Тақырыбы: Педиатриядағы жедел жағдайлар. Гипертермиялық синдром, елірме синдромы, анафилактикалық шок, асфиксия, жүрек өкпе реанимациясы кезіндегі жедел көрсетілетін көмекті көрсетуді үйрену. Бақылау сұрақтары арқылы

Loading...


бет2/12
Дата22.06.2021
өлшемі39.75 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жүрек-өкпелік реанимация
Қан айналымының өткір жетіспеушілігі деп жүрек, қан айналу жүйесінің ағзалар мен тканьдерді жеткілікті мөлшерде қанмен қамтамасыз ете алмаған патологиялық жағдайын атайды.

Себептері:

Қан айналуының жетіспеушілігінің себептері өткір жүрек жетіспеушілігі мен қан тамырларының өткір жетіспеушілігінен туындайды. Балаларда өткір жүрек жетіспеушілігі көбінесе тұмау, пневмония, өткір ішек аурулары, уланулар, ревматикалық, дифтериялық миокардиттерде, туа пайда болган жүрек ақаулары мен ауыр бүйрек ауруларында бактериялар мен олардың токсиндерінің жүрек бұлшық етін зақымдауынан кейін дамиды.

Өткір қан тамырларының жетіспеушілігі қан тамырларының тонусының жедел өзгеруі салдарынан мидың қанмен жабдықталуының бұзылуынан кейін дамиды. Сонымен қатар бұл жағдайга ауыр жұқпалы аурулар, көп қан жоғалту, өткір бүйрек үсті бездерінің жетіспеушілігі де әкеледі.

Өткір жүрек жетіспеушілігі

Белгілері:

Ентігу, тахикардия, тахипноэ, тері және шырышты қабаттарының көгеруі, мойын көк тамырларының білеуленіп, ісінуі, қатты согуы, жүрек шекараларының ұлгаюы, бауырдың ұлгаюы, жөтелден кейін көбік аралас сарғыш немесе қызғыш түсті қақырық тастау т.б.

Жедел көмек:

- тыныштық орнату;

- баланың бас және кеуде жағын жоғары етіп жатқызу;

- спирт арқылы ылғалдатылған оттегін беру;

- тыныс жолдарын тазалап, шырыш, қақырығын сорып алып тұру;

- пульсін бақылай отырып, аяқтарына байлау салу;

- тыныштандыратын дәрілер - седуксен (реланиум) 0,5% -0,1 мл бала жасына; лазикс 1,5-2 мг/кг салмағына егу;

- жүрек соғысы тоқтап қалса жабық массаж жасау, төмендегідей дәрілік препараттарды қолдану. Дәрілерді тағайындау кезінде олардың 4 жақты әсері ескеріледі:

1 - жүрекке келетін веноздық қан көлемін азайту (диуретиктер тағайындап, су мөлшерін шектеу);

2 - миокард жұмысын жақсарту (жүрек қан тамырларын кеңейтетін, жиырылуын күшейтетін дәрілер: допамин 2-4 мкг/кг, адреналин, нитроглицерин 0,1 мкг/кг. Жүрек гликозидтері гипоксия, гиперкапния мен ацидозды жойғаннан кейін ғана тағайындалады.

3 - жүрек жиырылуын күшейту үшін қан тамырларындағы қысымды азайту (қан қысымын төмендету мақсатымен нитроглицерин немесе каптоприл)

4 - жүректің қоректенуін жақсарту мақсатымен поляризациялаушы қоспа: 20% - 5 мл глюкоза + 7,5% - 0,3 мл калий хлор + 1 ед инсулин тағайындалады.
Дәрілік препарат 1

қолданылатын

доза Бала жасына қарай 1 қолданылатын дозасы

1 ж.д. 1-2 жас 3-4 жас 5-6 жас 7-9 жас 10-

14

жас


Адреналин гидрохлориды 0,1%-1 мл К/т 0,01 мг/кг, трахея ішіне 0,05 мг/кг. 1 мл 0,1% препаратты 9 мл физ. ерітіндіге араластырып, к/т 0,1-0,2 мл/кг немесе 0,3-0,5 мл/кг енгізіледі. 0,1 0,15 0,2-0,35 0,4-0,5 0,5-0,6 0,7

Атропин сульфаты 0,1%-1 мл Қолданылатын дозалары мен еріту, егу әдістері адреналиндікідей

4% натрий бикарбонаты Көк тамырға 4мл/кг (қышқыл-негіз тепе-теңдігін бақылай отырып)

Альбумин 5%, 20% Көк тамырға 10 мл/кг

Лидокаин 2%-2 мл, 10%-5 мл (100 мг) 2% - 1-2 мг/кг көк тамыр арқылы, 10% 3-6 мг/кг бұлшық етке 0,2-0,5 0,5-0,7 1-1,2 1,5-

2 2 2
Өткір жүрек жетіспеушілігі кезінде жедел көмек кешіккен жағдайда клиникалық өлім жағдайымен асқынады.

Белгілері: Есін жоғалтады, дем алысы жоқ, ұйқы артериясында пульсы анықталмайды, көз қарашыгы үлкейеді, көздің қорғаныш қимылы анықталмайды.

Жедел көмек: 1-саты - тыныс жолдарын тазалау:

- баланы қатты тегіс жерге басын шалқайта жатқызып, жауырын астына жастықша немесе бүктелген киімін қою;

- қысып тұрған киімдерін шешу;

- төменгі жағын алдына және жоғары қарай шығарып, ауыз қуысы мен жұтқыншақтан электросорғыш арқылы шырышын сорып тазалау;

- баланың басын барынша шалқайта ұстау (сол қолды маңдайына, оң қолды мойын астына қою);

II- саты - жасанды дем беру ("ауыздан ауызға") тәсілімен:

- баланың аузына салфетка жауып, сол қолдың саусақтарымен мұрнын қысып ұстау;

- еріндеріңмен науқастың еріндерін қамтып ұстау;

- өзінің өкпеге жинап алған ауаны үрлеп шығару, осы кезде кеуде торының қимылын қадағалап тұру;

- тыныс беру жиілігі минутына 12-15 рет, емізулі балаларда минутына 20-24 рет.

"Ауыздан мұрынға" дем беру тәсілі де осындай тәртіппен, тек баланың аузын жауып тұрып, мүрын қуысына ауа үрлеу арқылы орындалады. Бір жасқа дейінгі балалардағы ерекшеліктері: дем беру кезінде баланың аузы мен мұрны қоса қамтылады, жиілігі жиілеу және жіберетін ауа көлемі бала неғұрлым кішкентай болса, сонша аздау болады.

Ш-саты - қан айналымын орнына келтіру. Жүрекке жабық массаж жасау:

- баланы қатты жерге шалқасынан жатқыз;

- 10-12 жасқа дейінгі балаларға бір қолдың алақынын төстің төменгі бөлігіне қойып, минутына 100-120 рет төс сүйегін 2,5-3 см-ге жылжыт;

- емізулі және жаңа туылған балаларға жабық массаж үлкен саусақпен немесе екі саусақ ұшымен минутына 120-140 рет төсті 1-2 см-ге жылжыту арқылы жүргізіледі.

Жүрекке жабық массаж жасанды дем берумен қатар жүргізілген жағдайда төсті басу демді шығару кезінде орындалады. Тірілту шараларын бір адам жүргізетін болса екі рет дем беруге 10 (3:15) рет массаж жасалады. Екі адам көмек көрсетіп жатқан жағдайда бұл ара қатынас 1:5 (4) болу керек, Әрбір 2 минут сайын ұйқы артериясының соғуын және көз қарашығын бақылап отырады.

Тірілту шараларының тиімділік белгілері:

- ұйқы артериясында пульстің пайда болуы;

- көз қарашығының кішіреюі;

- систолалық қан қысымының 60 мм сб. жоғары көтерілуі;

- тері қабатының қызарып, жылуы;

- өз бетінше дем алысының пайда болуы;

- есі кіру.

Балаға көмек көрсету барысында халықаралық "қарапайым тірілту шараларының әліппесін" қолданады.

"А" - баланың өміріне қауіп төніп тұр ма?

"В" - тыныс жолдары таза ма, дем алуына бөгет жоқ па?

"С" - бала дем алып жатыр ма? Ол үшін көкірек торының қимылын, тыныс алу дыбысын, демінің лебін анықтау қажет.

"Д" - жүрек соғысы, қан айналуы бар ма? Ол үшін пульсті іздеу қажет: 1 жасқа дейінгі балаларда пульс иық артериясынан (иық пен шынтақ аралығында қолдың ішкі жағынан табылады); ересек балаларда пульс ұйқы артериясынан анықталады.

Дем алысы жоқ болса - жасанды дем беру, пульсі анықталмаса - жүрекке жабық массаж жасау жалғастырылады.

Тірілту шаралары 30-40 минуттан кейін де нәтижесін бермесе, биологиялық өлімді дәлелдейді.

Жүрек-өкпелік реанимация параметрлері

Баланың жасы Жасанды дем беру

"ауыздан ауызға

(мұрынға)"

әдісімен Жүрекке жабық массаж жасау


Тыныс

алу жиілігі Тыныс көлемі Төс

сүйегінің

жылжу


амплитудасы Жүрек

соғысының

жиілігі

Жаңа туылған және емізулі балалар 40-30

рет 50-100 мл 1,5-2,5 см 120 рет

10-12 жасқа

дейінгі

балалар 25-30 рет 100-

400 мл 2,5 - 3 см 120-110 рет

12 жастан асқан балалар 20-16 рет 400-1000 мл 3,5 см 80 - 60 рет


Тірілту

шараларының

нәтижесі Демді жіберген кезде көкірек торының кеңеюі және дем шыққан кезде басылуы Ұйқы артериясының соғуы, көз қарашығының кішіреюі, тері түсінің өзгеруі
Фелъдшердің тактикасы:

Тез жедел жәрдем бригадасын шақыру, оған дейін қолынан келетін қарапайым тірілту шараларын жасай бастау.

Өткір тыныс тапшылығы

Себептері:

Көкірек торы мен өкпенің жарақаттары, пневмоторакс, гемоторакс, бас миының жарақаттары мен аурулары, тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы, ателектаздар мен өкпе қабынуы, өкпе ісінуі, суға кету, комалар жағдайы, елірме жағдайы.

Белгілері:

- ентігу;

- тахикардия;

- мазасыздық соңынан енжарлық;

- терлеу;

- есін жоғалту;

- қан қысымының көтерілуі, соңынан төмендеуі;

- брадикардия;

- аритмия.

Кішкентай балалардагы ерекшеліктері:

- 1-дәрежесінде тахикардия мен ентігу күш түскен кезде байқалуы;

- 2-дәрежеде қалыпты жағдайдың өзінде тахикардия мен ентігу байқалуы;

- еріндерінің көгеруі және акроцианоз;

- мұрын желбезектерінің керілуі;

- қабырға аралықтарының дем алысы кезінде ішке тартылуы;

- 3-дәрежеде дем алысының минутына 80-100 ретке дейін жиілеуі;

- дем алысының патологиялық түрлерінің байқалуы;

- жалпы цианоз;

- адинамия;

- есін жоғалту, елірмелеу.

Жедел көмек:

- тыныс жолдарының тазалығын тексеру;

- оксигенотерапия (2-дәрежелі тыныс тапшылығында 60% оттегін маска немесе мұрын катетері арқылы; 3-дәрежесінде 100% оттегін беру;

- дем алысы жоқ болса, стандартқа сәйкес жасанды дем беру (бар болса арнайы құралдар мен аппараттар аркылы; болмаған жағдайда ең қарапайым "ауыздан ауызға" немесе "ауыздан мұрынға" тәсілдерімен).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
тоқсанға арналған
туралы хабарландыру
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстан тарихы
біліктілік талаптары
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
мерзімді жоспар
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
Қазақ әдебиеті
мемлекеттік әкімшілік
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
оқыту әдістемесі
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік кешені
болып табылады
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан

Loading...