Кейбір оқушылар:
Сабақта үйренген материалды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. Қазақстанның көрікті жерлері туралы қосымша ақпарат бере алады.
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Жоспарланған жұмыс
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
|
Сабақтың ортасы
|
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша оқушыларға «Медеу» сөзінің мағынасын түсіндіреді. «Медеу» мұзайдынының еліміздегі көрікті жерлердің бірі екені туралы, сондай-ақ онда коньки тебуге болатынын, қыста тауда шаңғы тебуге болатыны туралы ақпарат береді.
(МК, Ұ) 2-тапсырма арқылы оқушылар «Медеу» мұзайдыны туралы мәтінмен танысады. Мәтінді тыңдайды, қайталайды. Мәтін арқылы «Медеудің» Алматы қаласында орналасқанын, оның үлкен, әдемі екенін және онда коньки тебуге болатыны туралы біледі. (МК, Ұ) 3-тапсырмада берілген сөйлемді (Ол ... тебеді.) толықтырып айту арқылы тебеді сөзін коньки, шаңғы, велосипед сөздерімен байланыстыра қолдануға көңіл бөлінеді.
«Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім тебемін сөзінің болымды, болымсыз түрде қолданылуын түсіндіреді. Оқушылар коньки сөзін шаңғы, велосипед сөздерімен алмастыра қолдануға жаттығады. (Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқулықта берілген сөйлесу үлгісі тыңдалады, қайталанады. Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлеседі.
|
Оқулық
Аудиодиск: 5.7.1.; 5.7.2.; 5.7.4.
|
|
Үлгі:
- Сен қайда барасың?
- Мен «Медеуге» барамын.
- Сен не істейсің?
- Мен коньки тебемін.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
|
№2 жұмыс
дәптері
Қосымша
тапсырма:
5.7.
|
Сабақтың соңы
|
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |