Тақырыбы: Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу



бет8/8
Дата23.12.2021
өлшемі75.53 Kb.
#147190
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
статистика сро 14
статистика сро 14
Корреляциялық талдаудың міндеті болып факторлық белгілер мен нәтижелік белгі арасындағы байланыс тығыздығын, байланыс бағытын анықтау саналады.

Регрессиялық талдаудың міндеті – корреляциялық байланысты неғұрлым дәл сипаттайтын байланыс формасын, яғни регрессия теңдеуі түріндегі статистикалық үлгіні анықтау. Регрессия теңдеуін құрғанда ең негізгі мәселе болып үлгіге қосатын факторлар санын анықтау саналады. Регрессиялық үлгі сапасы, талдау қорытындыларының дәлдігі факторлар санына тікелей байланысты болады. Егер жанама, аса маңызды емес факторларды үлгіге қоспаса, зерттеу нәтижесінің сапалы болуының ықтималдылығы жоғары болады, бірақ аз өлшемді үлгі құбылысты толық сипаттамауы да мүмкін. Сондықтан регрессия үлгісінде нәтижелік белгіге айтарлықтай әсер ететін факторлар толық болғаны жөн. Үлгіге қосатын факторларды анықтау кезінде ең алдымен көрсеткіштер арасындағы 198 байланыстың себеп-салдарына жеткілікті мөлшерде көңіл бөлу керек, өйткені олар зерттелетін құбылыстың мағынасын түсінуге мүмкіндік береді. Сол сияқты факторларды таңдауға аналитикалық топтастыру, параллель қатарларды салыстыру, график әдістері де көмектеседі. Олардың көмегімен құбылыстар арасында байланыстың бар-жоғын, байланыс бағытын, формасын анықтауға болады.

Жалпы жағдайда корреляциялық-регрессиялық талдау жұмыстары мынадай реттілікпен жүргізіледі:

1) нәтижелік белгіге әсер ететін көптеген факторлардың ішінен ең маңыздыларын іріктеп алу;

2) факторлық және нәтижелік белгілер арасындағы байланыс тығыздығын, байланыс бағытын анықтау;

3) нәтижелік белгінің факторларға тәуелділігін сипаттайтын математикалық функцияны табу;

4) анықталған регрессия үлгісін бағалау;

5) құбылыстар дамуына болжам жасау.

Осы аталған жұмыстардың алғашқы екеуі корреляциялық талдау, ал қалған үшеуі регрессиялық талдау міндеттері болып саналады.

Құбылыстар арасындағы байланысты зерттеу үшін алынған үлгідегі факторлар санына байланысты корреляциялық байланыс жұптық және көптік корреляция деп бөлінеді. Ал регрессия теңдеуінің аналитикалық формасына байланысты корреляциялық байланыс түзу сызықты және қисық сызықты болады.

Корреляциялық-регрессиялық талдау әдісі экономиканың әр түрлі саласында, әлеуметтік ғылымдарда (әсіресе психология, әлеуметтану), басқа да салаларда кеңінен қолданылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ы.Әміреұлы, "Статистиканың жалпы теориясы ". А: Экономика - 1998.



2. Мұханбетова Статистика

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді