Тақырыбы: «Бастауыш қазақ мектебінде математиканы оқыту жөніндегі әдістемелік пікірлер» Орындаған: Бірлес А. Н. Қабылдаған



Дата22.11.2022
өлшемі89.34 Kb.
#360999
Байланысты:
№8 практикалық сабақ
ақпараттық блок, Соц саб, Бірлес Ақбота Нұржанқызы СӨЖ№2


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті


Тақырыбы: «Бастауыш қазақ мектебінде математиканы оқыту жөніндегі әдістемелік пікірлер»
Орындаған: Бірлес А.Н.
Қабылдаған: ф.м.ғ.к. проф. Теньгаева А.А.

Алматы, 2022


Жоспар
1.Педагогикалық ғылым саласы ретінде математиканы оқыту әдістемесінің нысаны, пәні, зерттеу әдістері мен оның философия және логикамен, педагогика және психологиямен, математикамен және т.б. байланысы. Математиканы оқыту әдістемесі - оқу пәні және оның нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері, әдістері мен мазмұны.
2.Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесіні қазіргі жағдайы, даму болашағы. Алыс және жақын шетелдердегі математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің әр түрлі модельдері.
3.Пәнді оқыту үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік іс-әрекетке дайындау формалары. Оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптар, бақылау және бағалау әдістері.

1. Пәннің негізгі қызметі мектеп мұгалімінің математиканы оқыту әдістемесі бойынша кәсіби дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.


Математиканы оқыту әдістемесі психологиялық-педагогикалық пәндерді, сонымен бірге математиканың теориялық негіздерін оқып болған соң қарастырылады. Психология, педагогика және математика курстарын оқып- үйрену барысында математиканы оқыту әдістемесі енгізілгенге дейін қажетті дайындықтан өтті. Олар математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер мен іс-әрекет тәсілдерін, дидактикалық ұстанымдарды және оқыту мен тәрбиелеу барысын құрудың әр түрлі тәсілдерінде көрініс табатын заңдылықтарды, бала дамуының және білім, білік, дағдыны меңгертудің психологиялық заңдылыктарын, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістерін игерген болатын. Ал математиканы оқыту әдістемесі мен бастауыш мектептегі басқа да оқу пәндері бойынша дербес-әдістемелік пәндерді оқытып-үйрету барысында тек кіріктірілген құзыреттіліктерді (коммуникативтік, ақпараттық және проблеманы шешу және т.б.) ғана емес, бастауыш мектептегі математиканы оқытуда практикалық құзыреттіліктерді де калыптастыру көзделеді.
Пәнді оқытып-үйретудің нәтижесі сабақ беріп көру және өндірістік практиканы өткізуге, шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі, математикадан көрнекі құралдарды дайындау технологиясы, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің тарихы пәндерін енгізуге база болып табылады.
Оқу пәні ретінде бастауыш математика курсы оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруіне көздейді. Атап айтқанда: натурал сан туралы қарапайым түсінік қалыптастырады; қарапайым есептеулер жүргізудің тәсілін игереді; шамалар мен оларды өлшеудің тәсілдерімен және прктикалық іс әрекет үстінде олардың арасындағы байланыспен, геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттері туралы қарапайым түсініктермен байланысты ұғымдарды оқып - үйрену өмірден алынған нақты материялдар мен мысалдар арқылы жүзеге асырылды.
Сондықтан өздерінің ережелері, тәсілдері, заңдылықтары өмірдің қажетілігінен туындап отырғанын, іс-әрекетте тұрмыс-тіршілікте аңғартады, яғни құбылыстар арасындағы себеп- салдардың байланысын түсінеді және теория мен практиканың өзара байланысын сезіне бастайды.
Математиканы оқытып – үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқанпаздыққа, ойлауға, талдау және талқылауға жүргізуге, қортынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады, адамның ақыл-ойының жетілуіне көмектееседі.
Математиканы оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде ұзақ уақыт қалыптасты және дамыды. Оның даму кезеңдері Қазақстан Республикасындағы білім беруді реформалаумен тығыз байланысты. ХХ-ғасырдың 70-жылдарына дейін оқытылған арифметика курсы өзіне алгебра және геометрия элементтерін біріктіре отырып, математиканы оқыту әдістемесінің негізі болды. Математиканың әдістемесіне ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары математиканы оқыту үдерісіне дамыта оқыту теориясының (Занков Л.В., Давыдов В.В., Эльконин Д.Б), білімнің дидактикалық бірліктерін ірілендіру теориясының (Эрдниев П.М) енгізілуіне орай елеулі өзгерістер болды. Келесі кезең (XX ғ. 90-жылдарынан осы кезеңге дейін) Қазақстан Республикасында математикадан бастауыш мектепке арналған жаңа оқу-әдістемелік кешеннің (Оспанов Т.Қ. және т.б.) ендірілуімен және кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқыту технологиясының жаңа, қазақстандық моделінің жасалуымен байланысты.
Бастауыш мектеп математикасын оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуын шартты түрде үш кезеңге бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең (1930 ж. дейін) аймақтық жағдайлар мен ерекшеліктерді ескере отырып, қазақстандық авторлардың дайындаған оқулықтарымен байланысты әдістемелік мәселелерді жасаумен сипатталады. Екінші кезең (1930-1986 жж.) қазақстандық ғалымдардың кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың мәселелерін өз беттерімен белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне мүмкіндік бермеген аударма оқулықтарға мектептердің көшуімен байланысты. Үшінші кезең ғалым-әдіскерлер мен мұғалімдердің белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізуге себепші болған мектеп тәжірибесіне лайықталған және қазақстандық авторлардың төлтума нұсқадағы оқулықтарының ендірілуімен ерекшеленеді.
Математикалық білімнің мазмұны дұрыс анықтауда әр түрлі мәселелердің ерекше маңызы бар:
1. Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, әдет-ғұрыпы мен дәстүрлі, республиканың аймақтық ерекшеліктері, әкономикалық, географиялық жағдайлар, қазіргі білім мазмұнының кемшіліктері жайындағы қортындылар, педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына және т.б. сүйене отырып, білім мамұнын анықтау;
2. Оқушылар меңгеруі тиісті білім құрамы мен олардың пән бойынша игеруі қажетті білік пен дағдылардың түрлері және деңгейінің алдыңғы қатарлы дамыған өркениетті елдердің мектептеріндегі бастауыш буын үшін анықталған мөлшерден және деңгейден кем болмауы;
3. Бастауыш буының соңына қарай оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар тұрғысынан алынғанда бастауыш мектеп пен орта буының алғашқы кластары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
4. Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеру, яғни балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді қабілеттерінің даму ерекшеліктері, сондай-ақ олардың тілін ұстау және дамыту, соның ішінде математикалық тілдік қорын жасау және оны дамыта түсу;
5. Қарастырылатын обьектілерді іріктеп алу және оларды топтастыру, қарастыру ретін анықтау, материялды шоғырландыру түсу, оқыту мазмұнының класаралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс енгізу, кейбір мәселені оқытудың әдістемесін жетілдіре түсу және матемаиканың бастауыш курсын орта мектеп курсының шынайы құрамдас бөлігіне айналдыру.
Сондықтан бұл жерде курстың мазмұнына тек қана қысқаша шолу жасаумен шектелеміз. «Математиканы оқыту әдістемесі» пән бойынша математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру тақырбы қарастырылады. Бұл тақырып бойынша мектептің бастауыш кластарында математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері (білімділік, тәрбиелілік дамытушылық және практикалық) айқындалады.
2.Математиканы оқыту процесiнде балалардыє бiлiмi мен бiлiктерiн,танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл-ғылымның әр түрлi салаларының арасында айқын шекарара жоқ екендiгi және олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста боллатыны туралы түсiнiктердi, сондай ақ дүниеге ғылыми көзқарасты калыптастыруға табиғат құбылыстарының бiртұтастығын,өзара байланысын көрсетуге мүмкiндiк туғызады. Сонда баланың бiр бiр сабақта алуан бiлiмi, әсерi, ойы, қиялы, басқа пәндерге келгенде тежелiп қалмай, әрi қарай жалғастырып дами түсуi, яғни бiр пәннен басқа пәндерге көшудiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.
Осы тұрғыдан анықталған білім мазмұны бастауыш мектепке арналғанмемілекеттік стандарт пен бағдарламада келтірілген. Сондықтан бұл жерде курстың мазмұнына тек қана қысқаша шолу жасаумен шектелеміз. «Математиканы оқыту әдістемесі» пән бойынша математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру тақырбы қарастырылады. Бұл тақырып бойынша мектептің бастауыш кластарында математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері (білімділік, тәрбиелілік дамытушылық және практикалық) айқындалады.
Курстың мазмұны оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен түрлері. Қолданылатын көрнекілік құралдар (оқу әдістемелік жиынтық, көрнекілік, техникалық құралдар т.б.) Бастауыш класс математикасын меңгеруге балаларды дайындау және математиканы курсында алатын орны. Практикалық сабақтарда оқыту әдістемелік жиынтығының құрлымымен таныстыру, талдау. (Бағдарлама, оқулықтар, математика дәптері, кесте, оқытушыларға арналған нұсқау, қосымша материялдар). Балалар бақшасы бастауыш және орта буын мектептеріне арналған бағдарламаны талдау байланысын ашу, оқып үйрену. Математикадан әр оқу жылының соңында оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптарды талдау, меңгеру. Бағалау нормасын талдау, қабылдау. Мектепте математиканы сабағына қатысу және оны талдау. Бұл тақырып бойынша оқушылар бастауыш класс оқулығының мазмұнын, міндетін, мақсатын, қолданатын әдіс-тәсілдерді, көрнекіліктерін дайындау білу керек, қай тақырыптың қай класта оқылатындығын; оқулықтағы тапсырмаларды орындай білу, талдай білуге үйрету керек. Бұл курстың базалық мазмұнына математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдары және оны оқытуды ұйымдастырудың әдістемесі кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені