Тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі бала үшін білім беру маршрутының жасақталу мен жүзеге асырылуы туралы сипаттама беру»

Loading...


Дата22.11.2020
өлшемі45.78 Kb.

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС


Тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі бала үшін білім беру маршрутының жасақталу мен жүзеге асырылуы туралы сипаттама беру»


Жоспары

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Инклюзивті топтарда білім беру маршрутының жасақталу

2.2 «Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ұйымдарнда мемлекеттік жалпы міндетті жүзеге асыру шарттары»



ІІІ. Қорытынды бөлім


Кіріспе бөлім
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады.

Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінесе арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді қолға алына бастады.

 Біздің елімізде инклюзивті оқыту тәжірибесі 2000 жылы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға базалық білім беруге көмек» Қазақстан Республикасының Үкіметі және ЮНЕСКО – мен бірігіп САТР Орталығының Пилотты жобаны жүзеге асыру барысында басталды. Осы жобаның арқасында «инклюзивті білім беру» түсінігі орнықты. Әрі қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады . Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды.



1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

 

Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.  Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.



Ағымдағы жылдың мәліметтеріне сүйенсек, ата-аналардың 79 пайызы бұл жағдайды түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды деп айтуға болады. Бұл инклюзивтік білім берудің белгілі бір деңгейде дамып жатқанын көрсетеді. Бірақ шешімін таппаған мәселелер өте көп.

 «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталмақ. Өйткені барлығын бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды



Жасыратыны жоқ, жалпы білім беретін мектептердегі үдеріске мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу еріксіз, шарасыздықпен, жүйесіз түрде іске асуда, оның факторлары мыналар:

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру мекемелер санының аздығы (әсіресе, кіші қалалар мен ауылдық жерлерде);

Ата-аналар өз балаларын арнайы білім беру мекемелеріне беруден бас тартады: олар арнайы мектептің алыстығын, балаларды тасымалдаудың қиындығын алға тартады, баласын интернат жағдайында тәрбиелегісі келмейді; Әрбір ата-ана өз баласын дамуы қалыпты балалар қатарынан көргісі келеді.

Қазіргі уакытта Республикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ерте жастан медициналық, білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру, басқару және қаржыландыру, кадрмен және материалдық-техникалық кұралдармен қамтамасыз ету керек. Осындай көпқұрылымды жүйесінің құрылуы және қызмет атқаруы инклюзивті оқытудың үрдістерін дамытуға мүмкіндік береді.

Орта білім беретін мектептерде педа­гогтарды дайындау, мектептердің ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәселелер шешілу керек.
Инклюзивті топтарда білім беруді ұйымдастыру негізгі бағыттары
Жұмыстың диагностикалық бағыты. Балаға МДБҰ консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына меңгерушінің (директордың) бұйрығымен дефектолог мұғалім, логопед, практикалық психолог, дәрігер, топ тәрбиешісі енгізіледі.       

 Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық бағыты. Жеке басқа тұтасынан әсер ететін шаралар кешенін қарастырады, жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін  түзету.



 Жұмыстың жалпы білім берушілік бағыты. Балаларды қоғамдық тәжірибені меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып мектепте оқуға даярлауды қарастырады.

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік жағынан қолдау, оларды тәрбиелік жағынан дамыту. Мектепте немесе мектепке дейінгі мекемелерде өткізілетін түрлі шараларға қатысуын қадағалау. Қоғамдағы рөлін айқындау.

Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.

Дамуы қалыпты балалар мүмкіндігі шектеулі балаларға мынадай мүмкіндіктер береді:

Өзі қатарлас - мүгедек балалар жөнінде неғұрлым толық және шынайы түсінік алу  және айырмашылығын қабылдау

Олардан ерекшеленетін адамдарға жағымды қатынас қалыптастыру. 

Кіші жастағы балаларды инклюзивті оқыту идеясының қандай артықшылықтары бар?

Сегрегация (қалыпты балалардан бөлек ұстау) салдарынан құтылады, оның ішінде «ақыл-есі аз» деген «мөр» тағылудан және қалыпты балалармен шектеулі байланыс әсерінен жағымсыз қарым – қатынастың қалыптасуынан құтылады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар басқа балаларға еліктеу арқылы бейімделудің жаңа дағдылары мен сәйкес үлгілерді меңгереді.

Инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған құқықтық құжат. Ата-аналар және басқа да заңды өкілдері:

Баланың ерекшелігін және жеке қабілетін, қалауын ескере білім беру мекемелерін таңдауға;

Психологиялық- дәрігерлік - педагогикалық кеңесте өз балаларын тәрбиелеу және оқыту мәселесі бойынша кеңестік көмек алуға құқылы.        

Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты: Оқу үрдісіндегі компьютерді қолдану міндеттері:

Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету;

Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету,

Кең таралған білім көздерінен ақпаратты іздестіру,

Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;

Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;

Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін:  көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. Кохлеарлы имплантантты, аутизмді психикалық дамуы кешеуілдеген, тірек-қимыл аппараты бұзылған мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу.

3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті: (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған.

Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге арналған ic-шаралар:

•           Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтауды ұйымдастыру және оларға түзете - педагогикалық көмек көрсету.

•           Жалпы мектепке дейін және мектепте оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалар нормативті - құқықтық және оқу - әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

•           Жалпы білім беру мекемелерінде, ППТК, логопедиялық пункттерде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және психологиялық - педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.



Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады. Жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және олармен жүргізілетін түзету жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.

Әрбір мүгедек оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі.

Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына мүгедек балалар медбикелердің тұрақты қадағалауында болады, қажеттілігіне қарай алдын ала емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты бойынша ұйымдастыру жұмысы (спорттық секциялар, арнаулы үйірмелер, диспуттар), жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды кәсіптік мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне араластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.









«Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ұйымдарнда мемлекеттік жалпы міндетті жүзеге асыру шарттары»


Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде — қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психикалық-физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне әкеліп, соқтырып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілген. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіліп, қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру жолға қойылатындығы атап көрсетілген.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру – оқу материалдарын түрлендіре отырып (әртүрлі бағдарламалар көмегімен) оқушының назарын бір бағытқа шоғырландыруға, сабақтың түсіндірілуін жеңілдетіп, оқушының сабаққа деген белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ішінде, әсіресе тірек-қимыл жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатын балалар үшін жаңа технологиялар көмегімен білім беру арқылы, білім беру ұйымындағы жүргізілетін білім беру жағдайына қолжетімділікті қамтамасыз етуге болады.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер» бөлімінде: «Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді» делінген. Ал, әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатында — даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар да бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада макемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған.

Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.

Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында; білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресрустарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:

  • білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;

  • оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;

  • оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;

  • мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;

  • қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;

  • мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;

  • білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау. 

Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:

Дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;

Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау; Қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі; Жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен.

Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л. С. Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген.

Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан отбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе медицина және педагогикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық ақпарттық қолдауды қажет етеді. Дер кезінде алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген әлеуметтік-психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді. Шындығында да, ауру баланың әр-түрлі проблемаларына байланысты күтімнің қажеттілігінен ата-ананың (ең болмағанда біреуінің) жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Бұл жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусына кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты туындайтын ішкі жанұялық қарым-қатынастың бұзылуы баланың онсыз да бұзылған психофизикалық жағдайына жағымсыз әсер етіп, оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.

Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының ірге тасы болатынын және кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең түсіне бермейміз. Яғни, жанұя баланың (оның органикалық бұзылуларынан тыс) психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-ана бауырларының рөлі мен жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол тек баланы өмірлік қажеттіліктермен қаитамасыз етуден ғана тұрмайды, оны үнемі сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет. Бірақ ол баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасауы үшін өзіндік белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Түсініктірек айтқанда баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы дмау деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалар арасындағы өзара іс-әрекет арқылы қалыптасады. Ата-аналар тарапынан болатын жоғары дәрежедегі қамқорлық та баланың өздігінен жуыну, киіну, тамақтану, қажетін өтеу дағдыларын игере алмауына себеп болады. Төгіп-шашады, бүлдіреді деген сылтаулармен көп жағдайда ата-аналар баласы үшін өздері істегенді тиімді көреді. Осындай себептермен балада өз-өзіне қызмет ету дағдысының қалыптасуы қиындайды. Түзету, әлеуметтік бейімдеу орталықтарына осындай бағытта жүргізілетін нәтижелі жұмыстар ата-ана тарапынан қолдауды бекітілуді қажет етеді.

Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы әртүрлі жанұялық проблемалар кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры туралы ойлануға мойын бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-амыту үрдісінен тыс қалмай белсенді қатысушы болып, мамандармен, медициналық, психологиялық кеңес алып отырса, баласының өмірлік қажеттілік дағдыларды меңгеруіне сауатты түрде ықпал етер еді.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап қалалық Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектебінде психолог болып жұмыс жасап жүрмін. Өткен жылы мектеп партасында отырған 6 оқушылардан басқа, үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі 3 оқушымен жұмыс жүргіздім. Олар жас деңгейіне қарамастан мектепалды даярлы және 1-11 сынып аралығында оқитын болды. Ол оқушылармен алдымен диагностикалық зерттеу жұмыстарынан бастап, түрлі түзету жұмыстары денсаулық жағдайына байланысты жүргізілді.

Сонымен 2012-2013 оқу жылына мектепте барлығы 1 оқушы үйден оқиды.

Мүмкіндігі шектеулі бааларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларға әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады (кумир), немен айалысқанды ұнатады. (хобби). т.б. сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені өрбітуге көмегін тигізеді, яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді.

Мүмкіншілігі шектеулі болған себепті баланың және қамқор ата-ананың көп жағдайда агрессивті күйде жүретінін естен шығармаған жөн. Олар педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге сеніммен, үмітпен қарайды. Содықтан бұл балаларды қатаң талап қою арқылы үйрету тиімсіз, тіпті қауіпті болуы да мүмкін. Ал олардың басы әр түрлі ойдан бос болмағандықтан тек жүрек арқылы жол табуға болады.

Ағылшын зерттеушісі Л. Ярроу бойынша депривация түрлері айқындалған. Соың ішінде үйден оқитын оқушыда даму жағдайының 3 түрі кездеседі.

Әлеуметтік депривация- баланың басқа адамдармен қарым қатынастың азаюы.

Эмоциялық депривация- қоршаған ортаме қарым-қатынаста эмоцияның әлсіз көрінуі, айналаны енжар сезінуі.

Сенсорлық депривация- балада әсерлердің әр түрлілігі және қабылдау айқындығының төмендеуі.

Олардың ішінде интеллект дамуында физиологиялық қалыс болмаса да өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалған балалар болады.

«Қазақ педагогикалық энсеклопедия сөздігінде» ойлауға мынадай анықтама береді. Ойлау – сырттан әсер ететін заттар мен құбылыстардың мида жалпы жәе жанама түрде ұғым арқылы бейнелену. Ал П. Г. Гальперин: «Ойлау -сезім, қабылдау елестің таным істерін жалғастырушы дамытушы» ретінде қарастырады. Басқа психикалық функцияларға қарағанда адамның ойы ерекше, белсенді процесс. Ой адамың айналысындағы дүниемен айналыспайынша өздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат — сұраққа жауап беру, мәселені шешу.

Оқушының ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретіде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан, оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдерін үйретіу қажет.

Баланың жеке дара қасиеттерін, ескере білу.

Іс-әрекетке қызықтыра білу:

Сабақтан тыс жұмыс түрлдерін жоспарлау және оның жүзеге асуына бақылау жасау.

Тәсілдер:

Көрнекі- әрекеттік ойлау- заттық құралдық іс-әрекет, ол құрастыру іс әрекетінен көрініс табады (түрлі конструкторлар қолдану).

Көрнекі бейнелік ойлауға жоғарыда айтылған конструкторлармен жұмиыс бейнелік үлгіде емес, сөздік нұсқада болуы тиіс. (Әр түрлі сюжеттік-ролдік және режиссерлық ойындар)

Сөздік логикалық ойлауды алдымен Р. С. Немовтың әдістемесі бойынша анықтап алып, оны ары қарай дамытуға «Төртінші артық», «Әңгіменің жетіспейтін бөлігі», «Керісінше айту», «Жақсы мен жаман», т.б. көптеге жаттығуларды қолдануға болады.

Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әр түрлі болады. Олар: басынан өткен аурулар, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, нашар көруі, құлақ ауруы, т.б. себептер болады. Психикалық дамуының негізгі бүзылыстары-интеллект деңгейі, көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы, қоршаған ортаны тануы нашар болып келеді.

Осындай тұлғалардың психологиялық, сөйлеу тілі және қимыл-қозғалыс дамуларының қарқынының баяулығы байқалады. Олар өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын кеш қабылдайды, қарапайым мектептік білімді де нашар меңгереді. Ақыл-ойыв орташа деңгейде бұзылған балаларда қоршаған орта туралы түсінік өте кедей, сондықтан «Айналамен таныстыру» өте маңызды. Ондағы басты мідет балалардың табиғат туралы қароапайым түсінікті меңгеруі, олардың жақынқоршаған ортаны заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін молайту және жүйелеу, сонымен бірге тәртіптің дұрыс нормаларын қалыптастыру жатады.

Дүниетанымын кеңейтудің мақсаты ақыл-ойы орташа даиыған оқушылардың оқудың бастапқы сатысында алған қоршаған әлем туралы түсінігін кеңейту және бекіту қоршаған әлемде бағдарлаудың практикалық тәсілдерін, өмірлік қажетті икемділіктер мен дағдыларды дамытуды жалғастыру.

Табиғат құбылыстары, жыл мезгілінің ауысуы және табиғат пен қоғамдағы адам өмірінің өзі де кезеңдік түрде болады. Оқушылар бұл қайталанатын, сонымен қатар өмір кезеңдерінің уақыттың ағымдығын мен қайталанбастығын сезінуге және түсінуге тиісті. Бұл үшін балаларды оларды қоршаған табиғат пен қоғаммен өзара қарым-қатынасқа қатыстыру керек.

Сондықтан оқушыларға қоршаған орта және әлеуметтік ортада бағдарлау үшін қажетті қызмет, икемділік тәсілдері қалыптасады. Іс-әрекеттік тәсілде ресек адамның басшылығымен меңгеріледі. Оқушылардың даму деңгейіне қарай, мүмкіндігінше біртіндеп оқу үрдісінде муляждар , суреттер, фотосуреттер, сызба бейнелер, шартты белгілер, пиктограммалар ендіріледі.

Сонымен қатар оқушыға өзін тану керек.: терісін («шешуге болмайтын киім»), қаңқа (мені не ұқстап тұр), бұлшық ет жүйесін (маға қозғалуға не көмектеседі) деп түсіндіруге болады.

Адам өмірінің әр түрлі кезеңдеріндегі іс-әрекеттері-ересек адамдар дегеніміз кімдер? Ата-аналар, туысқандар, көршілер, құрдастар, кішілер-үлкендер, таныстар, таныс еместер, сенің достарың-ересек адамдар және балалар…т.б

Мұғалім мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыста оның жеке ерекшелігі ескере отырып барлық материалды сабақта іс-жүзіне асыруға міндетті емес екенін ұмыытпағаны абзал. Оқыту үшін балалардың өмір жағдайына сәйкес және олардың әлеуметтік бейімделулеріне пайдалы болатын мазмұнды таңдау керек.




Қорытынды бөлім

Қорыта келгенде, мүмкіндігі шектеулі балаға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларға әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады (кумир), немен айалысқанды ұнатады. (хобби). т.б. сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені өрбітуге көмегін тигізеді, яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді.

Мүмкіншілігі шектеулі болған себепті баланың және қамқор ата-ананың көп жағдайда агрессивті күйде жүретінін естен шығармаған жөн. Олар педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге сеніммен, үмітпен қарайды. Содықтан бұл балаларды қатаң талап қою арқылы үйрету тиімсіз, тіпті қауіпті болуы да мүмкін. Ал олардың басы әр түрлі ойдан бос болмағандықтан тек жүрек арқылы жол табуға болады.


Ең бастысы кемтар балаларға деген қоғамның көзқарасын, пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет және мүмкіндігі шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып, өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсіп, өзін әлеуметтік ортада жеке тұлға санап, олардың тағдырын ел болып реттейтін уақыт келді. «Бала тағдыры-ел тағдыры» деп қарап, ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап, тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, мүмкіндігі шектеулі баелалардың әлеуметтік өмірге даярлап, еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді.




Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...