлігіне айналды. Германияда бұл түсініктер тек 90-шы жылдарда ғана пайда болды. Ал Қазақстанда менеджмент қалыптасу кезеңінде және мұнда тәжірибе ғылымның ұсыныстарынан қалып келеді.

Іс-әрекеттерді орындау және шешім қабылдау, жоспарды дайындау кезіндегі құндылықтар мен негізгі ережелерін енгізетін қонақ үй шаруашылығының іскерлік белсенділік ілімін талдау қонақ үй шаруашылығының өзінің өмір сүруіне байланысты болады.

Қонақ үй шаруашылығы менеджерінің этикасы қандай?

Қонақ үй шаруашылығыда қандай стиль тиімді болып саналады?

Қандай нормалар жеке адамдар арасындағы коммуникацияны анықтайды?

Адамдар мен өндіріс қызығушылығының арасы қандай?

Осындай сұрақтардың жауабы қонақ үй шаруашылығы философиясының, оның іс әрекетін құрайды, және басқару деңгейінің барлығының іс-қимылы негізінде болуы тиіс. «Сенімді жоғалтқанша ақшаны жоғалтқан артық» - осы девизді көптеген қонақ үйлер ұстанады. Іскерлік қабілеттілік концепциясы қызметкерлердің сенімділігін жаулап алу және сақтауға бағытталған.



Қызметкерлер, акционерлер және меншік иелерінің қызығушылықтары. Акционерлер мен меншік иелері қонақ үй шаруашылығына қатысы бойынша оның инвесторлары болып табылады. Олардың қызығушылығы фирма табыстылығымен тығыз байланысты. Бұл қызметкерлерге де қатысты. Сондықтан осы концепцияның бөлімі өте маңызды. 90-шы жылдары әлеуметтік нарықтық экономикадағы қонақ үй шаруашылығының неғұрлым маңызды қағидаларына жататындар:

1) қызметкерлердің жауапкершілін және белгіленген тәртіпке бағыну;

2) қызметкерлерге, өндіріске қамқор болу басымдылығы;

3) қонақ үй шаруашылығы мақсаттарына сәйкес басқару;

4) жалпы нәтижеде әрбір жұмыс істеушінің бөліктік қатысуын міндетті белгілеу;

5) этикалық міндеттер мен бақылау міндеттілігі.

Қызметкерлерге қатысты міндеттемелер бойынша келесі позициялар көрінеді: еңбек шарттары мен төлем ақы, жұмыс орнының кепілі, пайдада табуға қатыстылығы, әлеуметтік жеңілдіктер, біліктілікті жоғарлату мүмкіндігі, карьера жасау, басқарудың келісімділік стилі негізіндегі белгіленген бостандық, шешім дайындауда қатысу, еңбектік ұжымның өзін-өзі басқару бастамасын дамыту. Бұндай міндеттемелер бір жақты болмауы тиіс, сондықтан онда қонақ үй шаруашылығыың жұмыскерлерге артатын міндеттері де көрінеді. Бұл міндеттемелер іскерлік қабілеттілік тұжырымдамасының нақты бөлігін, оның бір орталық кезеңі болып табылады.

Инвесторларға (акционерлер мен меншік иелері) қатысты міндеттемелер қонақ үй шаруашылығының менеджерлік жағынан түрлі ақпараттар жеткізу мен салынған капиталға есептелетін пайыздық келісілген көлемін қамтамасыз етуді талап етеді.

Қонақ үй табысы оның клиенттеріне де байланысты болады. Олар іскерлік серіктес тобында маңызды болады және онда қонақ үйдің іскерлік міндеттемелерімен байланысты жабдықтаушылар мен қонақ үй шаруашылықтары жатады.

Қонақ үйдің серіктесіне қатысты тек қана экономикалық емес, психологиялық қағидамен де басқарылады, мысалы, ешбір жабдықтаушыны артық көрмеу міндеттемесі.

Қонақ үй шаруашылығы қаншалықты ірі болса, оның тиімділігі үшін жауап беретін менеджерлер саны соншалықты көп және қызметкерлер мен жеке кәсіпкерлер арасындағы тікелей қарым-қатынастар үшін мүмкіндіктер соншалықты аз болады. Осы жағдайда қонақ үй шаруашылығыды акцияландырумен байланысты шаруашылық жүргізу нысаны көмекке келеді.

Акционерлік қоғамда меншік иелері басқарманы басқарып, ол үшін қонақ үй шаруашылығында бұйрық беру құқығына ие бола алатын, бірақ билеу және пайдалану құқығы меншік иесінде қалатын менеджерлерді - тұлғаларды жалдайды. Дегенмен, уәкіллеттерді осылай басқарып, осы принципті ұстаушылар және атқарушылар санынан қызметкерлер қатарынан меншік иелері акционерлерді шығармайды. Қазіргі қонақ үйлер кооперативті басқару стилін тәжірибелейді

Біздің қеңес беру қызметтеріміз алдыңғы қатарлы жоғары білікті қызметкерлерге жүктеледі. Біз клиенттеріміз үшін сенімді әріптес болуды қалаймыз. Әрбір ішкі және сыртқы қызметкері өз міндетін атқара отырып, клиентке қызмет етеді. Біздің қызметіміз бюрократиялық процедуралардан жеңіл және құны бойынша тиімді болуы үшін, өз әкімшілігіміздің жұмысын жетілдіреміз. Алдағы дамуға дайын және инновацияға қабілетті болу үшін, білімімізді жоғары деңгейде ұстаймыз.

Біздің қонақ үйдегі микроклимат ашықтылық, көрнектілік негізде барлық қызметкерлер арасында сенімді қарым-қатынас қамтамасыз етуі қажет. Біздің біріккен жұмыс ережелерімен танысу үшін сипатталады және өткізіледі.

 


  1. Пайдаланган әдебиеттер: http://www.investopedia.com/terms/s/strategic-management.asp

  2. ↑https://en.wikipedia.org/wiki/Strategic_management

  3. ↑http://managementstudyguide.com/strategic-management.htm

  4.  http://managementstudyguide.com/swot-analysis.htm

  5. ↑http://managementstudyguide.com/corporate-governance.htm

  6. ↑http://managementstudyguide.com/mintzbergs-five-configurations-of-strategic-management.htm


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...