Тақырыбы: кеңестік білім жүйесінің қалыптасуы



Дата22.11.2022
өлшемі0.89 Mb.
#361161
Байланысты:
Бекали П тарих

Тақырыбы: кеңестік білім жүйесін құру

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті


Тексерген: Тілебалды Ж.Қ
Орындаған: Бекали Перизат

Қазақстандағы сауатсыздыққа қарсы күрес

  • Большевиктер билікке келген алғашқы күндерінен бастап жаппай сауатсыздықты жою үшін күрес жүргізуге тырысты. Кеңес үкіметінің жергілікті билік органдары Азамат соғысы жағдайында мүмкіндігінше мектептер ашты. Халықты ағарт у арқылы большевиктер өздерінің идеологиясын сіңіруді және қарапайым адамдардың сеніміне кіруді көздеді.
  • 1919 жылы желтоқсанда В.И.Ленин РКФСР халықтары арасында «Сауатсыздықты жою туралы» Декретке қол қойды.
  • 1920 жылдан бастап большевиктер Лениннің тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, барлық жерде сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссияларды құруға кірісті. Олар хат танымайтындарды есепке алуды, мұғалім кадрлерін даярлау, мектептер мен қысқа мерзімді курстар ұйымдастырумен айналысты. Курстарда оқу мен жазуды үйретумен ғана шектелмей, табиғаттану, бухгалтерлік есеп, ән сабағы, сурет салу т.б пәндерді оқытты
  • Белгілі бір дәрежеде идеология мәселесі де қатар жүргізілді. Осы мақсатта кеңестік билік органдары Алаш қайраткерлер мен халық ағартушыларын артты. Мысалы, 1919 жылы Ақмола облысының Омбы уезінде ағарту курстарында жұмыс істеуге қоғамның сауатты азаматтары Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгеров, Әміре Исин шақырылды.

Сауат ашу курсы

Қазақстанда сауатсыздықты жою науқаны барысында көптеген кедергілер кездесті:

  • Қаражаттың жетіспеушілігі
  • Мектеп үй-жайы
  • Оқулық, оқу құралдарының аздығы
  • Тәжірибелі мұғалімдер тапшылығы

Сауатсыздықты жою күресінде «Қызыл отау» аталатын білім ошақтары жұмыс істеді. Олар отырықшы халық арасында оқу үйі атқаратын міндеттерді орындады.

«Сауатсыздық жойылсын» қоғамының қазақстандық бөлімі

  • 1924 жылдың ақпан айында «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының қазақстандық бөлімі жұмысын бастады. 1925 жылы 882 бастауыш ұйымында 77800 мүше тіркелді. Сол жылдары Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімделген араб әліпбиін жасады. 1925 жылдан бастап халық ағарту ісіне жұмсалатын қаржы мөлшері арта түсті. Барлық үлгідегі жаңа кеңестік мектептердің желісі өсті. Соның арқасында оқушылар саны ұлғайды. Кітаптар шығару жыл сайын артып отырды. 1926 жылы сауаттылық деңгейі қазақ халқында – 6,9%, орыс халқының арасында 36%-ды құрады.

Дереккөз

  • ХХ ғ басында қазақ бастауыш мектебі қандай болуы керек?-деген өзекті проблемаға А.Байтұрсынов өзінің Бастауыш мектеп атты мақаласында былай дейді:
  • «Қазақ бастауыш мектебі қандай болуы керек? Бұл туралы ашылып пікір айтылған жоқ. Петербургте болатын Мұсылман кеңесінде мектеп мәселелері қаралмақшы, оған қазақтан баратын адамдар қазаққа қандай мектеп керегін түсініп барарға тиіс. Сондықтан «Қазақ» газеті өз пікірін айтып жұрт құлағына салмақшы. Әуелі мектебінен бастамақ. Осы күнгі ауыл мектептерін мектеп деп айтарлық емес. Оқуға керек құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз. Сонда да қазақта хат білушілердің проценті мұжықтардан жоғары –дей келе, қазақ халқының оқуға деген ынта-ықыласының орыс мұжықтарынан жоғары екендігін атап көрсетеді де А.Байтұрсынов оқу ағарту саласындағы кемшіліктерді тықпалады»

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы арнаулы орта және жоғары білім

Большевиктер билікке келгеннен кейін республикада жоғары оқу орындары мен техникумдар ашыла бастады.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін алғашқы жылдары жоғары білімі бар білікті кадрлар жетіспеді. С.Сейфуллин алғашқылардың бірі болып педагогикалық оқу орындарын дамытуға, студенттердің тұрмыс жағдайына ұдайы назар аударып отырды. Оның тікелей қатысуымен ҚазАКСР Халық Комиссарлары кеңесі 1140 мемлекеттік стипендияны қазақ жастарына берді. Республика Халық Комиссарлары Кеңесі қазақ мектептері үшін мұғалімдер даярлайтын Қазақстандағы бірден-бір жоғары оқу орны Орынбор қаласындағы Халыққа білім беру институтын қамқорлыққа алу жөнінде қаулы қабылдады. Қазақстан үкіметі шешімімен ана тілінде оқулықтар шығару үшін 25 мың сом бөлінді.

  • 1928 жылы алғашқы жоғару оқу орны Қазақ педагогикалық институты ашылды. Кейін оған Ұлы Абай есімі берілді.
  • 1929 жылы Алматы малдәрігерлік институты
  • 1930 жылы Қазақ ауылшаруашылық институты
  • 1931 жылы Алматы медицина институты
  • 1932 жылы Орал педагогикалық институты
  • 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті
  • 1941 жылы республикада 20 жоғары оқу орны және 118 кәсіптік арнаулы оқу орындарында 40 мыңға жуық студент оқыды.

    Республиканың жоғары оқу орындарында жергілікті халық арасынан шыққан профессор-оқытушы кадрлар жетіспеді, көптеген институттарда қазақ студенттерінің саны аз еді. Негізгі себептерінің бірі – жаппай сипат алған аштық пен саяси қуғын-сүргін салдары болды.

Кеңестік білім беру жүйесі айырмашылығы

Артықшылықтары

  • Ұлттық және тілдік азшылықтар үшін білім алуға кең қолжетімділік
  • Оқушылардың ынтасы жоғары болуы
  • Ұстаз бен ұстаз еңбегін құрметтеу
  • Жоғары оқу орнына түсетін студенттердің бастапқы даярлығының салыстырмалы түрде жоғары деңгейі
  • Өте жоғары сапалы техникалық білім
  • Салыстырмалы түрде жоғары стипендиялар
  • Дамыған және тегін мектептен тыс білім беру
  • Әлемдегі ең жақсы спорттық білім беру жүйесі

Кемшіліктері

  • Идеологиялық шектеулер мен клишерлерге байланысты гуманитарлық білім беру сапасының төмендігі
  • Тарихты қаралау және моральдық нұсқаларды бұрмалау
  • Халықтың жекелеген топтары үшін жоғары білімге қол жеткізуге шектеулер
  • Шетелдік ғылыми әдебиеттермен танысуға шектеулер, ғалымдар арасындағы халықаралық байланыстарға шектеулер
  • Іргелі классикалық пәндерді оқытуды тоқтату


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені