Тақырыбы: Информатиканы оқыту әдістемесі пәні. Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Мақсаты



бет1/5
Дата21.09.2021
өлшемі25.12 Kb.
  1   2   3   4   5

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Мәнжазба

Тақырыбы: Информатиканы оқыту әдістемесі пәні. Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Дайындаған:Мусабекова Лана

Фипко-201(СПО)

Ақтөбе 2021

Тақырыбы:             Информатиканы оқыту әдістемесі пәні. Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты:                 Орта мектептегі информатика курсын оқыту заңдылықтары мен  нақты   тақырыптарды  оқыту әдістерін қарастыру

Қазіргі кезде ақпарат және оны білім беру саласына енгізу жалпы қоғамның дамуын анықтайтың шешуші фактор екені талас тудырмайды. Осы тұрғыдан қарасақ, республикамыздың білім жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттарын қамтитын мәселе оны ақпараттандыру болып табылады.

Қазіргі уақыта ”қоғамды ақпараттандыру,” “білім беруді ақпараттандыру ” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогересс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интелектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдісс.

Уақыт өте білім беру жүйесін компютерлендірудің ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетіп келеді. Бұл мәселені: есептегіш техникамен, оның програмалық қамтамасыз етілуінің біртіндеп жүзеге асырылуы, мұғалімдердің дайындалу қарқыны, информатика курсын оқытудың әдістемесінің, оның ішінде нақты тақырыптарды оқыту әдістемесінің қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады. Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталды. Сонымен қатар, курсты оқытудын дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бірқатар шаралар жасалуда. Атап айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептер қазіргі заман талабына сай техникамен және програмалық құралдармен жабдықталу үстінде. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында орта мектептегі информатика курсы бойынша Мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оку үрдісіне енгізілді. Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша курс 7–кластан бастап оқытылады. Бұдан информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесін айқындау мәселесі алдыңғы кезекке шығады.

Қоғамды индустриаландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау. Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. “Информатиканы оқыту теориясы және әдістемесі ” деп аталатын пәнді оқытуда мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу - әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педогогикалық, психологиялық мәселелерін жан – жақты қарыстыратын болады. Сонымен жоғарыда айтқандай информатика сөзіне анықтама берейік. Информатика – ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өндеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.

Жалпы білім беретін орта мектепте “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсының енгізілуіне байланысты педогогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі – информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқыту заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатиканың дамуының нақты кезеңіне сай келеді.

Қазіргі кезде информатиканың оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезенде, мектепте, орта оқу буындардың барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы ғылымның алдында өзіне тән проблемаларын қоюда.

Біздін жағдайда алдыңғы кезекте қарастырылатын мәселеміз, мектеп көлемінде оқытылатын “Информатика” курсын оқыту әдістемесі. Информатика оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкс өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды:

§         Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну;

§         Информатика және есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдпры, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.

Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрактар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.

1.       Оқытудың мақсаты                   (Не үшін оқытамыз?).

2.       Оқытудың мазмұны                  (Нені оқытамыз?).

3.       Оқыту әдіс                                  (Қалай оқытамыз?).

4.       Оқыту туралы                            (Неден оқытамыз?).

5.       Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз?).

Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар:

1.       Кімді оқытамыз?

2.       Кім оқытады?

Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сурақта; қай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жанадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педогогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектепттің кеңейтілген практикалық тәжірибесін басшылыққы алады.

Информатика әдістемесінен біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан “Информатиканы оқыту әдістемесі” деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында,   сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.

Орта білім берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.

Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады.

1)      Білім беру;

2)      Тәрбиелік;

3)      Практикалық.

Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде