Тақырыбы: Педиатриядағы жедел жағдайлар. Гипертермиялық синдром, елірме синдромы, анафилактикалық шок, асфиксия, жүрек өкпе реанимациясы кезіндегі жедел көрсетілетін көмекті көрсетуді үйрену. Бақылау сұрақтары арқылы

Loading...


бет3/12
Дата22.06.2021
өлшемі39.75 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Гипертермиялық синдром
Себептері: Гипертермиялық синдром инфекциялық процесс кезінде, стрестер, уланулар, аллергиялык реакциялар т.б. жағдайлар кезінде жылу түзілуінің артып, жылу бөлінуінің нашарлауынан дамитын, балаларда жиі кездесетін патологиялық жағдай.

Дене температурасының көтерілуі бірнеше дәрежеде өтеді:

1. субфебрилді - 37,2° С - 38° С;

2. фебрилді-38,1°-39°С;

3. жоғары фебрилді-39,1°-41°С;

4. гипертермиялық -41° С-дан жоғары.

Белгілері: Сыртқы белгілері бойынша гипертермия екі түрге: "қызғылт" қызба (розовая лихорадка) және "бозғылт" қызба (бледная лихорадка) болып бөлінеді.

"Қызғылт" қызба кезінде:

- тері қабаты қызғылт түсті, ыстық, аяқ-қолдары жылы;

- температура түсіретін дәрілер тез әсер етеді;

- дем алысының жиілігі мен пульстің жиілеуі температура деңгейіне сәйкес (дене қызуының 37° С-тан кейін әрбір градусқа көтерілген кезінде дем алысы 4-ке, пульсы 10-ға жиілейді);

- есін жоғалту, елірмелеу көбінесе байқалмайды.

"Бозғылт" қызбада:

- тері қабаты боп-боз, мрамор тәрізді, аяқ-қолдары мұздай, тырнақтары көгерген;

- температура түсіретін дәрілер тез әсер етпейді;

- дем алысының жиілігі мен пульстің жиілеуі температура деңгейіне сәйкес келмейді;

- балада есін жоғалту, сандырақтау, елірмелеу жиі байқалады. Кішкентай балалар үшін әсіресе "қатерлі" гипертермия қауіпті, бұл кезде :

- дене қызуы тез 40 - 41 ° С дейін, немесе одан да жоғары көтеріледі;

- тахикардия, аритмия;

- гипертермияның 6 сағаттан артық сақталуы (ем жүргізілгенге қарамастан);

Жедел жәрдем:

Дене қызуы 38 С-тан асқан жағдайда, анамнезінде температурадан кейін елірме байқалған жағдайында, бас миы зақымданып туылған балаларға және 3 айға дейінгі балаларға тез арада жедел көмек көрсетуді бастау қажет. "Қызғылт" қызба кезінде:

- баланы жалаңаштап, шешіндіру;

- таза ауамен қамтамасыз ету;

- жиі сусын ішкізу;

- физикалық тәсілдерді қолдану (бас жағына мұзды мүйық қою, үлкен тамырлар тұсына салқын компресс қою, денесін сулы жөргекпен орау, 3% уксус ерітіндісімен, немесе бірдей мөлшерде алынған су, спирт, 3% уксус ерітіндісімен сүрту, желдеткішпен желдету т.б.);


- ауыз арқылы температура түсіретін дәрілер ішкізу: парацетамол (панадол, калпол т.б.) 10 мг/кг 1 жасқа дейінгі балаларға, 15 мг/кг 1 жастан кейінгі балаларға, аспирин 0,05-0,2 /кг, "Цефекон", "Эффералган" балауыздарын тік ішекке (1 жасқа дейінгі балаларға аспирин мен балауыздарды қолдануға болмайды);

- 30 минут ішінде дене қызуы төмендемесе, температура 38,5° С-дан жоғары болса, дәрілер қоспасын бұлшық етке егу: 50% анальгин + 1% димедрол + 2% папаверин (эрқайсысынан 0,1 мл/бала жасына) немесе келесі дәрілер қоспасы: 2,5% аминазин 1 мл + 2,5% пипольфен (2% супрастин) 1 мл + 0,25% новокаин 8 мл. Осы қоспадан орташа дозасы 1 мл/кг бұлшық етке егіледі.

"Бозғылт" қызбаны (алдымен "қызғылт" қызбаға айналдырып алу:

- баланы жылыту: аяқ-қолдарына жылытқыш қою;

- ауыз арқылы есін жоғалтпаған болса ыстық суысындар ішкізу;

- перифериялық қан тамырларының қысылуын азайту үшін температура түсіретін дәрілер қоспасына 2% папаверин 0,2-0,4 мл; 2,4% эуфиллин 0,1 мл/кг салмағына 1 жасқа дейінгі және 1 мл/бала жасына 1 жастан асқан балаларға; 2% но-шпа 1 жасқа дейін 0,5-0,8 мл, 1-2 мл 1 жастан асқан балаларға;

- әсер етпеген жагдайда дроперидол 0,25% 0,1 мл/кг бұлшық етке немесе көк тамырға; диазепам 0,3-0,4 мг/кг;

- ауыр жағдайларда, бүйрек үсті бездерінің жұмысы бұзылғанда, кан қысымын көтеру үшін преднизолон 1-2 мг/кг немесе гидрокортизон 3-5 мг/кг бұлшық етке немесе көк тамырға.

Фельдшердің тактикасы:

Алғашқы жедел көмек көрсетіп, өзі дәрігердің кеңесіне және көмегіне келесі этапқа жеткізу.

Дәрілік препарат
1 қолданылатын доза
Бала жасына қарай 1 қолданылатын дозасы

1 Ж.Д. 1-2 жас 3-4 жас 5-6 жас 7-9 жас 10-

14

жас


Парацетамол табл. (0,2 г) Ішке 1-5 мг/кг 0,025 0,05 0,1 0,15 0,15 0,2 0,25

Аспирин


табл. (0,25; 0,5 г) Ішке 5-15 мг/кг - - - 0,25 0,3 0,5

Бруфен табл., сироп (0,2 г) Ішке 5-10 мг/кг 0,1

0,2 0,2

Анальгин 50% - 1 мл К/т, б/е

0,1 мл/жасына 0,1 мл 0,2 мл 0,3-0,4

мл 0,5-0,6 мл 0,7-0,8 мл 1 мл

Дибазол табл,. үлтақ (0,02 г) Ішке 1 мг/кг 0,001 0, 002 0,

004 0, 005 0, 006 0, 008

Папаверин

гидрохлориды 2% - 2 мл Б/е 0,2-0,3 мг/кг 0,1

0,3

мл 0,3-0,4



мл 0,4-0,5 мл 0,6-0,7 мл 0,8-1 мл

Пипольфен (дипразин) 2,5% - 1 мл К/т, б/е

0,1 мл/жасына 0,01 мл/ кг 0,2 мл 0,2-0,4

мл 0,5-0,6

мл 0,7-0,9

мл 1 мл


Седуксен 0,5% - 2 мл К/т, б/е 0,05-0,1 мл/кг 0,5-1 мл 1-2

мл 1-2 мл 1-2 мл 1-2 мл 1-2 мл

Натрий окси-бутираты (ГОМК) 20% - 10 мл К/т (өте жай) немесе

б/е


50-100 мг/кг 1-2 мл 2-3 мл 2-3 мл 3-5 мл 3-5 мл 6-10 мл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
тоқсанға арналған
туралы хабарландыру
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстан тарихы
біліктілік талаптары
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
мерзімді жоспар
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
Қазақ әдебиеті
мемлекеттік әкімшілік
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
оқыту әдістемесі
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік кешені
болып табылады
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан

Loading...