2) госпиталь - әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;
3) клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зертгеу жұмыстары және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді окыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;
4) шипажай - науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме; негізінде оны минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге (курортта) салады.
Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері астына және т.б. жиі егулер, кан мен кан алмастырушыларды құю, физиотерапия және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.
Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және г.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.
Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен бөлімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (кабылдау бөлімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас бөліктері болып табылады.
Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.
Аурухананың әрбір бөлімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.
Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3 реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап кымтауы қажет. Палаталарда тек өте кажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн төсектер, төсек жанындағы тумбалар, орындықтар (төсек санына байланысты) және мүмкіндігінше ортақ үстел. Есіктің жанына халаттарға арналған ілгіш және қалдықтарға арналған бөшке қойылады. Палатаның ішкі қабырғасына ауа жылуын көрсететін термометр орнатылады. Әрбір төсектің жанында мейірбикені немесе кіші медициналық қызметкерлерді шақыру үшін тетік және радиокабылдағыш құлақшалары болады. Жиһаз палатаны жуып, тазалауға ыңғайлы болатындай етіп қойылады.
Төсектер терезелері бар сыртқы қабырға бойымен көлденең қойылады. Науқастарды қарау, оларды аудару, іс-шараларды орындау женіл болуы ушін төсектер арасы 1 метрдей болуы қажет. Сондай-ақ, үш қозғалмалы бөліктен тұратын функционалдық тесектер болады. Төсектің жанындағы үстелде науқастың жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелдер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |