ІІІ.«Екі бақа» туралы аңыз
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. Балаларға осындай аңызды оқып, талданады. Сонда қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек екен.
ІҮ. Шығармашылық жұмыс
«Өмірге бірге дауыс берейік!» тақырыбында жоба
Мазмұны: Оқушылар өздеріне берілген құрал-жабдықтар арқылы тақырып аясында (сурет, өлең, нақыл сөз қолдану арқылы) жоба жасайды, сол арқылы барлық адамды өмірді жақсы көре білуге, «өмір» деген ұғымға дауыс беруге үндеу тастаулары қажет.
Дайындау уақыты: 5 мин;
Қорғау уақыты: 3 мин
Қажетті құрал-жабдықтар: плакат, түрлі-түсті маркерлер
Достарыңызбен бөлісу: |