Тақырыбы: «Жүзден жүйрік» сайысы Мақсаты



Дата04.02.2021
өлшемі21 Kb.

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік» сайысы

Мақсаты:

1) Оқушыларды ойната отырып ойлату, қазақ халқының мол мұрасымен сусындандыру.


2) Ой өрістерін кеңейту.
3) Командада ұжымдастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Плакатқа жазылған қанатты сөздер, плакатқа жазылған тест, дұрыс құралмаған сөйлемдер.
Барысы:

І. Ұйымдастыру кезең
— Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 2 сыныптар арасында өтетін «Кім жүйрік» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
ІІ. Негізгі бөлім
1 -кезең: «Өзін-өзі таныстыру» Әрқайсысы өзінің ұранын, мақсатын айтады.
2 –кезең: «Жұмбақ есептер»

3-кезең: «Тез есепте» ойыны.

4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы.

5-кезең:«Жорға» сұрақ қою.


1-кезең Әрқайсысы өз ұрандарымен таныстырады.
2-кезең «Жұмбақ есептер»

1)Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
2)6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
3)Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

4)Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

1)11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
2)Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
3)100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

4)Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)
3-кезең: «Тез есепте» ойыны.

1-топ:    70+14=84     90-65=35      25+ 35=60        50-35=15

2-топ:    60+25=85     70-35=35      15+25=40         40-25=15
4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы. тақырып беріп, тақырыпқа байланысты  мақал-мәтелдер айтқызу.

Отан туралы, еңбек туралы, білім туралы.



5-кезең:«Жорға» сұрақ қою.
1.Жеті атаны ата. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,немене)
2. Оқушының алғашқы кітабы. (Әліппе)
3. Мемлекетіміздің астанасы. (Астана қаласы)
4. Төрт түлікті атаңдар. (Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)
5. ҚР мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Ту,Елтаңба,Әнұран)

6. Әнұранның авторы кім? (Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев)

7. Қазақтың ұлттық аспабын ата. (Домбыра)

8.Сүттен жасалатын тағамдарды ата. (айран, құрт, ірімшік, сүзбе, май, қатық, қаймақ т.с.с.)


9. Жеті күнді ата. (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
10.Тұнғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

11.Наурыз мейрамы қай мезгілде тойланады? (Көктем)

12.ҚР қай жылы тәуелсіздігін алды? (1991 ж)

13.Төрт түліктің пірлерін ата. (Жылқы – Қамбар ата, сиыр – Зеңгі баба, түйе – Ойсыл қара, қой – Шопан ата, ешкі – Сексек ата)



14. Бір жылда неше күн бар? (365-366 күн)

ІІІ. Қорытынды.
Әділ қазылар алқасы сөз алып, жиналған ұпайлар санын атап, жеңімпаздарды анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар