Тақырыбы: «Білгір биолог» Мақсаты



бет1/3
Дата24.09.2021
өлшемі233.7 Kb.
  1   2   3


Тақырыбы: «Білгір биолог»

Мақсаты: Оқушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қана қоймай, олардың назарын,

білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге

құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ізденімпаздығын,

шығармашылық қабілетін дамыту.

«Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол табылар»

Ж.Баласұғын.

Ал, олай болса құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой, көп ақыл, терең біліммен биология пәнінен алған білімдеріңіздің асқақтығын көрсетіңіздер.



І. «Бәйге» кезеңінде оқушылар берілген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді. Әр жауапқа 5 ұпай.



1.Мүктерде тамыр қызметін атқаратын мүше? Ризоид

2.Сүйекті түзетін ұлпа? Дәнекер

3. Өрмекшілердің тыныс алу мүшесі? Демтүтік

4.Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық? Наурызым.

5.Денесінде хроматофоры бар бір жасушалы тірі ағзаның аталуы. Эвглена

6. Құтышалар мен таяқшалар көздің қай қабығында орналасқан? Тор қабықта

7. Сүтқоректілердің кеуде қуысы мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын мүше? Көкет

8.Сүйектің жетілуіне қажет тұздар? Кальций және фосфор тұздары

9. Алғаш рет құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар. Қосмекенділер

10. Тамырдың өсу аймағының қызметі? Жасушалардың өсуі мен тамырдың ұзаруы

11.Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруі дегеніміз? Модификациялық өзгергіштік

12. Өкінішке орай жиналған ұпайыңыз екі есе кемиді.

13. Мутация ұғымын қалыптастырған ғалым. Де Фриз

14.Жолыңыз болды. Жинаған ұпайыңыз екі еселенеді

15. Жолыңыз болды. Қосымша 10 ұпай.

16.Теңіз жүзімі атауымен белгілі. Турбинария

17. Қосмекенділердің дернәсілінің атауы? Шөміш балық

18. Кальций алмасуын реттейтін гармон. Паратгормон

19.Адам жүрегінің тыныштық күйде минутына жиырылуы. 70-75 рет

20. Ірі жүйелік топтардың қалыптасу процесі. Маркоэволюция

21.Тірі табиғатта жүйелеуде аса зор еңбек сіңіріп, жүйелеу атасы. К.Линней

22. Қарапайымдылардың түрлерін алғаш ашқан ғалым. Антони Ван Левенгук

23. Иммундық жүйенің орталық мүшесі. Айырша без

24. Вирус терминін 1899 жылы ғылымға енгізді. М.В.Бейерник.

25. Бұлшықет сүйекке не арқылы байланысады. Сіңір

26. Халықтық тіршілік шөбі деп атайтын ерінгүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Сәлден

27. Нұрлы қабықшаның дәл ортасындағы тесік. Көз қарашығы

28. Жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді. Митохондрия

29. Зәр шығару мүшелерінің ауруларын зерттейтін медицина саласы. Урология

30.В12 витаминінің жетіспеуінен болатын қандай ауру. Анемия

31. Қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен, екінші мүшесіне өткізуші ұлпа. Өткізгіш ұлпа.

32. Ең мықты омыртқасыз. Құмырсқа

33. Өкінішті. Жалпы ұпай санынан минус 5 ұпай.

34. Құрттар – топырақтан шыбындар -шіріген еттен пайда болады деп есептеген ғалым. Арестотель

35. Тығыз мүйізді түзіліс. Тырнақ.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік